FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.
Метки к статье: ұстаз туралы шығарма, мұғалімдер күнімен құттықтау
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің құттықтауы
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Жалпы медицина факультетінің ұстаздарына және деканат ұжымына шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық тілейміз.
Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,
Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.
Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,
Даңқыңыздың биік болсын тұғыры.
[url=http://][/url]
Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.
Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “...1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған.
Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.
"Нұр Отан" ХДП Астана қалалық филиалының құтықтауы /2011жыл/:
Құрметтi, елордалық ұстаздар! Сiздер Астананың төрiнде отырып, бас қаланың балаларын оқытуда талмай еңбек етiп, бiлiммен сусындатып, елiмiздiң дамуына атсалысып келесiздер. Соңғы онжылдықта елордалық бiлiм жүйесiнiң қарқынды да нәтижелi дамуы бүкiл елiмiздiң бiлiм ошақтарына үлгi боларлықтай болды. Мұның барлығы, мына отырған сiздердiң арқаларыңыз. Баршаңызды бүгiнгi мерейлi мерекелерiңiзбен құттықтаймыз!
Бибігүл Төлегенованың құттықтауы:
Құрметті ұстаздар!
Тамаша мереке - Мұғалімдер күні қарсаңында өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын.
Біз білім ордасы - мектеп табалдырығын аттап, онда қазықты да терең білім алып, тылсым дүниені таныдық. Ұстаздаорымыз бізді білім тұңғиығынан нәр алдырып, қаржыллылққа, ізгілік пен адамгершіліккке баулыды, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретті.
"Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!" - деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан.
Құрметті Ұстаздар, бүгін сіздердің мерекелеріңіз! Мына гүл шоқтары сіздерге!
Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілеймін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!
Ұстаз,ұстаз!!! Осы сөзде жатыр қанша ұлылық, Осы сөзде таусылмайтын жылылық. Әль фараби, Ыбырай мен, Ақаңды Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін, Тентектерді ақылмемен емдейтін, Болса дағы малға кедей өмірде. Бар байлығым шәкірттеррім сен дейтін!
Құрметті ұстаздар сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұзақ өмір, қажымас қайрат, таусылмас бақыт, ұзақ өмір, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз!!! /http://kaznmu.kz
білім саласы қызметкерлерін төл мерекелері - Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз! Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мерке. Себебі, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей тәлімгерге байланысты. Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын замануи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығаййтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз. Бұл сіздердің Қазақстан азаматтарын өз елінің патриоты және тәрбиелі әрі жауапты адам етіп тәрбиелеп шығатындарыңызға сенімдіміз. Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілейміз!
Ұлт ұстазы, қазақтың өткені ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: "Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім"- депті. Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі әлі күн тәртінен түскен жоқ. Отанымыздағы миллиондаған балаға білім үйретіп, тәрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалім қауымын төл мерекесімен құттықтаймыз! Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері сіздерсіздер! Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді адам. Тек өз Отанымыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңыдың өзі бәсекелестіктің бағын ашады. Әл Фараби бабамыздың тәрбиесіз берген білімнің нәтижесіз болатынын көрегендікпен айтқан, тәрбие мен білім беру ісін таразының басындай тең ұстауды ұмытпаңыздар! "Алты алаштың абласы бас қосқанда, қадірлі орын - мұғалімдікі" /Мағжан Жұмабаев/
Барша шәкірттеріңіздің атынан Сізді 63 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздің еңбек жолыңыз сан қырлы. Еңбекке ерте араласып, ұлағатты өмір мектебінен өттіңіз. Шәкірт тәрбиелей жүріп, ұстаздығыңызды шығармашылық жұмыспен ұштастыра білдіңіз. Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, Өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға амандық тілеймін!
Ұстаздықтың ауыр жүгін көтеріп,
Оңашада ойға баттың, ой өріп.
Алдыңыздан қанат қақты сан ұрпақ,
Еңбегіңіз жүрді кілең өтеліп.
Жүректерге білім нәрін мың құйып,
Жанарында тұратындай күн күліп!
Болашаққа бағыт-бағдар сілтейсің,
Адалдықты әр ісіңнен білдіріп.
Сапар ағай, шәкіртіңнің бірі едім,
Көз алдымда баяғыдай реңің.
Пайғамбардың жасындасыз, жүз жаса,
Ақша қардай шәкірттік ақ тілегім.
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуларыңызды тілеймін.
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
Мырзаханның Ақылбайы
Семей қаласы Мұқыр ауылы
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" - дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол.
Өзіңді мәңгі үлгі тұтамыз!
Б.Әбдіораз
Тұла бойың тұнған сабыр,
Кешірім,
Айқара аштың бізге білім есігін.
Өр тұлғаңды балап шыңға,
Ұстазым,
Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!
Бала елдің болашағы болғанда,
Зор пайданы тигізесің қоғамға.
Мамандығың - кәсіптердің абзалы,
Адамдығың қымбат бізге одан да.
Ашық болсын нұрға толы көгіміз,
Аман болсын еліміз бен жеріміз.
Аманаттап тапсырамыз тағдырды -
Анамыз деп қабылдадық сені біз!
Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,
Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.
Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан
Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!
Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады. Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “...1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Метки к статье: ұстаздар күнімен құттықтау, мұғалімдер күнімен құттықтау, мұғалімдерге арналған тілек, ұстаздарға арналған тілек
Зауытта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің -
шипалы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзін арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам - елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.
сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір - сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жаныл, жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!
Ұстаздар күні - бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар.
"Ұстаз" сөзінің өзі "Отан", "Ар", "Адамгершілік" сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр.
Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда, құрметті ұстаздар! Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! "Ұстаз бақыты - озып туған шәкірті" десе, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.
Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындық пен қуанышқа толы.
Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.
Ұстаз деген ұғым бар, мына дүниеде. Ілмейтінді ілдіретін, білмейтінді білдіретін. Санаға ақыл ұялататын, арманды алдан қиялататын. Өмірді ұғынуыңа себеп болатын, тірлікке кіруіңе көмек болатын. Әр кезде аялайтын, дәрісті аямайтын. Бықсытпайтын, жандыратын. Тұлғалық табиғатын мәңгілік қалдыратын. Ұғымы ұшар биікпен пара-пар ұстаздың бірінен біздер де тәлім алдық.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар!
Нұр құйды ма сәби – гүл - әлди елі,
Жүрегіңде қасиет бар киелі...
Шәкірттерге ұстаздар дәріс берсе,
Сіз ұстазға үйреттің тәрбиені.
Ұзақ жылдар мектептің басшысы боп,
Тәрбиені үйреттің басқышы көп...
Өнегелі еліне еңбек еттің,
Сәлем берер сондықтан дос кісі көп.
Азаматқа жүретін балап елім,
Сондай жұртқа қадірлі адам едің!
Ұл-қыздарың қондырған ұясына,
Мен де Сізді бір тауға санап едім.
«Талпынған бақытына болады кез,
Арналы дарындардан қалады сөз» -
Деп құйған құлағына шәкірттердің,
Адамсыз –
Дана ойлы,
Бал мінез!
Құрметті, Ұстазым! Сізді бәріміздің қамқоршымыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болғаныңызды мақтан етеміз!
Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылыңызбен тәрбиеледіңіз, әрқайсымыздың өмірді өз орнымызды табуымыз үшін берген ақыл-кеңестеріңізге, бізді ел қатарына қосқаныңызға мың да бір рахмет айтып, шәкірттік ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегеніңіз үшін біз сізге әрқашан қарыздармыз.
Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттердің бойына жеткізе білгеніңізбен қатар, бойыңыздағы бар жинап-терген біліміңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз, балаларыңыздың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіз. Ол арманыңыз өзіңіздің ерен еңбегіңіздің арқасында орындалды. Біз соған шын жүректен қуанамыз. Сізге әлі де шығармашылық жұмыстың жемісін жеп, біздің қызығымызға кенеле берсін деп тілейміз.
*
Алпыстың асқарына аяқ басқалы тұрған біздің сүйікті де аяулы анамызды туған күнімен құттықтаймыз!
Құрметті, Ана! Сізді адал жар, бауырларыңыздың жанашыры, балаларыңыздың қамқоршысы, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы, немерелеріңіздің асыл әжесі болғаныңызды мақтан етеміз!
Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылыңызбен тәрбиеледіңіз, әрқайсымыздың өмірді өз орнымызды табуымыз үшін берген ақыл-кеңестеріңізге, бізді ел қатарына қосқаныңызға мың да бір рахмет айтып, балалық ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегеніңіз үшін біз сізге әрқашан қарыздармыз.
Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттердің бойына жеткізе білгеніңізбен қатар, бойыңыздағы бар жинап-терген біліміңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз, балаларыңыздың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіз. Ол арманыңыз өзіңіздің ерен еңбегіңіздің арқасында орындалды. Біз соған шын жүректен қуанамыз. Сізге әлі де шығармашылық жұмыстың жемісін жеп, біздің қызығымызға кенеле берсін деп тілейміз.
Ғажайып дүние сырын ұқтырып, білім берген, үлкен өмірге ақ жол тілеп аттандырған Ұстаздарымызға мәңгі тағзым.
Ұстаздар – тыншымайтын еңбеккерлер,
Жемісті жерге екпеген, елге еккендер,
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,
Зердесін болашақтың зерлі еткендер.
З. Әбдуәлиев
Құтты болсын мерейтой, ұстазымыз,
Орындалсын ойға алған арманыңыз.
Болашаққа білім мен жол сілтеген
Еңбегіңе біз мәңгі қарыздармыз.
Басыңызға бақ ұялап, бақыт қонсын,
Береке-ынтымақпен орта толсын.
Ана-Мектеп~65 жыл Қазалы ауданындағы № 25 қазақ орта мектебінің құрылғанына қазіргі шақта 65 жыл толып отыр. Аталған уақыт ішінде алтын ұяны сандаған түлектер бітіріп,олар өмірдің әр саласында жемісті еңбек етуде.Білім мен тәрбиені қатар ұштаған тағлым орнында осы түлектердің көңіл түкпірінде жатталып қалған көптеген аяулы ұстаздар қызмет етіп,дәріс берді. Мектептің өткен тарихында оқу ордасын әр кезеңде басқарып келген Қ.Бәкішев,М.Қожабаев,А.Қартбаев,І.Нағашыбаев,А.Есетов сияқты мектеп басшыларының есімдері бұл күнде ұрпақ жадында жаңғырып,оқу орнының тарихынан лайықты орнын иеленді. Мектеп түлектерінің арасынан әр түрлі мамандық иелері өмір айдынында абыройлы белестерді бағындыра алды,өз салаларында жетістіктерге жетті. Солардың қатарында медицина ғылымдарының докторы,профессор Б.Әйтпембетов,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,ақын С.Боранбаев есімдері ілтипатпен аталады.Оған мектеп тарихында жазылып қалған "Алыстан аңсай бүгін жеткен дара,түлегін қарсы алды Мектеп-Ана" және "Ел болып өлең-жырдың тақырыбы,қауышты мектебімен ақын ұлы" атты білім ұясының аталған белгілі түлектерімен өткен мазмұнға толы жас ұрпақ жүздесуі дәлел. Оқу орнын бітірген шәкірттер арасында ғалымдық және қаламгерлік жолды ұстанған түлектер легі әр кезде жалғасын тауып отырды,сонымен қатар мектепті алтын және күміс медальға бітіріп шыққан талапты ұл-қыздар да өз ұстаздарының мерейлі мақтанышына айналды. Осындай аға-апаларының жетістікке толы жолдарын көрген тәрбиеленуші жас буын әр уақытта оқу мен қоғамдық істерде,спорт пен өнер жарыстарында лайықты табыстарға жетіп жүрді. Мектеп тарихында тұңғыш рет республикалық білім бәйгесінде-оқушылардың ғылыми жобалар байқауында-шәкірт Г.Байназарова бақ сынады.Аудан оқушыларының арасынан қазақ әдебиеті саласының бағыты бойынша алғаш рет жазылып, қорғалған оқушының ғылыми жоба жұмысы ("Халық ақыны Байназар Өтепов шығармашылығындағы ел тағдыры және ақын өлеңдерінің көркемдік мәні", жетекшісі Ғ.Қожахмет) оқушылардың республикалық ғылыми жобалар байқауында жүлделі екінші орын иеленді. Отанды сүю өзінің туған жерін сүюден,өзі оқыған алтын ұя мектебін сүюден басталмақ.Мектептің өз вальсі осы мақсатта дүниеге келген еді."Мектеп вальсін" (өлеңін жазған Ғ.Қожахмет,әні К.Өтеп) шәкірт шырқады,сандаған түлектің қияға самғар жолындағы әнұранына айналды. Бүгінде тарихына сай дәстүр қалыптастырған білім ордасы алдағы көктемде өзінің 65-түлектерін өмір айдынына шығарып салмақ.Мектеп қабырғасында шәкірттік шақтарының соңғы белесін өткізіп жатырған оларға да алдыңғы буын аға-апаларының табысты жолын берсін дейміз. Осы жолдар авторының мектеп тарихына арналып бұдан бұрын жазылған жыр-толғауындағы айтылған тілектің үзілмей жалғаса беретін бүгінгі түйіні де сол болмақ. Айта білсек осыны, Шәкіртке бар әлі сын. Мектебінің өткенін, Тарихын біліп танысын. Мақтаулы шықсын шәкірттер, Өмірдің көріп жарысын. Көтере берсін әр жерде, Мектебінің намысын! Ғабиден Қожахмет, Қызылорда қаласы
МҰҒАЛІМ Даналықтың ұстаз боп жалғап ісін, Еңбек еттің балауса арман үшін. Сен-ертеңгі бәйтерек болашақтың Бүгінгі күн тер төккен бағбанысың. Таныдың да мінезін әр баланың, Ұштай түстің ұл-қыздың арман-әнін. Шәкіртіңнің болашақ биігінің Іргетасын алдымен сен қаладың. Парыз жүктеп қыз бенен сенімі ұлдың, Армандарын ақ қанат сен ұғындың. Мұңайса да,қамықса бала жаны, Шипагері екен деп сені білдім. Болмысыңмен осындай дараландың, Асқақтығын ұқтырып балаға ардың. Сен өйткені осынау мамандықты Жүрегіңмен әу баста қалап алдың. Болса кейде сабақ пен дәптерде мін, Кейде ақталмай жатса да төккен терің. Кешіріммен қарадың шәкіртіңе, Жөн сілтедің,бірақ та жек көрмедің. Ұстаз деген ұлық ат-сендегі есім, Балғындардың бәрін де тең көресің. Балалықпен күн сайын жүздесесің, Тазалықпен бетпе-бет сен келесің. Сәулесіне шомылып жүрек нұрдың, Талай мәрте таңы атты түлек күннің. Шығарып сап сапарға,сен солардың Жақсы азамат болғанын тілеп тұрдың. Соларменен өмір боп жалғанасың, Сүйетұғын анадай бар баласын. Саналарға мейірім мен жақсылықтың Дәнін себер алдымен сен ғанасың. Берсең әділ беріп ең бағасын да, Түскен сайын шәкірт боп бала сынға. Жүректерге тәліммен із қалдырып, Сен мыңдардың жүресің санасында. Жүзіңде боп мейірімнің нұры басым, Бала жанын байыппен ұғынасың. Ізгілікті өмірдің ортасында Қарапайым боп жүрген ұлы жансың. Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Ұстазға тілек Қымбатты Ұстаз! Егер шәкірттік жылдарымыздың балдәурен,балалық сезімге толы парақтарын бүгінгі есейген,ес тоқтатқан болмыс-бітімімізбен тағы да бір ой елегінен өткізіп,сараптап отырсақ,соның әр бетінде көзге ыстық,көңілге жылы көрініп ұшыраса беретін аяулы бір бейне бар,ол-Өзіңіз. Содан бері өткізген әрбір жылымыздың мазмұн-мағынасында ақыл-парасат,сабыр мен төзім,адалдық пен ар дүниесіне деген іңкәрлік,әділдік пен жақсылыққа деген құштарлық,махаббат пен достыққа деген табандылық танылып,ізгілік пен руханиятқа жүрек көзі ашылып,"бойда қайрат,ойда көз" жатқан сәттеріміз аз ұшыраспаса,осының барлығының түпкі төркіні-Сіздің еншіңізде. Шәкірттеріңізбен араласа жүріп қызмет еткен сәттеріңізде,біздің әлі қалыптаса қоймаған балаң сана-сезімімізге баға жетпес білім,білік байлығын сіңіруді,сөйтіп ғылым әлемінің таусылмайтын шетсіз-шексіз көкжиегіне жетелеуді ғана мақсат етіп қойған жоқсыз,Сіз ең алдымен мына әлемге,мына қоғамға,мына өмірге Адам беруге тырыстыңыз.Бұл тіпті де Сіздің мәнді де мағынаға толы ұстаздық сәттеріңіздің басты өлшеміне айналғандай еді. Сізден бөлініп,қанат қатайтып,өмір баспалдағының басқышымен әрбір сәтте ілгері аяқ басқан кездерімізде, Сіз сіңірген өнеге мен тәлімді өмірдің өзінен сабақ ала отырып,бұрынғыдан да айқын,бұрынғыдан да жарқыраған көңіл көзімен сезіндік,бойға ұялаттық,жүрекке жақындаттық.Өмір баспалдағымен неғұрлым ілгері басқан сайын-Ар,Адалдық,Тазалық,Жақсылық,Әділеттілік,Шындық,Ізгілік,Достық,Махаббат сияқты қасиетті ұғымдар Сіздің Ұстаздық бейнеңізбен үйлесім тауып,алдымыздан шығып отырды,осы ұғымдардың алдында сүрінген сәттеріміз бола қалса,сол Ұстаздық бейнеңізден қысылдық. Ғұмыр-дарияның өткел бере қоймас асау толқынына ұшырасып,иірімді ағысына қарсы әрбір қадам жасаған сәттерімізде де,Сіз айтқан сөздер жақсылық ұшқынындай болып,бағыт-бағдар берер шамшырағымызға айналды,Сіз нұсқаған биігі мен шыңынан үнемі қол бұлғап,мен мұндалап отырды.Сонда барып ұстаз ұғымының қасиеті мен ұлылығын ұғындық,түйсіндік,пайым-парасат биігінен парақтадық.Ой көзімен сарапқа салдық.Асыл дүниесін қайта тапқан жоқшыдай өз ұрпағымыздың бойына сіңіруге тырыстық. Қадірлі ұстаз! Өзіңізден алыстап,өмір соқпағымен әрбір қадам алға басқан сайын,тұлғаңыз соншалықты биіктей түсті,сол биіктей түскен болмысыңыз жанға жігер сыйлағаны бір басқа,әрдайым да уақыт кемесін балалық мінездеріміз жазира жағалауында қалып қойған кешегі күндеріміздің тұп-тұнық айдынына тағы да бір сәт бұрып әкетіп отырушы еді. Құрметті ұстаз! Осындай өткен шақтарымыздың балғын бейнеге толы парақтарын тағы да бір тамашалай қарап,ой елегінен өткізіп,үңіле түскен сәттерімізде де,сол қызықты жылдардың басты тұлғасы болып саналатын Өзіңізге мықты денсаулық,қажырлы қайрат,толағай табыстар тілей отырып,отбасыңыз бен балаларыңыздың амандығын,еңбек еткен ұстаздық жылдарыңыздың жемісін,ұл-қыздарыңыздың қызықшылығын көре беруіңізге әрдайым да шын жүректен тілектестік білдіруші: Сіздің шәкірттеріңіз Авторы: Ғ.ҚОЖАХМЕТ
Ұстаз туралы қанатты сөздер Ақырын жүріп,анық бас,Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас , Үйретуден балаға. Абай Құнанбайұлы Нашар ұстаз шындықты қайталайды,жақсы ұстаз сол шындықты іздеп,табуға үйретеді. Адольф Дистервег …Түсінгендіктің шын белгісі-«иә деген жауап емес,шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады. Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани. Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек В. Маяковский. Ұстаз болу,яғни жақсы оқытушы болу үшін,оқытатыныңды да сүюің керек. В.О.Ключевский. Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі Ы.Алтынсарин Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады Абай Құнанбайұлы Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті. К.Д.Ушинский Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым. Александр Македонский Ұстазы жақсының ұстамы жақсы Халық даналығы. Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт Халық даналығы. Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі К.Д.Ушинский Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім. Ж.Баласағұн. Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз. Сенека. Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Әл-Фараби Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. Ыбырай Алтынсарин Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбаев Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес. Мұхтар Әуезов Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім. Ғабит Мүсірепов Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Мәлік Ғабдуллин Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін. Серке Қожамқұлов Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс. Спандияр Көбеев Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз. К.Д.Ушинский Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз. Ыбырай Жақаев Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз. Л.Н.Толстой Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Ахмет Байтұрсынов Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Мағжан Жұмабаев Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. Ж.Ж.Руссо Ұстаз – ұлы есім М.Әуезов Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. К.Д.Ушинский Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады В.А.Сухомлинский Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. Ы.Алтынсарин Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді. Ұлы мұғалім шабыттандырады.Уильям Уорд,ағылшын ағартушысы. Даңқ пен абырой кенелуімде мен бір адамға қарыздармын ол- ұстазым Аристотель. Александр Македонский Ұстаз- ұлық емес,ұлы қызмет Бауыржан Момышұлы Мектеп- кеме,білім теңіз Қасым Аманжолов Мектепті сыйлағандықтан,мамандығын жан- тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек. Әбділда Тәжібаев. Мұғалім деген ат-қасиетті ат.Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім. Сәбит Мұқанов. Халық – нағыз ұстаз. Халық даналығы. Ілім үйреніп,одан соң оны басқаларға үйретпеу-мол дүние жиып,оны керегіне жаратпай,көміп қойғанмен бірдей. Мұхамбет пайғамбар. Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды. Платон Ештеңені білмейтін,ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын.Өйткені оның бойында екі кесел бар:бірі-топастық,екіншісі-жалқаулық. Платон. Ұстаз талантты болса, Шәкірті талапты болады. Халық даналығы Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін:балалардағы білімге деген талап,ынта,құштарлық отын сөндіріп алмаңдар.Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі. В.А.Сухомлинский. Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты. К.Д.Ушинский Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ. Л.Н.Толстой Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең,құр қаталдықтан түк те шықпайды. А.П.Чехов Қайратсыз ашу-тұл, Тұрлаусыз ғашық-тұл. Шәкіртсіз ғалым-тұл Абай Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді,басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі. В.О.Ключевский Өзінің ақыл-ойын артықша бағалайтын адамды үйреткісі келетін кісі уақытты босқа шығындайды. Демокрит Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңыздыөақ.бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп,не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер,міне,осынысымен бағаланады. Цицерон Шәкірт болып көрмеген,ұстаз болып жарытпас. Боэций Өзінің ұстазынан асып түсуге талпынбаған шәкірт-бейшара. Леонардо да Винчи Тәрбиешіге үйреткеннен бұйрық беру әлдеқайда жеңіл. Д.Локк Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:-не естіп,не оқысам да,соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді,ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін,- дейді екен.Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне өздеріне шәкірттер тауып,оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады. Ян Амос Коменский Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз?Өзінің оқытатын пәнін терең білуді,адал да сезімтал жан дүниесі болуын… Д.Дидро Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлейді, рух үшін оны біздің мұғалімдеріміз әзірлейді. Г.Лихтенберг Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады.Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей,шешесіндей сүйетін болса,ол барлық кітаптарды оқыған,бірақ іске де,шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ.Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса,ол-кемел ұстаз. Л.Н.Толстой Мұғалімнің бүкіл мақтанышы-шәкірттерінде,өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде. Д.И.Менделеев Мұғалімнің ең жауапты міндет орындайды-ол адамды қалыптастырады. М.И.Калинин Егер мұғалім өте беделді болса,онда бұл мұғалімнің әсерінің іздері кейбір адамдардың бойында бүкіл өмір бойы қалып қояды. Міне,сондықтан мұғалімнің өзіне құнтты болуы,өзінің мінезі-құлқы мен іс-әрекеттері,дүние жүзіндегі бірде-бір адамда болмайтындай,ең күшті бақылауда болатынын сезінуі өте маңызды. М.И.Калинин Өзінің шәкірттеріне еңбектен қуаныш табу қабілетін дарыта алатын мұғалім зор даңқа бөленуге тиіс. Э.Хаббард Жақсы мұғалімдер жақсы оқушыларды жасайды. М.В.Остроградский Мұғалімге сенім білдірмесе,оқу игі жеміс бере алмайды. Д.И. Менделеев Мен біздің жастарымыздың ежелгі заман философтарын оқуын қалар едім. Мұнан олар шәкірттердің ұстаздарына қандай ілтипатпен және құрметпен қарағанын көрер еді М.И.Калинин Басқаларды үйрете отырып, біздің өзіміз де үйренеміз. Сенека Педагог-жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп,жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам. А.В.Луначарский Тәрбиелеушінің өзі-ақылдың,үлкен ұстамдылықтың,мейірімділіктің,биік адамгершілік көзқарастың иесі болуға тиіс. М.П.Драгоманов Мұғалім,егер ол адал болса,әрқашан зейінді шәкірт те болуға тиіс. М.Горький Үйренбейтін немесе аз үйренетін мұғалім-жаман мұғалім. М.Горький Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады. Д.И.Менделеев
Ұстаз бен шәкірттің айтысы /"Айқын" газетінің беттерінен/ Бұрындары ақындар айтысу үшін әр тұстан келіп, бір жерге жиналып, өнер көрсететін. Кейін ойларын қағаз бетіне түсіріп, қарапайым хат арқылы сөз алмасатын. Газет бетінде де айтыстың көрігі қызған сәттер аз болмады. Енді электронды ақпараттық технологиялар дамыған тұста ғаламтордың көмегімен электронды пошта арқылы айтысу және ұялы телефонды пайдалана отырып sms-айтыс жүргізу дәстүрге ене бастады. Біз бүгін белгілі айтыскер ақындар Серікзат Дүйсенғазин мен Жандарбек Бұлғақовтың ұстаз бен шәкірт ретінде ой жарыстырып, сөз қағыстырған sms-айтысын оқырман назарына ұсынып отырмыз.Серікзат: Жандарбек, тұра алмаушы ең тағат тауып, Биікке жүрген ұлсың талаптанып. Көзді ашып-жұмғанша төрт жыл өтті, Ұшайын деп жатырсың қанат қағып. Жандарбек: Бұл жерде білім дейтін көк теңіз бар, Бабалар бізге салып кеткен із бар. Төрт жылда үмітіңіз ақталды ғой, Айтыңыз, маған қандай өкпеңіз бар? Серікзат: Бірі едің айтыс қуған серінің сен, Сабаққа көп келуге ерінуші ең. Таңда ғана туатын Шолпан құсап, Сессияның кезінде көрінуші ең. Жандарбек: Осылай қиын енді сөгетінің, Қай жерде болды сізге бөгет інің? Сессияның кезінде көрінсем де, Сабақты кімнен, аға, кем оқыдым? Серікзат: Шәкіртім, астамсу ғой бұл дегенің, Мынаны есте сақта, жүлдегерім: Сен түгіл, даналар да солай айтқан, Әлі де білгеннен көп білмегенің. Жандарбек: Әрине, білгеннен көп білмегенім, Мақсатым – білім іздеу күнде менің. Тек қана қазағымның өзіне тән Өнері өлмесін деп жүрген едім. Серікзат: Жүре бер өнер үшін аман болып, Оқысаң, қалмайсың ғой жаман болып. Мен үшін шықсаң болды Отан үшін Қызмет етер білікті маман болып. Жандарбек: Ұстазым, рақмет тілегіңе, Бұйырса, қызмет етем ұлы еліме. Аман болсам, ешқашан дақ салмаспын Жұмыр жер сыятындай жүрегіңе!
Ұстаз-әлем Еңбекпен келген еленді із, Қалдырды соқпақ өткенің. Ешқашан қалмас елеусіз, Сен үшін қымбат-мектебің. Ізгілік жолын жырлап ең, Айналып уақыт сырласқа. Шәкірттің көңілі-сырлы әлем, Сенімі-дағы бір басқа. Ұл-қызы бол деп еліңнің, Ертеңі-сенсің,өркені. Дедің де шәкірт-сенімнің, Құлатпай жүрдің желкенін. Жаныңа серпін құяр ән, Жыл сайын соны ұғасың. Қанатын қағып ұядан, Армандар жайды құлашын. Мақсатын сездің жүректің, Дедің де сапар жалғансын. Әр жылы ұшқан түлектің, Сағынышында сен барсың. Жақсылық бойдан іздер ең, Бұлақтың көзі аршылар, Жүректер талмай іздеген, Ұлылық деген сен шығар! авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы







