RU KZ EN

Құттықтау тілектер - Туыстарға - Іні-қарындастарға

FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.

1. Ініге тілек Тамада кітабынан
▼

Үмітке сенім жалғасып,
Тіршілік үшін талпынып.
Келесің інім, алға асып,
Арманды қуып шарқ ұрып.

Жолыңнан жүрген жаңылма,
Кедергі болса кесіп өт.
Жаңғырып тұрсын жадында,
Ағалар айтқан өсиет!

2. Қыз балаға тілек
▼


Қыз балаға құттықтау тілек

Ерке қызым алтыным –
Көркі қазақ халқының!
Сен туғанда - қуанып,
Сен жүргенде балқыдым!

Білім болды қанатың,
Өсті ойың-санатың,
Құтты болсын жеңісің,
Жалындай бол жанатын.

Күн нұрындай жарық бол,
Бабалардай алып бол!
Ақ бұлақтай мөлдіре,
Жаңалыққа салып жол!


Күнім, гүлім, айымсың,
Көктемдегі қайыңсың.
Тәй-тәй басып үлгермей,
Папа деуге дайынсың.

Алтын қызым – батырым,
Биік болсын шатырың.
Асыл қызым – Нұргүлім,
Айналайын, ақ гүлім!


3. Күләш Ахметова Ініме
▼

Күләш Ахметова Ініме
Мен көрмесем деп ем,
Төккенін көзіңнің мол мұң,
Шыққанын сөзіңнің солғын,
Менің өмірім бір кітап десем,
Үлкен ғой онда өзіңнің орның.
Бар күйі шертілген жоқ
Жастықтың сазының да әлі,
Жайлауым жазы құмындағы,
Сен бір қызық тараусың, інім!
Өмірімнің мазмұнындағы.
Мен саған саясын тіледім
Шаңқайда шынар талдың да,
Өкпелетсең де, кінә арта алдым ба?
Үмітімді ақтадың ба сен?
Жылағанда қуанта алдың ба?
Жаман болсаң мені де құлатасың,
Жақсы болсаң аспанға шығарасың да,
Өмірде әлі талай сыналасың да.
Менің кітабымның жақсы болуы
Саған байланысты, ұға аласың ба.
Өрмекшінің ізіндей ойнар
Санамды сызып торлайды,
Бір сазды үзіп толғайды,
Сен бақытты болмасаң, інім,
Менің өмір кітабым қызық болмайды.

4. Інімнің туған күніне
▼

Құрметті ағайын! Міне, желіп отырып, 60 деген белеске де келіп қалыппыз. Мен өзім пайғамбар жасы 63-ке келсем, артымнан ерген өкшелес інім бұл да 60-қа шығып отыр. Өткен өмір көз алдыңа кино болып елестейді екен. Ауылда бозбала болып қатар өстік, оқыдық, отау құрдық, өстік-өндік, талай елмен дәмдес болып, қызмет еттік. Әркім өзінің пешенесіне жазылғанды көріп келеді, Аллаға шүкір, жаман емеспіз деп ойлаймын. Осы аралықта дүние емес, дос жинауға, ағайынмен аралас болуға ұмтылдық. Міне, інім жиған байлығын көрсетіп отыр. Ол байлығы: ұйыған отбасы – келін, балалар, өсіп-өнген ұрпақ, осы тойға жиналған қауым, ағайын, дос-жаран. Солардың ортасындағы абырой. Байлық деген осы. Бақыт деген осы. Бір күн дәмдеске қырық күн сәлем деген. Тойға алыстан – Атыраудан, Астанадан және басқа да жерлерден ағайын-туыстар, құда-жекжаттар, дос-жарандар, қызметтес жолдас-жоралар қатысып отыр.
Үлкендердің батасын алған, Құдайдың рахметіне жолығар деген ұлағатты сөз бар. Сіздердің тілектеріңіз ініме, оның ұрпағына жұғысты болсын.
Қуанғаның рас болса, шақырған тойына бар деген осы. Жер қашық демей, қыстың көзі қырау демей жиналып отырмыз.
Ініме, бала-шағасына, баршаңызға дүниенің бар жақсылығын тілейміз. Еңбек жемісін, бала-шағаларыңыздың рахатын көріңіздер. Көргеніміз той болсын. Басымыз тойда қосылып жүрсін. Рахмет.

5. Қарындастарыма Бауыржан Жақып
▼

Бауыржан Жақып
Қарындастарыма
Менің бес тамырласым бар.
Өмір-өзендегі бес ағындасым бар.
Бес байлығым, ырысым, бес өрісім,
Менің бес қарындасым бар.

Беу, менің қанаттастарым!
Шын қуандыңдар жазылса абат дастаным.
Сендерменен тереңдеп тұңғиық өмір.
Сендерменен биіктеп баратты аспаным.

Өмір бесеуіңді көш жолға салды,
Бір-біріне ұқсамайтын бес жолға салды.
Ең қастерлі бойтұмар етіп, көз көрген күнді,
Барасыңдар ұзатып өз керуендеріңді.

Сендер бір көзден шыққа бұлақсыңдар,
Бір оттан тұтанып жанған шырақсыңдар.
Маған тірексіңдер, жаныма қуатсыңдар,
Мейірім, ізгілік төгетін шуақсыңдар!

Біріңнің бойында әкемнің өсиеті бар,
Біріңнің бойында анамның қасиеті бар.
Құс жолында жолыққан жұлдызды түндерімсіңдер,
Мені бақытқа бөлеген күндерімсіңдер.
Аялаймын сендерді қайда жүрсем де,
Бесеуің бес тал әдемі гүлдерімсіңдер.

Ойға батқанда сендерді сағынды аспаным,
Сау жүріңдерші, қайда да қарындастарым!

6. "Қыз - әуен", "Келін түсті" /Ғабиден Қожахмет...
▼

Қыз-әуен Әсемдіктің бағында жаралғандар, Нәзік-болмыс,гүл-үміт,ақ армандар. Жігіттердің бақытын жырлай жүріп, Өз бақытын сол әннен таба алғандар. Сұлу да біз,ару да біз дегендер, Арманынан мақсатын іздегендер. Ілінсе де кірпікке мұң тамшысы, Сезімінен үмітін үзбегендер. Әдемiлік ауылын қалағандар, Сұлулықты дегендей бағалаңдар. Арман жолда алдымен махаббатты Бәрінен де биік деп санағандар. Өмір кейде есейтіп балғын гүлін, Мұңнын жүгін аруға қалдырды мың. Соқпағы да жіңішке мына әлемге Көтеруге келгендей ардың жүгін. Болса-дағы жүректе тамшы басым, Қайратыңның рухын қамшыларсың. Сазға ғашық жүрекке гүл егіңдер, Сендер жайлы айтылар ән шығарсын. Қадірлесін әр кезде біріңді мың, Кешегімен жалғасып бүгінгі ұғым. Бұл өмірге еркелеп жүрсең-дағы, Ойлайсың ба бақыттың шымылдығын. Бар тілегі жататын талғамында, Арман болып сезімі жанған ұлға. Қос әуенді қашанда үйлестіру- Мына өмірде сендердің қолдарыңда. Үміт,сенім жанынан табылады, Қандай баққа белгісіз жолығары. Жалғыз салған әндері мұңлылау, Қос дауыста шырқалсын өмір әні. Келін түсті Шаттық болса-көңілдер тұрар көкте, Ойлама ұлға жарды тек сыңар деп те. Дос-жаранды сүйінтіп,міне,ағайын, Келін түсті тағы да бір әулетке. Жақсы күнді тағы сап ел есіне, Ару мінді бақыттың кемесіне. Келін болған кеше оның анасы да, Келін болып түсіп еді енесі де. Бақ күнімен осылай ұғысқаны, Ақ сезіммен пәк көңіл тыныстады. Енді оған жарының жақындары Боп келеді етене туыс-бәрі. Тек осымен өмір от жағыларын, Біледі ару содан бақ табыларын. Қадірлейді сондықтан босағасын, Қастерлейді өзі енген шаңырағын. Бағалайды үлкеннің бата-нұрын, Өзі де елдің сүйіп еді баталы ұлын. Әлем қанша кең болсын,қадір тұтар Қасиетін кішкене өз Отанының. Ақ отаудың сол еді көркі,міне, Түндігі де ашылсын кең түріле. Келін түсті тағы да бір әулетке, Балалығын қалдырып төркініне. Тілектестік білініп жанарынан, Келін түсті деп елдің бәрі ағылған. Елдік мүдде,тағы да ұлт мүддесі Осы арудың басталар қадамынан. Қарсы алады дос-жақын,жұртты күліп, Демесін де өзге елден жұқты қылық. Келін түсті елдіктің нышанындай, Қойсын тәңір қадамын құтты қылып! Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы


Автор, редактор:
Юрист-консультант по семейному праву