RU KZ EN

Құттықтау тілектер - Той-думан - Ойын-сайыстар

FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.

1. Асаукөк
▼

Бұл қысты күндері үй ішінде отырып жасалатын ойын-сауыққа да, ұлт дәстүріне де жататын қызықты кеш. «Асаукөк» әсіресе, құрметті қонақ келгенде, құда күткенде үлкен-кішілердің бас қосуымен жасалатын бұл кеште ән, жыр, жұмбақ, жаңылпаштар айту, қолтұзақ, асық ойыны болады. Үлкендер әңгіме, өлең тыңдап, жастар өнер салыстырып, әзіл-қалжыңдар, күлкі шақырып, жиналған ел адамдары көңіл көтеріп, бір сергіп қалады.
Мұнда өнерлілер өз талантын танытып, үлкендер бата беріп, оларға ақ жол тілейді. Осындай ауылдың «асаукөктен» басталатын өнер жолында талапкерлер танылып, кейін олар белгілі мәдениет қайраткерлері ретінде танылған.

2. қазақтың ұлттық ойындары...
▼

Ақсүйек
Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратының шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары бір-біріне лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.

Алтыбақан.

Алтыбақан - қазақтың ұлттық ойыны.
Алтыбақанды сырықтың екі үш – үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бақаның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиіс. Алтыбақанды құрастырып болғаннан кейін, оның екі басынан үш қатар арқан байлайды. Арқанның екеуі бір деңгейде, үшіншісі олардан 40-50см төмен тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді.Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақан тербеліп Отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастар кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының сүйемдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын – сауығы болған. Алтыбақанның дене шынықтыруға да пайдасы мол. Ол – ауылдық жерде әлі де қызықты ойындардың бірі.

Қыз қуу.
Ойын үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, ұшқыр жүйрік атқа мініп шығады. Қашықтығы 300 , ал ені 30 – 40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ , ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері – аланың бір маңдайында қатынасушылар орағытып өту үшін қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қағылады. Жарыс жекелей де өтеді. Егер екі топқа бөлінсе, онда қыздар мен жігіттердің саны тең болуы қажет. Төрешінің бірінші белгісі бойынша қыз жігіттен он метрдей алда тұрып, шаба жөнеледі Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп, жең ұшына ілінген орамалды ілгері алып қашуы керек. Егер жігіт сол бетімен – қарақшыдан сөреге дейін қуғыншыға жеткізбесе,онда – жеңгені. Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын, әйтпесе өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептелінеді. Жарысқа қатынасушыға бір-бірінің атын тоқтатуға, алаңнан сыртқа шығуға, қарақшыға жетпей сөреге оралуға рұқсат етілмейді.

Күміс ілу
«Күміс ілу» - ептілікті, атқа жақсы отыруға керек ететін ұлттық ойын. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл ойын «жүзік ілу» деп аталады. Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсеңдетпестен, әлгі орамалды іліп алып кетуі
керек. Сонда ол беташар айтуға ерік алады.

Ағаш аяқ
Ағаш аяққа мініп үйренбеген адам алғашқыда дұрыс жүре алмай, жұртты қыран-топан күлкіге батырады. Ал жақсы үйренген адам тез әрі шалт жүре алады. Әрі сол сырық үстінде тұрып түрлі сайқымазақ сөздер айтып, қимылдар жасайды, ән айтады, екеуара айтыса да алады. Қазақ халқының атақты әншісі Әміре Қашаубаев айтуымен кең тараған «Ағаш аяқ» осы ойынның атымен аталған.

Жаяу көкпар
Ойын күні бұрын белгіленген жерде өткізіледі. Ойынға қатысушылардың санына шек қоймайды.
Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойында қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша, көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкпарды екі жүз, төрт жүз, әрі кеткенде бір шақырымдай жердегі екінші көмбеге бұрын әкелсе, сол ұтқан болады. Егерде екінші бір ойыншы жол ортада қуып жетіп басып озатындай шамасы болса, көкпарды қарсыласының қолынан алып кете береді. Ал көкпарды алып келе жатқан ойыншының мұндай жағдайда қарсыласуына болмайды.

Тепе-теңдік
Жұмыр ағаштың үстіне тақтай қойылады. Ойын жүргізуші екі қолына екі тостаған алады. Біріне құм салынған, екіншісі бос. Тақтайдың үстіне шығып. Салмағын тепе-теңдік жағдайда келтірген соң, оң қолындағы тостағанға шашыратпай құю керек. Бұл тапсырманы мүлтіксіз орындаған ойыншы жүлдеге ие болады.

3. Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың мәдени асыл мұрасы. Авторы Мақсат Науанұлы...
▼

Қазақтың ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл мұрасы
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген. Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, - Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған». 1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қасқұлақ, ордағы қасқыр. 2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыртеке, түйе мен бота. 3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алтыбақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай? 4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике. 5. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ. Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған. Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол болмаса қой дың жілігін, немесе жауырынын, жамбасын қолына алып, ойынға қатысушыларға көрсетіп, белгілеп алады да, ойыншыларды екі топқа бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып жібереді. Қай топтың ойыншылары ақсүйекті бірінші болып тапса, сол топ жеңген болып саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып күнге күйіп, әбден ағарған болуға тиісті. Алтыбақан. Бұл – жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады. Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ойын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он –он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін тартады. «Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын. Айгөлек. Оны қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізден сізге кім керек?», деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге Ақерке керек!», - деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді. Алтын қабақ. Мергендер сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру, жоғары лақтырылған қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру, ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу. Мергендер сайысының тағы бір түрі – жамбы ату, садақ тарту. Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген. Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады. Ақшамшық (сақина салу). Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он –он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене отырып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», - деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық деп те жазылып жүр. Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін. «Қыз қуу». Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені. Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады. «Ұшты-ұшты». Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады: - Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады). - Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды). - Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады). - Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды). «Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді. Мақсат НАУАНҰЛЫ.

4. "Сиқырлы таяқ" ұлттық ойыны
▼

қосқан Ботагөз Сайфуллинқызы Сәдібек
«СИҚЫРЛЫ ТАЯҚ» - қазақтың ұлттық ойыны. Ойыншылар қол ұстасып, шеңбер бойына дөңгелене тұрады. Қолына таяқ ұстаған ойын жүргізуші шеңбер ортасына шығып, ойыншыларды нөмірлеп шығады да, ойын шартын жариялайды. Содан кейін кез келген бір ойыншының нөмірін атайды да, жерге тіреп тұрған таяқты жібере салады. Нөмірі аталған ойыншы таяқты жерге құлатпай алса, өз орнына барады, ал таяқты құлатып алса, айыбын тартады, ойыншылардың ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойын шарты бойынша, әр ойыншы ең аз дегенде, бір реттен ортаға шығарылады.

5. "Қыз қала" ұлттық ойыны
▼

қосқан Ботагөз Сәдібек
«ҚЫЗ ҚАЛА» - қазақтың ұлттық ойыны. Атастырылған «күйеу» мен «қалыңдықты» жақындастыру мақсатында ойналады. Жастар қол ұстаса шеңбер жасап, ішіне «қалыңдықты» сыртына «күйеу жолдасты» қалдырады да, қыз қашып, жігіт қуады. Шеңбер жасаушылар не қызға, не жігітке «жанашырлық» көрсетіп, не шеңберден өткізіп, не ұстап қалу арқылы ойынды қыздыра түседі. Егер «күйеу жолдас» «қалыңдықты» ұстаса, оны «күйеуге» апарып береді.

6. "Кімді қалайсың?" ойыны
▼

қосқан Ботагөз Сәдібек
"Кімді қалайсың?" - қазақтың ұлттық ойыны.
Алдымен ойын бастаушы мен "жазалыға" үкім шығарушы хан тағайындалады. Қыз-жігіттерді жұптастырып отырғызады да, көршілері бір-бірінен "Кімді қалайсың?" деп сұрайды. Сонда ол ұнатқан кісінің рет санын дәл тауып, оны қасына алады, не жаңылысса "жаза" тартады. Жаза түрі ән, би, көркем сөз оқу т.б. болуы мүмкін. Бұл ойынды той-жиында қызықты етіп өткізген дұрыс. Кей жерлерде бұл ойын "қассың ба, доссың ба?" д еп те аталады.

7. Қазақтың ұлттық ойындары
▼

қосқан Ботагөз Сайфуллинқызы Сәдібек
«Инем тап» - ұлттық ойын. Үй ішінде жастар ойнайды. Жүргізуші сайланады. Ол ойын ережесін қатысушыларға түсіндіріп, дұрыс өтуін қадағалайды. Жүргізуші екі ойыншыны таңдап, біреуін тысқа шығарады да, екіншісінің бойына немесе киіміне ине жасырады. Жүргізуші сырттағыны шақырып, инені іздеттіреді. Ине іздеуші кез келген музыка аспабымен жәрдем беріп отырады. Егер іздеуші ине жасырған ойыншыдан алыстап кетсе, музыка бәсеңдеп, егер жақындаса, үдеп отырады. Іздеуші инені тапса, онда оны жасырған ойыншы айып ретінде ән салады, не би билейді немесе әңгіме т.б. айтып береді. Ал ине табылмаса, іздеуші «айыбын» өтейді.

8. жастарға арналған ойындар
▼

Сұрақ-жауап
Ойынның шарты өте оңай. Ойыншылар санына шек қойылмайды. Қыздар мен жігіттер аралас отырса, қызығырақ өтеді. Сұрақтар мен жауаптар көлемдері бірдей кәртішкелерге (қатты қағаз болса тіпті жақсы) жазылады. Үстел үстіне, не екі қорапқа сұрақтар бір бөлек, жауаптар бір бөлек қойылады. Бірінші ойыншы сұрақтары бар кәртішкенің біреуін алып, сұрақты көршісіне оқиды. Көршісі жауаптары бар кәртішкенің біреуін алып қойылған сұраққа жауап оқиды. Одан кейін жауап берген адам келесі адамға сұрақ қояды. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын қызығы мынада: мысалы, жігіт: «Адал термен тапқан ақшаңызды оңды-солды шашасыз ба?» – деген кәртішкені оқыса, қызға: «Бұл менің сүйікті ісім» - деп жауап беруге тура келуі мүмкін.

Сұрақтар:
Егерде сүйікті адамыңыз көзіңізге шөп салса не істер едіңіз?
Сіз үнемі осындай дөрекісіз бе?
Әйелдерді (ерлерді) сыйлайсыз ба?
Үнемі жақсылық ойлайсыз ба?
Жүрегіңізде маған орын бар ма?
Сіз мені ұнатасыз ба?
Бұзақылық жасағаныңыз үшін ұяласыз ба?
Сыйлық жасағанды ұнатасыз ба?
Өмірде жіберген қателіктеріңіз үшін өзіңізді жазғырасыз ба?
Сіз қызғаншақсыз ба?
Көңілдесіңіздің болғанын қалайсыз ба?
Күйеуіңізді (әйеліңізді) сүйесіз бе?
Автобустарда билетсіз жүресіз бе?
Бәріне дайынсыз ба?
Төсектен жиі құлайсыз ба?
Біреудің хаттарын оқығанды ұнатасыз ба?
Ыңғайсыз жағдайға жиі тап боласыз ба?
Күйеуіңізбен (әйеліңізбен) шын ниетіңізбен сүйісесіз бе?
Ішімдіктен мас болатын күндеріңіз бола ма?
Өтірікті жиі айтасыз ба?
Бос уақытыңызды құрбы-құрдастарыңызбен көңілді өткізесіз бе?
Өзіңіздің іс-әрекетіңізде дөрекілік көрсетесіз бе?
Дәмді тағам дайындағанды ұнатасыз ба?
Өзіңіз сүйетін адамға жамандық жасай аласыз ба?
Бүгін мас болғыңыз келе ме?
Күнәһарсыз ба?
Айлы түнде қиялдағанды ұнатасыз ба?
Сыйлық алғанды жақсы көресіз бе?
Көршіңіздің саяжайынан таңқурай (малина) ұрлайсыз ба?
Ішімдік ішкенде басыңыз айнала ма?
Жалқаулығыңыз жиі ұстай ма?
Махаббатты ақшаға сатып ала аласыз ба?
Басқаны күлкі қыла аласыз ба?
Менің фотом керек пе?
Құмарту сезіміне жиі душар боласыз ба?
Ет жегенді жақсы көресіз бе?
Махаббаттың азғыруына берілесіз бе?
Ақшаны қарызға жиі аласыз ба?
Басқа біреудің ұнатқан жігітін (қызын) еліктіріп көрдіңіз бе?
Тыр жалаңаш шомылғанды ұнатасыз ба?
Үйленген (тұрмыстағы) адамның көңілін (ниетін) өзіңізге аудара аласыз ба?
Сіз ылғи осылай көп тамақ жейсіз бе?
Менімен танысқыңыз келе ме?
Арыңыз таза ма?
Басқа біреудің төсегінде ұйықтап көрдіңіз бе?
Әңгімені көңіл қойып тыңдайсыз ба?
Жұбайыңызға деген көңіліңіз таза ма?
Сіз қызуқандысыз ба?
Дүйсенбі күні тұздалған қияр жегенді ұнатасыз ба?
Спортпен шұғылданасыз ба?
Менің көзіме қарағанды ұнатасыз ба?
Ваннада жиі жуынасыз ба?
Стриптизге деген көзқарасыңыз қалай?
Өз жұмыс орныңызда ұйықтап кететін күндер бола ма?
Сіз қорқақсыз ба?
Ұйықтағанда қорылдайсыз ба?
Ұнататын адамыңыздың алдында қолыңыздан келмейтін нәрсеге уәде беретін әдетіңіз бар ма?
Жақсылап тамақтанғанды ұнатасыз ба?
Көп алдында сүйіскенді ұнатасыз ба?
Өзіңіздің жұмыс істеу қабілетіңізді арттырып тұрасыз ба?
Бөтен үйде адасып көрдіңіз бе?
Ішімдікті ұнатасыз ба?
Көшеде танысқанды ұнатасыз ба?
Өз темпераментіңізді жиі білдіресіз бе?
Егер мен сізді дәл қазір сүйіп алсам не дер едіңіз?
Түске дейін ұйықтағанды жақсы көресіз бе?
Сәнді киінгенді ұнатасыз ба?
Құпияңыз көп пе?
Күнәға батуға бейімсіз бе?
Милиционерден қорқасыз ба?
Мен сізге ұнаймын ба?
Сүйген адамыңызға тек қана шындықты айту керек деп ойлайсыз ба?
Егер екеуіміз жеке қалсақ не істер едіңіз?
Өзіңізге өзіңіз ие бола аласыз ба?
Қонаққа барғанды жақсы көресіз бе?
Салмақты тез қосасыз ба?
Жұмыстан жиі сұранасыз ба?
Түн ішінде менімен орман ішінен өтер ме едіңіз? Сыраны жиі ішесіз бе?
Басқа біреудің жұмысына араласқанды жақсы көресіз бе?
Махаббат деген әуеске көңіліңіз ауып тұра ма?
Өз жасыңызды құпия ұстайсыз ба?
Сүйікті адамыңыз сізді жиі қызғанта ма?
Өтірік күлетін кездеріңіз бола ма?
Бастығыңызға жағымпазданасыз ба?
Түрмеден қорқасыз ба?
Сүйіктіңіздің қалтасын жиі қағып тұрасыз ба?
Үстел үстіне шарапты жиі қоясыз ба?
Қарым-қатынасты жұдырық көмегімен шешкен күндеріңіз болды ғой?
Бұрынғы сүйген адамдарыңызды жиі еске аласыз ба?
Біреуді аяқтан шалған кездеріңіз болды ма?
Достарыңыздың көңілің қалдырған кезіңіз болды ма?
Ұрысқақ мінезіңізді сүйген адамыңызға көрсетіп үлгердіңіз бе?
Адал термен тапқан ақшаңызды оңды-солды шашасыз ба?
Сүйіктіңіздің ұялы телефонын жиі тексересіз бе?
Оңаша шығуға қалай қарайсыз?
Отбасынан табысыңызды жасыратыныңызды жұбайыңыз әлі сезген жоқ па?
Ұрысқанда былапыт сөздерді жиі айтасыз ба?
Үкіметке қарсы ойларыңызды жиі білдіресіз бе?

Жауаптар:
Мен өз өмірімді онсыз да жақсы елестетемін.
Мен саяси сұрақтарға жауап бермеймін.
Әсіресе басқа біреудің есебінен болғанын қалаймын.
Тек жалақы алатын күні.
Жоқ, мен өте ұяң адаммын.
Өзімнің беделімді түсіріп алмау үшін, жауап беруге қиналамын.
Тек әлсіздік сезінген кезде.
Үйден жырақта байқап көруге болады.
Өзім білмеймін, бірақ басқалардың айтуынша солай.
Бұл менің сүйікті ісім.
Тек мұнда емес.
Мені ыңғайсыз жағдайға қоймауыңызды өтінемін.
Мас емес біреуден сұрасаңыз.
Неге болмасын? Керемет ғанибет емес пе!
Менің қызаруым – ең айқын жауап.
Тек тынығып алған кезде.
Жастық шақ әлдеқашан өтіп кеткен.
Куәгерлер жоқ жерде әрине болады.
Мұндай мүмкіндікті жіберуге болмайды.
Мен оны төсекке жатқанда айтамын.
Мұны байқап көруге болады.
Егерде мұны қазір жасауға болса, әрине.
Жұмыста келеңсіз жағдайларға тап болған кезде ғана.
Төсекке жатқым келіп тұрған кезде ғана.
Егер де менен жақсылап өтініп сұраса.
Сағаттап, әсіресе қараңғыда.
Жүз грамм жұтып алғаннан кейін.
Ондайды қазір менің қалтам көтермейді.
Бір рет жасап көріп ем, түк шықпады.
Әрине! Бұл менің қолымнан келетін іс.
Сайтан алғыр! Қалай дәл таптың.
Негізінде олай емес, төтенше жағдайда болуы мүмкін.
Ылғи мас болған кезімде.
Тек сүйіктімнен алыста болғанда.
Бұны кешке кездесуге шақырғанда айтамын.
Сол туралы ойдың өзі мені шабыттандырады.
Тек түнде ғана.
Тек жақсы ақы берсе ғана.
Егер де ешкім көрмей тұрса.
Бұл жарасымды ғой.
Енді әрекет жасау керек қой.
Басқа шешімі жоқ болса.
Үнемі, жақсылап ішкенде.
Кімнің басынан өтпеген жағдай дейсің!
Осыдан басқа сыпайырақ сұрағыңыз бар ма?
Ол менің қалтамдағы ұсақ тиынның барлығына байланысты.
Ол менің қалтамды қақпаса болды.
Мен сондай адамға ұқсаймын ба?
Оған мен бала кезімнен әуеспін.
Сүйіктімнен сұрап көрейін.
Бұл менің өмірімдегі ең жарқын сәттер десем болады.
Түні бойы болса да.
Сенбі күндері онсыз болмайды..
Бір-екі рюмкасыз ол туралы айта алмаймын.
Тек таңертең бас жазарда.
Бұл менің бұрыннан армандап жүргенім емес пе!
Менің арым бұл сұраққа жауап бергізбейді.
Бәрі жағдайға байланысты.
Ес-түссіз! Бар ынтаммен.
Әдептілікке жататын болса.
Әрине, онсыз болмайды ғой.
Бұл менің өмірімнің негізгі мақсаты.
Иттің етінен де жек көремін.
Мұндай мүмкіндіктен ешқашанда бас тартпаймын.
Бүгінде ол күнәға жатпайды.
Неге болмасқа, қорқыныш жоқ болса.
Менің қолымнан одан да зоры келеді.
Бұл менімен қонаққа барғанда жиі болатын жағдай.
Тек компанияда.
Үнемі емес. Бірақ жиі.
Иә, егер қажет болса.
Әртүрлі жағдай болады, мен де пендемін ғой.
Жоқ, мен текті елдің баласымын.
Тек бөтен біреудің төсегінде оянғанда ғана.
Сіз оны елестете де алмайсыз да.
Кейіннен жағдай ушығып кетпесе ләйім.
Мені бұдан басқа проблемалар көбірек мазалайды.
«Иә» деп те айта алмаймын, «жоқ» деуге де болмайды.
Ақкөңіл адамбыз ғой. Бірақ шынайы жауап бере алмайтын сұрақтар қойған дұрыс емес.
Бүгін мен ол туралы сөз қозғағым келмейді.
Бұл жағдай қиынға апарып соқса да келісемін.
Тек басқа амалым қалмағанда ғана.
Ешкімге айтып қоймаңыз.
Күніне бірнеше рет.
Әсіресе, түнде.
Өлсем де айтпаймын.
Қарсы емеспін.
Қонақ күткенде.
Әрине, әйтпесе қызық емес қой.
Бұл құпия, өзгенің білгенін қаламаймын.
Бұл мен үшін ыңғайсыз тақырып.
Үйден қуып жібергенде.
Түнде, көрпенің астында.
Ондайды жиі армандаймын.
Сол да сөз боп па?
Иә, мен сондаймын. Шыдайсың ба?
Астапыралла, оны қайдан біліп қойдыңыз?
Жыным ұстағанда.
Ондайды суқаным сүймейді.

«Шындық әуе шарлары»
Бұл ойын үшін екі жиынтық кәртішкелер дайындаңыз: біреуі сұрақтары бар, ал екіншісі жауаптармен. Жауаптар жазылған кәртішкелер әуе шарларының ішіне салынады. Сұрақтар жазылған кәртішкелер қорабшаның ішінде араластырылады. Той иесі сұрақ жазылған кәртішкені алып оқиды да, бір әуе шарын жарып оның ішіндегі кәртішкеден жаңағы сұраққа жауап оқиды.
Жауаптар кез келген сұраққа сәйкес келетін болу керек, сұрақтар мен жауаптар саны бір-біріне сәйкес болу керек.

Сұрақтар:
Сүйетін адамыңыздың қызғаншақ мінезі сізді қинай ма?
Өзіңіз қаламағанмен күлуге тура келген кездеріңіз болды ма?
Бастығыңызға мақтау сөздер айтасыз ба?
Түрмеден қорқасыз ба?
Дастарханыңызда шарап жиі тұра ма?
Мәселені жұдырықпен шешу әдетіңізде бар нәрсе ме?
Ішімдіктерді ұнатасыз ба?
Эротикадан көңіл күйіңіз көтеріле ме?
Кезіңде өзіңізге ғашық болған жандарды есіңізге аласыз ба?
Автомобиль ұтып алуды армандайсыз ба?
Біреудің өкшесін жиі басасыз ба?
Достарыңызбен жиі сөзге келіспей қаласыз ба?
Сүйіктіңізді қызғанасыз ба?
Мінезіңіздің айналаңыздағы адамдарға ауыр тиетін күні бола ма?
Тамақ ішкеннен көңіліңіз көтеріле ме?
Ақымақтық жасағанды ұнатасыз ба?
Сүйген адамыңыз туралы жиі ойлайсыз ба?
Маңдай теріңізбен тапқан ақшаңызды ұсақ-түйекке бола шашасыз ба?
Америкаға кеткіңіз келе ме?
Жалақыдан тыс ақшаңызды әйеліңізден тығып қаласыз ба?
Сөйлегенде боқ ауыз сөз айтасыз ба?
Бір көргеннен ғашық болдым дегенге сенесіз бе?
Жұмыстан шаршайсыз ба?
Үкіметті жамандайсыз ба?
Игілікті іс атқарасыз ба?
Шыдамды, инбаттысыз ба?

Болжамды сұрақтар:
Болған емес, болмайды да.
Куәгерлер жоқ жерде сөйлесейік.
Менің мінезімді біле тұра мұндай сұрақ қойғаныңыз дұрыс емес.
Менің көңіл сүйіндіретін нәрсем.
Тек жүйкем құрып тұрғанда болмаса.
Әрине, үнемі.
Тек қана түнде болады.
Күніне бірнеше рет.
Ылғи төсекке жатар алдында.
Одан азап шеккенім де болды.
Ұйқыдан жаңа оянып, байпағымды кигенде.
Мейрамханада ғана.
Қинасаңыз да айтпаймын.
Бұ менің хоббиім.
Күніне бір рет, одан рахат аламын.
Бірде болған жағдай.
Үйге қонақтар келген уақытта.
Әрине, онсыз өмірдің қызығы жоқ қой.
Онсыз болмайды.
Бұл менің құпиям, ол туралы басқа біреулердің білгенін қаламаймын.
Қасымды күйеуім (әйелім) жоқ кезде.
Үйден қуып жіберген кезде.
Бұл туралы сөз қозғағанды ұнатпаймын.
Туыстарым көрмеген кезде.
Түнде көрпенің астында жатқанда.
Тек ойымда ғана.

9. той ойындары
▼

Той ойындары
Қызық күйде
Ойынға бірнеше ер адам шақырылады. Оларға әйел адам аяғы ауыр кездегі жағдайды өз басынан кешуге мүмкіндік беріледі. Ойын жүргізуші скотчпен іштеріне әуе шарларын байлап береді. Әр ойыншының алдына бір қорап сіріңке шашылады. Ойыншы берілген уақыт ішінде шашылған сіріңкелерді көбірек жинауы тиіс. Өзінің жағдайын да естен шығармағаны дұрыс. Ішіңізге (шарға) зақым келіп жүрмесін.

Қарындаш
Ойыншылар қыздар мен жігіттер (3-4 адам) кезектесіп тұрып, бір-біріне бірінші адамнан соңғы адамға қарындашты беруі керек. Қарындаш ойыншылардың мұрнымен жоғарғы ернінің арасында қыстырылып тұруы тиіс. Әрине, қарындашты қолмен ұстауға болмайды, ал қалған жерлерін ұстауға рұқсат.

Боксерлік матч
Сайыс басында жүргізуші ортаға сүйіктісі үшін бәріне дайын екі нағыз жүрек жұтқан жігіттерді шақырады. Сүйіктілері де сайысқа түскен батыр жігіттеріне қолдау көрсеткендері жөн. Ер жүрек жігіттер боксерлік қолғаптарын киеді, ал қалған қонақтар боксерлік рингке сәйкес айнала қоршап тұра қалады. Жүргізушінің негізгі міндеті – ойынды қыздыра түсіп, ойыншыларға бұлшық еттерін жаттықтыру кезінде демеу көрсетіп, сайыс алдында қарсыласымен ойынша біраз бокстасуға уақыт беру керек, бәрі нағыз рингтегідей болуға тиіс. Жігіттер денелерін шынықтырып, моральдық дайындықтан өткеннен кейін рингтің ортасына келіп бір-бірімен қол алысады. Жүргізуші (төраға) жігіттерге ойын ережесіне сай белден төмен ұруға, еш қай жерлерін көгертпеуге, бірінші қан шыққанға дейін деген сияқты ескертулер жасайды. Осыдан кейін жүргізуші боксшыларға бір-бір конфеттен ұсынады, карамель не болмаса иристі (оларды ашу оңайға түсе қоймайды, әсіресе жабысып қалса) боксерлік перчаткаларын шешпей жылдам ашып, өз сүйіктісіне беруі керек. Ойында тапсырманы бірінші болып орындаған ойыншы жеңеді.

Қимылдың дұрыстығын тексеру
Ортаға бірнеше адам шақырып, жүргізуші қимыл әрекеттерін көрсетеді. 1-ші: оң қолмен сол құлағынан, ал сол қолмен мұрнының ұшынан ұстау қажет. Шапалақпен «хоп» деген команда берілгенде ойыншылар 2-ші әрекет жасауға тырысады, оң қолымен мұрнының ұшын ұстайды, ал сол қолымен оң құлағын ұстауы керек. Шапалақпен «хоп» деген команда жиі беріле бастайды. Шатаспай бәрінен көбірек команданы дұрыс орындаған адам жеңіп шығады.

Бір қораб сіріңке алынады. Ішіндегі шилер босатылып сыртқы қорабша ойынға дайындалады. Сыртқы қорабшаны ойыншының мұрнына кигізеді. Ойыншы тек бет қимылдарымен қорабшаны мұрнынан түсіруі керек.

Киіндіру
Ойынға қатысатын ер адамдардың қолына қысқы қалың қолғаптар кигізіледі.
Олар ойын шарты бойынша алдында тұрған қыз баланың киімінің үстінен киілген халаттың түймелерін қадауы керек. Ең бірінші болып түймелерді қадап бітірген адам жеңіске жетеді.

Жұп бір-біріне арқаларымен сәл еңкейіңкіреп тұрады. Екеуінің арқаларының ортасына (төменірек) жұмыртқа салынады. Ойын шарты бойынша олар жұмыртқаны жарып алмай жерге қоюы керек. Жұмыртқаны жармай түсірген команда жеңеді. Жұмыртқаның орнына кішкентай доп алуға болады. Ол жағдайда доп басқа жаққа домалап кетпеуі тиіс.


10. почта
▼

Почта
Бұл ойында ромбик тәрізді қағазға нөмірлер жазып, келген жұртқа үлестіреді. Бір адам хат тасушы болады. Адамдар бір-біріне нөмір арқылы хат жазысады. Ойынның мақсаты – көпшілікті зеріктірмеу, бір-бірімен таныстыру. Бұл ойын тойдың басынын аяғына дейін жүреді.

11. той ойындары
▼

Санамақ
Көпшілік қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтып шығу керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады. Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атау керек.

Тасымақ
Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол суды қарсы бетке қойылған Бос кесеге қасықтап 2 адам тасиды. Бұнда команда құрып ойнайды, әр командада үш адам болады.
Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей-шашпай, тез тасуы керек, команда жеңіске жетсе, жүлдеге сол ие болады.

Отырмақ
Бұл ойында екі орындықтың арасында бір орындық сыятындай етіп қойып, үстерін жапқышпен жауып, ол орынның бар екенін сездірмеу керек. Екі орындыққа екі қыз отырады да, ортасы бос тұрады. Ойын басқарушы бір жігіттің көзін таңып, басқа бөлмеден алып келіп, отырған екі қыздың қолдарын ұстатады да, екеуінің ортасына отырып, қай таңдағаныңның бетінен сүй дейді. Көзі байлауды жігіт екі қыздың ортасына отыра бергенде, екеуі тұрып кетіп, бос жамылғының үстіне отырған жігіт құлап түседі. Жұрт күлкіге батады.
Ойынның шарты: ойын басталмас бұрын 3- 4 жігітті басқа бір бөлмеге алып кету керек, өйткені ойынның тәртібін білген адам ойынға шықпауы мүмкін.

Белбеу тастау
Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де, арасы 15 - 20 метрдей екі сызықтың бойына қатарға тұрады. Ойын жүргізуші бірінші топ ойыншыларының біреуіне қолындағы орамалды береді. Ол жүгіріп жүріп, екінші топтағы бір қыздың (баланың) артына орамалын қалдырады да, өз орнына қарай жүгіреді.
Орамалды тауып алған ойыншы қуып жетіп ұрса, онда қарсыласымен бірге өз тобына келеді, ал қуып жете алмаса, қарсы топқа кетеді. Келесі кезек екінші ойыншысына беріледі. Осылайша балық ойыншылар орамалды бір-бір реттен тастап шыққанынша, ойын жалғаса береді.

Аттамақ
Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұрады. Біріншісі төмен, оны аттап өту керек, екіншісі биік, оны еңкейіп, үшіншісінен тағы да аттап өтуі керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп, осы жіптерден өткізіп жаттықтырып, содан соң көзін байлап, бір айналдырып қоя беру керек. Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп ұстап тұрған адамдар жіпті алады да, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді.
Ескерту: ойынды ұзаққа созу үшін үш төрт адамды басқа бөлмеге апарып қою керек.

Епті жігіт
Ортадағы үстел үстіне құмыра қойып, бетіне стақан төңкеріп қою керек. Талапкер ортаға шығады. Шарт: ойыншы екі қолын артына ұстап, төңкерулі стақанды иегіне қысып, құмыраны тісімен тістеп ішіндегі сұйықты ішуі керек. Ойын басқарушы хадарлағанда кім епті болса, сол мына құмырадағы шарапты ішеді деп ескертіп қояды, ал шын мәнінде құмыра бос болады. Сөйтіп, жігіт алданып, көпшілік күлкіге батады.

Жаяу тартыс
Ойынша қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, ек басы біріктіріліп түйілген тұйық арқанды мойындарына іліп, қолтық астынан өткізіп, екі жаққа қарай тартады. Ойынның мақсаты – ойыншылардың бірін-бірі тартып белгіленген межеге дейін жеткізу. Қайсысы бұрын жеткізсе, сол ойыншы ұтқан болып есептеледі. Ал ұтылған ойыншының орнына басқа ойыншы келеді. Осылайша ойнаушылардың барлығы қатысып болғаннан кейін ғана жеңіске жеткен ойыншы жариялайды.

Қындық – сандық
Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне-бірі арқаларын тіреп тұрып құшақтасады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі бірдей алға еңкейіп, бірін-бірі жерден көтеріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептелінеді. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойын осылай біреуі жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Жеңісті көп алған ойыншы жеңімпаз атанады.

Тұтқын алу
Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір-бір ойыншы шығады да, теріс қарап тұрып қолдарын айқастырып тұрып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бірлеп, «алал-ай, бұлал-ай» деп әндетіп, көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысы көпірден өте бергенде, бір-бір тастан немесе бас киімін ұстатады да, оның белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы заттың аты жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен – алал-ай мен бұлал-айдың біреуі. Егер заттың атын тапса, көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші оның көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылайшы бірінші топ көпірдің астынан өтеді де, тұтқындарды екінші топ ұстайды.


Автор, редактор:
Юрист-консультант по семейному праву