FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.
Асыл Әке, ардағы ұл-қызының,
Бәрін болжап жүретін алдағының.
Қамқорымыз Сіз келіп 60 жасқа,
Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін.
Анамыз Айшаменен қанаттасып,
Жүріңіз әр күн сайын алға басып.
Сіздерді мақтан етіп біз тұралық,
Мөлдір бұлақ суындай асып-тасып.
Жан Әке, құтты болсын 60 жасың,
Біз үшін ардақты ғой алтын басың.
Немереден көріңіз шөберені,
Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!
Қалды артта
Жетпіс асу, қия шыңдар,
Сырбазсың, мінезіңде ұнасың бар.
Шұғыла шуақ төктің, айналаңа,
Жас жігіттей әлі де қуатың бар.
Жария боп жақсы атың алты Алашқа,
Келесіз үлгі болып барша жасқа.
Жүрегі аузын ашса көрінетін,
Базары жайсаңдардың тарқамас та.
Толқын аңқылдадың ақтарылып,
Жатыр ғой ақ пейілге жат табынып.
Ақ туын адалдықтың желбіреттің,
Жүрсең де астамсу жоқ атқа мініп.
Танытып еңбегіңмен сан қырынды,
Жақсыға шашу еттің жан нұрыңды.
Бөленіп құрметіне қалың жұрттың,
Арнадың еліңе сен тағдырыңды.
Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың.
... өңірінің қадірлі ақсақалы, еңбек ардагері, аяулы әкеміз .... 80 жасқа толуымен құттықтаймыз!
Асу-асу бел десем, айтқан сөзім жетер ме?!
Айдын-шалқар көл десем, айтқан сөзім жетер ме?! Аспанды алты айналсам, Жерді жеті айналсам,
Теңеу таба алам ба, теңдесі жоқ әкеме!
Жалғыз едің, ұрпағың орман болды, жан әке!
Бақ ұялап іргеңе, арман қонды, жан әке!
Еркелеттің, тербеттің, қиындықсыз ер жеттік,
Өнеге ғып бір өзің салған жолды, жан әке!
Ұшырғанда демеген асқар тауым, жан әке!
Қысылғанда жебеген басты арқауым, жан әке!
Кемелдік пен тереңдік, даналықтың мезгілі –
Сексен атты сеңгірден асқан шағың, жан әке!
Жоқтатпадың ешқашан анамызды, жан әке!
Сендей әке жалғанда табамыз ба, жан әке!
Баршамызға ақылшы, Әке, Ата боп әрдайым
Аман-есен жүре бер арамызда, жан әке!
Аса құрметті әкеміз! Сіздің жетпістің асуына еселі еңбегіңізбен, қажырлы қайратыңызбен, ел-жұртқа сыйлы абырой-беделіңізбен ат басын тіреген шағыңыз алтын тоймен тұспа-тұс келуде. Қос мерекеңізбен шын жүректен құттықтап, мына өлең жолдарын өзіңе тарту етемін: Жетпісің жетіпті, әке, желкен керіп, Тірлігің күннен күнге көркемделіп. Бұл күнде бір әулеттің айбынысыз, Тұрасыз парасатқа өлшем болып. Сіз өскен .... – көркі жердің, Сындарлы саңлағысыз еркін елдің. ... ұл-қыз бүгінде азамат боп, Оқытып, әрқайсына енші бердің. Көкірегіңе мейірім толып нұрлы, Жаныңызды жақсылық қоныс қылды. Кеңпейіл, ашық жарқын мінезіңіз, Кейінгі жас өренге болыпты үлгі. Жүгін арттың иыққа жыл көшінің, Мақтан боп ел аузында жүрді есімің. Анамыз айнымайтын серігің боп. Отауың орда болды іргесі күн. Ассаң да тіршіліктің сан асуын, Таусылмас арманы адам баласының. Бүгінгі алтын тойың тұр айғақтап, Жүрек пен жүректердің жарасымын. Жүресің қалжыңмен елдің басып мысын, Ұрпаққа кеудеңдегі жақұтты ұсын! Аман-сау жүзге жеткін, асыл әке, Басыңнан арылмасын бақыт құсың!
Ата-ананың аялы алақаны мен жүрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан да аяулы аналарымыз бен ардақты әкелеріміз аман болсын.
Жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп ұзақ жасай беріңіз.
Осы жасқа келгенше жұрт тамсанарлық істеріңіз көп-ақ. Алдағы уақытта осы істеріңіздің жемісін көріңіз.
Біз сізбен мақтанамыз, марқаямыз!
Ең тамаша сөз бұл өмірде «Әке» деген,
Суыққа бір шалдырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен майдан ортасына.
Алаңсыз сауық-сайран, шалқып жүрміз,
Біз бүгін әкелердің арқасында.
Әкешім, жүреміз біз бір өзіңді арқаланып,
Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық.
Жүзге жет жүзің жарқын, денің сау боп,
Оны да аман-есен қарсы алалық.
Айналайын жан әке, жасыл бағым! Құттықтап келді бүгін боталарың. Әрқашан анамызбен аман болып Тең көріңдер бала-шаға қуаныштарын! Айналайын жан әке, жасыл бағым! Арқа сүйеп еркелейтін асқар тауым!
Ерекше қайталанбас даралығың
Өміріме жол сілтейді даналығың! Айналайын жан әке, жасыл бағым! Тілеймін өзіңізге Жамбыл жасын. Бақ-даулет, береке, ырыс болып Сиынған ата бабам әруағы қолдасын!
Әкеме Фариза Оңғарсынова
Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді,
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір-біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да адамдар, тапса-дағы,
Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа бала.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.
Асқар тау тірегім – Асыл әке...
Сіз – теңіздің бастауы бұлақсыз,
Біз – көлдің сәні құрақпыз.
Сіз – сөздің басы сұрақсыз,
Біз - өміріңіздің байлауы, соңыңыздағы тұрақпыз.
Сіз – таудың шыңысыз, Папа!
Біз – сіз еккен баудың гүліміз.
Кілеміңіздің өрнегі сынды ұл-қыздарыңыз,
Папа!
«Әке – балаға сыншы» деген,
Өзіңізге мәлім қылығымыз бен тіліміз!
Үйіміздің шуақты нұры аяулы анамыз болса,
Бәріміздің шырқап айтар ән-жырымыз – асқар тау – Папа, сізсіз! Ақылшы тірегіміз де Өзіңізсіз!
Бүгінгі ұлы жиыныңызбен сізді шын жүрегімізбен құттықтап, ұл-қыздарыңыз, немере-шөберелеріңіз ұзақ ғұмыр тілейді.
Адамгершілігімен, азаматтық іс-әрекетімен айналасына қадірлі болған, кісілік пен кішілік нұры тұла бойынан төгіліп тұрған сіздей ардақты әкемізді әрдайым мақтаныш етеміз!
Өмір жолында адаспау үшін білімді болуға, еңбексүйгіштікке үйреткен, жамандықтан сақтандырып, пана болған өзіңіз! «Балам, «көргенсіздің баласы» деген жаман атаққа қалма. Адал жүріп, тұр! Қолыңнан келсе жақсы іс жасап, алғыс ал» деген өсиетті құлағыма құйып тәрбиелеген де өзіңіз! Сіздің осындай тәрбиеңіздің шарапатын көп жерде көрдім, өмірден өз орнымды адаспай табуыма көп көмегі тиді. Сол үшін сізге мәңгі қарыздармын.
Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де,
Ұғындық Сізге қарап елдікті де.
Жүреміз жалғызсырап дәстүріңді,
Дарытып дархандықты, кеңдікті де.
Жан әке, бүгін той ғой ән салатын,
Шаттыққа толы болсын әр сағатың.
Атыңды асқақ біз ұстаймыз,
Болашақ мерейтойлар салтанатын.
Той бүгін, шалқар шаттық төріндегі,
Күн бүгін, нұрын төккен көгіндегі.
Жан әке, Сіз ғой биік асқарымыз,
Сіз барда шайдай ашық аспанымыз.
Жұп жазбай анамызбен ғұмыр бойы
Бақ таймай, ұзақ болғай жастарыңыз.
Жетпіске толған шақта жан әкеміз,
Жан сырды ақтарайық көңілдегі.
Біздерді сәби кезден қаз бастаған,
Сол кезде жастықтағы қалмас тұрған.
Әкенің жолын қуып ұрпағың да,
Ұстаздық ұлы жолды жалғастырған.
Білеміз өміріңде сан із барын,
Бес балаң маздап жанған жұлдыздарың.
Өзіңді мақтан етер, ұлағатты,
Беделді, сыйласын деп ұл-қыздарың.
Тәрбиең өзің берген мол мұрадай,
Сан күйді шертіп тұрған домбырадай.
Ағайын, дос-жаранға сыйлылығын,
Көргенде өзге жұрт та таңғалады-ай.
Өмірде күндер кешіп жарасымды,
Жинадың зерделі ой мен бар асылды.
Әлі де ұзақ жасап ортамызда –
Тойлайық бірге өзіңмен бір ғасырды.
Ақ айдынға салып бақыт кемесін, Жарқын жүзбен қуанышпен келесің, Құтты болсын сексен жасың, әкетай, Өзіңізді бір құдайым демесін. Бәйтерексіз жапырағы жайқалған, Барша жұртқа жақсылығы байқалған. Есен болсын ұрпағыңыз көрінген. Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен, Бақ орнасын әрдайым басыңызға. Жас қосылсын, әкетай, жасыңызға,
Немерелер қуаныш сыйлап талай Амандықпен жетіңіз жүзге қарай! 80 жас туған күнің құтты болсын, Өміріңіз шаттық пен нұрға толсың. Қызықты күндеріңіз арайланып, Көкірегіңіз күмбірлеген күйге толсын Әкетай, нұрға толсын жүзіңіз, Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз. Тіршіліктің қызығына бөленіп, Аман-есен ортамызда жүріңіз! Мерекеңіз ұзағынан бола берсің, Үй-іші немере мен шөбереге тола берсін! Әкетай, мейірің көп таңдандырған, Біз үшін қиындықтан шаршамаған. Жылуын жүрегіңнің аямадың, Өзіңе борышы көп балалардың. Тастаңыз қиындықтың сызып бәрін, Ер жеттік біз кешегі бұзықтарың. Аталап жан-жағыңда жүре берсін, Бал тәтті немерелер қызықтарың.
Балаларын қатарынан қалдырмай, қаз тұрғызған қамқор әке!
60-ты қазақта тал түс демей ме? Ендеше, бұл ер азаматтың ардақ пен мадаққа ең лайық шағы. Сол шағыңызда Тәңірдің шапағаты төгіліп, ғұмырыңыз салтанатты болғай.
Әкенің 70 жасына
Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
70 жастың құтты болсын белесі.
Балаларың басыңдағы бағыңыз,
Жүзге дейін нұрлы шырақ жағыңыз.
Өзіңізді мәпелеген, баптаған,
Аман болсын анамыздай жарыңыз.
Осы өңірде кең керілген керегең,
Еңбегіңмен еселенген берекең.
Атасының амандығын тілейді,
Ерке, тентек, ақ пейілді немерең.
Ардақтайды ақсақал деп халқың да,
Біз секілді ұрпағың да артыңда.
Сексенге де, тоқсанға да жетіңіз,
Дәл осындай мейірімді қалпыңда.
Тарылмасын, жан әке, тынысыңыз,
Таси берсін әманда ырысыңыз.
Немереңнің келіні сәлем етіп,
Шөбереңнің қолынан су ішіңіз.
Асқар таудай әкем – бақытымсың, бағымсың,
Өмірдегі, төрімдегі тағымсың!
Құтты болсын ......... жасың, жан әке,
Сағынышым, қуанышым, асқар шың.
Тілейміз біз таусылмайтын төзімді,
Тілейміз біз сарқылмайтын сезімді.
Денсаулығың мықты болсын, жан әке,
Құттықтайды ұл-қыздарың өзіңді.
Өмір-өзен жақсылығын жалғасын,
Тіршілікте сәттіліктер қолдасын,
Жанұямен мақтанамыз қашанда,
Арамызда Сіздей әке болғасын.
Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,
Өзіңді балаларың арқаласын.
Жасыңа дәл осындай жас қосылып,
Көңілің дариядай жарқырасын.
Әкеге тілек (сайт қолданушысының өтінішіне байланысты жазылған тілек-өлең) Ұл-қызының сезінумен арманын, Ойлайтұғын әке-асқар тау жан-жағын. Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз Әкеміздің 63-ке толғанын. Әрбір белес,әрбір асу,ол-бір із, Қашанда да жақсылыққа сендіңіз. Өмір-жолда бізге өнеге,үлгі боп, Міне,Сіз де 63-ке келдіңіз. Жүрді ме өмір перзенттерге алаң ғып, Бір біз үшін әр кезде,Әке,бағаң нық. Сан жолдарды көрсетті ме сізге ыстық- Темір тұлпар тізгіндеткен мамандық. Ақтара алсақ ақ тілектің сандығын, Шаттық ойнап атсыншы аппақ таң бүгін. Құтты болсын,Әке,туған күніңіз, Тілейміз біз жан мен тәннің саулығын! Өткен шақтан қалды сізге бүгін із, Сәтті күндер болсын әрбір күніңіз. Балалардың қызықтарын қызықтап, Ортамызда аман-есен жүріңіз! Ұға алғанбыз әке-асқар тау еңбегін, Болмасыншы отбасында,елде мұң. Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз Әкеміздің 63-ке келгенін. Биік,Әке,сіздің бізге бағаңыз, Әр белестен,әр асудан қалады із. Құттықтайды бүгін Сізді ұлыңыз, Қос қызыңыз және күйеу балаңыз. авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ Әкенің 63 жасына тойына арналған тілек
Туған күн иесі перзентінің тілегі: Қымбатты Әке! Сіз қазір 80 жастық өмір асуының биігіне көтеріліп,біз үшін бұрынғыдан да асқақтай,бұрынғыдан да мәртебелі бола түскендей көріндіңіз.Сіз осынау жүріп өткен ұлағатты жолыңызда перзенттеріңіз бен жақындарыңыз үшін әрдайым да тәрбие мектебі бола алдыңыз.Біз сіздің өнегелі істеріңізден жарқын сәуле,әкелік жүрегіңізден жылы мейірім сезініп ер жеттік.Тәлімі көп істеріңізден үлгі ала отырып,Сіздің асқар таудай болмысыңызға еліктеп өстік. Сізді перзенттік жүрекпен жақсы көрдік.Енді міне 80 жасқа толып отырған сәтіңізде де осынау Әке-көңілден дарыған мейірім мен тәлім-тәрбиені еске түсіріп,біздің өзіміз де өз-өзімізге қайта бір есеп бергендей күй кештік.Ата-ана алдындағы парызымыз бен қарызымыз ұшан-теңіз екенін сезінгендей болдық.Ата мен ананың еңбегі үшін олардың өз перзенттері қандай құрмет көрсетсе де артық емес. Әке! 80 жас мерейтойыңыз құтты болсын! Әр уақытта қажымай-талмай өз ортаңыздың қадірменді ақсақалы,өз перзенттеріңіздің айбынды ақылшысы болып жүре беріңіз! Біз сізді мақтан тұтамыз,Әке! Ізгі тілекпен: ұлыңыз(қызыңыз)- Ұжым иесінің сөзі: Құрметті__,__,__,__ Сіз бүгінгі күнде артыңызға мәнді де,мағыналы із қалдырып-80 жастың салихалы биігіне көтеріліп отырсыз. Өмір иірімінің сан тарау тұстарында қашан да Әкелер жолы артындағы өскелең ұрпаққа ғибратты ғұмыр жолы болып,олардың арман биігіне тәлімді бағытты нұсқап отырды.Сандаған ұрпақтар осындай тағлымды ғұмыр жолымен шыңдала түсіп,алдыңғы аға буынның мәнді де,өнегелі істерін басшылыққа алып ер жеткен еді. Сан мыңдаған ұрпақ легі даңқты Әкелер жолының жарқын тұстарын бойларына сіңіріп,оны дәстүр жолымен кейінгі буынға табыстап отырды. Өмірдің сан тарау соқпақтарында артындағы ұрпаққа ірі болмысты,кесек істерімен көріне алған Әкелер қатары әрдайым да аз болмағанын еске алып,құрмет тұтсақ,қадірлі____,міне,Сіз осындай құрметке ие жансыз. Халқымыз қашан да өзінің үлкендерін қадір тұта біліп,оларға деген сыйластық пен ілтипатын үзген жоқ.Тағылымды да қасиетті,әрі қастерлі істеріне сай халық өз қарияларын ақсақал деп құрметтеп отырса,міне қадірлі____-Сіз осындай өнегелі де ілтипатты атаққа лайықты өмір жолымен жүріп өттіңіз. Бүгінгі 80 жасқа толып отырған мерейтой биігіңізде осынау жарқын да өнегелі істеріңіз өзіңізді үлгі тұтар кейінгі буынға бар болмысымен тағы да бір жарқырай көрінгендей. 80 жастың асқақ биігіне қариялы да қазыналы қалпыңызбен жетіп отырған Сізге дәл бүгінгі күні қандай да бір құрметті лебіздерді арнаса да артық емес. Құрметті той иесі___,80 жас мерейтойыңыз құтты болсын! Өзіңіздің жалғасыңыз болып отырған ұрпақтарыңыз бен жақындарыңыздың арасында өнегелі ақсақал,тәлімді ақылшы болып аман-есен жүре беріңіз.Сіздің өмірлік бай тәжірибеңіз бүгінгі жас буын үшін де әрдайым қажетті әрі қастерлі құндылық бола бермек. 80 жас мерейтойыңыз тағы да құтты болсын!
ӘКЕ (балаларының тілегі) Қорғаштап өмір дейтін сында бізді, Жүрдіңіз еңкейтпестен тұлғаңызды. Әкетай,дейміз сізге жүз жасаңыз, Ақ тілек тағыңыз да жырдан ізгі! Өмірде талай асу алынғаны, Бақыттың оты бізге жағылғаны- Бір Сіздің еңбегіңіз екен,Әке, Бүгінде ойлап тұрсақ-соның бәрі. Біз үшін өткен талай жылдарыңыз, Жатыр ғой сол өмірде тұлғалы із. Әкелік мектебіңізден тәлім алған Бұл күнде өзі де әке ұлдарыңыз. Өсті ұрпақ,соңыңыздан жетілді із, "Ата!"-деп айдарлы ұл,кекілді қыз. Сонда да бұтақ жайған ұл-қызыңа Әлі де қатал ұстаз секілдісіз. Өмірде беріп бізге тағлым із, Үйреткен аз болды ма тәліміңіз. Жетсек те жетістікке,алдыңызда Баладай боп тұрамыз бәрібір біз. Өмірде үлгіміз де бір Сіз,Әке, Перзентке таусылмайтын жырсыз,Әке. Сол тұлға,сол мінезден аласармай Біздерге тәлім болып жүрсіз,Әке. Әлі де биік болсын жұлдызыңыз- Арналған перзенттерден жыр-гүліміз. Жүріңіз аман-есен ортамызда, Тілейді соны бүгін ұл-қызыңыз! Ғабиден ҚОЖАХМЕТ
Әкелерге арнау Өмір жолдың болса да көп астары, Әкелермен биік елдің аспаны. Қашанда да құрмет тұтқан аналар Шаңырақтың иесі олар,бастауы. Тау тұлғалы,шынар болмыс заңғарлар Деді ме ұлтқа баба жолын жалғаңдар. Олар еңбек ортасында шынығып, Сын сағаттың жауынгері болғандар. Күрескендер ұрпағының бағы үшін, Серік етіп болмысына ар ісін. Көлеңкесін түсірсе де кейде өмір, Түсірмеген ерге лайық намысын. Қиындыққа төзімменен көнгенсің, Іздемей-ақ ұсақ-түйек елден сын. Дауға түссе шешендікпен шиырлар Билер құсап бітім айтқан сендерсің. Бата берер ұрпағына бақ ашар, Қастерлі сөз қасиетіне кім таласар. Әулетіне үлгі болып отырды Тұғырдағы қырандай боп қара шал. Сан жадырап түссе еске жастығы, Бастан өткен тоқтығы да,аштығы. Солар салған ізгілікті сүрлеумен Жалғасады бүгінгі ұрпақ дәстүрі. Ана жүзден мейірім болып күлді күн, Ұғынса әке қабақтағы кірбіңін. Әке жайлы мақтан айтып қыздары, Соларға ұқсап келеді өсіп ұл бүгін. Солар жайлы болса кейде жыр басы, Дейді ме әке ұрпаққа сыр тыңдашы. Өзгерсе де уақыттың сан өрнегі, Аласармас Әкелердің тұлғасы! Ғабиден ҚОЖАХМЕТ
Әке-Ана.Перзент тілегі (өтінішпен жазылған өлең) Уыздай перзент атты гүл-шыбықтың Үнінен уілдеген бір сыр ұқтың. Мына өмір,мына әлемде Сендер барда Бағасын білдім ғажап тіршіліктің. Дедіңдер-уаттың да жылама енді, Мейірімді сәби-жаным ұға берді. Әкетай,тек Анашым сендерменен Таныпты сәби-кеуде мына әлемді. Ой салсам өмір-жолдың өткеніне, Тұрыпты-ау сендерменен Көк те күле. Ілесіп сендер жүрген соқпақпенен Еніппін мына өмірдің мектебіне. Өтсем де тіршіліктің сынағынан, Сендер деп бар болмысты ұғады жан. Сендердің мейрім толы үндерің боп Санамда қалған сіңіп мына бір Ән. Сол әнмен нәрін жинап гүл-алаптың, Тағдырға қарсы кейде тұра қаппын. Сол әнмен ұмтылдым да биіктерге, Өмірдің дауылынан құламаппын. Кеудеме сол әуенмен білік толып, Жүріпті-ау жүрекке әр кез үміт қонып. Есейіп,ер жеттім де сол әуенмен, Байқадым қалғанымды жігіт болып. Жоғалтып өмір дейтін сабылыста, Ілесіп кетті Әкенің әні құсқа. Сонан-соң перзент-көңіл шырылдады Мәңгілік көндіге алмай сағынышқа. Деді ме тағдыр бірақ бағың басым- Ана-үн жүрегіңде жалындасын. Бұл күнде өзі әке болған ұлдың Маматай,бақыттысың-жанындасың. Өмір-жол шаттықпенен тосты да үнін, Кешегі әуенге әлди қосты бүгін. Анашым,келінің бар,міне,бүгін- Жаныңда қос немере-қос құлының. Бұл күнде көңілдегі алаң қалып, Жүр аман көз алдыңда балаң да нық. Ана,сен Әкемменен бір ұқтырған Тәлімің жаңғырады санамда нық. Біз бүгін ортасында думанды елдің, Деймін мен осы жерге Сырдан келдім. Бал күнім,балалық шақ еске түссе, Әнімен шабыттанам туған жердің. Ел жақтан жүрсем-дағы жырақ қонып, Парызым санамда жүр сұрақ болып. Сендердің өнегелі әр істерің Қанымда тулап ағар бұлақ болып. Сезем де сол шаттықтың бал бұлағын, Ұл,қызым-деймін енді арлы бағым. Әкелік асқақ үннен қуат алып, Мен бүгін қайта түлеп жаңғырамын. Кеудемде сол әуенді жазармын да, Десем де болашаққа сөз алдым ба- Өмірде жетістігім-Сендер болып Бәрібір тұра берер көз алдымда. Ғабиден Қожахмет
Кеш жарык "Сазды Салем" куттыктау багдарламасы. Бiз сiздiн туракты тындармандарыныздын бiрiмiз, шыгармашылыктарынызга табыс тiлей отырып, Кеше, ягни 26 акпан кунi барiмiздiн акылшымыз, жол корсетер керуен басшымыз, аскар таудай тiрегiмiз, ардакты жанашыр акемiз Алматы каласынын тургыны Шалбаев Арыстанбек Абдiкадырулын 57 жаска толган туылган кунiмен шын журекпен куттыктаймыз! Омiрiнiз мaндi, магыналы болсын, жаксылыкка жайылган ак дастарканымыздан береке кетпесін. Сiзге айтар тiлегiмiз бен алгысымыз шексіз. Алла корер кызыгыныз бен ырысынызды тауыспасын. Iзгi ниетпен Жары Мейрамгул, Балалары Айдын-Салтанат, Султанбек-Айгерiм, Берiк-Сымбат, немерелерi Аруна, Адiлет, Мансур, Малика жане де Нурислам.
Сіздерсіз ұйытқысы шаңырақты, Түлетіп ұл-қызыңды жамыраттың. Шаттықтың шалқар әні шалқи берсін, Сөнбесін аулаңызда шамы Бақтың! Бақыт құсы айналып күнде қонсын, Құшақтарыңыз әрқашан гүлге толсын. Туған күн деп Сіздерге арнап тост көтеріп, Туыс-туған, дос-жаран бірге болсын! ардақты әкеміз .... 80 жасқа, аяулы анамыз 75 жасқа толған мерейтойларымен құттықтаймыз! Өмір атты тарихтың дастанында, Үлгі болып келдіңдер жас қауымға. Бірің - 80, ал бірің 75-тің Шуақ шашып тұрсыңдар асқарында. Әке-ана, енді қалған ғұмырдың, Тек қана бақыт күлсін аспанында.







