FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.
Маринасы бар елдің (Әйелдер боксынан тұңғыш Олимпиада жүлдегері Марина Вольноваға арналады) Медальдарға толды ма елдің сандығы, Маринадай енді Сырдың бар гүлі. Деуші едік-ау бокс қызға тән емес, Бекер екен енді мұның барлығы. Жанкүйердің болған сәтте алаңы, Лондон жақтан жақсы хабар тарады. Тұңғыш рет боксынан қыздардың, Марина-қыз жеңіп апты қоланы. Біледі үміт артарын да кімге ел, Намысты қыз бағасын да білген ер. Қарт Қазалы толқып тағы тұрды ма? Өз перзентін деген сәтте жүлдегер. Келді ме екен рингте бағың дәл, Сыр қызының қайсарлығын таныңдар. "Ақұдайдың" пысық деуші ед қыздарын, Мықты екен ғой қазалылық арулар. Күткен шақта Лондон жақтан таң нұрын, Тілекші елдің көзден жасы тамды мың. РОЗАСЫ,МӘДИНАСЫ бар елдің, Қандай жақсы МАРИНАСЫ бар бүгін! 2012 жыл,8 тамыз авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Илья Ильинге Елбасы жіберген құттықтау жеделхатынан
Қымбатты Майя! Барлық қазақстандықтардың және өз атымнан сені Оңтүстік Кореядағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медальға ие болуыңмен қызу құттықтаймын. Біздің бәріміз де бұл тамаша жеңісті зор құлшыныспен қабылдадық! Табандылық, жоғары спорттық шеберлік және қажымас қайратыңды көрсетіп, сен біздің елімізді осы халықаралық сайыстарда лайықты көрсете білдің. Одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілеймін!
Бұл тамаша жеңісті зор қуанышпен қабылдадық.
Сенің табандылық, жоғарғы спорттық шеберлік және қажымас кайрат танытып, осы халықаралық жарыста біздің еліміздің мерейін үстем ете білдің.
Жаңа жеңістер мен табыстар тілеймін!
Қымбатты Илья! Миллиондаған қазақстандықтардың және жеке өзімнің атымнан тамаша жеңісіңмен құттықтаймын! Қайсарлық, өршілдік, жоғары спорттық шеберлік және жеңіске деген құлшыныс таныта отырып сен Қазақстанды дүниежүзілік ойындарда лайықты таныта білдің. Сенің зор табысың еліміздің спорт шежіресіне мәңгілікке енетін болады. Денсаулық, бақыт және спорттық сайыстарда табыстар тілеймін.
/Илья Ильинге Елбасы жіберген құттықтау жеделхатынан/
Қымбатты Майя! арлық қазақстандықтардың және өз атымнан сені Оңтүстік Кореядағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медальға ие болуыңмен қызу құттықтаймын. Біздің бәріміз де бұл тамаша жеңісті зор құлшыныспен қабылдадық!
Табандылық, жоғары спорттық шеберлік және қажымас қайратыңды көрсетіп, сен біздің елімізді осы халықаралық сайыстарда лайықты көрсете білдің.
Одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілеймін!
/Майяға Елбасы жіберген құттықтау жеделхатынан/
Қазақстан Президенті мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімін аша отырып, Тәуелсіздіктің 22 жылында елімізде бірқатар жақсы дәстүрлер қалыптасқанын атап өтті. – Солардың бірі – Қазақстанның басты жалпыұлттық мерекесі қарсаңында республикамыздың ең лайықты азаматтарын марапаттау. Мұның өте терең символдық мәні бар, өйткені мемлекетіміздің тәуелсіздігі, осы жылдар ішінде сіздер мен біздер жасаған нәрсенің бәрі әрбір жеке адамның еңбегінен құралады, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев қызметі мен кәсібіне қарамастан патриотизм, өз ісіне берілгендік, Отан игілігі жолындағы қажырлы еңбек марапатталғандардың барлығын біріктіретінін айтты. – Бәріміз награда алу үшін жұмыс істемейміз, тек өзіміздің күнделікті ісімізді атқарамыз. Адам сүйікті ісіне жан-тәнімен беріліп, оған өзінің барлық күш-жігерін жұмсаған кезде марапат пен сый-құрмет оны өзі іздеп табады. Біз үшін ортақ марапаттың ең құндысы – жаңа биіктерді бағындырып келе жатқан, күллі әлемге танылған, гүлденген Қазақстан. Мүлтіксіз атқарылған жұмыс үшін ең жақсы марапат – оны одан да жақсы істеуге мүмкіндік беру деседі. Біздің қоғамның аса маңызды құндылығы – оны біріктіретін қажырлы еңбек. Сондықтан мемлекет атынан біз өз еңбегімен зор табысқа жеткен азаматтарға ерекше құрмет көрсетеміз. Қазақстан Президенті бүгін жоғары мемлекеттік наградалар ғалымдарға, мәдениет пен өнер, білім және денсаулық сақтау салаларының қайраткерлеріне, өндіріс иелеріне, қоғам қайраткерлеріне, әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылатынын атап өтті. – Сіздердің бәріңіз жаңа Қазақстанды құра отырып, барынша үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін күш-жігерлеріңіз бен таланттарыңызды аямай жұмсап келесіздер. Сіздердің жетістіктеріңіз өз әріптестеріңізді және барлық азаматтарды зор биіктерге жігерлендіретініне сенемін. Өйткені, біздің алдымызда жаңа, анағұрлым ауқымды мақсаттар тұр. Нақ осындай жасампаздықпен алға қадам басу – Тәуелсіздігіміздің басты мән-мағынасы, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.







