FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.
Сәлеметсіз бе,Жанар! Хатыма жауап беріп,ілтипат танытқаныңызға рахмет! Менің аты-жөнім-Ғабиден Қожахмет,Қызылорда қаласының тұрғынымын,мамандығым-филолог,жергілікті оқу орнын қазақ филологиясы мамандығы бойынша тәмамдап шыққам.Сіздердің сайттарыңызды көріп,той тақырыбына арналып жазылған өз өлеңдерім де,бәлкім,біреулердің кәдесіне жарап,қызығушылығын оятар деген ниетпен "Гүл атты бүгін қыз-ғұмыр" және "Бақыттың тойы басталды" деген екі өлеңімді жолдап отырмын.Сіздерге алдын ала рахмет! Оқырман көбейсін! С/н:Ғабиден Гүл атты бүгiн қыз-ғұмыр. Бақ күткен екеу бүгiн де дағы кеше де, Махаббат көлiн қос ғашық болып жүздi бiр. Ата мен ана бала ғой әлi десе де, Гүл атты бүгiн қыз-ғұмыр. Жүзiне дағы қарайды бiрi бiрiнiң, Болашақ атты бақытқа ендi ой кетiп. Балдырған қыз ең,кеңейiп-дағы ұғымың, Қалдың ба сен де бойжетiп? Еркелiк көрiп сезгенмен қамкор алақан, Барiбiр қызға бұйырар бақыт қиядан. Өзiңдi санап жүргенде әлi балапан, Ұшар күн кептi-ау ұядан. Болашағыңның кеңiтер кеуде сарайын, Айтыла берер әрдайым саған ақ тiлек. Өзiңе ендi ата-ана,бауыр,ағайын, Қалады бүгiн бақ тiлеп. Кеткенмен ұшып,көңiлдерi барiбiр бiр сенде, Тiлейдi сенiң тiршiлiгiңнiң бүтiнiн. Ұмытпа ендi жарыңмен қайда жүрсең де, Туған үйiңнiң түтiнiн. Өйткенi сенi осында бесiк тербеткен, Келгенсiң мұнда өмiрге болып наресте. Қуанған,күлген,жылаған кезiң-ержеткен, Тұрады екен барi есте. Мiнеки ендi қалыңдық сен де атандың, Тәлiмiң менен тәрбиең-барi еркiңде. Өзiңдi өсiрген осынау киелi Отанның, Атына кiрдi келтiрме. Бойжетiп қапсың,осылай уақыт,өтер күн, Жарыңды сыйла,артады сонда бағаң мың. Ғибрат берген тәлiмiн ұмытпай Әкеңнiң, Ақ сүтiн ақта Анаңның. Көрiнбей жүрсiн жасаған iстiң бiрi мiн, Батасын берер сол кезде әже,аталар. Балапан-даурен,кеуделердегi гүл-ұғым, Күн келдi келiн атанар. Алдағы ғұмыр күндерiң бiр боп өтетiн, Жарыңмен бiрге бақыттың гүлiн ұста тең. Туған үйiнiң түтiнiн қимай кететiн, Қыз-дәурен солай қысқа ма ең?! Бақыттың тойы басталды Келеді бүгін көгімнен тағы атып күн, Шырқайтын сәті бақ тілеп жасқа уақыттың. Қос аққу болып жұбайлық өмір басталып, Көтерілді туы бақыттың. Отауға енді сәулесі бақтың жамырап, Ақжолтай болып есіктен енді тағы бақ. Әулеттің әнін баянды қылып шырқайтын, Көтерілді тағы шаңырақ. Мөлдіреп бүгін тілекші көзден жас тамар, Жұбайлық жолда сүйеніш болар асқақ ар. Болашақ атты бақыттың баспалдақтары, Осынау сәттен басталар. Кеуделерге кеп орнықты бүгін ізгі нұр, Тербетті әуен той жыры болып бізді бір. Ару-дәуірдің қалыңдық-ғұмыры басталып, Артында қалды қыз-ғұмыр. Көңіл-кеудені ізгі сезімге жайлаттық, Той сәні қылып ортаны тағы жайнаттық. Тағы бір ұлдың аяғына тұсау оралып, Артында қалды бойдақтық. Аяма енді ата-ана,туыс барыңды, Өз ұлың бүгін бақыттан тұмар тағынды. Серігі болар қолына қонып жан-жары, Жас отау нұрға малынды. Ақ сәуле болып шымылдық пенен перделер, Оранды гүлге той-думан күткен бөлмелер. Ата мен ана,көңілі хош боп қайнаға, Сабылды бүгін жеңгелер. Өйткені олар абысын тағы атанды, Олар да кеше үлкеннен сыйлы бата алды. Жымыңдай күліп ақылды тентек қайнылар, Қорғаштап жүр-ау отауды. Әзілдер олар құдаша жаққа астарлы, Шараппен сыйлап базына қылған дос-жарды. Қуанышқа бөлеп әулеттің барлық адамын, Бақыттың тойы басталды. Жан еді елі бір кезде-дағы ардақтар, Жан еді олар сөзінде жатқан салмақ бар. Жер басып жүрген қандастарын жебеп рухымен, Бір аунап түсті әруақтар. Өзгеше болып келеді тағы атып күн, Өтсінші тоймен бәрі де мынау уақыттың. Адам-ғұмырдың көңілде қалар белесі, Үйлену тойы,үй болу тойы басы ғой енді бақыттың! Ғабиден Қожахмет,Қызылорда қаласы
үйлену тойына арналған тілектер
Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.
Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.
Әпке тілегі (өтініш бойынша жазылған) Жетсінші дер ем бауырды мен де баққа мың, Тағдырың саған атқызсын әр кез ақ таңын. Еркелей күлген елігі едің бір үйдің, Сіңілім,сен де босаға бүгін аттадың. Жаныңда енді өмірлік жолдас-қосағың, Үмітпен күттің осынау күннің тосарын. Босаға аттау-артады қызға көп міндет, Сіңілім,соған жауапты қадам жасадың. Бақыттың шоғын сезімдер енді үрлемек, Береке,ырыс есікті қақсын күнде кеп. Бауырлар үшін інінің жөні бір басқа, Алысқа ұзар сіңілдің жөні бір бөлек. Дер едім мен де отауың болсын еңселі, Жұбайлық жолдың сыйластық қана өлшемі. Қыз бала сол ғой-алыстан іздер бақытын, Туған үйінің құп-құйттай ғана бөлшегі. Ұмтылдың баққа,сол жолда тілек-бата алдың, Киесі бар ғой шаңырақ деген отаудың. Құсымыз едің еркелеп жүрген,бір күнде, Ұштың да кеттің,мінеки келін атандың. Шыққызсын тауға қадамың осы жасаған, Бауырың бүтін,болсыншы әр кез дос аман. Шаңырағыңның уығы берік шаншылып, Керегең кең боп,бақытқа толсын босағаң! Естілсін содан тек қана сыңғыр тәтті үн, Болашағыңа жайқалтсын тағдыр бақ гүлін. Жұбайлық жолда ұсынып өмір күлкісін, Жарыңмен бірге сезінші соның шаттығын! Жақсылықтарын сыйлатып өмір тәңірдің, Мінеки,сен де жар болдың,сыйлы ат тағындың. Сол жолда осы-апайың тілер ақ тілек, Сол жолда осы-тілегі барлық бауырдың. Атану келін-сіңіру бойға ар-қылық, Ақ отау жақтан атсыншы әр кез таң күліп. Жұбайлық өмір бақыттың әні екен ғой, Ендеше сол ән үзілмей тұрсын мәңгілік! авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ
Отбасы және "жауынгер"(әзіл) -Кеше күйеу баланың туған күніне бардық,-деді таныс келіншек әңгіме үстінде,-өңкей қайын апалар жиналыппыз.Жақсылап сыйлық апардық."Күйеу-дұшпан"-деген бар ғой.Сіңліміздің миын мүжіп жүрер әйтпесе. -Не дедің? -Күйеу-дұшпан,-деймін. -Сонда сендер күйеу балаларыңды дұшпан санайды екенсіңдер ғой.Онда сіңлің "дұшпанға" қарсы "ұрыс жүргізуші" "жауынгер-қыз" шығар.Келіншек сылқылдай күлді.Бұл әзіл-шыны аралас әңгіме осы қысқа диалогтан кейін туындап кетіп еді. Әлдебір қарулы күштер бөлімінде немесе құқық қорғау органдарының құрамында арнайы дайындықтан өткен сарбаздар қызмет етеді деседі.Оларды былайғы жұрт "спецназ" деп әспеттеп жатады.Мен қыздарды осы "спецназға" теңер едім."Ау тепсе темір үзетін зіңгіттей-зіңгіттей жігіттер мен гүлдей майысқан қыздардың арасынан қандай ұқсастық таптыңыз?" Өйткені бұлар да арнайы дайындықтан өтеді."Ұстазы"-анасы."Дәрісханасы"-ас бөлме,яки қонақ бөлме,болмаса дастархан үсті."Дұшпанмен" "соғысудың" әдіс-айласын меңгереді. Әлдебір соғыс жайлы киноларда жауынгерлерді анасы,апа-қарындастары майданға салтанатты түрде кернейлетіп-сырнайлатып шығарып салып жатады."Аман бол! Жеңіспен орал!" Қыздарды да дәл осыдан бір кем емес салтанатпен шығарып салады.Тек мұнда "орал" деген сөз айтылмайды."Түпкілікті жеңіске жет!" Бұл сөздің мағынасы- "баянды бақытың үшін күрес,сол жолда жеңіс тұғырына көтеріл" деген сөз.Қыздың жанына "ұстазы"-анасы келіп былай дейді:"Қызым,сен енді "жауынгер" атандың."Оқу-жаттығу жиынында" өткен әр бір сабақты мұқият есіңде сақта,оны тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалана біл.Сенімімді ақта". "Дұшпан"-қашан да мыкты. "Диверсиялық" іс-әрекеттермен айналысады.Бірдеңені әманда бүлдіріп жүреді."Жауынгер" осының бәрін қайта қалпына келтіріп отыруы тиіс.Бұл нағыз майдандағы дұшпан қиратып кеткен темір жолдар мен көпірлерді тез арада қайта қалпына келтіріп отыратын жанкешті сарбаздардың еңбегінен бірде-бір кем емес."Дұшпан" кейде "десант" болып түседі.Міне,түнгі сағат екі,әлде үш.Дүңк-дүңк есік қағылады.Десанттар әдетте "біз барғалы жатырмыз" деп хабарлап,жариялап бармайды ғой. "Дұшпан да" солай етеді,тұтқиылдан келеді.Ал "жауынгер" әр қашан сақ,тіпті ол "десанттың" түсетінін алдын ала болжап білген.Кәнігі жауынгерлерше лып етіп тұрады,сақа солдаттардан да жылдам киінеді. "Десантты" күтіп алу үшін баспалап есікке жақындайды: -Бұл-кім? -Мен! Күйеуің! "Десант!" "Десант" болсаң қайтейін,-деді "жауынгер" ішінен.-Сен "десант" болсаң,мен де "арнайы дайындықтан" өткен "жауынгермін". Есік ашылады. "Десант" шайқатылып тұр."Жауынгерді" қапы қалдырғанына мәз.Масайраған."Ұрыс" "жауынгердің" пайдасына шешілді,ол "десантты" "ұйықтатып тастады".Қандай әдіс,тәсіл қолданды.Ол-"спецназдың" өз құпиясы."Жауынгер" көрші бөлмеге өтеді,балаларының көрпесін қымтайды,жеңіл күрсінеді,қабырға сағатына көз жүгіртеді."Ұрыс" бүгін бір сағатқа созылыпты-ау.Ештеңе емес.Бұдан да зор "ұрыстарды" бастан өткізген". Ертеңіне "жауынгерден" әлдекім қал сұрайды: -Қал қалай? -Тамаша!-деп жауап береді "жауынгер".-Бәрі жақсы! "Жақсы "жауынгер" "әскери құпияларды" сақтай білу керек,-деген "ұстазы".-Әсіресе,"көрші мемлекеттерге" сыр шашпа". Кейде "жауынгерлер" "дұшпанның" төпелеген соққысының астында қап қояды.Назік дене жерге сұлап түседі. -Тұр!-"Дұшпан" талтайып тұр. "Жауынгер" өз-өзін іштей қайраттандырады:"Шыда,"жауынгерім",шыда.Бұл "дұшпанның" уақытша масайрауы.Түпкілікті жеңіс әлі сенің қолыңда болады.Жараландым ғой деймін шамасы,оқа емес,"соғыс" жарақатсыз бола ма? Ең бастысы "контузия" алмасам болды"... -"Госпитальге" барасыз ба,"жауынгер" ханым? -Жоқ,-деп тістене жауап береді "жауынгер".-"Майдан даласында" қалам. "Жауынгер" соғыс шебіндегі ер жүрек солдаттарша басын байлап алған күйі "майдан даласында" қала береді. -Қал қалай? -Жақсы! "Әскери құпияны" жария ете беруге болмас". Кейде "жауынгерлердің" "майдан шебін" тастай қашатын да кездері бар.Ондайда "медальдарін" қолына қысқан күйі зытып береді."Медаль"-балалары.Ол "соғысқа" енді әзірленіп жүрген "болашақ жауынгерлердің" арасына үрей туғыза келеді: -Қыздар деймін,қыздар! "Соғыс"-сұмдық! "Дұшпан"-мықты,жеңілмейді.Мұны естіп бір әлсіздеу қыз айқайлап жібереді: -Құрысын! Бармаймын "соғысқа!" Қу тіземді құшақтап өткенім артық. Өзге "болашақ жауынгерлер" әлгі қызға жақтырмай қарады."Есің дұрыс па,"соғысқа" бармағаны несі? "Соғысқа" бармасаң "медальді" қалай тақпақсың? Нағыз "жауынгер" "медальді" "соғыста" жүріп абыроймен алады. Енді бір қыз тізерлеп отыра кетіп,тәңіріне жалбарына бастайды:"О,құдайым! Маған мейрімді "дұшпан" бере көр.Ол-интеллигент болсын".Мұны естіп тұрған қыздар мырс-мырс күледі:"Интеллигент "дұшпандарды" осал деп кім айтты саған?" Ал "жауынгерлік әзірлігі" мықты қыздар сыр бермей үнсіз қалды:"Көріп алдық!" Кейде "дұшпандар" "психологиялық соғыс" жүргізеді.Бұл-"жауынгердің" жүйкесіне тиетін,төзімін сынайтын "соғыс". Бұл "соғысты" "дұшпан" "жауынгердің" жанына жақындамастан-ақ алыста жатып жүргізе береді. Міне "дұшпан" екі қолын басына жастанған күйі кереует үстінде жатыр.Есіктен кіріп келген "жауынгерге" алғашқы соққыны бағыттады: -Қайдан келдің? -Әжетханадан келдім,-деді "жауынгер". -Жоқ,сен әжетханадан келген жоқсың.Сен біреумен кездесіп келдің. "Жауынгердің" мына соққыдан кейін жүйкесінің сыр бермеуі екіталай еді.Көзі қарауытты. "Пулемёттерді" сақылдатып қоя беруі де мүмкін еді.Бірақ көз алдына "ұстазы" келді. "Сабыр,әр нәрсеге байыппен қара".Лезде бойын жиып ала қойды да былай деді: -Кіммен кездесейін.Әжетханадан келдім,арыстаным."Дұшпан" күтпеген соққыдан есеңгіреп қалды.Ол соққыны басқа жақтан күткен еді:"Енді туалетке де барғызбайсың ба,оңбаған?" "Дұшпанның" "тактикалық жоспары" бұзылды.Іргеге қарай аунап түсті де күңк ете қалды. "Пәлесін көрдің бе өзінің.Әбден ысылған "жауынгерге" айналыпты. Арыстаным деуін қарай көр.Жоқ,"жауынгерім","ұрыстың" соңы бұл емес".Мұны "жауынгер де" іштей анық сезеді. "Мейлі,"майдан даласын" тастай қашатын "жауынгерің" мен емес". "Дұшпан" таңертең тұрып орындық арқалығында ұқыпталып өтектелген күйі тұрған көйлек,шалбарын көрді."Жауынгер" "дұшпанға" екінші соққыны да беріп үлгерген екен. -Тамағыңды іш. "Дұшпанға" үшінші соққы кетіп қалды және бұл соққы ең талмау жерден тиген еді."Дұшпан" ойланды:"мына түрімен мені алмай қоймас". "Дұшпан" тамағын ішіп алып,қойқаңдап көшеге шығады.Анығында бұл "соғыста" алған "медаль" "дұшпанда да" бар.Бірақ "дұшпан" кішіпейіл,қарапайым көрінгісі келеді ме,кейде "медальдарiнiң" барын жасырады. Міне "болашақ жауынгер" қыз "дұшпанға" сұрақ қойды: -Қанша "медаліңіз" бар? "Дұшпан" таңғала сұрады: -Қайдағы "медальді" айтасыз? Мен тіпті әлі "соғысқа да" араласа қойғам жоқ қой. "Болашақ жауынгер" бұған әуелде сеніп қалады.Әдемі кірпіктерін көтеріп "дұшпанға" қарады:"сымбатты жігіт екен,"медаль" сыйлап жіберсем бе екен?" Сонан-соң көз алдына ас бөлме-"дәрісханадағы" "ұстазы" елестеді. "Ұстазы" қолына оқтауды алып тұрып былай деген еді:"Болашақ жауынгер",біз бұл тақырыпқа бірнеше сағатымызды арнаймыз.Бұл "Дұшпанның айла-шарғысы" деп аталады."Дұшпан" әдетте үнемі өңмеңдеп,бетпе-бет келе бермейді.Кейде іші-бауырыңа еніп,өз адамыңдай болып көрінетіні бар.Сондықтан әрқашан сақ бол". "Болашақ жауынгер" ойланып қалды. "Жоқ,алдын-ала "барлау жұмыстарын" жүргізу керек екен. "Құпия құжаттарды" қолға түсіру керек.Мына "дұшпан" әлдеқандай "майданда" "соғысқан ба",жоқ па,ал "соғысса" неше "медалі" бар?" Кейде "жауынгерлер де" бұл "соғыстан" шаршайды.Олар "түпкілікті жеңіске" қашан жетер екенбіз?" деп ойланады. Бұл "соғыста" "түпкілікті жеңіске" жеткен жан бар ма өзі? Бар,неге болмасын.Міне "түпкілікті жеңіске" жеткен "соғыс ардагері" "жас жауынгерлерге" "әскери-патриоттық" тәрбие сабағын өткізіп отыр.Жаны толған шүпірлеген "медаль".Бұлар "соғыс ардагерінің" "мерекелік медальдарі". "Жеңістің" пәлен жылдығына","жеңістің" түген жылдығына" деп ұл-қыздары тарту етіп отырған. "Соғыс ардагері" сөйлейді:"Ойбуй,қарақтарым,"соғыс" деген қашан да оңай болмаған.Сендер қайта "соғысқа" бертінде түсіп жүрсіңдер ғой,мен жиырмаға жетпей түскем."Ұстазым" мықты болды менің,әйтпесе менің де "дұшпаным" осал болған жоқ.Өткенде "штаб"-загс-тің мәліметтерін тыңдап отырсам,қазір "майдан даласын" тастап кететін "жауынгерлер" саны артып бара жатырған көрінеді.Осының бәрі "Соғысқа әзірлік" сабағының дұрыс жүргізілмеуінен бе екен деп те ойлаймын кейде."Тәжірибесіз ұстаздар" көбейді ме екен.Бұрынғы "ұстаздар" "соғыстың" оты мен суына шыңдалған жандар еді.Омыраулары "медальдан" көрінбейтін.Қазір "Соғысқа әзірлік" сабағының бағдарламасына да жат елдің "әскери тәсілдерін" әкеліп кіргізетін болыпты.Ол "әдіс-тәсілдер" біздің қарадомалақ "дұшпандарға" жүрмейді,құлындарым.Бар құндылық мына аяқтарыңның астындағы топырақта жатыр". ..."Соғыс ардагеріне" оңаша бөлмеде "жас жауынгер" шағым айтуда: -Апа,деймін,менің "дұшпаным" мықты,шыдай алар емеспін,апа. -"Дұшпан" қашан да мықты құлыным.Баяғыда батыр бабаларың "дұшпаным мықты болса екен" деп тілейді екен.Айызы қанып соғысқысы келді ме екен жарықтықтар. -Амалым таусылды,апа.Шегінем,апа,шегінем. -Шегінесің,неге шегінбейсің.Шегініп жүріп "соғысасың".Шегінудің өзі-"әскери өнер"."Бір қадым кейін,екі қадым ілгері" деген.Көзсіз батырлықтың керегі жоқ,құлыным. "Соғыс ардагері" "жас жауынгердің" арқасынан қақты. Көрші бөлмеден бір топ "соғыс ардагерінің" әндете салған даусы естіледі: Жеңдік қой жауды арман не,құрбым, Күркіреп күндей өтті ғой соғыс... Көшеде қос құрбы жайраң қағып келе жатыр.Жүздерінен жастыққа тән шаттық лебі білінеді,қара көздері ұшқын атады.Бұлар-"әскери мектептің" түлектері. -Қал қалай,қыздар? -Тамаша!-Қос құрбы қатарласа жауап берді. -Әзірлік қалай? -Дайынбыз. "Дұшпанның" тілін тауып,жеңіске жетудің барлық әдіс,айла,амал,тәсілдерін меңгергенбіз. -Той қашан? -Күзде деп отырмыз. -Жаңа жыл қарсаңыңда. -Бақытты болыңдар,қыздар! -Рахмет! Айтқаныңыз келсін! Қыздар аяқтарын саптағы солдаттарша бiр лекпен алып,адымдап жүрiп кеттi.Асфальтқа қадалған биiк өкше туфлидың тық-тық еткен дыбысы оларды бейне бiр баянды бақыт жолына бастап бара жатырғандай. Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Әпкеге тілек (сайт оқырманының өтініші бойынша жазылған) Қалықтап махаббаттың аспанда әні, Жайылды думан-тойдың дастарханы. Ұғынысқан жүрекпен тұр ғой бүгін, Тағы бір жұбайлық жол басталғалы. Сақталып салт-дәстүрім ұлтымда әлі, Азаттықтың бесікте бұлқынды әні. Бүгінгі той аяулы әпкеміздің, Қалыңдық боп бақытқа ұмтылғаны. Қосылып ақ батамен тағдырлары, Тілеулес болды айнала жанның бәрі. Бүгінгі той әпкені жездеміздің, Аялап алақанға қондырғаны. Той деген-қос жүректің атар таңы, Жұбайлық жолда үлкеннен бата алғаны. Бүгінгі той сезіммен екі жастың, Бір кемеде жолаушы атанғаны. Естіді ме олардың таң сырларын, Деді ме екен бақыт боп қонсың жарың. Осынау аппақ тілек-ақ сапарда, Әпкеме деймін енді: "Жансын бағың!" Қуаныш жүректерге құйды лебін, Той деген шаттықты ән,күй-білерім. Болашақ өзі тіккен ақ отауда, Әпкеміз болсын енді сыйлы келін! Уақыт жылжыр-дағы баяу алға, Келер күн талай мақсат қояр алда. Жезде,әпке сол жолда сүрінбеңдер, Жар деген жаралған ғой аялауға. Нұрынан қуат алып Дала-таңның, Бір-біріңе әркезде бақ атанғын. Ішінен шаттық күлкі үзілмесін, Өздерің қалап тіккен ақ отаудың! Жалғаған халықпыз ғой сан дәстүрін, Иман-серік,сабыры-жолдас бүгін. Жездем мен әпкеміздің осы тойы, Тапсыншы мәңгілікке жалғастығын! Ғабиден Қожахмет, Қызылорда қаласы
Игіліктің тойына Билет келді қолыма, Билет ұстап отырып Нелер түсті ойыма. Кешеғана кішкентай Игілік бүгін ер жетті Ер жеткені осы ғой Қызылжардың қызына Үйленетін кез жетті. Айналайын қарағым Құтты болсын қадамың Өмірлік болсын өзіңе Таңдап алған адамың. Қондырған құстың қолыңа Бақыт құсы болсыншы Бақыт, дәулет бірдей боп Ырыс келіп қонсыншы. Туған-жуыс қуанып Жасап жатыр үлкен той Абайдың ізі - жалғасы Бәрімізге ортақ той. Жастайыңнан мәпелеп Қатарға сені қосам деп Абайымның көзі деп Аузындағы сөзі деп Саған қарап қуанған Саған қарап жубанған Жамбыл атты, ағаңа Ризашылық білдіріп Алғысымды төгейін. Маңдайдағы жұлдызың Жағаңдағы құндызың Ардақтасын сені ертең Соңыңнан ерген ұл-қызың. Ұл-қызың мен туыстың Қызықтарың көре бер. Қартайғанда солардың Рахатына бөленіп Соңдарынан ере бер. Игілік пен келінге Мен тілеймін ақ тілек Ақ махаббат берік боп Бірге соқсын қос жүрек Үлкен-кіші тілеген, Қабыл болсын көп тілек Өмірге сені әкелген Маржан атты анаң бар Аялап, бағып құрметтеп Сол Анаңа қараңдар Силап өтсең анаңды Көтерер ел бағаңды Ақ бата алсаң анаңнан Жұлдыздарың жанады. Қол ұстасып жүріңдер. Күлсеңдер бірге күліңдер. Бір-біріңді мәңгілік Құрметтеңдер сүйіңдер. Екі жақтың құдасы Құтты болсын тойларың Келіп-кетіп жүруге Ашық болсын жолдарың!
Метки к статье: үйлену тойына құттықтау, екі жасқа
Қонақ келсе Қонақ келсе ауылға тұз бен дәм алар Құшақ жайып қарсы алар сізді бар адам Куәсі боп қос жүрек табысқан күні Бір болуды мәңгілік бақыт санаған Ата-ананың осы ғой басты арманы да Жадырайды карашы жастар жаны да Не жетеді жаңа өмір басталғанына Қуанышпен жайылған дастарханына Көңіл биік толқысын бойды билесін Асыл арман жетелер ойды күйге шын Қазағымның дәстүрін салтын сақтаған Берекесі шаттығы тойдың өрлесін
Әсем әуен шарықтап жанды тербесін Асау толқын орнасын нардың кемесін Осы бір кеш қалайша сәнді демесін Махаббатты қос жүрек мәңгі сөнбесін
Жас жұбайлар, кездессе не күндер,
Мұқалмаңдар мұратыңа жетіңдер.
Бір-біріңе дәл бүгінгі сезіммен,
Өмір бойы ғашық болып өтіңдер.
Сүйген жүрек сөнбесін, жалындасын!
Сүйген жүрек өзгені сағынбасын!
Жас жұбайлар қосағымен қоса ағарып,
Бақыттары алдарынан жарылқасын.
IP адрес отправителя: 92.46.159.183
Метки к статье: үйлену тойына құттықтау
Ақайдар
ТОЙҒА ШАШУ
Қазақ айтқан:
Тойың тойға ұлассын деп,
Шалқытып салған әнің қыр ассын кеп.
Шақырып ұлан тойға сауын айттың,
Ағайын қызығыма қуансын деп.
Абай айтқан:
Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.
Мен айтам:
Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.
Бақытына кенеліп екі жастың,
Тола берсін ырысқа қоныш-қойның.
Жұрт айтар
Ақ тілегін ақтарылған бүгін дәйім,
Қабыл болсын ниеттер ылғидайын.
Түгенделген ұлыңның үш жұртының,
Ынтымағы жарассын барған сайын.
Түйіп айтсам
Кенелген көкірегіме тілегімді,
Білесің ақ көңіліммен тілерімді.
Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп,
Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді!!!
Аяулым
Бұл шумағым бір кәдеге жарап қалар,
Айта алса, тыңдаған ел қалап алар.
Алдау емес кісіні, көңілін табу ағайынның
Ағайын қолқа салса мен бе екен қарап тұрар.
с
Үйлену тойының мәдениеті Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі
Үйлену тойы – екі жастың, олардың ата-аналарының өміріндегі қуанышты оқиға, адамдар арасындағы жұбайлық қарым-қатынасқа күдік тудырмау үшін жұртқа жария ету салтанаты. Ол – үйлену арқылы харам болған нәрсені халал етіп, халал болған нәрсені харам етіп берген Аллаһтың нығметін паш ету тойы. Сондай-ақ, бұл үйлену - әйелі күйеуіне, күйеуі әйеліне халал болғанын, керісінше енесі күйеу баласына, атасы келініне харам болғанын (жұбайлық қарым-қатынаста) білдіреді.
Ер мен әйел – отбасының екі іргетасы. Ол үйленумен қаланады. Үлкен бір кедергілер болмай тұрмыс құрмағандар дербес әрі адамгершілік міндетінен қашқан болады. Себебі, адам баласы адамгершілік қасиетін, абыройын, намысын үйлену арқылы берік қорғай алады. Ойшыл А.Шопенгауэр айтпақшы: «Үйлену дегеніміз - өз құқығыңның жарымын азайтып, міндетіңді екі есе көбейту деген сөз». Қыз ұзату
Үйленетін жігіттің ата-анасы болашақ келінінің ата-анасының алдынан өтіп, құда түсіп, оған лайықты сый-сияпатын жасап, салт-дәстүрлерді орыдаған соң қалыңдығын алып кетуге күйеу жігіт келеді. Сол кезде екі жасқа арналып ақ отау тігіледі. Ақ отауды тігу үстінде мынандай дәстүрлі рәсімдер жүзеге асырылады: 1. Құдай жолы; 2. Кереге керер; 3. Шаңырақ көтерер; 4. Уық шаншар; 5. Туырлық жабар; 6. Түндік жабар; 7. Үзік жабар; 8. Бау-шу байлар; 9. Отау байғазысы; 10. Мойын ұсынар. Отауға түсу
Түн ортасы ауған кезде күйеу жігіт пен қалыңдық отауда оңаша кездеседі. Мұны «Отауға түсу» деп атайды. Қыз жеңешелері қалыңдық пен күйеуге арнап төсек дайындайды, көрпе үстіне ақ шүберек (неке жаулық) салады, тілеуін тілеп екі жасты бөлек қалдырады. Қалыңдық пәктігін жоғалтпаған болып шықса, онда жеңгелері сүйінші сұрайды. Тойға шақыру
Той басталардан екі күн бұрын жан-жаққа шақыртушылар жіберіледі, алыс-тағы ағайынға екі-үш ай бұрын хабарлайды. Жастар қараңғы түсісімен киіз үйдің іргесіп түріп тастап, қыздар іште, жігіттер сыртта тұрып айтыс бастайды. Жеңілген жақ уақ-түйек пен бір тоғызға дейін төлейді. Қыз ұзату тойы
Қалыңдықтың ата-анасы қалаған ойын-сауық, салт-дәстүрмен өткізіледі. Тойдағы балуандар күресінің, көкпардың, ат бәйгесінің түрлі ойындардың өз жүлдесі болады. Ең үлкен жүлде ат бәйгесінікі: бірінші бәйгеге түйе бастатқан тоғыз, екінші бәйгеге ат бастатқан тоғыз беріледі. Қыз жасауы Қазақта ұзатылатын қызға жасау беріледі. Оны алдын-ала әзірлейді. Қыз жасауы тоғыз түрлі. Олар мынандай: Ақ отау. Екі үзік, екі туырлық, бір түндік. Ескерту: ақ отаудың шаңырағын, керегесін және жарты жабын киізін күйеу әкеледі. Көрпе-төсек. Ағаш төсек, құс төсек, көрпе-жастық, төсеніш көрпе, құрақ көрпе, жүкаяқ, сандық, жағлан. Төсеніш. Бірнеше текемет, сырмақ, откиіз, 4-5 алаша, 2-3 кілем.
Киім-кешек. Әрқайсысы тоғыздан тон, ішік, көй- лек-көншек, шапан, қамзол, бешпент.
Ыдыс-аяқ. Қазан-ошақ, құман, саба, торсық, шара, шөміш, ожау, қасық, тос-таған, күбі, келі, кебеже, асадал, саптыаяқ, тегене.
Қару-жарақ. Ер-тұрман, садақ, берік сауыт, қалқан, берен қылыш.
Көлік және сауын малы. Әр түлік бойынша бір-бір мал.
Сойыс малы. Сойыс малы бір, бір жарым жылға мөлшерлеп беріледі.
Құрал-жабдықтар. Балта, шот, балға, ара, егеу, ине, біз, үскі, талыс және т.б. Келін түсіру Жасаулы көшті қарсы алу.
Ауыл әйелдері жасаулы көшті шашу шашып қарсы алады. Көш бастар түйенің бұйдасын жетектеп ауылға енген әйел «мұрындық апа» атанып, тиісті сыйлығын алады. Ақ отау тігу
Ол күйеу жігіттің әкесінің үйінің оң жағына тігіледі. Шаңырақты жақсылықпен атағы жайылған ана көтереді. Оны алдын-ала таңдап қояды. Отау тігілген соң жиһаздары жиналады. Келіннің алдынан қыз-келіншектер шымылдық алып шығады. Жас келінді қайын атасының үйіне кіргізу:
ауыл шетінде күтіп тұрған жеңгелері жас келінді шымылдықпен бүркемелеп, қайын атасының үйіне алып келеді. Жас келін босағаны оң аяғымен аттайды; сонан соң тізесіп бүгіп, үш рет қайын атасына сәлем жасайды; атасы «көп жаса, бақытты бол» деп батасын береді; жас келінді ошақ жанындағы жұмсақ төсенішке отырғызады. Мұнан соң отқа май құю рәсімі басталады. «Отқа май құю» Қазақтың әдет-ғұрыптары есте жоқ ерте замандағы дүниетанымынан бастау алып, кейін дәстүрлі құ-қықтық сана-сезіміне ұлас-қан. Отқа май құю-ежелгі қазақтардың аталар аруа-ғына, от құдіретіне бас июіне байланысты қалыптас-қан дәстүр. Бұл дәстүр күйеу жігіт алғаш рет ресми түрде қалыңдығына ұрын барғанында, одан кейін қа-лыңдығын алып қайтуға бар-ғанында, жаңа түскен келін қайын атасының шаңырағына алғаш келіп кіргенінде жасалады. Халық сенімінде отқа құйылған майдың қоңырсыған иісі екі жақтағы аруақтарды риза етеді, олар әрдәйім екі жасты желеп-жебеп жүретін болады. Ұлтымыздың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов үйлену тойында отқа май құю дәстүрі туралы былай деген: «... Қазақтар отты әулие санайды, осы әулие атаулармен мұсылман тақуаларын да атайды. Сонымен бірге жаңа түскен келіннің жұмсақ, биязы болуын тілеп, отқа май құйып, еңкейтіп, тағзым еткізеді, жас нәресте дүниеге келгенде, баланы отқа жақындатып, жалбарынады; отқа тазалаушылық қасиеті бар деп аластайды. Отпен анттасып, өшіп қалған от болса да, оған түкіртпейді». «Бір адамның жаққан отынан он адам жылынады» деп отты қастерлейтін қазақ халқы келін түсіргенде отқа май құяды, келіннің енесі осы отқа екі алақанын қыздырып, жаңа түскен келіннің екі бетінен сипап: «От – Ана, Ұмай – Ана, жарылқай гөр!», - деп тілек айтады. Қасындағы әйелдер де: «Оттай опалы бол!», - деп қолдарын отқа қыздырып, жас келіннің маңдайына тигізеді. Жас келінді ақ отауға әкелу Атасынан бата алған жас келінді енді екі жасқа арнайы тігілген ақ отауға апарады. Оны күйеу жігіттің шешесі шашу шашып қарсы алады. Жас келін табалдырықтан оң аяғымен аттап ішке кіреді. Енесі жас келінді киіз үйдің сол жағына тігілген шымылдықтың ішіне әкеліп отырғызады. Еріп келген қыз-келіншектерге әртүрлі сыйлықтар үлестіріледі. Жас келін мен күйеу жігіттің ата-анасы беташар жасап, той өткізуге әзірленеді. Қол ұстасу Бұл – күйеу жігіттің қалыңдығын қолынан ұстап үйіне алып келуі. Ол – жұбайлық өмірдің басы. Ері ендігі жерде әйелі үшін жау-апты, некемен келер бар- лық жауапкершілікті мойнына алады. Қол ұстасу жы-ныстық қарым-қатынаста болуды да білдіреді. Ерлі- зайыптылар «алғашқы кездесуге» психологиялық тұр-ғыда дайын болуға тиісті. Олардың ақ некеден кейінгі жыныстық қарым-қатынасты – ұрпақ көбейтуге, зинадан аулақ болуға, нәпсіқұмар-лықтан ада болуға жасалған оң қадам деп қабылдағаны абзал. Неке қию
Ол екі түрлі. Біріншісі қаладағы жас жұбайлар сарайына барып, немесе оның қызметкерлерін (ЗАГС-тің) тойға шақырып, сонда некеге отыру. Екіншісі мешітке барып, немесе молданы тойға алдыртып неке суын ішіп, некелерін қидыру. Қазақ салты бойынша, «неке оқылғаннан кейін жас жұбайлардың шымылдығына үкі тағылады. Үкі-күндіз жатып, тіршілігіне түнде кірісетін құс. Ата-ана ол балаларына бас-көз болсын деп ырымдайды. Екінші – үкінің қауырсыны сұлу, сәнге керек. Үшіншісі, үкі келін-нің қыз күніндегі тақиясына тағылған, естелік ретінде бірге болуға тиіс. Сонан соң екі жастың пәк төсегін жақындарының ішіндегі ең көргенді, көп балалы келінге ырымдап салғызады. Сосын қыздың шешесі (енесі) дайындалған төсекке келіп аршаның түтінімен айнала түтіндейді. Мұнысы – біріншіден арша – қысы-жазы солмайтын, қурамайтын ағаш, анасының екі балам осы ағаштай өмір бойы қартай-масын дегені. Екіншіден, арша түтінінде тамаша иіс бар. Үшіншіден, арша қазақ ұғымында пәле-жаладан аластайды. Бұл тәртіп қыз ұзатылып барғаннан кейін күйеу жігіттің де үйінде қайталанады. Төсекті келі-ннің жеңгелері салады, бірақ мұнда қыздың пәктігі тексерілмейді». Неке сақинасы
Этнографтардың зерттеуінше, неке сақинасын алмастыруды мысырлықтар ойлап тапқан. Сақинаның дөңгелек қалыбы (формасы) – мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты бейнелейді. Той күні қонақтардың күйеу жігіт пен қалыңдыққа жақындауы (қол тигізуі) бақыт әкеледі деген ырым бар. Өйткені, бұл күні қос аққудай болған жас жұбайлар Аллаһ Тағаланың шапағатына бөленеді.
Қымбатты жас жұбайлар .... - .........! Сіздерді бүгінгі некеге отыру салтанатымен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Сіздер бүгін мемлекеттің кіші моделі – отбасын құрып, өз алдарыңызға отау тіктіңіздер. Яғни, бүтіндей бір мемлекеттің тәуелсіздігін жарияладыңыздар. Сіздер құрған жас мемлекеттің Отанымыз Қазақстан секілді бай-қуатты, іші тату, сырты қауіпсіз, өмірі бейбіт, бар мүшесі бақытты болуына тілектеспін. Үйлену – тек неке қию емес, маңызды әлеуметтік оқиға, үйлену – екі жастың бір-біріне тағдырларын сеніп тапсыруы. Жас отау иесі ......... осы сәттен бастап, өзі сүйіп қосылған .......... жұбайының болашағына тікелей жауап беретін болады. Отбасын құру – өте үлкен жауапкершілікті жүктейтін іс. Жұмыста өзін жауапкершілігі мол қызметкер ретінде көрсеткен Жарқын, жанұяда да осындай қасиетімен дараланатынына сенімім кәміл. Алла Сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір ете көрсін! Жұптарыңыз жазылмасын. Ата-ана, туыс-туған, дос-жарандарға сыйлы, үлгілі жанұя атаныңдар. Махаббат айдынындағы сапарларың сәтті, бақыттарың баянды болсын!сс
Бүгінгі тойыңыз ырыстың бұлағы болсын. Отбасыңыз үбірлі, шаруаңыз дүбірлі болсын. Алдыңызда ақ мол болып, басыңызға бақ келіп қонсын.
«Келіні жақсы үйдің керегесі – алтын» немесе «Келін келді дегенше, керегені алтын қылып ұстар адам келді» деп жатады, сол келініміздің ақ жүзінен тек күміс күлкіні көруге жазсын.
Ырыс-дәулет шаңырағыңыздан кетпесін, несібелеріңіз әрдайым мол болсын.
Жастарға айтарым, сүрінгенде асқар таудай сүйеніш болып, құлағанда қолдап, демеп жүрер әке-шеше әрдайым тіректерің. паналарың болатынын есте сақтаңдар.
Қыдыр дарып үйіңе,
Малтаға толсын қаптарың.
Сейфіңе сыймасын,
Әр маркасы ақшаның.
Денің сау боп әрқашан,
Жүзге қадам бастағын,
Тойға келген досыңның,
Тілектерін ақтағын.
Түтіндерің тік шығып,
Лаулап жансын оттарың,
Береке сақтап ұлдарың,
Жазылмасын топтарың.
Алла жар боп әрқашан,
Жаман жолды баспағын.
Тойға келген халайық,
Осы ойымды Қостағын.
Осы отырған бәрінің,
Аман болсын бастарың.
Алладан тілеп жақсылық,
Осы жерге келіп тоқтадым.
Әмин, Аллаһу Әкбар!
Ұл мен қызға айтарым,
Соңыына ерме сайтанның,
Дәмі бірдей болмайды,
Бидай менен арпаның.
Туыс пенен алыстың,
Арасын жақсы байқағын.
Сақтағайсың барлығың,
Берекесін ортаның.
Берекені бұзбауға,
Келіндерге айтарым,
Сыйлас болса абысын,
Татулықтың құлысың.
Күйеулерге айтарым,
Көңілін тап баршаның.
Барлығыңа ақыл ғып,
Сендерге бар айтарым,
Бірлікпенен шешіңдер,
Дүниенің тарлығын.
Сабырлықты сақтасаң,
Туады әлі - ақ жаз күнің,
Қиындық көрсең, біреуің,
Көмектескін барлығың.
Қолда барды әрқашан,
Үнемді етіп ұстағын.
Көрсе қызар болмағын,
Бірлесіп шеш ол жағын,
Алуан - алуан жүйрік бар,
Қамын ойла ордаңның.
Балаларың базарың,
Тыс қалмасын назарың,
Тәптіп пенен білімге,
Бұратын бұл қадамың.
Білімсіз боп қалмасын,
Біреуі де балаңның,
Қартайғанда солар ғой,
Арқа сүйер адамың.
Мырзаханның Ақылбайы
Семей қаласы Мұқыр ауылы
Ұлан, Гүлназ тойларың құтты болсын,
Тілектес достарыңмен орта толсын.
Шаңырағы биік боп ақ отаудың,
Босағасы мәңгілік биік болсын.
Жанұя - жаңа өмір, нұрлы көктем,
Көктемді - қос әулеттің бірлігі еткен.
Аяулы жас шаңырақ - жас отбасы,
Сендерді құттықтаймыз шын жүректен.
Бәріміз бір достастық қалыпта өстік,
Бәріміз қазақ дестік, халық дестік.
Мадияр, Ақеркежан құттықтаймыз,
Атынан бауырластық - әріптестік!
Үйлену тойына тілек Шаңырақ құрған жастардың, Қадамдары ақ болсын! Махаббаты пәк болсын! Тіл мен көзден сақ болсын! Жаманшылық жат болсын! Өсірген ұлың, түсірген келін жемісің Жайқалып өскен бақ болсын! Келер жылдар құт сыйлап, Келіннің мына атына , "Ана" деген ат қонсын! Немере сүйген ата-әжем, Қуанып бір шал болсын! Сол немерең есейіп, Президент болсын десейік Болмаса да шах болсын! Дұшпандары мат болсын! Сөздің келсем тоқтасына Той иесі отбасына Ағыла тасып бақ толсын!
Ақ Неке – Хақ Алланың шапағаты, Ақ Ниет – ақ адалдың Махаббаты. Ақ тойың ақ арманның күлкісіндей, Ақ жүрек аңқылдасын бір кісідей. Ақ Серігің қасыңнан табылғасын, Ақ Махаббат, ақ шаттық арылмасын! Ақ деген Сөз – тілегі бар Қазақтың, Ақ сақалдың тілегі қабыл болсын! Ақ сөзін ақ әжелер аямасын, Ақ келін ақ мейірге саяласын. Ақ пейіл адал Жарың ақ сезіммен, Ақ Жан деп, ақ төсекте аяласын! Ақ байлық қонсын әрбір мал басыңа, Ақ көрпе құтты болсын жамбасыңа! Ақ босаға – Ол сенің ақ Ырысың! Ақ тілектің айналсын Ордасына. Ақ Алла жамандықтан сақтандырсын, Ақ Иман байлығымен шаттандырсын! Ақ маңдай, ақ періште сәби үні, Ақ шаңырақ ішіне Бақ қондырсын!
Бауыржан Қарағызұлы
Тамада кітабынан
Бойдақтық қалды қынжылма,
Тағдырың теліп бір қызға.
Құрметпен қара, жан досым,
Қолыңа қонған жұлдызға.
Күн өтті шалқып желпінген,
Бұғауға түстің еркіңмен.
«Сүйемін!» дедің жарыңа,
Таймағын сол бір сертіңнен.
Азамат дейді сені жұрт,
Басыңнан кештің серілік,
Әке де әлі боласың,
Жарыңды сүйгін беріліп.
Ұлдарын болсын тұлымды,
Қыздарын болсын бұрымды.
Қосағыңмен қосыла айт,
Махаббат атты жырыңды.
Тамада кітабынан
Көтеріп қайным бүгін нардың жүгін,
өзінің тапқан екен жар-жұлдызын.
Гүл болып жайнай берсін әр көктемің,
Жеміске толы болсын әрбір күзің.
Шуағын,
Төге берсін,
Тәңір нұрын.
Жарыңа сен де сыйла жанның нұрын.
Үйіңе үбір-шүбір,
Ұл-қыз толып,
Басыңа бақ сыйласын қалыңдығың.







