RU KZ EN

Құттықтау тілектер - Той-думан - Жұмбақтар

FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.

1. таңертең төрт аяқты
▼


Таңертең төрт аяқты,
күндіз екі аяқты,
кешке үш аяқты.

/адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы/

2. Мал бөлу
▼


Ертеде бір адам үш баласын шақырып алып: «Жасарымды жасадым, ендігі қалған малымды бөліп алыңдар. Малымның екіден бір бөлігін, үлкен ұлым, сен ал, үштен бір бөлігін ортаншы ұлым алсын, алтыдан бір бөлігі кенжеме қалсын» деп, о дүниеге аттанып кетіпті. Әкелерін қойып, жетісін, қырқын берген соң, ұлдары малды бөліп алайын десе, қойдың саны – 17 екен. Ол екіге де, үшке де, алтыға бөлінбейтін екен. Не істерлерін білмейді. Осы кезде жандарынан бір қойын жетектеген шаруа өтіп бара жатады. Оны тоқтатып алып, жігіттер жәрдем сұрайды. Шаруа көп ойланбай-ақ, малды үшеуіне әкелері айтқандай бөліп беріпті.
Шаруа бұл есепті қалай шешті?
/өзінің бір қойын қосқанда, малдың саны 18 болады, оның екіден бір бөлігі – 9, үштен бір бөлігі – 6, екіден бір бөлігі – 2. 9+6+2=17. Өзінің қосқан қойын алып, шаруа кете барыпты/

3. жұмбақтар
▼


Ертеде бір жолаушы келе жатып, бәйгеге жиналған бір топ салт атты мен осы қызықты тамашалауға келген ауыл жұртын көреді. Жиналғандарына біраз уақыт болғанмен, бәйгешілердің бірі орнынан қозғалар емес. Жолаушы мұның мән-жайын сұраса, байдың қызы «аты бәйгеде ең соңында келген жігітке шығамын» деп шарт қойыпты. Сонда жолаушы қыздан үміті бар жігіттердің жанына келіп, әлденені айтқан екен. Сол-ақ екен жігіттер орындарынан шаба жөнеліпті.
Жолаушы жігіттерге қандай кеңес берді?
/ «аттарыңды ауыстырып шабыңдар» деді./

4. Қалың қамыс
▼

Қалың қамыс, қалың қамыс,
Астында қия қамыс,
Пысылдауық, пысылдауық,
Астында сақылдауық.
/шаш, қас, мұрын, ауыз/


Автор, редактор:
Юрист-консультант по семейному праву