RU KZ EN

Құттықтау тілектер - Аралас - Ғашығыма

FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.

1. Ғашығыма
▼

«Ғашық етер қос жанды сезім дейді, жүрегім алып-ұшып сені іздейді»;
«Махаббатың жебесі жүрегіме қадалды, өмірімнің бар мәні сол сезімнен нәр алды»;
«Жүрегімде жазулы тұр есімің, енді өзің айт, сүйген сәулем, шешімін»;
«Ғашықпын мен, шын ғашықпын өзіңе, сенші сәулем, жүрекжарды сөзіме».

Жұмаханова Жанаргүл қосқан екі сөз
Мені, бір сағатта 60 минут, ал бір минутта – 60 секунд бар деп үйретті. Бірақ сенсіз өткізген бір секунд – тұңғиық екенін ешкім үйретпепті.

Менің көздерім журегіме кызғаншақтықпен қарайды. Білесің бе, неге?! Өйткені, сен менің көздерімнен алыс болсаң да әрдайым менің жүрегімдесің!


2. Аруға
▼

Тамада кітабынан
Тек өзіңсің сырларым да ақылшым,
Өзге арудан жүрегіме жақынсың.
Бір сен үшін аттанамын бел буып,
Мейлі қандай қиын сапар шақырсын.

Саған төгем жүрегімнің жылуын,
Сенсіз маған өмір, шаттық-тұл ұғым.
Мен қай жаққа аттанбайын бәрі бір
Күтіп тұрар сенің табалдырығың.

3. Ғашығыма
▼

Тамада кітабынан
Бұйығы тартқан қалпым бар,
Болған соң саған шын ғашық.
Сен барда – жаным жарқылдар,
Жоқ болсаң – қалар мұң басып.

Сұрама оның себебің,
Сыры бар жұмбақ, астарлы.
Жарқырап тұрар әдемі,
Жұлдызы сенсің аспанның.

Ойларға батқан кезімде,
Үздігем қара көзіңе.
Бөлейтін іңкәр сезімге,
Бақыттың кілті өзінде!

4. Махаббат туралы үш өлең /қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан...
▼

ЖІГІТ БОЛЫП СҮЙГЕН БІР КЕЗ ӘКЕЛЕР, БОЙЖЕТКЕН БОП АНАЛАР ДА СЕРТ БЕРГЕН. Сезім-жыр Болса-дағы кей ұғымдар көнерген, Ізгілікті үлгі тұтып келем мен. Сондықтан ба адалдықтың бастауы, Махаббатты жырға қосқам өлеңмен. Алсақ тәлім алдық-дағы өткеннен, Өткенімнен бүгінгіге жеткем мен. Жігіт болып сүйген бір кез Әкелер, Бойжеткен боп Аналар да серт берген. Жүректерді жалғастырып ізгі леп, Қанша иыққа асылды екен қыз білек. Қанша жігіт бола алды екен Төлеген, Қаншама ару бола алды екен Қыз-Жібек. Қаншама жан естіместен жыр-үнді, Тағдырының соқпағына бұрылды. Қаншама адам махаббатқа қол сілтеп, Қанша тұрмыс сезімсіз-ақ құрылды. Жүректердің нұрына анық бөленген, Махаббатты қостым жырға өлеңмен. Сезім деген адалдық қой,ендеше, Адалдықты ғана жырлап келем мен. Махаббат-әзіл Көңілдердің көгіне, Көтерілсе асқақ ар. Махаббаттың бәрі де, Сыйластықтан басталар. Көкжиектен түріле, Сезім нұры төгіліп. Бірі,бірі,біріне, Қол жетпестей көрініп. Шектеп қойып құмарын, Тым әріге бармайын деп. Қол жетпестей сыңарын, Ренжітіп алмайын деп. Ашпай мінез түндігін, Бір-біріне бағынып. Сәл көрмесе бір-бірін, Соны ойлап сағынып. Керегі жоқ түктің де, Сүйем сені,сенші деп. Қайда жүрсің күттірме, Келші,келші,келші деп. Ұрысады бір күні, Серттен оңай тайдың деп, Жолықтырған бір сені, Қырсық шалған қай күн деп. Өкпелесіп қалып еді қос ғашық Бір-бірімен жан-дүниесі астасып, Шын сезіммен жүрген еді достасып. Көз тиді ме,тіл тиді ме білмедік, Өкпелесіп қалды бүгін қос ғашық. Айналды енді бір-біріне сенбеуге, Әркімде де бар ғой,шіркін,өр кеуде, Өкпелесіп қалғандығы соншалық, Дайын еді бір-бірін де көрмеуге. Қыз ойлады: "Енді саған сенбейм(ін) деп, Қоңырау шал,мейлі,жауап бермейм(ін) деп. Мінезіңді қалай білмей келгенмін? Оңбаған-ай,енді сені көрмейм(ін) деп. Ерегіссем тауып алам басқаны, Сен емессің бар жігіттің асқары". Осылайша қара көзден жас тамып, Бойжеткеннің жәбірленді жас жаны. Қиялменен басқа жан да табылды, Бірақ ашу сезімге кеп бағынды. Түн қойнында жалғыз жатқан қыз-жүрек, "Оңбағанын" ұзамай-ақ сағынды. Қалғандай ед жаңа ғана алданып, Сағынышын басуда енді зорға анық. Жігітінен күтіп жатты қоңырау, Ұялысын қайта-қайта қолға алып. Көз алдынан кетпей бейне,жүз таныс, "Қайда жүр?"-деп қылаң берді қызғаныш. Бірінші боп соғар еді қоңырау, Жібермей-ақ қойды-ау,шіркін,қыз-намыс. ...Жігіт отыр ауласында долданып, Ол да бүгін қалғандай ед алданып. Көптен бері тастап кеткен шылымын, Отыр енді қайта-қайта қолға алып. "Өткен күнді қалай ғана ұмытады? Таба қылад екеуін де жұрт әлі. Тауып алған,тауып алған ғой басқаны, Бүгінгісі тек әшейін сылтауы... Аяқталды енді солай біздің ән, Алдамшы екен,деуші едім-ау ізгі жан". Деген жігіт оқталады шылымға, Мұндай сәтте артық та емес жүз грамм. Бұл да біреуді тауып алады,тоқтасын, Ұмытады бәрін жүзді жұтқасын. Соғар еді өзі алғаш қоңырау, Қыз көтермей қойса қайтед тұтқасын? ...Айтылсын деп жүректегі сыр енді, Соқты ақыры,шыдамады бірі енді. Үкілеген сезімдердің үмітін, Бір қоңырау жалғастырып тұр енді. Көңілдерін өкпе мен наз шайқаған, Байланыстан тек қос жүрек айтады ән. Соққан қыз ба,жігіт пе әлде бәрібір, Тек ғашықтар табысса екен қайтадан! авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы

5. Махаббат мұңы \сайт оқырманы Аксана қосқан\...
▼

Көңілім саған деген суыды жаным, Сезімімді сен менің ойламадың. Кешіре алмадым оныңды, кешірмеймін, Бір айтарым мәңгі мені ұмыт деймін. Ақымақтық бопты саған сенгенім, "Жаным" деген сөздеріңе көнгенім. Үздің ғой сол бір нәзік үмітті, Енді қалай сезімге мен сенейін. Махаббатты бір үлкен сезім дейді, Түсінер оны үлкені, жасы мейлі Ол деген екі жастың қалауы ғой, Кедергілер тап болса да кідірмейді. Ал сен болсаң кедергіден қаша бардың Батырлықты, батылдықты танытпадың Бірақ саған еш жамандық тілемеймін Неге бәрін бір сәтте ұмыта салдың? Демек саған ұмыту оңай болды, Өсірген "Махаббат гүлі" ерте солды. Енді қайтіп көріспейміз ешқашан, Әттең-ай, неге бәри солай болды?! Қателік жіберді кім арамыздан, Жан едің сен мен үшін дара туған Қайтеміз, қалмады басқа амал да, Жүрегіміз түйіспеді бір арнада. Ең алғаш ұнатқаным сен едің, Сезімімді мәңгіге сен өртедің. Бірақ енді жүрегімді қинамаймын, Сені ұмытам, сағынбаймын, жыламаймын.

6. Жаныма үндеу /Мейрам Ахметов қосқан өлең/...
▼

Мейрам Ахметов қосқан өлең Мәні кетті. Сәні кетті. Өмірім босқа өтуде. Үндемейсің. Сөйлемейсің. Ал мен жүрмін күтуде. Жаздың соңы. Гүлдер солды. Жанбырлы күн толассыз. Жастар деген Жүр екеуден Ал мен жүрмін жолдассыз. Кешір мені Мен де енді Мазаңды сеннің алмаймын. Сөздер айттып Сені мұңайтып Әуреге сені салмаймын.

7. Оқырман Алиев Файсұлтан қосқан тілек
▼

Ғашықпын
Сүйемін сағынамын мен өзіңді
сүйген адам сағынады тек өзіңді,
мен емеспін,мен емеспін ғашық адам
Тек жаным ғой АЙДА деп сарылдаған.
Өмірде көп емес ау ғашық адам,
Қандай шара,не істеймін,не істей алам?!
Мен өзіңді сағындым,сағына алам.
Тек шын ғашық адам,
Шын жүректен бір адамды сағына алған!
Сағынамын,бара алмаймын жаныңа,
Ашынамын сорлы мынау басыма.
Сағындым,өзіңді сағындым,
Сағыныштан сағымыңа таңылдым
Көрген сайын көлеңкеңді
Жанымда бол деп жалындым

8. Бектемірова Салтанат қосқан тілектер, өлеңдер...
▼

Сағыныш
Сағындым сенің жанарыңды,
Тұңғиықтай мұңға батқан.
Сағындым сенің жан-әніңді,
Тыңдауменен арай атқан.

Сағындым сенің сөздеріңді,
Жаным, күнім, айым деген.
Сағындым сенің жылуыңды,
Көздерімнен нұр іздеген.

Сағындым сенің келбетіңді,
Үнсіз ғана жалбарынған.
Сендей адам жер бетінен
Іздеп табу қайда маған?

Сағындырмай келші жаным,
Кезейікші бақыт бағын.
Көз алдымды өртеп барад
Жүрегіңнен атқан жалын.

Жүрегімдегі көктем
Өксіп жүрек өртейді өз кеудесін,
Қайтсін енді тағдырынан безген соң.
Айтшы жаным, неге кеттік қиналып?
Бәлкім біздер жолықтық па кездейсоқ.

Жоқ, бақытым, олай емес, біз баста
Ғашықтар ек таң атқанша сырласқан.
Ессіз сүйдік еш нәрсеге мойымай,
Бізді аяп,жылайтұғын мұңды аспан.

Ал сен мені аяладың, аймаладың,
Сен қасымда жүрген соң қайғырмадым,
Пәк сезімді паналап, қамсынатын.
Сол күндерді білесің бе сағынамын.

Кешір жаным, жазылмайтын сырқаттымын,
Соны ойлап таппаймын бір сәт тыным.
Үмітсіз-ақ өмір сүрем тек сен болсаң,
Тек сен болсаң қасымда бақыттымын.

Жасырмаймын, киімімнің жамауы – сен,
Құмырасы көңілімнің – құмарым сен.
Өнеріңе таңым бар, қызығамын,
Қайта тусам сен болып жаралушы ем.

Жаралсам ғой, маған ғашық боларым хақ,
Қамалар ем сол жүрекке, орын сұрап.
Жаңа ғана өмір бастап, мен сүйген,
Неткен ғажап, бақыттысың! Арманың шақ!

Арманың шақ! Маған ғана жайған құшақ!
Бірақ байқа кетпесін қайғыңа ұқсап.
Таяқтың бір ұшына бақ ілінсе,
Екіншісі сол бақтағы дертің болмақ.

Не дегенмен бақыт, сірә, шектелмейді,
Оны мұңсыз ешкім де өткермейді.
Қайғы аралас шаттыққа мас жүректердің,
Жақұт іздеп жыр жазуын «көктем» дейді.

Қыз ойы
Түсінбедім өмірдің тылсым сырын,
Кімге барып, кімге айтам көңіл мұңын.
Жұлдыздардың тамашалап аппақ нұрын,
Айдындағы аққудайын жалғыз жүрмін,
Ай жүзінен жыр түзіліп, самал ессе,
Таңғы шықтай ақ тамшыдан моншақ терем,
Неге сонша егіліп жылай берем,
Бағым, сорым – қайсысын сағым дер ем.
Шын ғашықтар сағынудан шаршамайды,
Шын асықтар мәңгі бірге бола алмайды –
Мұның бәрі жүрегімді жаралайды,
Бірақ та мен сенсіз өмір сүре алмаймын.
Сенсіз жаным солған гүлмін тасты жарған, Сондықтан да сенің бағың – маған арман.
Бір сен үшін құлар едім биік жардан,
Бірақ бірге, өйткені өмір қалар жалған.

Сүйем сені
Сүйем сенің шығанақтай көзіңді,
Сүйем сенің нұрға біткен жүзіңді,
Сүйем сенің мінезіңді төзімді,
Төзіміңнен үзіп сабыр берсең ғой.

Сүйем сенің езуге мас ерніңді,
Сүйем сенің жүзден өткір тісіңді,
Сүйем сенің ынтықтырар иісіңді,
Сол иістіжелдей есіп жүрсем ғой.

Сүйем сенің шабытыңды бүрмелі,
Сүйем сенің тамағыңдағы меңді,
Сүйем сенің ерекше жүрегіңді,
Сол жүрекке тамырыңмен жетсем ғой.

Сүйем сенің жотадай кең кеудеңді,
Сүйем сенің діңгектей тік желкеңді,
Сүйем сенің шыңдай биік еңсеңді,
Сол еңсеңнен құлап жерге өлсем ғой.

Өзіңсің
Нұрымен арбайтын,
Тек менің күнімсің.
Қасымнан қалмайтын,
Көлеңкем өзіңсің.

Гүлімен жаулайтын,
Көктемгі әнімсің.
Көңілде қаулайтын
Махаббат бағымсың.

Жаныма нәр берген
Тек сенің азығың.
Жүректі өртенген
Өтемес жазығың.

Сен менің бақытым,
Сен менің жырымсың,
Мәңгілік жақұтым –
Сый толған сырымсың.

Арманым көктегі,
Жанымның көктемі –
Өзіңсің, өзіңсің
Сыңарым тек менің.

Бақытым
Сен кей кезде аспандайсың жерге төнген,
Кіршіксіз сыз кеудеме көмкерілген.
Сен кей кезде қатты тассың сыр бермейтін, Жылымайсың, жыласам да келіп көктен.

Сен кей кезде бұлақтайсың бастауы бар,
Сыңғырлаған нәзік үнді әнге құмар.
Сен кей кезде аққудайсың айдындағы,
Жүзіп баяу, жүргендейсің іздеп сыңар.

Өзің түгіл танымаймын кейде өзімді,
Сені көріп жүрек т ынып, тілім сынды.
Сүйем сені, мейлі тас бол, тасжүрек бол, Сендей бақыт көрмеппін бұрын-соңды.

Сағыну
Күнім-ау, жарығысың жүрегімнің,
Күңіренсем жаныңмен жылай білдің.
Күн сайын Жаратқанға жалбарынам,
Шешілсе деп сұрақтары бұл өмірдің.
Сен жайлы түс көрем де, жылап тұрам,
Бар қайғым – жүрегіңде жырақтаған.
Саз-сағыныш өзегімді құрыптады-ау,
Қайтсем екен күдігіміді шырақтанған.
Сенен мәңгі көз жазып қалғанымда,
Сөнер еді бәрі де, арманым да.
Мен қорқамын аз ғана алшақ кетсең,
Бөтен жанның түсем бе деп қармағына.
Өз түсіме өзім жалғап үмітімді,
Сені ойлаумен өткізем күн-түнімді.
Бүгін тағы армандадым атар таңды,
Бір сәтке ысырып бар күдігімді.

Арманым
Арманым –
Адам болсам ар сүйетін,
Алла деп бастайтұғын әр ниетін.

Арманым –
Әйел болсам – «Ана» кейпім,
Шаттық құрып, ботақанын әлдилейтін.

Арманым –
Адал болсам ақ сөйлейтін,
Қызметі үшін еңбектеніп, ерінбейтін.

Иншалла,
Үш арманым орындалса,
Тағдырыма ризамын «өмір» дейтін!

Айнасыз әлем, жұмыр Жер
Айналмас Күнді бекерге,
Аймалап Ай да серігін,
Аялдап қалмас бір дем де.
Аспандағы жұлдыздар
Атар ма күндіз кеудемде?
Аллаға мадақ! Сауал бар:
Арманым аңыз, жетем бе?
Аялап өтем ән-жырды,
Айырбас етпен бөтенге,
Сүйем деп соққан өзіңді
Жүрекке әмір етем бе?

9. Ғашығыма Оқырман қосқан тілек
▼

Сенін нүрлы бейнеңде көргенімде, әсем сөздер келе берді-ау тіліме, Сендей жанынның сүйгені болсам егер, Одан асқан бақыт жоқ енді МЕНДЕ

10. махаббатым сен едің
▼

сүйемін сені неге екенін білмеймін неге жаным сені іздейді күні-түн болсам деймін мәңгі сенің қасында бірақ қазір арманымсың тек қана....

Махаббат өтірікті қаламайды,
Көз салып ешбіржанға қарамайды.
Егер де уәдесінен тайып кетсе,
Жүректі атқан оқтай жаралайды.
Не қиын, сүйгеніңді көрмеу қиын!
Жүректің қызғанышын бүркеу қиын!
Таңдаған топ ішінде сүйгеніңді,
Басқаның құшағынан көру қиын!

Жүрегім нұр сыйлаған ғайыптан,
Сен екенсің, алдан атар жарық таң!
Сені ойлаймын шабыттанған шағымда,
Сені ойлаймын кездерімде жабыққан.

Метки к статье: жаным

11. Ғашығыма
▼

Арайлаған таң атып, Нұрын шашты ғарыштан. Сағат оннан бес кетті, Қайырлы күн Данышпан! Қосқан Бектемірова Салтанат

12. Наз
▼

Қуанышбай Құрманғали
Сағындым сені, сағындым,
Көркіңе сенің табындым.
Ғашық та қылған өзіңе,
Сезімге сұлу табындым.

Айналдым сенен, айналдым,
Қазықтай саған байландым.
Сендікпін деген сөзіңнен,
Жабырқай көңілім жайландың.

Бақытым болған бақ-құсым,
Періште сынды пәктісің?!
Сүйгенде тілің бал-шекер,
Не деген, жаным тәттісің.


Сен менің жалғыз жанымсың,
Сен жоқта мүшкіл халім шын.
Мұң басып түндей түнерсем,
Ағарып атар таңымсың.

Басыма қонған бағымсың,
Көңілімнің алтын тағысың.
Қасымда дәйім жүрсең де,
Армандай алыс сағымсың.

Айналдым қоңыр көзіңнен,
Айырған мені төзімнен.
Жарылсын жүрек шаттанып,
Сүйемін деген сөзіңнен.

Сондайсың, сәулем, сондайсың,
Жағасы бұлғың тондайсың.
Жаралып жанды жылатпай,
Басыма бақ боп қонғайсың.

Тағастыз күтіп-тосамын,
Жырыма сені қосамын.
Сөзіңді берсей, болайын,
Тәңірі қосқан қосағың!

Тезірек, жаным, жетсеңші,
Сағындым.... өлдім...тек сенші.
Толқыған жүрек тыншысын,
Сенімнің гүлін ексеңші.


Билік, байлық, бұзар, бұзар пендені,
Ар-ұяты, ақыл-есі кендені.
Айықпайтын душар болдық дертке бір,
Табылмас-ау оның әттең енді емі.

Басы айналып қолдың кірі байлықтан,
Көріп қорлық, көңіл шіркін, шайлықтан!
Өкінішпен өтер өмір бекерге,
Билік, байлық болмас жолдас мәңгілік.

13. Тілек
▼

Жүрмейді тек жүрекке әмір бөтен,
Шын сезім-қол жетпейтін тәңірге тең.
Өксікпе өте шығар сүрген өмір,
Егер де махаббатты жәбірлесең.


14. Сұлу қызға
▼

Тамада кітабынан
Тосылам айтуға тіл жетпей,
Тұр сезім ақылға билетпей.
Тұңғиық ойларға батырдың,
Ұлылар қалдырған суреттей.

Сұлулық алдында бас ұрдым,
Келмейді сырымды жасырғым.
Мендегі оятар шабытты,
Муза ғой әр талы шашыңның.

Сезімге мендегі тіл бітті,
Түлеттің, гүл еттің тірлікті.
Көздерім - елшісі жүректің,
Жасыра алмайтын шындықты.

15. Махаббат
▼

Тамада кітабынан
Жастықтың шамы – махаббат,
Бақыттың дәмі – махаббат.
Сүюдің ұрса киесі,
Жанарлар өтер боталап.

Махаббат – мәңгі таусылмас,
Мүскінге мойын ол бұрмас.
Жүрекпен адал сүйгендер
Сезімнің гүлін солдырмас.

Махаббат – асыл гауһар тас,
Махаббат жыры таусылмас.
Жалын боп жанған ғашықтар
Бір-бірін жолда қалдырмас.

Жүректің нәрі – махаббат,
Сыйластық мәні – махаббат.
Тірлікке тірек болатын,
Өмірдің мәні – махаббат!

16. Мен сенсіз
▼

Мен сенсіз
Мен сенсіз өмірімді елестете алмаймын мүлде, мүлде.
Екеуімізде таң мен түс, түнде бірге.
Жүрек сырын шертуден басқа адаммен,
Өңім түгіл, ойлауға жасқанам мен.
Мен мынау дүниенің келең кезі, асуларын,
Асулардан қиналсаң қасыңдамын.
Жүрегінен жаралайды ғашық жаным,
Махаббаттың әуелі жасыл бағын.

17. Мен сені сағынғанда
▼

Мен сені сағынғанда
Мен сені сағынғанда,
Қарамай жауындарға, дауылдарға.
Қарсы қарап жүземін ағындарға,
Кеудемде қимылдаған жаным барда.
Мен сені сағынғанда,
Бір минутта қақым жоқ дамылдарға.
Сағыныштың сағымын жамылғанда,
Қарамай қара нөсер қағынғанға,
Саған ұшам, қалмайды сабыр жанда,
Мен сені сағынғанда, сағынғанда.

18. Тірілдім Мағжан Жұмабаев
▼

Тірілдім

Сансыз күндер ой астына көмілдім,
Қор болып ем көңілін таппай көңілдің.
Жаспен жасып, оймен азып-тозып ем,
Өліп едім, бүгін тағы тірілдім.

Жаным өлік еді, жанға жан кірді,
Тамыр кеуіп еді, ыстық қан жүгірді.
Жиегінде қорғасындай көгімнің
Бүгін ғана бақыт таңы білінді.

Бүгін маған жұмаққа өмір жол болды,
Бүгін менің құшағымда Ол болды.
Оны құштым, шарап іштім, шат едім,
Бүгін менің құшағымда Гүл болды.

Бүгін менің құшағымда кім болды?
Бүгін менің құшағымда Гүл болды.
Бүгінгі түн маған алтын Күн еді,
Бүгін менің құшағымда Күн болды.

Өзім ғана білем қандай жан құштым,
Жер құшпадым, шаң құшпадым, таң құштым.
Жанды жуып, жүрегімді жаңалап,
Бүгінгі күн тән құшпадым, жан құштым.

Бүгінгі түн тән құшпадым, жан құштым,
Жанды құштым, таңды құштым, көкке ұштым.
«Сүйем!» - дейді бота көзі мөлдіреп,
Жасын төкті, жасын іштім, бал іштім.

19. Сүйгенім анық Мағжан Жұмабаев
▼

Сүйгенім анық

Көрдім де келдім,
Қолымды бердім:
«Сүйем сені, сұлу қыз,
Жүрегім жанып,
Сүюім анық,
Куә болсын көп жұлдыз!» -

Дедім де, тілден,
Құшақтап белден,
Қысып сүйе бастадым.
Жақындай бердің,
Қойныма кірдің,
«Кет!» - демедің, қашпадың.

«Сүйем!» боп сөзің,
Мөлдіреп көзің,
Тақадың сен бетке бет:
Айрылдың естен,
Күндізгі күштен,
Тиіп ыстық етке ет....

Ұшуға іңкәр
Тұра ма тұлпар,
Бір жерде ылғи шаң жұтып?!
Жел едім ұштым,
Талайды құштым,
Кетіппін сені ұмытып.

Бүгін сен көріп,
Қолыңды беріп,
Қайғыменен қарайсың:
«Сендім мен жазған,
Сүйгенің жалған,
Алдадың!» ж деп жылайсың.
Алдағаным жоқ,
Арбағаным жоқ,
Сен сөзіме сұлу қыз!
Тап сол сағат
Сүйгенім хақ,
Куә мынау көп жұлдыз!

20. Мұқағали Мақатаев Ғашықпын
▼

Ғашықпын М. Мақатаев
Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға,
Мен болмасам болмайын, сол аман ба?
О, тәңірім неткен жан қайрылмайтын,
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?

Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.

21. Ұлықбек Есдәулет Бүкіләлемдік тартылыс заңы...
▼
22. Жаңалық Бөлекбаев жіберген өлеңдер
▼
23. махаббат үшін
▼
24. Арудың сарбазға хаты /Өтінішпен жазылған Ғабиден Қожахмет...
▼
25. Көрші қыз. Erkosh Slamgaliev
▼
26. Махаббат күніне арналған өлеңдер
▼

Автор, редактор:
Юрист-консультант по семейному праву