RU KZ EN

Құттықтау тілектер - Дәстүрлі тойларға - Тойға шақыру

FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.

1. Үйлену тойына шақыру
▼

Қос жүрек бірге соғып тыныстады,
Баршаға бақыт әнін жар қыламыз.
Достарды, жора-жолдас туыстарды
Махаббат думанына шақырамыз.

2. 60 жылдық тойға шақыру
▼


Оу, ағайын!
Келді менің Алпысым,
Өмірімнің бел белесі – талтүсім.
Кең дастархан жаяйын деп отырмын,
Шақырамын ағайынның барлығын.

Аз ба, көп пе, бұл ғұмырдың жазғаны,
Жүрегімде талай арман маздады.
Жәй өтті дей алмаймын, ағайын,
Өмірімнің Көктемі мен Жаздары.

Сол үшін де
Бас қосайық, келіңдер,
Шарықтасын, шалқысын шат көңілдер.
О, Жаратқан,
Ел-жұртыммен сыйласып
Жүретұғын маған ұзақ
Мағыналы өмір бер!

Ата-ана мерейтойына шақыру

Ыстық қой ата-ана алақаны
Аялап көп атсыншы дала таңы.
Ортақ боп, қуанышқа келіңіздер,
Жайылды мерейтойдың дастарханы

3. Әкенің 70-ке келген тойына шақыру /Ғабиден Қожахмет...
▼

Айтылып жүректердің иманды әні, Мол болсын тағдырдың да сыйлар бағы! Шаттығын шаңырақтың бөлісуге, Тілекші ел отыр тағы жиналғалы. Сіңірер өнегесін жастарға мың, Әке ғой қашан да анық асқар тауың. 70-ке толып бүгін аяулы Әке, Ұрпағы жайды шаттық дастарханын. Айтқанда той хабарын елге бүгін, Болмасын ақ тілек пен әнде тыным! Келіңіз,той шаттығын бөліс бірге, Ағайын,Жармұхамбет әулетінің!

4. Әкенің 80-ге келген тойына шақыру /Ғабиден Қожахмет...
▼

Қастерлі жан 80-ге келді міне (тойға шақыру) Көрсете алғаннан соң таным-білік, Талай белес бұл жолда алынды нық. Қарты бар үй – қазына: Әкеміз де, Шықты асуға сексенді бағындырып. Қастерлі жан 80-ге келді міне, Шақырамыз сол тойға елді, міне. Әкеміз сүріп өмір мағыналы, Шалдықпай жетті сексен сеңгіріне. Куә боп соны ел де сезінеді, Ұқты әке сыйлайтынын өзін елі. Сондықтан ел-жұртына сауын айтты, Сексеннің биігінде шежірелі. Еске түсіп елмен сан ұғысқаны, Аға – ақылшы, болды іні – тыныс-бағы. Енді бүгін солардың басын қосар, Тойға келсін ағайын, туыс – бәрі! Ойлайтын үлкендер бар жастар қамын, Арнайды тойға лебіз достар да әнін. Құда-жекжат, нағашы, жиен – бәрі, Сезінсін осы шаттық дастарханын! Артады әке бүгін де сенімді елге, Бұл тойың болады ортақ сезінгенге. Қоссын басын шаттықта аға-жеңге, Келсін тойға іні мен келіндер де! Жырласын ел көңілі марқайғасын, Шаттық толы кеуделер қартаймасын! Ағыл-тегіл тілекке толып орта, Қуаныштың қазаны ортаймасын! Жүректерден сырыңды ақтарғайсың, Суырыла көрінер топтан қайсың. 80-інде әкейдің тойына деп, Тойлы ауылды, тілекші ел, бетке алғайсың! Келсін бала үлкенге ілесіп ап, Ол да бүгін тілеуін тілесін ақ. Кел, ағайын, бұл тойдан мәнді өмірдің Қайтпаққа мағыналы үлесін ап. Ғабиден Қожахмет


Автор, редактор:
Юрист-консультант по семейному праву