FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.
Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз.
"Қарттары бар ел – қазынасы бар ел” – деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз.
Құрметті ............. аға! Біз сізді жан жүрегімізбен жарқылдай қуана отырып құттықтап, мерекелі мерейтой күні Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын.
Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
Жетпіс жастың құтты болсын белесі.
Бұл 70 – қарттық емес, қазына жас,
Бала мен немеренің назына мас.
Біз сізге бақ тілейміз ортаймайтын,
Басыңыздан ешқашан ажырамас.
Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,
Тілейміз қуанышқа бөленгенін.
Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,
Қылығына қуанып шөберенің.
Ұл-қыздарыңыздың қызық-қуанышына бөленіп,
әлі де талай асулардан аса беріңіз демекпіз.
Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймаңыз.
Адам баласының ұзақ өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы кемел жасы 60-тың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер бұл шақтың тал түс аталуы бекер емес-ау.
Міне, сен де ізімізден қуып, аман-есен алтыншы асқардың шыңына қол созып отырсың. Шүкір, біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, өткен өмір бедерлері көңіл орнықтырып, көз тойдырады.
Қуаныштысы, мерейтойыңды отбасыңның алтын қазығы болған жан-жарыңмен бірге бала-шағаңның шаттыққа толы ортасында қарсы алып отырсың. Өсіп-өнген, ұрпақ тәрбиелеген, құда-құдағиларың мен дос-жарандарыңның ыстық ықыласына бөленген өзіңе тек жақсылықтар, қуаныштар мен бақытты ғұмыр тілейміз.
Артыңдағы ізің өшпесін!
Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап та жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол – кісілік келбет, азаматтық тұлға. Оған – дәл осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешкенімен, жеткен де бар, жетпеген де бар.
Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан Бәкеңмен жарты ғасырдан аса достығымыздың жарасып келе жатқанын мақтан тұтамын. Сенің де мағыналы өміріңнің, шуақты шаңырағыңның алтын діңгегі - өмірлік қосағың Жәмиләң, оның жалғасы, ертеңгі мәуелі жемісі – бауыр етің балаларың мен алтын асықтай немерелерің. Бүгінгі 70 жасқа толған мерейлі мүшел тойыңда өзіңе денсаулық, ұзақ ғұмыр, әулетіңе баянды бақыт тілеймін!
70 жасқа толған мерейтойыңыз қайырлы-құтты болсын. Сіз елу жылға жуық отасқан жұбайыңыз Клара Уәхитқызымен өнегелі өмір сүріп, бақыттың бағында ұл-қыздарыңыздың қызығы мен қуанышына, немере, жиендеріңіздің сүйіспеншілігіне бөленіп, ағайын-туыс ортасындағы алтын көпірдей қадірлі қалыптарыңызды сақтап келесіз. Еңбекте де қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып-ақ жүрсіз. Жүрегіңізге Алланың нұры құйылып, зор денсаулықпен жасай беріңіз
Құтты болсың 70 жасыңыз, Сексеннің де сеңгірігінен асыңыз. Қуат алып, денсаулықтың нәрінен, Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз! Балалардың арасында жүріңіз, Шаттық нардай айық басын жүзіңіз! Тілек еттік шың жүректен бәріміз Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз! Бір Жаратқан жар болып, қорғай жүрсін, Ата-баба аруағы қолдай жүрсін. Құдағи мен құдағи тату болып, Бір біріне сәлемін жолдай берсін! Рахметова Айжан Павлодар облысы, Аққу ауданы, Төс-ағаш ауылы
Метки к статье: құттықтау, 70 жас
Бір ғасырдың жартысын жасап міне, мерейтойыңды тойлап отырсың. Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Осы жасқа келгенше тағдыр-жолыңда кездескен қаншама тосқауылға төтеп беріп қашанда жеңіске жете білдің. Мұндай жетістігіңнің де терең себебі бар деп ойлаймыз.
Мынау бізге көршілес жатқан орыс ұлтында
Қарапайым өмір сүрген жан жүз жасайды деген сөзі бар. Осынау қарапайым ойдың астарында мейірімді, жүрегі таза, қиналған сәтте қол үшін
беруге дайын тұратын, құдайынан қорқатын қанағатшыл да иманды адам туралы қаншама түсінік жатыр десеңізші!
Аса құрметті ........ . Сен де сондай мадаққа лайық қарапайым өмір сүретін жанның бірісің! Бүгін Саған осындай дастарханның 100 жасқа толғаныңда да кеңінен жайылсын деген тілек арнағым келеді!
Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі үшін елеулі істер атқарған айтулы азамат. «Көп жасағаннан емес көпті көргеннен сұра» дейді дана халқымыз.
...еке, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Алла тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі - өз жастық шағында, екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – 100 жасқа толғанда.
Асеке, біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өткен шығарсыз, енді үшіншісі қалды. Құдай сізді сол үшінші «жастық шаққа» да аман-есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін! Бала-шағаңыздың, немерелеріңіздің ортасында темірқазықтай қалпыңыздан таймай, өмірдің қызығына кенеліп жүре беріңіз! Той тойға ұлассын!
Аш қасқырдай бізді қамап бар кемдік,
От та жақтық, су да әкелдік, нан көмдік.
Мына өмірге көнтерідей көндігіп,
Келе-келе, бара-бара әлдендік.
Қарынымыз қампимай-ақ қойды асқа,
Күнкөрістен болған да емес ой басқа.
Қос кемпірге ере жүріп ербиіп,
Еңбек етіп, тер төктік біз қанша!
Еске алатын сәттер рас, көп бүгін,
Борандатқан, дауылдатқан өтті күн.
Жетпіс келіп жайғасқанмен желкеге,
Әлі бізге баяғыша жоқ тыным.
Жаса, Жәкем!
Мәуеледің, гүлдедің,
Өзіңменен өле-өлгенше бір демім.
Маған қуат берері хақ қашанда,
Сенің шалқып есен-аман жүргенің.
Тағдыр бізден алудай-ақ алды өшін,
Асың – асқа, басың – аман, жан досым.
Жетпісіңмен жолдасыңдай жымдасып,
Сексеннің де басыңа ора сәлдесін.
Көп алысқан қатарластың бірі едім,
Саған деген сарқылмайды тілегім.
Жан-жарыңмен, балдарыңмен жарқылдап,
Жүзге дейін соға берсін жүрегің.
Қалды артта
Жетпіс асу, қия шыңдар,
Сырбазсың, мінезіңде ұнасың бар.
Шұғыла шуақ төктің, айналаңа,
Жас жігіттей әлі де қуатың бар.
Жария боп жақсы атың алты Алашқа,
Келесіз үлгі болып барша жасқа.
Жүрегі аузын ашса көрінетін,
Базары жайсаңдардың тарқамас та.
Толқын аңқылдадың ақтарылып,
Жатыр ғой ақ пейілге жат табынып.
Ақ туын адалдықтың желбіреттің,
Жүрсең де астамсу жоқ атқа мініп.
Танытып еңбегіңмен сан қырынды,
Жақсыға шашу еттің жан нұрыңды.
Бөленіп құрметіне қалың жұрттың,
Арнадың еліңе сен тағдырыңды.
Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың.
70 жасқа
Жақсылардың шапағаты жетелейді,
Өмір – мұхит, ал, оларды – кеме дейді.
Жол көрсетіп, дұрыс істі мақтан тұтса,
Онша-мұнша қателерді елемейді.
Ізгілікті қамтып алған теңіздейін,
Жақсыларды пана тұтып мен іздейін.
Мөлдір сезім жолын ашса жүрегіме,
Үмітімді ағалардан мен үзбейін.
Сізді, аға ойласам – мен шаттанам,
Тербеледі толқындай боп бақ талабым.
Жүрегімнің түкпірінде оянады
Жетпістегі сізге арнап жатқан әнім.
Шүкір деймін өзіңіздей жан барына,
Жақсылықты тілеймін мен жалбарына.
Сіз секілді аға болса – біздей іні
Алаңдамай қарайды ғой алдарына.
Сыр шертіп заман мен
Көктем жайлы, қыс жайлы
Жетпісіне жеткендер жұртына жол нұсқайды.
Саясына мың түрлі құстар ұя салатын,
Жапандағы ғажайып бәйтерекке ұқсайды.
Менің ағам осындай бүгін алып бәйтерек,
Тұрған шағы саралап
өткен жолын қайта кеп.
Жиырма бес пен қырықтың арасында жоғалған,
Қайран жігіт күндері жіберетін жайпап от!
Аға жайлы тарихты ары тағы жалғасақ,
Ұл мен қызы кетті алыс әрбірі әсем арна сап.
Немере мен шөбере сүйген бүгін жайы бар
Қаратауды қақ жарар ұрпақтары – мол жасақ!
Шақырғаны осында – ауыл-елі-аймағы,
Қазақтардың бетке ұстар бағланы мен қаймағы.
Желкесіне жетпістің жеткерді Алла, шүкір деп
Құтты болсын,еліне ақ дастархан жайғаны!
Әкеге тілек (сайт қолданушысының өтінішіне байланысты жазылған тілек-өлең) Ұл-қызының сезінумен арманын, Ойлайтұғын әке-асқар тау жан-жағын. Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз Әкеміздің 63-ке толғанын. Әрбір белес,әрбір асу,ол-бір із, Қашанда да жақсылыққа сендіңіз. Өмір-жолда бізге өнеге,үлгі боп, Міне,Сіз де 63-ке келдіңіз. Жүрді ме өмір перзенттерге алаң ғып, Бір біз үшін әр кезде,Әке,бағаң нық. Сан жолдарды көрсетті ме сізге ыстық- Темір тұлпар тізгіндеткен мамандық. Ақтара алсақ ақ тілектің сандығын, Шаттық ойнап атсыншы аппақ таң бүгін. Құтты болсын,Әке,туған күніңіз, Тілейміз біз жан мен тәннің саулығын! Өткен шақтан қалды сізге бүгін із, Сәтті күндер болсын әрбір күніңіз. Балалардың қызықтарын қызықтап, Ортамызда аман-есен жүріңіз! Ұға алғанбыз әке-асқар тау еңбегін, Болмасыншы отбасында,елде мұң. Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз Әкеміздің 63-ке келгенін. Биік,Әке,сіздің бізге бағаңыз, Әр белестен,әр асудан қалады із. Құттықтайды бүгін Сізді ұлыңыз, Қос қызыңыз және күйеу балаңыз. авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ Әкенің 63 жасына тойына арналған тілек







