RU KZ EN

Құттықтау тілектер - Той-думан - Күлдіргі әңгімелер

FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.

1. түрлі тақырыптағы күлдіргі әңгімелер топтамасы...
▼

Қай заман жақсы?
- Ата, осы сіз ғой феодализм кезінде де, енді, міне, капитализм де өмір сүріп келесіз. Шыныңды айтыңызшы, қай заманда өмір сүрген жақсы екен?
- Е, несін айтасың балам, бай болсаң - феодализмде, кедей болсаң - социализмде, ұры болсаң - капитализмде өмір сүрген жақсы депті атасы.

Қалай ғана үйлестіріп жүр?
Үш жаңа қазақ балаларын айтып мақтанып отырса керек:
- Ұлым өзіме тартқан іскер. Жылжымайтын мүлікпен айналысады. Ісі оңға басып тұр. Өткенде досына Париждегі пәтерін сыйға берді.
- Менің де ұлым іскер. Қымбат мәшинелер сататын автосалоны бар. Ұсақтанбайды, досына бір су жаңа «Ferrari» сыйлады.
- Біздің бала да жарап тұр – банк ұйымдастырып, аяғына тұрып кетті. Түсінесің бе, досына көлемді несие берді 30 жылға,процентсіз...
Соның арасында оларға төртінші жаңа қазақ қосылады:
- Не айтып жатырсыңдар?
- Бала туралы.
- Ал менің балам, қызтеке! Болмай қалғыр! Сонда да, Парижде пәтері бар, астында «Ferrari», күні кеше 30 жылға процентсіз несие алды. Қалай ғана үйлестіріп жүр, білмеймін...

- Маам! Маа-мааа!
- Не болды сонша айқайлап! Мен қонақ бөлмедемін, бері келші, не керек өзіңе? Дұрыстап айтшы.
Бүкіл бөлмелерді аралап келген баласы:
- Мама, мен боқ басып кеттім!

Шешелеріміз кішкене күнімізде бәрімізді де оймақтай шағын қасықтармен тамақтандырғаны есіңізде шығар? Ал енді ойлап көріңізші: қытайлар асты екі таяқшамен жейді. Сонда олардың шешелері сәбиін... тіс шұқығышпен тамақтандыра ма?

Ауыл әкімі кабинетінен атып шығып, хатшы қызға дүрсе қоя береді:
- Менің үстелімнің үстіндегі шаңды саған кім сүрт деді?
- Не болып қалды, ағай?
- Онда өте бір маңызды телефон жазылған болатын, - депті.

Екі жынды кино көріп отыр.
- Мына киноны бұрын көріп пе едің?
- Жоқ. Бірінші рет көруім.
- Ал мен төртінші рет көріп отырмын. Бірақ алдыңғы үшеуіне қарағанда, бұл жолы актерлер өте тамаша ойнады.

Құрылысшы мен тапсырыс беруші әңгімелесіп тұр.
- Қабырғаны өте жұқа қылып қалапсыздар.
- Жұқа емес, оның сыртынан әлі тұсқағаз жапсырамыз ғой.

Әскерге барғанда дейін ұйқым тыныш болатын. Әскерде жүргенде ұйқыдан маза кетті. Себебі өзім тыныштықты күзеттім. Әскерден кейін алаңсыз ұйықтай алмайтын болдым. Себебі бәтшағарлардың қалай күзететінін жақсы білемін.

Бұқаралық әміріне елші болып бір жас жігіт барыпты. Әмір жас жігіттің келгеніне қатты ренжіп:
- Ақ патшаның адалы жоқ па? Елші қылып маған сақалсыз адам жібергені несі?! – депті.
- Егер ақылдың бәрі сақалда болса, онда патша мені емес, ешкіні жіберер еді ғой, - деген екен сонда елші.

Түн ортасында екі аруақ қорғанды аралап жүреді. Бір кезде есік шиқылдап ашылғандай болады. Бірі екіншісінің артына тығылып қалады.
- Сен не, - дейді сонда екіншісі, - сонша қорқасың? Тірілер туралы ертегілерге сенесің бе?

- Кезінде әке-шешемді бекер тыңдамаппын. Қазір соған өкініп жүрмін.
- Әке-шешең не деп еді?
- Қайдан білейін? Айтып тұрмын ғой, тыңдамаппын!

Бастық көмекшісіне:
- Мен саған бір сағаттық баяндама жаз деп едім ғой. Ал мен оны екі сағат оқыдым.
- Өзіңіз ғой, көшірмесін бірге алып кеткен...

Баласы мен анасы:
- Шеше, неге әкеміздің басында шашы өте аз?
- Себебі ол көп ойлайтын ақылды адам.
- А-а! Ал сенің шашың неге көп?
- Көп сөйлемей тамағыңды іш!

Бүгінгі әңгіме:
- Мұнайдың бағасы тым арзандап кетті.
- Бірақ бензин өте қымбат қой.
- Бізде бензинді мұнайдан жасамайтын шығар... Әйтпесе арзан болар еді.

- Жақсы әңгіме жұмыс күнін қысқартады.

Бір байдың әйелі күтуші қызды жұмысынан босатып жібереді. Әлгі қыз есіктен шығып бара жатып, босағадағы жатқан екі итке біраз тиын-тебен тастап кетеді.
- Мұныңмен не айтпақсың?
- Бұлар мен жуып үлгермеген ыдыс-аяқты жалап, маған үнемі көмектесіп тұрды...

Екі жігіт әңгімесінен:
- Бернард Шоуды білесің бе?
- Білмеймін, бірақ мынауың да Бауыржан-шоу, Шымкент-шоу деген сияқты бірдеме шығар...

Әкімшілікке біреу телефон соғады.
- Алло, әкімшілік пе?
- Иә.
- Менің әкім болғым келеді.
- Не айтып тұрсыз? Сіз жынданғансыз ба?
- Сонда есі дұрыстарға әкім болуға болмай ма?

- Білесің бе, сен маған Пушкинді есіме түсіресің.
- Е-е, мен де ақынмын, оның үстіне шашым бұйра дегендей...
- Жоқ, атып тастағым келеді...

Білгім келген сұрақ:
- Социализм деген не?
- Бұл – капитализмге апаратын ұзақ жол.

Әскерде:
- Бұл жерге келудегі мақсатың не?
- Біріншіден, Отанды қорғау!
- Дұрыс.
- Екіншіден, әскер мені шыңдайды.
- Жақсы.
- Үшіншіден, әскерге барасың ба деп, менен ешкім сұраған жоқ.

Баласы әкесінен:
- Әке, ақша деген немене?
- Ақша деген – қымбат көлік, зәулім сарай, кофе және сұлу қыздар!
- Ал ақша жоқ болса, не болады?
- Ақша жоқ дегеніміз – автобус, жатақхана, қара шай және сенің шешең...

Әкесі жігіт болып қалған баласына қатты ұрсып жатыр:
- Апыр-ай, бір күннің ішінде, бар болғаны бір күннің ішінде осыншама ақымақтық жасағаныңа таңым бар...
Баласы:
- Несіне таңданасыз? Мен өте ерте тұрамын ғой...

Жас суретшіге бір әйел келіп:
- Менің портретімді салып бергеніңіз үшін қанша доллар сұрайсыз?- деп сұрайды.
- Бір мың доллар.
- Айнытпай саласыз ба?
- Егер айнытпай салсам, бес мың доллар төлейсіз, бикеш.

Екі жігіт әңгімелесіп отыр.
- Егер осы маңда полиция қызметкері жүрсе, онда қауіпсіз жерде жүрмін деп ойла. Ешқандай қорқудың қажеті жоқ
- Неге?
- Өйткені олар өте қауіпті жерде жүре қоймайды.

Екі жігіттің әңгімесін:
- Сен құрылыста жұмыс істепсің ғой.
- Иә.
- Онда қандай маман болдың?
- Бәрін істейтінмін... Кірпіш тасыдым, цемент тасыдым, құм тасыдым.
- Ол жерден неге шығып кеттің?
- Үйімді салып болдым ғой.

Билік:
- Біз жақсы өмір сүрдік, әлі сүреміз...
Халық:
- Ал біз ше?

Беделді бір кісінің келіні қыз туады. Бұған көңілі толмаған әлгі кісі перзентхана басшысына телефон шалады:
- Мен немерем ұл болсын деп едім ғой. Сонша ақшаны сізге не үшін бердім?
- Ашуланбаңыз, ауыстырып береміз...

Екі жігіт әңгімесінен:
- Білесің бе, ер жігіттің бірінші – ұлы болу керек, екіншіден – үй салу керек, үшіншіден – ағаш отырғызу керек. Сен болсаң, әлі жүрсің.
- Жоғары жақтан көмек болмай тұр.
- Қалайша, қазір Үкімет балалы болғандарға қаржылай қолдау көрсетеді, үй салам дегендерге несие береді дегендей...
- Оны білем, бірақ ондағылар ағаш отырғызғысы келгендерге ешқандай көмек бермейді ғой...

Бір бай кешке үйіне келеді. Әйелі:
- Тамақ ішесің бе?
- Не бар?
- Қара уылдырық, бұлғар шарабы, қазы-қарта, жал-жая...
- Шіркін, баяғыдай қара нан мен шай болса ғой...
- Ол үшін елдің еркектері сияқты адал жұмыс істеу керек!

Бір еркек базарда сауда жасап тұр:
- Мынау не?
- Алма.
- Маған бір келісін беріңіз және әр талын жеке-жеке орап беріңіз.
- Мынау не?
- Жаңғақ.
- Бұдан да бір келі беріңіз және әр талын орап беріңіз.
- Ал мынау не?
- Мейіз ғой, бірақ ол сатылмайды.

Бастықтың қабылдауында:
- Мен жазды сондай жек көремін. Күн ысып, терлей бересің, шөлдей бересің....
- Қорықпа, еңбек демалысына сені қыста бірақ жібереміз.

Әрбір шеккен темекі өмірімізді екі сағатқа қысқартады, әрбір ішкен арақ өмірімізді үш сағатқа қысқартады, ал әрбір жұмыс күні өмірімізді сегіз сағатқа қысқартады.

Бір қожайын жаңадан алған үй қызметшісіне:
- Бақшаға барып шалқан жұлып әкел, - деп әмір етеді. Малай шығып кетеді де бірнеше түп шалқан жұлып әкеледі.
- Өй, кеще! «Шалқан жұл» дегенімді – «Шалқанды жұлып әкелсем болды» деп түсінгенің бе?! Жұлған соң оны тазалап жуып, турап, одан соң оған қаймақ құйып, үстіне аскөк сеуіп әкелмейсің бе?!
Сол күні қожайын аяқ-асты ауырып қалады да, малайын дәрігер шақыруға жұмсайды. Кешке қарай бір-ақ оралған қызметші:
- Тапсырмаңыз түгел орындалды. Дәрігер шақырдым. Дәрі-дәрмек алдым, табыт жасауға тапсырыс бердім, зираттан қабір қаздырып қойдым! – депті.

Бірде қазақ жігіті Францияға бармақшы болады. Бірақ ол француз тілін білмейді екен. Содан досына келіп ақыл сұрайды. Сонда досы:
- Оның несі қиын, сөздің басына «ф» әрпін қойып сөйлей бер! – дейді.
Бірер айдан соң әлгі жігіт Франция ұшағынан түсіп жатыр дейді. Содан Париждің көшелерінде ал келіп адасады. Амал жоқ, алғаш кезіккен жігіттен қинала-қинала жөн сұрауына тура келеді:
- Фауырым, фұл фай фөше? – деген екен абдырап. Сөйтсе, әлгі жігіт:
- Фратан, фөзім де філмеймін! – деп жауап қайтарған екен.

- Қазір сіз қай газетті ең жақсы деп айтар едіңіз?
- Әрине, біздің аудандық газет. Ет жеген кезде қолыңды сүртсең, майын жақсы алады. Басқа аудандық газетпен қол сүртсең, қолыңа қара сиясы жұғады. Қол сүртуге біздің газет таптырмайды ғой, таптырмайды.

- Ескі пальтомның түймелері үзіліп бітті. Киюге ұят өзі!
- Ештеңе жоқ, ертең сатып әперем.
- Пальто ма?
- жоқ, түйме әперем.

- Әуре болмасаңызшы, шығарып салмай-ақ қойыңыз.
- О не дегеніңіз! қонақ шығарып салғанда, мен сондай бір рахаттанып қаламын!

Білгір мен Дымбілмес емтихан тапсыруға келеді. Алдымен білгір кіреді. Оған қойылған сұрақтар:
- Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің?
- Арқан жіберіп, құтқарып қаламын.
- Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің?
- "Қош бол!" деп шығарып саламын.
- Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің?
- Татуластырып жіберемін.
- Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің?
- Кезекке тұрып, кезегім келгенде сүт сатып аламын.
Бұл жауаптардың бәрін Дымбілмес естіп, өзінше жаттап алады.
- Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің?
- "Қош бол!" деп шығарып саламын.Арқан жіберіп, құтқарып қаламын.
- Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің?
- "Арқан жіберіп, құтқарып қаламын.
- Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің?
- Кезекке тұрып, кезегім келгенде төбелесемін.
- Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің?
- Татуластырып жіберемін.



2. құда, құдағи, келін туралы әңгімелер
▼

- «Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген
Мақалды қалай түсінуге болады?
- Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен
ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады.

Сөз мәні:

Қ – қыз бен Қ – қыз бен
Ұ – ұлды Ұ - ұлды
Д – дайындайтын Д - дайындайтын
А – аппарат. А – арнайы
Ғ – ғылыми
И – институт.

Жақын інілерінің жағдайын білмекке ауласына ене бергенде абалаған ит ілгері жүргізбепті.
Мұны естіп үйінен шыққан келіншек:
- Қайнаға, кідірмеңіз, бұл ит сөзге түсінеді, - десе керек.
Сонда Тоқаң:
- Шырағым-ау, ол итің қаппас үшін «мен осы үйдің туысы Тоқсейітпін» деп шыққан тегімді түгел айтуым керек пе?! – деген екен.
Ағат сөйлеген келін итіне ұмтыла беріпті.

Бір үйге түскен келіннің атасының аты Қасқырбай, енесінің аты Жібек екен.
- Атаңның аты кім?
- Атамның аты Волк.
- Енеңнің аты кім?
- Енемнің аты шелк, - деген екен.

Ертеңгісін жұмысқа кетіп бара жатқан отағасы шәй ішпек болып ас үйге кіреді. кемпірі жұмысқа кетіп қалыпты. Шәй қойылмаған. Жаңа түскен келіннің бөлмесінің есігі ашық екен. Сығалап қарап еді, көрпені бүркеніп алып, ұйықтап жатыр екен. Қызының бөлмесіне кірді. Ол да ұйықтап жатыр.
- Қызым, - деді оны оятып жатып.
- Маған шәй дайындап берші.
- Келініңіз дайындап береді ғой...
- Ол ұйықтап жатыр.
- Менің де ұйқым қанбай жатыр.
- Тұра ғой, қызым. Ертең біреудің үйіне келін боп түскенде ұйқыңды қандырып аларсың.

Екі кемпір әңгімелесіп отыр екен.
- Айтпақшы, келін түсіріпсің, құтты болсын! Келінің қалай екен?
- Ой, айтпа! Келінім сондай пысық болып шықты. Ертеңгі сағат 5- те тұрады, содан тынбай түнгі 12-де бірақ ұйықтайды.
- Айтқандай, қызың тұрмысқа шығыпты, құтты болсын! жағдайы қалай екен?
- Ойбу!!! Айта көрме! Ол қызым сорлап қалды ғой. Ертеңгі сағат 5-те тұрып, түнгі 12-де бірақ жатады екен.

Құдасы көрші ауылда тұратын құдасына көрген сайын «үйге келмедің, бір қойдың басын жемедің» деп айта берген екен. Содан бір күні шақырылған құда да қонаққа келеді. Арада бір апта өткенде, қонақ күтіп әбден шаршаған құдағи:
- Құдеке, ауылыңыз өртеніп жатыр деген суық хабар алдық, қайтпайсыз ба?
- Ондай жағдай болса, ол жақта жататын жерде жоқ шығар.
Осында қала берейін.
- Құдеке, қалжыңдағаным ғой, бәрі аман-есен, қайта берсеңіз болады.
- Онда тіпті жақсы, енді алаңсыз жата беретін болдым ғой.

- «Қазақ байыса – қатын алады» деген сөз рас па?
- Жоқ-ей, о не дегенің! Қазақ қатын алған соң байиды:
бір басы екеу болады, екі қолы төртеу болады; әке үстіне аталы болады, шеше үстіне енелі болады; өзінің жалақысына әйелінің «декреті» қосылады, оған қоса балдызының, құдашасының алдында міндеті болады – соның барлығы байлық емей, енді не?


3. қылмыскерлер, сот, полиция қызметкерлері туралы күлдіргі әңгімелер...
▼

Сот:
- Айыпкер, сіз бір дүкенге үш рет ұрлыққа түсуіңіздің себебі неде?
Айыпкер:
- Бірінші мәрте әйеліме көйлек алдым. Одан кейін әйелім "көйлекті ауыстырып кел!" деп екі рет жұмсады. Бітті! Бар болғаны осы....

- Сен сәнмен айналысатын болғансың ба? – деп сұрайды бірінші ұры сән журналын ақтарып отырған екінші ұрыдан.
- Әрине, мен енді жаңа киімдердің қалталары қай жерінде болатынын білуім керек қой!

- Бауырым сағат аласың ба? Міне, қарашы, швейцариялық сағаттың таза көшірмесі.
- Алсам, алайын. Ал мынау сізге.
- Бұл не?
- Бұл - біздің теңгенің таза көшірмесі.

Түннің ортасында екі жігіт келе жатады. Алдарынан бұзақылар шығады да пышақ көрсетіп:
- Ақша, алтын, бағалы заттар болса, шығарыңдар, - дейді.
Сонда әлгі жігіттердің бірі жанындағы жолдасына:
- Мен саған 300 доллар қарыз едім ғой. Міне, куәгерлердің көзінше қайтарамын, - депті.

Сот залында:
- Сіз мына кісінің туысқанысыз ба?
- Иә, бірақ біздің арамыз аса жақын емес. Біз бір үйде 15 бала өстік. Бұл кісі үйдің тұңғышы болса, мен – кенжесімін.

- Алло! Полиция ма? Мен шағымданайын деп едім. Бірнеше күннен бері менің үйіме қорқытып жазылған хаттар келуде.
- Мм... Кімнен екенін білесіз бе?
- Нақты кімнен екенін айта алмаймые, бірақ қол қойылған.
- Кімнің қолы?
- Салық комитетінің бастығының...

Ауыл. Түн іші. Біреу есік қағады:
- Сізге отын керек пе ?
- Жоқ.
Таңертең үйдің иесі есік алдына шықса, біреулер қысқа деп дайындаған отынды үндеп кетіпті.

Екі еркектің әңгімесінен:
- Сенесің бе, мен ұлымның сөмкесінен бір пакет анаша тауып алдым.
- «Ұрлық түбі – қорлық» деген бар ғой.
- Бесіктен белі шықпаған ол әлі 5 – сыныпта оқиды емес пе? Әлден үйден зат ұрлайтын болыпты.

Бір шетелдің қылмыскерден жергілікті тергеушілер жауап алып отыр:
- Алтынды қайда тықтың?
Аудармашы:
- Алтынды қайда тықтың?
Қылмыскер:
- Айтпаймын!
Аудармашы:
- Ол айтпайды!
Тергеуші:
- Егер алтынды қай жерде екенін айтпасаң, біз сені өлтіреміз!
Аудармашы:
- Алтынның қай жерде екенін айтпасаң, олар сені өлтіреді!
Қылмыскер:
- Алтынды үйдің алдына көмгенмін.
Аудармашы:
- Атыңдар, оңбағандар,бәрібір айтпаймын!!!

Сот:
- Неге сіз бұл көлікті ұрладыңыз?
Айыпкер:
- Ешкім о дүниеге мал-мүлкін алып кетпейді. Бұл көлік бейіттің жанында тұр екен. Сосын оған оның керегі жоқ шығар деп ойладым.


4. Қызмет көрсету қызметкерлері жайлы әңгімелер...
▼

Мейрамханада.
Даяшы:
- Біздің талаптарымызға көнсеңіздер, қалаған асыңызды 50 пайыз жеңілдікпен береміз.
- Ол қандай талап?
- Ас ішіп болған соң, үстелді жинастырып, ыдыс-аяғыңызды жуып, еденді сыпырып кетесіздер.

Даяшы клиентке келіп:
- Шай ма, әлде кофе ме? – деп сұрайды.
- Шай.
- Таппадыңыз, кофе, - деген екен.

Екі жігіт сыраханаға келіп тапсырыс береді. Олардың біреуі:
- Қарындас, сізден өтінемін. Тек таза саптыаяқпен әкеліңізші, - дейді. Сәлден соң даяшы екі саптыаяқ сыра әкеледі де:
- Қайсыңыз таза саптыаяқпен әкел деп едіңіз? – депті.

- Даяшы! Менің тапсырыс бергеніме екі сағат болды. Енді қанша күтуге болады?
- Екі сағат шыдадыңыз ғой, тағы да он минут күтсеңіз біз де жабыламыз.

Екі саудагердің әңгімесінен:
- Қалай ойлайсың, тауарды кімнен алған арзанға түседі? Өндірушіден бе, әлде оны өткізумен айналысатын алып-сатарлардан ба?
Сөйтсе досы:
- Тауарды шығарып жатқан зауыттың күзетшісінен алған арзан түседі, - деп жауап қатқан екен.

- Сонымен, мынау ең жаңа мата ғой?
- Кеше аған алдым, тура фабрикадан!
- Түсің оңып кетпей ме?
- Жо-жоқ! Сөреде ілініп тұрғанына бір айдан асты. Ештеңе еткен жоқ.

Моншада
- Ваннаға билет қанша тұрады?
- 200 теңге
- Мінекейіңіз, 100 теңге, ваннаны жартылай ғана толтырыңыз.

5. Аңдар, жан-жануар, құрт-құмырсқа, жәндіктер туралы күлдіргілер...
▼

Арыстанның баласы бұзақылық жасап, орман сақшыларының қолына түсіп қалады. Күзетшілер оның шашын тақырлап алып тастап, арнайы аңдар түрмесіне қамайды. Онда қамауда отырған басқа аңдар арыстанды танымай, мысық деп ойлап, ызаландыра береді. Ол" мен мысық емеспін" деп ақталса, одан бетер қарқылдап, мазақ қылады.
Бір кезде бұрышта бүрісіп отырған тышқанды көзі шалып қалады:
- Тышқан, сен мыналарға менің арыстан екенімді айтшы, - деп жалынады.
- Бұлар бәрібір сенбейді, себебі мен де осында түсерден бұрын кірпі болғанмын" - дейді.

Бір кірпі ормандағы алаңқайды айналып жүгіріп, қарқылдап күліп жүр.
Мұны байқаған елік:
- Әй, кірпі, неменеге жетісіп жүрсің? Жүгіргенге де күле ме екен?
- Сен де жүгіріп көр. Армансыз күлетін боласың.
Елік алаңқайды он айналса да, күлмейді. Әбден титықтаған ол ақыры кірпіден әлгі күлкінің сырын сұрайды.
Сонда кірпі:
- Жүгіргенде қарныңды шөп қытықтамай ма, не? – депті.

Екі сиыр ет комбинатында әңгімелесіп тұр:
- Сен бұл жерде бірінші рет болып тұрсың ба?

Ұйқыдан түске қарай тұрған жауын құртының баласы шешесінен:
- Апа, әкем қайда? - деп сұрайды.
Сонда байғұс шешесі:
- Еее, әкең таңертең еркектермен балыққа кеткен, депті.

Сабақтан келе жатқан күшіктің әкесі көшеде қарсы жолығысып қалады.
- Балам, бүгін қандай пән өттіңдер? - деп сұрайды.
- Шет тілін.
- Бірдеңе үйрендің бе, айта ғойшы.
- Әрине! Мияяяяууууу!

6. Мұғалімдер мен оқушылар, студенттер мен оқытушылар, оқушылар мен олардың ата-аналары жайлы күлдіргі әңгімелер...
▼

Мектептің тұсынан өтіп бара жатқан әкесі жанындағы баласына:
- Сен осы мектепте оқисың ғой, иә дейді.
- "Иә" дейді баласы.
- Осыдан 20 жыл бұрын мен де осы мектепте оқығанмын.
- Ә, онда директордың маған кеше неге олай дегенін енді ұқтым.
- Директор не деді?
- "Дәл сендей топасты көрмегеніме 20 жыл болды!" деді....

Үш талапкер тарих пәнінен емтихан тапсырып отыр. Біріншісі жақсы баға алу үшін өгіз беріп қойса, екіншісі қой берген. Ал үшіншісі жағдайы нашар болғандықтан, ештеңе бермеген.
Ұстазы біріншісінен:
- Алғашқы атом бомбасы қай елде жарылды?
- Жапонияда
- Бес!
Екіншісінен:
- Алғашқы атом бомбасы қай елде жарылды?
- Жапонияда
- Қай жылы?
- 1945 жылы.
- Бес!
Үшіншісінен:
- Қай қалада?
- Херасимода.
- Өлген адамдардың саны қанша?
- Екі жүз тоқсан төрт мың.
Ұстазы сасқанынан:
- Өлгендердің атын атап шық, - депті.

Филология факультетінің үшінші курсында оқитын спорт шебері емтихан тапсырып отырса керек.
- Айналайын, ең болмаса қарапайым сұраққа жауап берші!
Лев Толстой деген классикті білесің бе?
- Ағай-ау, мен классикамен емес, еркін күреспен айналысамын ғой...

Оқушы мұғалімге:
- Ертең сабаққа келмей-ақ қояйыншы.
- Неге?
- Мама, өзіңіз ғой кеше ертең ауылдан апам келеді деген.
- Екеуіміз бірдей келмесек, ұят болар...

Мұғалім оқушысын тақтаға шақырады да:
- Мен Шығайбайға бір алма беремін де, оны төрт балаға бөліп беруін сұраймын. Сонда әр балаға қандай бөлік тиеді?
- Ешқандай.
- Отыр, екі. Математиканы білмейсің.
- Ал сіз Шығайбайды білмейді екенсіз.

Мұғалім оқушыға:
- Сен үшін үй тапсырмасын неге әкең орындайды?
- Шешемнің қолы тимейді.

Екі жігіттің әңгімесінен:
- Темекіні зиянды қасиеттері туралы кітап оқыдым, қоятын шығармын...
- Темекіні ме?
- Жоқ, кітап оқуды.

Емтиханда:
- Сұраққа жауап беріңіз, студент.
- Ойлауға кішкене уақыт беріңіз.
- Уақытың баяғыда бітіп кеткен.
- Онда залдың көмегіне жүгінейін, болмаса досыма телефон шалайын.

Бір адам көзілдірік сатып алайын деп дүкенге кіріп, көзілдірікті киеді де, кітапқа қарайды. Тағы бірін алып, тағы кітабына қарайды. Сөйтіп көзілдірік біткеннің бәрін қарап, бәрін жақтырмайды.
- Бұл қалай? Мына көзілдіріктерің дәнеме танып, оқып болмайды ғой.
- Жарықтығым, сен өзің оқуды білуші ме едің?
- Егер оқуды өзім білетін болсам, сенің көзілдірігіңнің маған не қажеті бар?

Екі студент әңгімелесіп отыр.
- Егер декан маған айтқан сөзін қайтып алмаса, онда мен университеттен кетемін.
- Ол саған не деп еді?
- «Университеттен жоғал» деген!

Бір студент жігіт көшеде келе жатып, басы аййналып құлап қалады. Қасына бір келіншек келіп, айналасындағыларға:
- Су әкеліңдер, су әкеліңдер, - дейді. Сонда ақырын есін жинай бастаған студент әлгі келіншекке:
- «Аналарға сумен қоса нанға май жағып ала келіңдер» деп айта салыңызшы, - дейді сыбырлап.

Мұғалім оқушыдан :
- Аққұтан жылы жаққа неге ұшады? – деп сұрайды.
Оқушы:
- Жүре алмаған соң ұшады.

Баласының күнделігін тексеріп шыққан әкесі ашуланып:
- Балам, мұның қалай, биологиядан ғана екі алмапсың ғой?
- Әке, ашуланбаңызшы, өйткені биологиядан әлі үй тапсырмасын тексерген жоқ.

Оқытушы :
- Айдаров, лекцияға неге кешігесің?
- Кешіріңіз, ағай, ұйықтап қалыппын.
Өй, сен үйіңде де ұйықтайсың ба?!

Студент емтихан тапсыруға келіп тұр. Оқытушы:
- Билет алыңыз.
- Ағай, менде «проездной» ғой.

Студенттік емтихан тапсыру кезі. Профессор:
- Сіздің аты-жөніңіз?
- Бектұров (студент жымиып күледі).
- Неменеге жетісіп, мәз болып тұрсың?
- Бірінші сұрағыңызға дұрыс жауап берген сияқтымын.

Әкесі мектепте оқитын баласының күнделігін тексеріп жатыр: - Физикадан – 2, математикадан – 2, географиядан – 2, тарихтан – 2, ән сабағынан – 5... Әй, сен неменеңе жетісіп ән салып жүрсің-ей?

Соңғы қоңыраудан үйге келген баласы:
- Әке, ақша жоқ-ақша жоқ деуші едіңіздер ғой. Келесі жылы мен сіздерді қинамайтын болдым.
- Не дейсің?
- Маған енді жаңа кітаптар алудың қажеті жоқ. Жетінші сыныпта қайта оқитын болдым.

7. жастар, студенттер, қыз бен жігіт, жас жұбайлар жайлы күлдіргі әңгімелер...
▼

Жігіт қызға sms жолдауда? "Мына абонент "Маған тұрмысқа шығасыз ба? деп сұрайды"
Қыздың жауабы: "Сіздің бұл операцияны жүзеге асыруға қаржыңыз жеткіліксіз".

Баласы отбасын құрмақ болып, әкесіне өмірлік жарын таныстырады:
- Әке, міне, келініңіз! Біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Сондықтан үйленетін болып шештік.
Әкесі:
- Балам, бұл қызға үйленбе! Ол - сенің қарындасың болады.
- Қалай қарындасым?
- Түсінесің бе.... жас кезімде қыздарға көп барып едім.
Оны естіген баласы әлгі қыздан бас тартып, біраз уақыттан кейін екінші қызды таныстыруға әкеледі.
Сонда әкесі:
- Балам, бұған да үйлене көрме! Ол да - сенің қарындасың, - депті.
Әкесінен көңілі қалған баласы анасына барып, болған оқиғаны айтып береді. Сөйтсе, анасы:
- Үйлене бер, балам! Ол сенің әкең емес, - деген екен.

Нан қосып жеп алдым!
- Менің жігітім маған кеше көп балмұздақ әперді ғой.
- Қанша әперді, соншама?
- 25.
- Мәссаған, тамағың ауырып қалған шығар...
- Саған ше?
- Біреу.
- Ой сен не бір балмұздаққа тойдың ба?
- Иә, мен нан қосып жеп алдым!

Анасы қызына ақыл айтып отыр.
- Қызым, сен әлгі жігітке тұрмысқа шығушы болма! Мені жалғыз тастап кетемісің?
- Оған бола қам жемеңіз, апа! Мен сізді сағындырмай, тез арада қайтып келемін – депті қызы.

- Қатты уайымдап жүрмін, - дейді бір әйел құрбысына.
- Неге?
- Қызым тұрмысқа шыққалы жатыр. Өзі әлі тамақ істей алмайды.
- Оған бола қам жемеңіз. Өткені күйеу балаңыздың тамақ істеуге қажетті азық-түлік алатын ақшасы да жоқ көрінеді.

Екі келіншектің әңгімесінен.
- Менің бір ақын сіңлім бар еді. Жақында өзін үнемі сынап, жақтырмай жүретін бір сыншы жігітке күйеуге шықты.
- Өшін алайын деген шығар...

Екі бойжеткен әңгімелесіп тұр:
- Анау «Мерседестің» жанында телефонмен сөйлесіп тұрған әдемі жігітті көрдің бе? Мен оны миллионер жасадым ғой.
- Ол жігітті жақсы білемін. Маған дейін ол жігіт миллиардер болатын.

- Қызым-ау, сен ол жігітке тұрмысқа шықпай-ақ қойшы. Өзі ақсақ, басы таз, көзі қыли ғой!
- Шеше, маған оның сұлулығы керек емес! Адамдығы болса, болды.
- Мен ондай мағынада айтып тұрған жоқпын. Ол сенсіз де өмірде көп зәбір көрген екен.

Қыз бен жігіт кинотеатрда махаббат туралы фильм көріп отыр. Қыз:
- Қалай ойлайсың, бұл екеуі соңында үйлене ме?
- Әрине! Барлық кинолар осындай трагедиямен аяқталады ғой...

Бәке, кеше кешкілік паркте жаныңда отырған сымбатты бикеш сіздің қызыңыз болар?
- Әлбетте! Басқа кім болушы еді... тек сол көргеніңді әйеліме айта көрмеші...

- Сәке, сен өткен жолғы қалыңдығыңа үйлендің бе?
- Жоқ, ол маған кедейсің деді.
- Сенің бай ағаң бар емес пе? Соны неге айтпадың?
- Айттым ғой.
- Иә, сонымен...
- Енді ол менің жеңгем.

Сұрақ:
- Қыз балаларды неге әскерге шақырмайды?
Жауап:
- Өйткені олар "Жатыңдар" деген команданы дұрыс орындамайды.

Бүйте берсе...
Жалаңаш қалып қыздардың қарындары,
Ышқырлары төмен қарай түсіп барады.
Бүйте берсе бір күні,
Шалбарлары шешіліп, түсіп қалады.

Бір немістің баласы әкесіне келіп:
- Мен сіздің батаңызды алып, үйленсем деп едім.
- Кімге?
- Яшаға.
- Не,не? Не деп сұрап тұрсың?
Мен дұрыс естімей тұрмын ба?
- Жоқ, дұрыс естіп тұрсыз. Мен Яковпен отбасын құрайын деп едім.
Ашуға булыққан әкесі:
- Сен не айтып тұрғаныңды білесің бе?! Әлде есіңнен адасып қалдың ба?! Яков – еврей ғой!

Беделді бір кісінің келіні қыз туады. Бұған көңілі толмаған әлгі кісі перзентхана басшысына телефон шалады:
- Мен немерем ұл болсын деп едім ғой. Сонша ақшаны сізге не үшін бердім?
- Ашуланбаңыз, ауыстырып береміз...

Ері мен әйелі
әңгіменің мәйегі.....
Үйленбей тұрып.
Жігіт: Ура! Ақыры бұл күнге де жеттім-ау!
Қыз: Мүмкін, мен кетермін?
Жігіт: Жоқ ,тіпті де олай емес!
Қыз: Сен мені сүйесің бе?
Жігіт: Әрине!
Қыз: Сен менің көзіме шөп салып па едің?
Жігіт: Жоқ, сен қалайша мұндай ойды ойлайсың?!
Қыз: Мені аймалайсың ба?
Жігіт: Иә!
Қыз: Мені ұрасың ба?
Жігіт: Ешқашанда!
Қыз: Саған сенуге болады ғой?!
Үйленгеннен кейін, осыны төменнен жоғары қарай оқыңыз

- Бұрын әйелдер ертелі-кеш ерлерінің атын атамай, «Біздің үйдің кісісі», «Әкесі», «Отағасы» деген екен.
- Қазіргі әйелдер де ерлерінің атын атамай; «Албасты», «Малғұн», «Сұмырай», «Алқаш», деп шұбыртатын болды ғой.

Бұрынғы әйелдерге туған күніне етік әперем десең, шаттанатын. Ал , қазір «Жигули» әперем десең;
- «Жигули?». Неге иномарка е-емес?! – деп, талып қалады.

- «Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген
Мақалды қалай түсінуге болады?
- Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен
ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады.

Жас жұбайлардың жылдық жаңалықтары: бірінші жыл - ері сөйлейді, жұбайы тыңдайды. Екінші жылы - әйелі сөйлейді, шалы тыңдайды. Үшінші жыл - екеуі де сөйлейді, көрішлері тыңдайды.

Бір үйге түскен келіннің атасының аты Қасқырбай, енесінің аты Жібек екен.
- Атаңның аты кім?
- Атамның аты Волк.
- Енеңнің аты кім?
- Енемнің аты шелк, - деген екен.

- Сен кімсің?!
- Ұйқыдағы арумын!
- Түрің неге сонша қорқынышты?
- Оянғаным жаңа ғана!

Еркектер 8- ші наурызда әйелдер үшін барын салып-ақ бағады. Мәселен, шалбарын үтіктейді, бәтеңкесін тазалайды, моншаға барып келіп сықия киінеді, бет-аузында қылтанақ қалдырмай қырынып та алады. Сөйтіп, жөнге келіп қосағының денсаулығы үшін алып та қояды.

Жылдағы екі күнді – 1 қыркүйек пен 8 наурызды гүл сатушылардың мерекесі әрі берекесі деуге болады.

Егер еркек киетінім болмай тұр десе, онда оның таза киімдерінің біткені.
Егер әйел киетінім болмай тұр десе, онда оның жаңа киімдерінің болмағаны.

- Кеше бірінші рет сүйген қызымды футболға ертіп бардым.
- Нәтижесі қалай?
- Бірінші таймда тәп-тәуір жүргенімен, екінші таймда шаршап қалды.

Бір қыз агент арқылы суретші жігітпен сөйлесіп отыр:
- Ой, мына жібергеніңіз қандай қызық смайлик. Ешқашан бұндай смайлик көрмеп едім.
- Кешіріңіз, қарындас, бұл менің суретім ғой.

"Кез келген адамның ішінде дарын мүлгіп жатады дейді. Ооо, не деген маубас еді?!

Арманның жүзеге аспағаны қанша,
ал жүзеге аспайтыны одан да көп.

Ол қыз менің арманым болатын, ол қыздың арманын білгенше.

Алдымен махаббат уақыт өлтіреді,
ал сосын уақыт махаббатты өлтіреді.

8. маскүнемдер, арақ-шарап туралы күлдіргі әңгімелер...
▼

Біздің ауылда шалы қайтыс болған бір кемпір науқастанып қалыпты. Балаларының апармаған дәрігері, көрсетпеген бақсысы қалмапты. Бір күні алыстан бір мықты тәуіп алдырыпты. Тәуіп кемпірді тексеріп көріп, балаларына:
- Шешелеріңнің ауруы жоқ екен, сендер бұл кісіні жазылсын десеңдер, бір шал тауып беріңдер, - депті. Мұны естіген балалары тәуіпке ренжіп: «Біздің бір кемпірді бағуға шамамыз келеді», - деп шамданыпты. Ал мұның барлығын естіп отырған шешесі: «Балаларым, бұл тәуіп өте мықты тәуіп екен, осының айтқанын бір сынап көрмейсіңдер ме?» - деген екен.

Сот залында:
- Театрға ішіп алып барғаныңызды мойындайсыз ба?
- Мойындаймын! Сау болсам, театрға жолап нем бар?!

- Кеше ет комбинатында болып, колбасаның қалай жасалатынын көрдім. Екінші ет жемейтін болдым. Бүгін сүт фермасына барып, сыр, айран, сүттің қандай жағдайда жасалатынын көрдім. Бұдан былай сүт тағамдарына жоламаспын. Осы көргенім жетер! Енді арақ зауытына мені итпен сүйретіп апара алмайсың!

Америкалық орыспен әңгімелесіп отырады.
- Басқа ұлтқа қарағанда, орыстардың арақты көп ішетіні рас па?
- Рас.
- Ал сен үш стақан арақты іше алар ма едің?
- Әрине, ішіп алып үш қияр жесем болды.
- Он стақан ше?
- Он қияр болса болғаны.
- Ал жүз стақан іше аласың ба?
- Денің сау ма, жүз қиярды жеу мүмкін емес қой.

Әйелі күйеуіне:
- Арақты кесемен ішетін жағдайға жеткенсің бе?
- Дәрігер стақанды қолыңа алушы болма деді емес пе?!

Дүкендегі оқиға.
- Маған бір шөлмек арақ беріңізші.
- Ал сен 18 – ге толдың ба?
- Ал сізде ішімдік сатуға лицензия бар ма?
- Не болды ашуланып, бар ғой...

Бастық қызметкеріне ашуланып:
- Көп ішіп, мас болып қалғандардың бәрін есіктен сыртқа итеріп шығара берме деп қанша айтамын саған?! Сен вагон- ресторанның күзетшісі екендігіңді ұмытпа!

Тотының толғанысы
Бір шал ашытпа ішіп отырса, тордағы тотықұс: -«Маған да ішкізсеңші!» - депті.
Шал : - Кет, таңертең бас жазуға тағы сұрамақсың ба ?
- Жоқ ,сұрамаймын , - депті Тоты.
Шал: - Жақсы, егер де сұрасаң, қанатыңды қиып тастаймын!- депті шал.
Екеуі ішіп, жатыпты.
Таңертең шал тұрса, Тотықұс олай-былай тыпыршып, торда орын таппай жүр екен.
- Осы маған қанаттың не керегі бар өзі?! – депті бір кезде...

Бір жігіт дүкен әкімшілігіне шағымданып жатыр:
- Сіздер неге халықты алдайсыздар?
- Жала жабуға болмайды, біз не деп алдадық?
- Сіздер кір жуатын ұнтақтың қорабына, «сыйлық ретінде 100 грамм тегін аласыз» деп жазып қойыпсыздар. Ашып қарадым, ішінде ұнтақтан басқа ештеңе жоқ. 100 грамы қайда?

Күні бойы ішкен еркек түнде шөл қысып оянып, әйеліне:
- Жаным, су әкеліп берші, аузым кеуіп барады.
- У керек емес пе? Мен бе аузыңа арақ құйған?
Біраз уақыттан кейін күйеуі тағы да сұрайды.
Бұған мүлде ашуланған әйел орнынан тұрып:
- Ұйқы бермедің ғой. Қазір оқтау әкеп, басыңды жарам.
- Оқтауға бара жатсаң, қайтарыңда су ала келші, жаным...


9. кемпір-шалдар жайлы күлдіргі әңгімелер
▼

90-нан асқан шал төсек тартып қалады. Орнынан тұрмай қойыпты, бала-шағаның да шулағанына құлақ аспапты. Сонда баласы әкесінің құрдасын шақырып алады. Әкесінің құрдасы келіп, жатып алған досының қасына отырып:
- Ә...Жатырмысың...Жат, жата ғой, әй, Құрманбай, ананы қара, қыздар кетіп бара жатыр десе...
Жатқан шал:
«Қане?» - деп басын көтерген екен...

Біздің ауылда шалы қайтыс болған бір кемпір науқастанып қалыпты. Балаларының апармаған дәрігері, көрсетпеген бақсысы қалмапты. Бір күні алыстан бір мықты тәуіп алдырыпты. Тәуіп кемпірді тексеріп көріп, балаларына:
- Шешелеріңнің ауруы жоқ екен, сендер бұл кісіні жазылсын десеңдер, бір шал тауып беріңдер, - депті. Мұны естіген балалары тәуіпке ренжіп: «Біздің бір кемпірді бағуға шамамыз келеді», - деп шамданыпты. Ал мұның барлығын естіп отырған шешесі: «Балаларым, бұл тәуіп өте мықты тәуіп екен, осының айтқанын бір сынап көрмейсіңдер ме?» - деген екен.

Бірде тойда дастархан басына голубцы әкелді. Қасымдағы апа: «жақсы тамақ екен, үйдегі келінге пісіртіп жейін десем, аты орысша екен, қазақшалап бересің бе» дегені. Содан: «апа, анау тұрған бұрыш, ішіне тыққан күріш, қасындағысы капуста, ішіндегісі закуска» дей салдым. Естіген жұрт қыран топан күлкіге батты.

Немересі атасынан сұрайды екен?
-Ата, сен жас кезіңде футбол ойнадың ба?
- Ойнадым. Допты басыңмен ұрған кездерің болды ма?
- Ооу, болды ғой, мен қатты ұратын едім
- е, сол екен ғой, басыңызда түк тұрмайтыны.

Бірде шал мен кемпір жас күндерін еске түсіріп, саябақта қыдырып жүрсе керек. Айнала толы – жас қыздар мен жігіттер.
- Әй кемпір, осылардай кезімізде қайтушы едік, - деп кемпірін құшағына қысып алып, сүйе кетеді. Осы сәтте олардың қасына келген тәртіп сақшысы:
- Қоғамдық орында тәртіп сақтамағандарыңыз үшін айыппұл төлейсіздер. Ата, сізден – 500 теңге, сізден апа – 1500 теңге.
Бұған ашуланған шал:
- Бәрін бастаған - мен, сондықтан да айыппұлдың ең көбін мен төлеуім керек қой.
- Кешіріңіз, ақсақал, мен сізді бірінші рет көріп тұрмын, сол үшін де аз төлейсіз. Ал бұл кемпір осымен үшінші рет көзге түсіп отыр...

10. Көлік, МАИ қызметкерлері туралы күлдіргі әңгімелер...
▼

Көше тәртібін бұзып, сол жақпен кетіп бара жатқан көлікті МАИ қызметкері тоқтатады.
- Жол ережесін өрескел бұзып, қайда асығып бара жатырсыз?
- Оны өзім де білмеймін. Не де болса кешіккенім анық. Өйткені бәрі кері қайтып келе жатыр.

МАИ инспекторы «Мерседес» көлігін тоқтатады. Көлік тоқтағанмен одан иесі түсе қоймайды. Инспектордың шыдамы таусылып, көлікке жақындайды. Көлік иесі терезені ашады.
- Ақша саған керек пе, әлде маған ба?

Машинамен жолда келе жатқан ерлі-зайыптылар МАИ қызметкерлерін жиі кездестіреді.
Әйелі:
- Бұл көшедегі МАИ-дың барлығы семіріп кеткен бе, немене? – деп таңданса керек.
Күйеуі:
- Олар бронежилет киіп тұрған шығар – дейді.
Әйелі:
- Қойшы тегі, беттеріне де киіп алған ба? – депті.

Қағытпа
Жолаушыларға лық толы автобус. Бір аялдамадан автобусқа мінген кемпір алдыңғы қатарда отырған жас жігіттің қасына келіп тұрады. Жас жігіт әлгі кемпірден:
- Апа, аяғыңыз ауырып тұр ма? – деп сұрапты.
- Иә, айналайын, аяғым сырқырап ауырып тұр.
- Апа, жас кезіңізде қарттарға орын беруші ме едіңіз?
- Иә, қарағым, үлкен кісінің автобусқа кіргенің көрсем, отырған жерімнен қарғып тұрып орын беретін едім.
- Е-е, жас кезіңізде қарттарға орынды көп бергендіктен ғой аяғыңыздың ауыратыны...

Заулап келе жатқан көлікті тоқтатқан МАИ қызметкері жүргізушіге:
- Жылдамдықты арттырған үшін салынатын айыппұл көлемін білесің бе?
- Жоқ.
- Ендеше біліп қой – 20 мың!
- Қауіпсіздік белбеуін тақпаса ше?
- Онда 7 мың бересің!
- Ортадағы бөлі сызығын қиып өтсе ше?
- Оған? Кемінде 10 мың!
- Ішіп алып айдағандарға не істейсіңдер?
- Правосын алып қоямыз.
- Ал бірден қатты жылдамдықпен, белбеу тақпай, сызықты кесіп өтіп, ішіп алып көлік айдаса не болады?
- Онда «бинго» болады!

Бір байдың көлігі аяқастынан бұзылып қалып автобусқа отыруына тура келеді. Кондуктор:
- Бауыржан Момышұлы, түсеміз! Жұмағали Саин, дайындаламыз!
Сәлден кейін:
- Жұбанов, дайындаламыз!
- Бауырым, менің аты-жөнімді қашан айтасың, мен қазір түсуім керек.

Әйелі күйеуіне:
- Жаным, көлігімді бүлдіріп алдым. Корбюраторға су кіріп кетті ғой деймін.
- Жүр көрейік, көлігің қайда?
- Көлге батып кетіп еді..

Білгім келген бір сұрақ:
- Қытай мен МАИ қызметкерінің ұқсастығы неде?
- Екеуі де тамақты таяқпен жейді.

Жол полициясы басқармасы келесі айдан бастап жаңа үлгідегі радарлар қолданысқа енгізетін болды. Жаңа құралдың ерекшелігі – ол қатты жүрген көліктердің жылдамдығын емес, жүргізушіге бірден қанша ақша төлеуі керек екендігін көсретеді.

Әйелі ертеңгілік жұмыртқа қуырып жатыр. Кенет ас үйге күйеуі жүгіріп келеді:
- Дұрыстап қуыр, абайла! Құдай-ау, майын көбірек құйсаңшы! Сонша көп жұмыртқаны бірден қуырып жатырсың ба?! Аударыстыр!!! Тап қазір аударыстыр деймін! Жұмыртқа қуырғанда осы мені ешқашан тыңдамайсың! Ешқашан!!! Тұз септің бе? Ылғи да ұмытып кетесің!!! Тұззз деймін!
Әйелі күйеуіне аңтарыла қарап:
- Не болған өзіңе? Жұмыртқаны пісіре алмайды деп ойлап тұрсың ба?
Күйеуі жаймен ғана:
- Саған менің машина айдап келе жатқанда қандай күйде болатынымды сезіндірейін дегенім ғой.

Жол бойында МАИ қызметкері көлікті тоқтатып, жүргізушіге:
- 100 доллар беріңіз. Әйтпесе сіздің көлігіңіз бен өзіңізді де қамауға аламыз.
- Басеке, мен ереже бұзған жоқпын ғой.
- Маған не қыл дейсің. Сен қашан ереже бұзады деп күтіп жүреді екенбіз ғой, сол...

МАИ инспекторы "Мерседес" көлігін тоқтатты.
Мәшинеден "жаңа қазақ" шықты. Инспектор:
- Ішіп алыпсың ғой. Қне, үрле!..
"Жаңа қазақ" қалтасынан жүз доллары алып ұсынды.
- Түкке түсінбей тұрмын. Тағы бір рет үрле!
"Жаңа қазақ" енді елу доллар береді.
" -Түу... ештеңе түсінер емеспін, бірінші жолғыдай қайта үрлеші!

11. Науқас пен Дәрігерлер туралы күлдіргі әңгімелер...
▼

Хирург Қойлыбай балаларды сүндеттеп жүрсе керек.
- Осы аптада мына бала жиырма бірінші болады, - депті дәрігер кезекті операциядан соң айналасына ризашылықпен қарап. Сонда еңбекшілік Оразхан деген жігіт:
- Бір табақ ет болды десеңізші – деп күліпті. /Ермахан Шайыхұлынан/
- Мына басыңдағы ісік пе?
- Кеше сатыдан құлап қалып едім. Дәрігерге көрініп келе жатқан бетім.
- Иә, дәрігер не дейді?
- Басыңда миың болмағаны жақсы болды, болмаса шайқалатын елі, - дейді.

Дәрігер науқастан:
- Төсекке жатқанда тез арада ұйықтап кетесіз бе? – деп сұрайды.
- Үшке дейін санаймын да ұйықтап кетемін.
- Үшке дейін-ақ па?
- Кейде таңғы төртке дейін.....

Дәрігердің бөлмесіне науқас кіреді:
- Геморрой!
Дәрігер:
- Шалбарыңызды шешіңіз (Шешеді).
- Еңкейіңіз! (Еңкейеді).
- Ешқандай да геморройыңыз жоқ!
Науқас:
- Жоқ, менің тегім – Геморрой! Негізінде азу тісім ауырады.
- Онда маған несіне келдіңіз? Мен стоматолог емес, проктологпын!
- Білмей қалдым...
Дәрігер:
- Онда неменеге шалбарыңды шешесің? – деп сұрапты.
Сөйтсе науқас:
- Қайдан білейін! Сізді тісімнің түп-тамырын қарайтын шығар деп ойладым, - деген екен.

Емханада:
- Бір операцияға 10 мың доллар тым көп емес пе?
Мен бала-шаға асырап отырған адаммын ғой.
- Біз де бала-шағамыз аш отырмасын деп жүрміз ғой.

- Иттің инфаркт алуы мүмкін бе?
- Егерде оған адамға жасаған жағдайды жасасаң, әбден мүмкін.

- Дәрігер мен есте сақтау қабілетімді жоғалтым-ау деймін.
- Қай уақыттан бастап?
- Былтырғы жылдың 14 наурызында сегізден он бес минут кеткенде. Ол күн жексенбі болатын.

Ауру адамды моргке апара жатыр.
- Мен әлі өлген жоқпын.
- Біз де әлі жеткен жоқпыз.

Көшенің ортасын қиып өтем деген бір итті көлік қағып кетеді. Бірақ ол итің көлік қаққаннан бірден өлмепті. Біріншіден, қатты келе жатқан көліктің күшінен кері ұшып, электр бағанына ілініп қалыпты. Итті тоқ ұрып өлді деп ойлап отырған шығарсыздар. Олай да емес. Бағаннан – балконға, балконнан – кранға, краннан – тасқа, тастан қайтадан бағанаға ұшып бара жатқан жерінен иесі көріп қалып, «қиналып өлмесін деп басынан таспен бірақ ұрды. Алайда иттің өліміне иесі әлгі көліктің жүргізушісін кіналайды.

Дәрігер науқасқа:
- Сіз кеше ұйықтар алдында менің айтқанымды жасадыңыз ба?
- Иә, бірақ 98758962- ге дейін ғана санай алдым.
- Осыдан кейін ұйықтап кеттіңіз бе?
- Бұл кезде тұратын уақыт келіп қалды емес пе?

Бір жігіт жұмақта ішек-сілесі қатып күліп отыр. Одан періштелер сұрайды:
- Сен неге мәзсің деп?
- Хирургке күліп отырмын, мен әлдеқашан өліп қалдым, ал ол маған әлі операция жасап жатыр.

Дәрігерге науқас келіп:
- Доктор менің ішім ауырып тұр.
- Арақ ішуші ме едің?
- Ішемін, бірақ түк көмектеспеді.

Дәріханаға бір келіншек келіп:
- Маған адамды жүдететін әрі арзан, әрі сапалы дәрі керек еді. Сіздерде бар ма?
- Бар.
- Пластырь.
- Оны қалай қолданады?
- Аузыңа жапсырып қоясыз.

- Апа бүгін бізге дәрі екті.
- Қызым, сен жыламаған шығарсың?
- Жоқ, апа, олар мені қуып жете алған жоқ.

- Дәрігер, алмамен арықтайтын диетаның көмегі болмады ғой?!
- алманы жусыз ба?
- иә.
- онда жумай жеп көріңізші.

12. Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелер
▼

Бір күні Темірлан Қожанасырмен әңгімелесіп отырып, Қожекеңнің шапанының бір кішкентай жыртық жерін байқап, соған саусағын тығып айналдыра береді. Жыртық ұлғая түседі. Әңгіме желісімен Темірлан:
- Қожеке, осы адам баласының ақылы кемігені қай уақытта білінеді? – деп сұрайды.
- Бәлкім, жанында отырған адамның шапанын саусағымен тескен заманда болса керек, - жеген екен Қожа.

Есегім көрінбей ме?
Бірде Қожанасыр өзінің мініп жүрген есегін жоғалтып алады. Онысын өзі жаяулатып іздеп жүреді. Бір кезде ашық тұрған қораны көреді де, солай қарай тарта жөнеледі. Қораға кіріп, ішін аралап жүргенде, бір қыз бен жігіттің сүйісіп тұрғанын байқап қалады. Жігіт өзінің қызына:
- Мөлдіреген көздеріңнен дүние көрінеді! – деп айтады. Сол уақытта Қожа атып шығып:
- Менің есегім көрінбей ме? – десе керек.

оқырман Саяттың қосқан әңгімесі
Бір күні Қожанасырдың сағаты аяқ астынан бұзылып, жүрмей қалыпты. Қожекең сағатты әрі сілкілеп көреді, бері сілкілеп көреді. Сағат жүрмейді. Міз бақпай бір орнында тұрып алады. Содан ол: "бұған не болды екен?" деп сағатты ашып көреді. Сөйтсе ішінде бір шыбын өліп жатыр екен. Сонда Қожанасыр басын шайқап; "Неге жүрмейді десем, бұл пәтшағардың шопыры өліп қалған екен ғой!" депті.

Бірде Қожанасыр бір үлкен ағаштың астында демалып жатып:
- Осы талда қанша жапырақ болса, менің сонша малым болса ғой шіркін, – деп ойланып, қиялдаса керек. Оны бір көршісі естіп қойып:
- Қожеке, сонша малыңыз болса, менімен бөлісер ме едіңіз? – депті. Сонда Қожанысыр:
- Ой, біреудің мал-мүлкіне ортақтасқанша, басқа тал тауып алмайсың ба? – дейді.

13. Әйелі мен күйеуі жайлы күлдіргі әңгімелер, күйдіргілер...
▼

Әйелі іссапарға кетеді. Екі күннен кейін күйеуі SMS жазады: "Қасық, пышақ, шанышқының бәрі қайда кеткен?" деп. Әйелінің жауабы "Үйге қон" болады. Күйеуі түк түсінбейді. Бір аптадан кейін әйелі іссапардан келеді. Күйеуі зілмен қарсы алып:
- Қасық, шанышқыларды бірге ала кеткенсің бе? дейді. Әйелі үнсіз ғана қолынан ұстап, күйеуін жататын бөлмеге алып барады да, көрпені ашып қалады. Қасық, шанышқының бәрі сонда жатыр екен.
- Айттым ғой, "үйге қон" деп саған депті әйелі.

Түс жорытпақ болған біреу жолаушыға түсінің басын айтып, аяғын ұмытып қалыпты. Түсінде әйелін де көрген болу керек:
- Ей, сонда сен де бар едің ғой, қалғанын сен айтшы, - деп әйеліне қарапты.

- Әке, "пингвиндер - әбден семіріп кеткен қарлығаштар" деген рас па?
- Рас, балам. Әкең де әу баста қарлығашқа үйленіп еді ғой, енді, әне, көрмейсің бе?

Баласы отбасын құрмақ болып, әкесіне өмірлік жарын таныстырады:
- Әке, міне, келініңіз! Біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Сондықтан үйленетін болып шештік.
Әкесі:
- Балам, бұл қызға үйленбе! Ол - сенің қарындасың болады.
- Қалай қарындасым?
- Түсінесің бе.... жас кезімде қыздарға көп барып едім.
Оны естіген баласы әлгі қыздан бас тартып, біраз уақыттан кейін екінші қызды таныстыруға әкеледі.
Сонда әкесі:
- Балам, бұған да үйлене көрме! Ол да - сенің қарындасың, - депті.
Әкесінен көңілі қалған баласы анасына барып, болған оқиғаны айтып береді. Сөйтсе, анасы:
- Үйлене бер, балам! Ол сенің әкең емес, - деген екен.

Ажырасып жатқан күйеуі сотта:
"Әйелім киімімді жумайды, үтіктемейді, тамағымды пісірмейді." деп шағымданады.
Әйелі:
"Енді не істе дейсіңдер! кір жуғыш машина жоқ, үтік сынып тұр, ал газдың біткені қашан!..." деген уәж айтады.

/gulzhamal_k қосқан әзіл/ Түнде әйелі күйеуін оятатын көрінеді "тоңып жатырмын"-деп. Күйеуі атып тұрып көрпе жауып береді. Тағы оятады дейді "Ыстықтап бара жатырмын"-деп. Күйеуі енді көрпені ашып тастапты. Біраздан соң, әйелі тағы оятады екен: "Маған еркектің ыстық құшагы керек". Күйеуі ренжіпті "Туу, алла сақтасын, енді түңгі екіде саған еркекті қайдан тауып беремін"-деп.

Қалай ғана үйлестіріп жүр?
Үш жаңа қазақ балаларын айтып мақтанып отырса керек:
- Ұлым өзіме тартқан іскер. Жылжымайтын мүлікпен айналысады. Ісі оңға басып тұр. Өткенде досына Париждегі пәтерін сыйға берді.
- Менің де ұлым іскер. Қымбат мәшинелер сататын автосалоны бар. Ұсақтанбайды, досына бір су жаңа «Ferrari» сыйлады.
- Біздің бала да жарап тұр – банк ұйымдастырып, аяғына тұрып кетті. Түсінесің бе, досына көлемді несие берді 30 жылға,процентсіз...
Соның арасында оларға төртінші жаңа қазақ қосылады:
- Не айтып жатырсыңдар?
- Бала туралы.
- Ал менің балам, қызтеке! Болмай қалғыр! Сонда да, Парижде пәтері бар, астында «Ferrari», күні кеше 30 жылға процентсіз несие алды. Қалай ғана үйлестіріп жүр, білмеймін...

Сән үлгісін көрсететін журналды оқып отырған әйелі күйеуіне:
- Жаным, биыл түймесіз костюммен жүру сәнге айналады екен.
- Жақсы болды, демек, мен саған үйленген 15 жыл бойы сәнді киінген екенмін ғой...

Құрбы қыздар кездесіп қалады.
- Ой, кеше сенің күйеуіңмен кездесіп қалдым. Анекдотты қандай жақсы айтады. Күлкіден төсегіме құлай жаздадым.

Күйеуі іссапардан келсе, үйінде бір еркек ұйқыны соғып жатыр екен. Ашуланған ол әйеліне:
- Мынауың кім?
- Кім болушы еді? Маған тонды, саған көлікті кім әперді?
Дубайға жолдама беріп, саяжайымызды жөндеп берген кім? Жұмысымыз бар, Құдайға шүкір, балалар тоқ. Осының бәрі кімнің арқасы деп ойлайсың?
- Онда, тым болмаса, үстіне көрпе жауып қоймайсың ба, жаураған шығар байғұс.....

Екі әйел әңгімелесіп отыр.
- Осы күйеуімді бір тәртіпке шақыра алмай-ақ қойдым.
- Ол қандай тәртіп?
- Әмиянын өмірі бір жерге тықпайды.
- Бүкіл еркек сол ғой.

Екі әйел әңгімелесіп отыр.
- Естідің бе, сенің бұрынғы күйеуің жұмысқа тұрыпты.
- Мен оның ақша үшін неге болса да баратын бұрыннан білгем.

Күйеуі мен әйелі әңгімелесіп отыр.
- Біздің шатырды жөндеген ұстаны білесің бе? – дейді күйеуі әйеліне.
- Иә, білемін.
- Соны көлік қағып кетіп, қайтыс болыпты.
- Бұл өмір не боп барады өзі. Енді шатырда да еркін жүре алмайтын болдық қой.

Бір әйел көріпкелге келіп:
- Бес жыл бұрын сіз маған «күйеуіңіз және бес балаңыз болады» деп едіңіз, - дейді.
- Иә, қалай болды?
- Солай болды, бес бала таптым.
- Айтқаным айдай келіпті ғой. Енді не дейсің?
- Бәрі дұрыс қой. Бірақ күйеуім қашан болады?

Әйелі мен күйеуі театрда концерт көріп отыр.
Әйелі сахнадағы оркестрдің дирижерін меңзеп:
- Моцарт деген осы ма?
- Білмей тұрмын, теріс қарап тұр ғой....

- Бұрын әйелдер ертелі-кеш ерлерінің атын атамай, «Біздің үйдің кісісі», «Әкесі», «Отағасы» деген екен.
- Қазіргі әйелдер де ерлерінің атын атамай; «Албасты», «Малғұн», «Сұмырай», «Алқаш», деп шұбыртатын болды ғой.

Бұрынғы әйелдерге туған күніне етік әперем десең, шаттанатын. Ал , қазір «Жигули» әперем десең;
- «Жигули?». Неге иномарка е-емес?! – деп, талып қалады.

Екі күн бойы үйіне түнемеген әйел күйеуіне:
- Сен не бір қорқынышты нәрселерді ойлаған шығарсың? – дейді еркелеп.
- «Иә, қашан келіп қаларсың екен?» деп қорыққаным рас.

Ертеде Жаукен дейтін бір азамат серілік құрып жұмыстан үйге ылғи кешігіп, кейде қона-жатып келеді екен. Әйелі әрі ренжиді, бері ренжиді. Анау мұны құлағына да қыстырмайды. Сосын «жөндесе осы жөндер» деп оның бір қылығын Қабат деген құрдасына айтады. Ол мұны тыңдап болып:
- Әй, оған несіне ренжисің? Ер адам аңшы сияқты ғой. Бір күні оғы таусылғанда өзі-ақ келеді, - дейді. Ана әйел қарап отырмай:
- Ондай оғы таусылған аңшы бізге не керек – деген екен.

- Құрбым, сенің күйеуіңнің кешке үйге келмей қалатын күні болды ма?
- Тек бір-ақ рет, үйленгеннен кейін бір айдан соң келмей қалды. Бірақ мен әлі де келеді деген үміттемін.

Әйелі күйеуіне:
- Біздің телефонға не болған? Әлгінде құрбыммен сөйлесіп едім, бір сөзін де түсінбедім, - десе керек.
Сонда күйеуі:
- Екеуің кезек-кезек сөйлесеңдер, түсінер едіңдер ғой, - депті.

Бір келіншек психиатрға қаралуға келеді:
- Бір ай болды, күнде түсімде күйеуімді көре беремін.
- Жақсы емес пе қайта...
- Көргім келмейді сол оңбағанды.

- Әйелді басқарудың екі әдісі бар, бірақ оны ешкім білмейді;

Күйеуі әйеліне:
- Жаным, демалыс күндері достарыммен тағы да аңға шығатын шығармын...
- Бара бер, сені ешкім мүйізіңнен ұстап отырған жоқ қой.

Бір еркек дүкенге келеді:
- 8 наурыз мерекесі ғой. Қандай сыйлық алсам болады?
- Әйеліңізге ме, әлде қымбатырағы керек пе?

- Ереке, соңғы уақытта мазаң болмай жүрген сияқты.
- Ұйқым бұзылып, үрей билеп...
- Не болды?
- Бұрынғы әйелім бесінші күйеуінен ажырасып, қайтадан біріншісіне қосылыпты...
- Онда тұрған не бар?!
- Мен оның екінші күйеуімін ғой...

- Бәке, кеше кешкілік паркте жаныңда отырған сымбатты бикеш сіздің қызыңыз болар?
- Әлбетте! Басқа кім болушы еді... тек сол көргеніңді әйеліме айта көрмеші...

- Жәке,сен білесің бе, менің әйелім сұмдық ақылды. Ол өзінің ескі көйлегінен маған тамаша галстук тігіп берді.
- Тәйірі, сол да ақылдылық па! Ал біздікі менің ескі галстуктарымнан өзіне тамаша көйлек тігіп алды.

Әйелдердің көз жанары ерлердікіне қарағанда, өзгеше келеді. Олар қарсы алдында тұрған гараждың есігін көрмей қап, тарс соғылуы мүмкін, бірақ сіздің костюміңіздің өңіріне жабысқан қыздың бір тал шашын сонадайдан-ақ көріп қояды.

- Әйелдер негізінен үндемейтін, біртоға еркектерді жақсы көреді.
- Неге?
- Өйткені, олардың тым-тырыс отырғанын «мені тыңдап отыр» деп ұғады...

Көңілсіз келген әйеліне күйеуі:
- Қабағың қату, не болды? – деп еді, келіншегі:
- Ашуымды келтіргені – ылғи саған сыйлық алайын деп дүкендерді араласам – тек маған ғана лайықты заттар кездеседі! – деді.

Әйелі күйеуінің бөлмесіне кіріп, тіл қатады:
- Әкесі, қоқысты төгіп келсеңші!
- Отырғаным осы ғой!
- Оған дейін не істеп едің?
- Жатып демалдым емес пе!

Сұрақ-жауап:
- Сіз әйеліңізбен 40 жыл бірге өмір сүргеніңізді қалайша есепке алмайсыз? Не үшін жас әйел алдыңыз?
- Сендер не түсінесіңдер? Кәрі кемпірмен тұру оңай дейсіңдер ме? Түнімен оны күзетіп шығасың, дәрісін бересің, терезені ашып, үйге таза ауа кіргізесің, аяғын уқалайсың, айтқанының бәріне көнесің... Ал жас әйел қыдырыстап үйде тұрмайды ғой... Ең болмаса ұйқың тыныш болады.

Психолог тұжырымдамасы:
«Көптеген еркектер үй жинаған әйелге көмектесу - әйелдер еден жуып жатқанда екі аяқты көтеріп отыру ғана деп ойлайды».

Мен қырық жасқа келгенімді мойындамаймын! Мен 22 жылдық тәжірибесі бар 18 жастағы бикешпін!

- Ал мен өмірімде үш рет үйленгенмін. Сондықтан да әйелге не керек екенін жақсы білемін.
- Не керек екен сонда?
- Жақсы күйеу!...

- Сен кімсің?!
- Ұйқыдағы арумын!
- Түрің неге сонша қорқынышты?
- Оянғаным жаңа ғана!

Еркектер 8- ші наурызда әйелдер үшін барын салып-ақ бағады. Мәселен, шалбарын үтіктейді, бәтеңкесін тазалайды, моншаға барып келіп сықия киінеді, бет-аузында қылтанақ қалдырмай қырынып та алады. Сөйтіп, жөнге келіп қосағының денсаулығы үшін алып та қояды.

Жылдағы екі күнді – 1 қыркүйек пен 8 наурызды гүл сатушылардың мерекесі әрі берекесі деуге болады.

Егер еркек киетінім болмай тұр десе, онда оның таза киімдерінің біткені.
Егер әйел киетінім болмай тұр десе, онда оның жаңа киімдерінің болмағаны.

Таңертең әйелі күйеуіне оятып жатып:
- Қымбаттым! Бүгін үйленгенімізге 20 жыл толды ғой, деймін...
- Қой-ей...
- Сол қорадағы қойды соя салсақ қайтеді?!
- Қой байғұстың не кінәсі бар еді?

Іссапардан түнделетіп оралған жігіт үйінен шығып бара жатқан бөтен еркекті кезіктіреді:
- Ей сен кімсің?
- Аяз Атамын.
- Жазда неғып жүрсің?
- Жаз болса да балаларды құттықтап шығайын деп.
- Сақал-мұртың қайда?
- Күн ыстық, тазалық үшін алдырып тастадым.

Екі дос кездесіп қалады:
- Сен неге толқып тұрсың?
- Үш күн бұрын әйелім газет алып келуге кеткен, әлі келген жоқ.
- Онда тұрған не бар, бар-жоғы үш-ақ күн газет оқымай қалған шығарсың.

Әйелі күйеуіне:
- Мен ұрса бастағанда, сен неге сағатқа қарай бересің? – деп сұраса, күйеуі:
- Қымбаттым, кім бірінші тоқтайды екен – сен бе, әлде сағат па деп қараймын, - деп әзілдей жауап беріпті.
Осындай әзілі мен шыны ылғи да қатар жүретін, жүрегі кең азаматтарымыз үшін!

14. Жүніс Қоқышұлынан
▼
15. Берік Садырдан
▼

- Әке, сіздер коммунизмнің белсенді құрылысшылары болыпсыздар ғой?
- Болдық, сосын құрылыс материалдары жетпегенсін – қойдық...

- Мына басыңдағы ісік пе?
- Кеше сатыдан құлап қалып едім. Дәрігерге көрініп келе жатқан бетім.
- Иә, дәрігер не дейді?
- Басыңда миың болмағаны жақсы болды, болмаса шайқалатын елі, - дейді.

- Үйсіз қала, сусыз өзен-көл, Талшыбықсыз ну орман қайда болады?
Географиялық картада.

- Кімнің алдында елдің бәрі бас киімін шешуге мәжбүр болады?
- Шаштараздың алдында.

- Балықтың қай түрі ең бағалы болып саналады?
- «Алтын балық».

- Байқамай қасығың мен шанышқыңды жұтып қойдың. Не істеген абзал?
- Тамағыңды қолмен жеуге тура келеді.

Үйіне кіріп келген күйеуіне әйелі:
- Балаң күннен-күнге өзіңнен аумай бара жатыр, - дейді.
- Балам, бері кел! Бүгін тағы не бүлдірдің?

Армян радиосынан сұрайды:
- Суға батып бара жатқан шенеунікке жіптің қай ұшын берген дұрыс?
- Екеуін де...

Таңертең жұмысқа келдім. Сырт киімімді шешіп, ілгішке ілдім. Компьютерді қостым. Бірақ интернетке кіре алмадым. Амал жоқ, жұмыс істеуге тура келді.

Футболист күнделігінен:
«10 тамыз. Кеше топ бастаушылармен 2:2 есебімен тең ойнадық. Мен 4 доп соқтым.

16. "Айқын" газетінің беттерінен
▼
17. Орынбасар Әлжік Қызылорда қаласы
▼

Жылы сөз
- Әйелеке, маған жылы сөз айтшы?
- Дубленка.

Шаймен ішпеу
Елде Шәймен деген адам көп ішеді екен.бірде қонақта отырған кезде әлдекім:
- Етте біраз сілтедік қой, енді шаймен ішпейік дейді.
Бұл сөзді естіген әрі қызып қалған Шәймен еліріп:
- Әй, Шәймен неге ішпейсіңдер? – деп шатақ шығарыпты.

Жылу жайлы
- Осы біреулердің түсі суық, біреулердің түсі жылы болады. Неге олай?
- Ол жылуға байланысты.
- Неге?
- Үйі суық адамның түсі суық, үйі жылы адамның түсі жылы болады, шырақ.

Жерік болу
- Жерікпін.
- Неге?
- Не болса да табасың ба?
- Сөз жоқ, айт.
- Долларға.

«41- ге келем»
- Жасың 40-қа келді, осылай жата бересің бе, не істейсің?
- 41-ге келем.

Ректордың баяндамасы
«Біздің оқу орны биыл 2 мыңға жуық надандар, тойст мамандар дайындайды».

Алқаштың Жаратқанға жауабы
- Аяғыңды алайын ба?
- Мейлі.
- Қолыңды алайын ба?
- Мейлі.
- Көзіңді алайын ба?
- Мейлі.
- Тісіңді алайын ба?
- Жо...жоқ. Тісімді алмаңыз.
- Неге?
- Бөтелкені немен ашам?

Ретін табу
- Ретін тауып, бір көшені өзімнің атыма алып алсам деп жүрмін.
- Ол үшін алдымен ретін тауып, өліп алу керек қой.

Хаттың сыры
- Папасы, студент балаңнан хат келді, оқиын ба?
- Қажеті жоқ, қанша ақша сұрайды, соны айт.

Өрт сөндірушінің арманы
- Шіркін-ай, бізге өрт болардан бір сағат ерте хабарласа ғой.

Ілу
Жігіт:
- Бүркіт боп іліп кетейін бе?
Қыз:
- Бүркіт айтпай-ақ іліп кетеді.

Таңды таңға ұратын
- Баяғы жырауларды айтамын да,жырын бүгін бастаса тоқтамастан таңды таңға ұрып екі күн жырлайтын. Қазір қайда ондай жастар?
- Неге, қазір де бар ондай жастар. Тек қолына домбыра емес, арақ пен карта ұстат, сонда қалай таңды таңға ұратынын көресің.

Ажалдың «ажалы»
- Қарқам-ау, салдыр-салақ, олпы-солпы болып кетіпсің-ғой, бір кездегі сүйкімді кейпің, мүсін-тұлғаң қайда?
- Күйеуге тидім.

Қарызбайдың жауабы
- Дүние рахат не?
- Қарыз алу.
- Дүниеде азап не?
- Қарыз беру.
Сұйық тамақ
- Мен күйеуіме күнде тек қою тамақ істеп беремін.
- Сонда ол сұйық тамақ ішпей ме?
- Ол «сұйығын» үнемі сырттан ішіп келеді.

Түрту
Ертеректе бір уәкіл колхозға келіп, шаруашылықты аралау үшін өгіз жеккен арбаға мінеді. Арбакеш жол бойы өгізді «арам қатқыр» деп түртумен болады. Сонда уәкіл: «Әй, арбакеш, неге өгізді түрте бересің»,- деп жақтырмайды.
Сонда арбакеш:
- Түртпесе іс біте ме. мына сені ғой райком түртті. Сен басқарманы түрттің, басқарма бригадты, бригад мені түртті. Ал мен байғұс осы өгізді түртпегенде кімді түртпектеймін, - деген екен.

Біреудің баласы
Біреудің үйінде отырған қонақтың көзінше «әй, шошқаның баласы, бері кел» деп баласын шақырады.
Сонда мәдениетті әрі қу қонағы: «Мен бұл баланы Сіздікі ме деп отырсам, басқа біреудікі екен ғой», - деген екен.


Автор, редактор:
Юрист-консультант по семейному праву