FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.
суретте Айдара Жарқынқызы, 9 ай, Алматы қаласы
Құтты болсын туған күн,
Кіндігіңді кесіп ап,
Жібек жіппен буған күн.
Шілдехана суымен
Алғаш рет жуған күн.
Орап алып жөргекке,
Ақ сүтін асыл ананың,
Емірене емген күн.
Әкең келіп төбеңнен
Тебірене төнген күн.
Қуанғаннан ел-жұртың
Көрімдігін берген күн.
«Кімге тартты екен?» деп
Бетіңді ашып берген күн.
Туған күнің жыл сайын
Жүз жыл бойы тойлансын.
Өсіп үрім-бұтағың,
Арманыңа жете бер,
Өмір шексіз көк теңіз,
Тоқтамастан кеше бер.
Әке-шешесінің бал-шекердей тәтті қызының дені сау, жасы ұзақ болсын. Ата-анасының, нағашы ата-әжесінің қуаныш-қызығы болып жүре берсін.
Жасқа толған құлыншағым,
Қандай тәтті шырын шағың.
Ата-анаңның құшағында,
Ұзақ болсын ғұмыр бағың.
Денсаулығың мықты боп,
Гүлдей жайнап жүре бер.
Болашақта бақытты бол,
Мұратыңа жете бер.
Өмірдің жазынан, күзінен,
Әр батқан кеш сайын, таң сайын,
Шұғыла нұр шашар жүзінен,
Болшы сен ел сыйлар ханшайым.
Бұйырған маңдайдың бағына,
Бір сенде - құт пенен дәулет те.
Ақ сәуле төгетін жаныма,
Жұлдыз боп тудың сен әулетке.
Гүлзада Ниетқалиева
Сен арқылы айналды өмір жұмаққа
Былдырлаған кіп-кішкене балақан,
Жүрегімнен саған шуақ таратам.
Саған деген махабатты мендегі
Сезіне алмас бұл дүниеде жан адам.
Саған ермек бесіктегі сылдырмақ,
Маған өзің жыр оқисың былдырлап.
Мынау өмір айналды ма жұмаққа
Сыр айтады құс тілінде күмбір бақ.
Менің орта көңілімді толтырдың,
Менің орта өмірімді толтырдың.
Қайда кеткен бұл күндері таң қалам
Бір кездегі көңілдегі мол кірдің?
Сен арқылы айналды өмір жұмаққа,
Сенен балам, кете алмаймын жыраққа.
Сезінемін қайда жүрсем деміңді
Былдыр үнің естіледі құлаққа.
Содан кейін үйге қарай ұшамын,
Қуаныш пен шаттық толып құшағым.
Сен арқылы ғашық қылған дүниеге
Шүкір айтып Жаратқанға, құшамын.
Алмастай жүзі өткір бол қайратты,
Лайықты өз атыңа бол сымбатты.
Мамаңның ақ сүтін ақтағаның,
Ақылды боп өсіп сүйсең адалдықты.
Саған айтқан тілек орындалар,
Құлағына шалынып періштенің.
Әкеңнің артындағы ат шығарар,
Шаңырақтың иесі болып өзің.
1 жасың құтты болсын Нұрәлиім
Сен үшін күнде той, күнде жиын
Нұрәли жасқа толды дегеннен соң
Қуанып бәріміз де келдік бүгін.
Әке-шешең өзіңді еркелетсін,
Еркелікті неге олар көтермесін.
Ден-саулығың зор болып, ұзақ жаса,
Артыңнан Әлия атты бір қыз келсін.
Мирхат пен Маржанның қызығысың
Икемді боп әр нәрсеге өсе берсін.
Рахатыңа бөленіп әке-шешең,
Ата-әжең қызығыңды көре берсін.
Сен едің арманы бәрінің де,
Бала деген бауыр ет әлі күнге
Інің болсын артыңда арқа сүйер,
Риза болып қызықтасын әке-шеше.
Қоян жылы жайлы болсын келген міне
Астанадан үй алыңдар өздеріңе
Сәлемі ағаңның қабыл болып,
Шалынсын құлағына періштенің.
Қылығымен күлдіретін апасын,
Туған күнің құтты болсын, балашым.
Елің сыйлар азамат боп келешек,
Қуантарлық мамасы мен папасын.
Ақылды боп немересі атаңның,
Бақыты бол шөбересі әжеңнің,
Тілің менен қылығыңды қызықтап
Еркелетсін деп өзіңді «Тентегім».
Сәби ұзақ ғұмырлы болсын,
Өмірі көркем көңілді болсын.
Ата-анасына мейірлі болсын,
Ағайын жұртқа пейілді болсын.
Бөбегіңе Фарабидің басын бергей,
Әміренің әнін бергей.
Сәкеннің сәнін бергей,
Жүсіптің дидарын бергей,
Мұхамбеттің иманын бергей.
Ләйім Қыдырдың назарында,
Бақыттың базарында жүрсін!
Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман – есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын.
«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.
Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз.
Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.
«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата - әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.
Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол!
Қасқырдың қайратын,
арыстанның айбатын,
жылқының сақтығын,
бүркіттің қырағылығын тілеймін.
Тау суындай таусылмас қайрат,
Сыр суындай сарқылмас жігер,
Гүлдей жайқалған ғұмыр,
Гүлдей тербелген өмір тілеймін.
Қажымас қайрат,
Талмас талап,
Мұқалмас жігер,
Қайтпас қажыр тілеймін.
Бақыт сарайының бас құрылысшысы бол деген тілекпен
құттықтау қарлығашын жолдаймын.
Ананың бөбегіне тілегі (өтініш бойынша жазылған) Болады деп келешегім-мақтаным, Сен едің ғой күткен алдан ақ таңым, Ұмытылар ма жүректерге үміт боп, Құп-құйттай боп құрсағымда жатқаның. Сені ойлап қиялыма үңілдім, Тіршілікте тек сені ойлап бүгілдім. Мен тыңдаған әнді сен де тыңдадың, Мен оқыған жырды сен де сіңірдің. Ал бүгінгі айтылатын жыр басқа, Ұлым менің келді өйткені бір жасқа. Айналады бір күні өсіп сырласқа, Деймін солай құрбы менен құрдасқа. Әулетіңе боларсың ба мақтан ұл, Жетерміз-ау сондай шаттық шаққа бір. Әкең сені мұрагерім дейді ылғи, Дейді үнемі: "әкесіне тартқан ұл!" Бүгін менің перзентімнің көктемі, Туған күні бөбегімнің өйткені. Қуанады тәтелер де сен үшін, Көкелер де қылмас сені өкпелі. Қылығыңа,болар,бәлкім,тамсанар, Анаң бүгін тек сен үшін ән салар. Күлімдейді күн де бүгін сен болып, Желпиді анық күлкің болып таң самал. Әрбір сәтің көз алдымда тұрар-ау, Анаң мүмкiн әнші емес те шығар-ау, Жүрегімнен айтылатын ол әнді Ана болған жандар ғана ұғар-ау. Сен де ұғарсың Анасының көктемі, Алғашқы әншің мен едім ғой өйткені. Ақының да мен едім жыр оқыған, Оның бәрі емес,жаным,өтпелі. Сен өсесің,көп нәрсе бар таң қалар, Болашақта сен түсетін жол да бар. Сол бір шақта анаң айтқан жырды оқып, Құлағыңда анаң айтқан ән қалар. Дейді маған сендіреді бүгінгі ой, Келешегің-жаңа әнім,жырым ғой. Ал бүгін күн шаттанайық,өйткені, Бүгінгі күн-сенің туған күнің ғой! Ғабиден Қожахмет Тойға шақыру Бүгінгі күн ерекше күн,ерек күн, Сәбилердің күлкісі де бөлек тым. Бүгінгі күн ата-ананың үміті Шаттық тойы былдырлаған бөбектің. Сезіне алған олардың да пәк күнін, Бір біз үшін бүгінгі күн тәтті күн. Шақырамыз,қуаныштан дәм татып, Бөлісіңіз бала шақтың шаттығын.







