RU KZ EN

Құттықтау тілектер - Кәсіби мерекелерге - Өзге кәсіби мерекелерге

FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.

1. Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер...
▼

Геолог күні – сәуірдің бірінші жексенбісі Білім қызметкерлері күні – сәуірдің 12-сі Отан қорғаушылар күні – мамырдың 7-сі Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – мамырдың 31-і Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні – мамырдың соңғы жексенбісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні – маусымның 4-і Эколог күні – маусымның 5-і Қаржы полициясы күні – маусымның 6-сы Полиция күні – маусымның 23-і Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні – маусымның екінші жексенбісі Медицина қызметкері күні – маусымның үшінші жексенбісі Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні – маусымның 28-і Дипломатиялық қызмет күні – шілденің 2-сі Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні – шілденің 13-і Металлург күні – шілденің үшінші жексенбісі Көлік қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі Құрылысшы күні – тамыздың екінші жексенбісі Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі Шахтер күні – тамыздың соңғы жексенбісі Білім күні – қыркүйектің 1-і Мұнай кешені қызметкерлері күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі Қазақстан халықтарының тілдері күні – қыркүйектің үшінші жексенбісі Атом саласының қызметкерлері күні – қыркүйектің 28-і Әділет органдары қызметкерлері күні – қыркүйектің 30-ы Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі Машина құрастырушылар күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі Мұғалім күні – қазанның бірінші жексенбісі Құтқарушы күні – қазанның 19-ы Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні – қазанның соңғы жексенбісі Статистика күні – қарашаның 8-і Ұлттық валюта – теңге күні – қарашаның 15-і – Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні – қарашаның үшінші жексенбісі Прокуратура күні – желтоқсанның 6-сы Кеден органдары қызметкерлері күні – желтоқсанның 12-сі Энергетик күні – желтоқсанның үшінші жексенбісі

2. Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерін құттықтау...
▼

Құрметті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Егемен еліміздің тарихында өздеріңіз бастарыңызды бәйгеге тігіп атқарып жүрген адал қызметтеріңіздің алатын орны ерекше екені баршаға белгілі. Батырлық та, батылдық та, тапқырлық та, айлалы ақыл да Сіздердің бойларыңыздан табылады.
Ұлт мүддесі үшін күресте қажымай-талмай еңбек етіп толымды табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз! Әрдайым биіктерден көрініп, еліміздің одан әрі өркендеп гүлденуі жолындағы жемісті жұмыстарыңыз, спорт саласындағы жеңісті күндеріңізге жалғассын! Қол жеткен асуларыңыз асқақ, шыққан биіктеріңіз баянды болсын.
Отанымыз Қазақстанның әлемнің алпауыт елдерімен иық тіресіп дамуы жолындағы адал еңбектеріңіздің жемісі мен игілігін көрулеріңізге шын жүректен тілектеспіз.
Халықтың сенімін ақтай беріңіздер! Достарыңыз сүйінсін, дұшпандарыңыз күйінсін! Табыстан табысқа жетіп, ел қорғаны деген атаққа әрдайым адал қызмет ете беріңіздер!
Кәсіби мерекелеріңізбен жүрек жарды сезіммен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, жалынды жігер, ұзақ ғұмыр, шат тұрмыс, бақ-береке тілейміз!

3. көлік және байланыс қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтау...
▼

Бүгінгі таңда қазақстанның көлік саласы елді әлеуметтік-экономикалық дамыту, экономиканы және өнеркәсіптік өндірісті модернизациялау бойынша мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруда өте маңызды роль атқарады.
Кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын, республиканың елді мекендерінің тіршілігін, азаматтардың іскерлік және мәдени байланыстарын қамтамасыз ете отырып, көлік және байланыс саласының қызметкерлері ел тұрғындарының әлеуметтік ахуалын жақсартуға еселі үлес қосып келеді.
Сіздердің тәжірибелеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз, өз істеріңізге деген адалдық күнделікті міндеттерді орындап қана қоймай, сонымен бірге қазіргі экономикалық жағдайда сала жұмысын жетілдірудің жаңа тетіктерін табуға көмектес еседі. Сіздерге және жақын туыстарыңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілейміз. Қазақстан Республикасын гүлдендіру жолындағы еңбектеріңде жетістіктер мол болсын!

4. телевизия күнімен құттықтау
▼

Барлық әріптестерімізді Дүниежүзілік телевизия күнімен құттықтаймыз! Қалың бұқараға салмақты, сан салалы бағдарламаларды, тың жаңалықтарды ұсынып, отандық телевизия саласын дамыта беріңіздер! Шығармашылық табыстар тілей отырып, еңбектеріңіз жана берсін демекпіз!

5. Журналистер күнімен құттықтау
▼

Ақпарат майданында иықтаса, қатар шайқасып жүрген жауынгер әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламымыздан қасиет кетпесін. Шабытымыздың шыңына ұшқан құс жетпесін, қадірлі қаламдастар! Тәуелсіздікті ту етіп, табысқа бірге жетейік! "Алаш айнасы" газетінің құттықтауы

6. Мұнайшылар күнімен құттықтау
▼

Қазақтың сайын даласында еркін өскен бабаларымыздың заманында аспанға бұрқақша атқылап, әлемді тамсандырған қазақ мұнайына ғасырдан астам уақыт өтті. Ата-бабаларымыздың «қара алтынды қауғамен тартып, түйемен тасымалдаған әрі сапалы өнім жағынан әлем мұнайынан кейінгі жетекші орынды иеленген Қазақ мұнайы ғасырлық ғұмырының тек соңғы жиырма жылында ғана қарапайым халықтың игілігіне несібе болған қара алтынды игерген Мұнайшылар күнімен Сізддерді құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еліміздің баянды болашағы, игілігі жолындағы еңбектеріңізге үлкен жетістіктер мол табыстар тілейміз. Сіздерге келешекте де Қазақстанның өсіп-өркендеп дамуына қосқан үлестеріңізге және де кен игеру саласындағы абыройлы істеріңіздің ырысы мен берекесін көруіңізге тілектестік білдіреміз . Дендеріңіздің сау болып, жанұяларыңызға тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге тілектеспіз! [center][/center]


Автор, редактор:
Юрист-консультант по семейному праву