RU KZ EN

Құттықтау тілектер - Ресми мерекелерге - ҚР Тұңғыш Президенті күні

FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.

1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау...
▼

Шындығында, мемлекет басшысының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Осы егемендігіміз арқасында тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Міне, халық сайлаған Елбасы әрқашан осындай жарқын істердің шыңынан табылып отырды. Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғаннан бері де жиырма жылдан асты. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды. Әлемдегі жоғары дамыған өркениетті мемлекеттермен тәуелсіз Қазақстан терезесі тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет болып қалыптасты. Мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылдық деп барша қазақстандықтар сияқты оралдықтар да мақтанышпен айта алады. Қазіргі таңда кең байтақ елімізде Елбасының бастамасымен атқарылып жатқан игі істер тәуелсіз Қазақстанды бұдан да биік шыңдарға көтереріне біздің ешқандай күмәніміз жоқ. Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірменді жерлестер!
[url=http://][/url]

2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау...
▼

Қызылорда қаласы әкімінің құттықтауы
Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды өз тарихымызда алғаш рет тойланғалы отырған жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл - ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалар ғаламаттар екі онжылдықта жүзеге асты.
Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту Сіз бен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.

Ардақты ағайын!
«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!
Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі - Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!
[url=http://][/url]

3. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау...
▼

Бурабай аудандық мәслихатының құттықтауы
Сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін.
[url=http://][/url]

4. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау...
▼

Қостанай қалалық мәслихатының құттықтауы
Сіздерді келе жатқан мемлекеттік мереке – Қазақстанның алғашқы Президенті Күнімен құттықтаймын!

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Конституцияның панасын, адамның құқығын және бейбітшілігін қамсыздандырған, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы болып табылады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан жаңа замаңғы бәсекеге қабілетті ел болып таңылды.
Тұрақтылық және қоғамдық келісім, сыртқы саяси жауапты бағамы – елдің халықаралық беделінің өсуі үшін берік негіз болды. Біздің Президентіміз ең жаңа тарих жолын анықтайтын әлем көшбасшыларының шеңберіне кірді және бүгін оны әділетті түрде ұлт Көшбасшысы – Елбасы деп атайды. Күшті стратегия және мақсаттылықтың арқасында біз жолымызда тұрған әр кедергіні жетістікпен жеңіп аламыз.
Осы айрықша мәнді күні елдің игілігі үшін барлықтарыңызға зор денсаулық, мол бақыт, береке тілеймін!
[url=http://][/url]

5. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау...
▼


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесімен құттықтау Құрметті блогты пайдаланушылар! 2012 жылдың 1 желтоқсанында елімізде алғаш рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесі атап өтіледі. Мұндай елеулі күн Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегіне деген құрмет болып табылады. Ұлт Көшбасшысының тұрақты және жүйелі негізде атқарып келе жатқан өлшеусіз еңбегінің нәтижесінде Қазақстан серпінді даму жолына түсті, саяси, экономикалық және әлеуметтік, оның ішінде денсаулық сақтау саласы жаңғыртылуда. Әлемдегі экономикалық дағдарысқа қарамастан, елімізде әлеуметтік салаға бөлінетін шығын көлемі қысқартылмай, керісінше ұлғайып келеді. Елбасы бекіткен «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асырылуда. Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде әлеуметтік-психологиялық көмек қызметі құрылды. Трансплантология дамуда. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі кеңейтілуде. Көлік медицинасы халыққа қызмет көрсетуде. Президентіміз әрбір қазақстандық үшін өз денсаулығы ең жоғары құндылық екенін әрқашан айтып келеді. Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауының арқасында еліміздің денсаулық сақтау саласында инновациялар, озық технологиялар енгізілуде, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қазіргі заман талаптарына сай медициналық орталықтар мен клиникалар пайдалануға берілуде. Бұл іс-шаралардың барлығы халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Біз – қазақстандықтар өз еліміздің жеткен орасан зор жетістіктеріне қуанамыз және мақтанамыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесін атап өте отырып, Елбасымызға, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз. Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір және ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыстар тілеймін.


Поздравление с государственным праздником-Днем Первого Президента Республики Казахстан! Уважаемые посетители блога! 1 декабря 2012 года в Казахстане впервые отмечается государственный праздник - День Первого Президента Республики Казахстан. Празднование такой знаменательной даты является выражением Главе государства уважения за его заслуги перед казахстанским народом и страной. В результате постоянных и системных мер, предпринимаемых Лидером Нации Н.А. Назарбаевым, Казахстан динамично развивается, осуществляется политическая, экономическая и социальная модернизация, в том числе и в системе здравоохранения. Несмотря на продолжающийся мировой кризис, расходы государства на социальную сферу не сокращаются, а наоборот увеличиваются. Успешно реализуется Государственная программа «Саламатты Қазақстан», утвержденная Главой государства. Внедрена Национальная скрининговая программа. На уровне первичной медико-санитарной помощи созданы службы социально-психологической помощи. Развивается трансплантология. Расширяется гарантированный объем бесплатной медицинской помощи. Создана транспортная медицина. Президент страны всегда подчеркивает, что для каждого казахстанца высшей ценностью является его здоровье. Внедрение инноваций, передовых технологий в системе здравоохранения, ввод в эксплуатацию современных медицинских центров и клиник, оказывающих высокоспециализированную помощь, больниц, поликлиник осуществляется благодаря поддержке Главы государства. Все эти меры позволяют повысить качество медицинского обслуживания населения. Мы - казахстанцы гордимся достижениями своей страны. Празднуя День Первого Президента, отдаем дань уважения нашему Елбасы, его историческим заслугам в становлении и развитии государства. Поздравляя Вас с праздником, желаю крепкого здоровья, долгих лет жизни, благополучия Вам, Вашим родным, близким и успехов в труде на благо нашей республики.
[url=http://][/url]

6. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау...
▼

Қарағанды облысы әкімінің құттықтауы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен!!!
Құрметті облыс тұрғындары!
Бүгін біз барлық қазақстандықтармен бірге ерекше мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз. Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басшылығына қиын кезеңде келді. Алайда Мемлекет басшысының кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігері қиындықтарды жеңіп, елімізді экономикалық дамытудың келешектегі стратегиясын дайындап, қиын реформаларды іске асыра алды. Бүгінде бұл стратегияны бүкіл әлем жаңғыртудың қазақстандық үлгісі, дамудың қазақстандық жолы ретінде танып отыр.
Еңбек құндылығы мен жасампаздықты бекіте түсуге бағытталған маңызды бағдарламалық құжат ретінде Президенттің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын айтуға болады. Онда айтылған Президенттің идеясы Отанымыздың байлығын адал еңбегімен еселеп жатқан металлургтерге, шахтерлерге, ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне, мұғалімдерге және барша еңбек адамдарының жанына жақын әрі түсінікті.
Біздің еліміздің Президенті тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстары, әлемдік масштабтағы сарабдал саясаткер ретінде, өзінің халқына және Отанына барлық өмірін арнаған адам ретінде тарихта қалатын болады.
Осы жылдар ішінде Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында әлемдік бағытта келе жатыр. Қоғамдық саяси өмірдегі біздің табыстарымыз бен жетістіктеріміз мемлекетімізді әлемдік қауымдастықтың мойындауына мүмкіндік туғызып, өзінің лайықты орнын алды.
Біздің еліміздің және оның Президентінің халықаралық беделін Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, осы ұйымға қатысушылардың Астанада өткен Саммитін айтуға болады. Еліміздің және оның Президентінің жетістігі ретінде Қазақстанның БҰҰ-ның адам құқы жөніндегі кеңесіне сайлануын да мысал ретінде келтіруге болады. Ал, жақында ғана біздің астанамыз әлемдегі ең ірі ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізетін орынға айналды.
Еліміздің осындай ерен табыстарына қуана отырып, біздер тәуелсіздік жылдары Қазақстанның қол жеткізген жеңістері Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен атқарылғанын сезінеміз.
Біздің облыстың тұрғындары басқа қазақстандықтар тәрізді елімізде осындай Президент бар екенін, ол өзінің ашықтығымен, шыншылдығымен, халық алдындағы және тарих алдындағы жоғары жауапкершілігімен ерекшеленетіндігін мақтаныш тұтады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі және саяси өмір жолы басталған Қарағанды облысының барлық тұрғындары, кеншілер мен металлургтер, басқа да кәсіп өкілдері Елбасына біздің аймағымызға үнемі назар аударып, қамқорлық білдіргені үшін әрдайым риза. Сонымен қатар мұндай қамқорлық біздерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сол себепті біздің облысымыз Мемлекет басшысының экономикалық және саяси тірегі болып қала береді.
Қымбатты достар!
1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан халқы өзінің кемеңгер таңдауын жасады, уақыт бұл таңдаудың дұрыстығын көрсетті. Бүгінде біздер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен Қазақстан экономикалық гүлденген, демократиялық және әлеуметтік мемлекет болып қалыптасты деп толық сеніммен айта аламыз.
Сіздерді Тұңғыш Президент күні мерекесі шын жүректен құттықтаймыз!
Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын!
Еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жасасын!
[url=http://][/url]

7. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау...
▼

Құрметті бурабайлықтар!
Сіздерді, барлық қазақстандықтар үшін аса маңызды уақиға — Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991 жылдың 1 желтоқсанында, тарих бойынша алғашқы рет бірауыздан сайланған Күнімен құттықтаймын.
Бүкіл еуропалық қоғамдастықтар Қазақстанды, қарқынды даму үстіндегі жас мемлекет ретінде тани отыра, барлық салаларда өзара әрекет жасап, ең жоғары-деңгейде ынтымақтастық құруға әзір. Аталғандай абыройға біз тек қана Президенттің арқасында қол жеткіздік!
Біз, еліміздің экономикалық даму бағытында алып серпіліс жасап, қоғамды демократияландыру жолында қол жеткізген, айтарлықтай нәтижелерін мақтан етеміз. Бүгінгі Қазақстан — халықаралық қоғамдастықтың тең құқылы, құрметті және беделді мүшесі. Оның дәлелі — Қазақстанның ЕҚЫҰ (ОБСЕ)- де төрағалық етуі, Астанада өткен ел басшыларының салтанатты Саммиті, Ислам Конференциясы Ұйымдастығында төрағалық ету қошеметі, қасиетті Бурабай жерінде өткізілген 7-ші Азиялық Ойындар мен Алау Эстафетасы. ЕХРО-2017 шарасын Астана қаласында өткізу бойынша қазақстандық сұранымының жеңіп шығуы аталған жетістіктердің заңды жалғасына айналды. Бұл — қазақстандық даму жолының мойындалуы, Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімінің паш етілуі, жаңа астана мен оның зор мүмкіншілігінің танылуы деген сөз!
Қазақстан қоғамы, ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен, тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген және Қазақстанның гүлдену жолына, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін ары қарай жағастыратынына кәміл сенім білдіреміз.
Құрметті жерлестер! Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, отбасылық аманшылық, көптеген жетістіктер тілеймін. Сұлу өңірімізде бейбітшілік пен достық, өзара түсінушілік билік құра берсін!
[url=http://][/url]

8. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау...
▼

Әлемнің беделді сарапшы-ғалымдары, ірі саясаткерлері мен экономистері Қазақстан халқын Тұңғыш Президент күнімен құттықтауда. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірінші кезекте, халықтың қамын ойлайтын қайраткер. Инго Карл-Франц БЕТЦ, ГЕРМАНИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОНСУЛЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: - Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекет және оның халқы үшін зор жауапкершілік артылған. Үнемі халықтың қамын ойлайтын Мемлекет басшысына қайрат-жігер тілеймін. Қазақ экономикасы өркендеп, білімі мен ғылыми дами берсін. Өз тарапымнан Қазақстан мен неміс кәсіпкерлігінің ынтымақтастығы артуы үшін қолғабыс етуге дайынмын. Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Тэцуджи ТАНАКА,ЖАПОНИЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН КАВКАЗ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: - Басшының қызметін халық бағалағанға не жетсін. Барлық қазақ халқын Тұңғыш Президент күнімен құттықтағым келеді. Нұрсұлтан Назарбаев басқарған Қазақстан биік белестерді бағындырды, экономикалық көрсеткіші, жан басына шаққандағы Ішкі Жалпы Өнімі артып келеді. Қазақстан халқы мен Президентке тек жақсылық тілейміз. СТЕПАН МЕСИЧ, ХОРВАТИЯНЫҢ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ: - Хорват халқыма не тілеген болсам, қазақ еліне де ниетім сондай түзу. Экономикалық өсім, зайырлылық, адам құқықтарын сақтаған ел болып, өсіп, өрлей беріңіздер. Қазақ халқы әлем елдеріне үлгі болсын, Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Вадим АВАНЕСОВ, «ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ИЗМЕРЕНИЯ» ЖУРНАЛЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ, ПРОФЕССОР, РЕСЕЙ: - Қазақстанды Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Бұл - көрнекті тұлғаның мерекесі. Мұндай аса беделді көшбасшылар қазір арамызда аз. Мен соғыс ардагерімен әңгімелескенімде: «Қазақстан халқы басшысымен бақытты» дегені бар. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның қуатты мемлекет болып қалыптасуы үшін қыруар іс атқарды, әсіресе адам капиталының жақсаруы үшін жасаған істері орасан. Барлық атқарылған шараларды бүгін анық көруге болады.
[url=http://][/url][url=http://][/url]

9. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау...
▼

ЕҰУ ректорының құттықтауы
Биыл Қазақстанда алғаш рет 1 желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президенті күні – мемлекеттік мереке аталып өтпек.
Қазақстан атты еліміздің, Тәуел­сіздік атты басты құнды­лы­ғы­мыздың си­но­ни­міне айналған Тұң­ғыш Прези­дентіміз Нұрсұл­тан Әбіш­­ұлы Назар­баевтың тәуелсіздік жолында атқарған істері мен ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. Елба­сы­ның тәуелсіздік туын қолға ұста­ғалы бері әлем алдындағы, еліміз халық­тары алдындағы көр­се­тіп келе жатқан ұлан-ғайыр қажыр-қайраты қайран қалдырады.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, ел сенімін арқалаған сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланған болатын.
Қазақстан бүгінде Орталық Азия елдері ішінде экономикасы, әлеуеті дамыған, әлем таныған мемлекет болып дараланды. Ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы - Қазақстан-2030 Стратегиясын жүзеге асыру, ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы, «еуразияшылдық» идеясының тұжырымдамасын енгізу сынды еліміздің стратегиялық даму бағдарламалары халықаралық деңгейде мемлекеттің абыройын асқақтата түсті. Бүгінде ШЫҰ мен БҰҰ, ТМД, Еур­АзЭҚ, ҰҚШҰ және басқа да халық­аралық ұйым­дар арасында түсініс­тік және ынты­мақтастық жөніндегі меморан­дум­дарға қол қойылған. Бұл тұста Елбасының алғыр да көре­­ген, ойы озық мемлекет бас­шы­сы, әлемдік деңгейдегі кемел саясаткер екендігін тағы бір мәрте дәлелдемек.
Еуразиялық тұтастықтың озықтығы, осы кеңістіктегі интеграцияны құрудың өмірлік қажеттігі, ортақ бірлестіктің қағидаттары мен бағдарламасы туралы идеяны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1994 жылдың наурыз айында Мәскеу мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерінің алдында сөйлеген сөзінде көтерген болатын. Бүгінгі күні сол идея іске асып, өзінің жемісін бере бастады. Тәуелсіз ел атанудың эйфориясына шырмалған көптеген ТМД елдері көшбасшыларының бұл идеяны қабыл­дауға саяси қарымы мен ерік-жігері жетпеді. Тек алысты болжай алған Нұрсұлтан Назарбаев қана оның өміршеңдігін көре білді. Бұл ретте Елбасының бастамасымен құрылған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ үшін бұл бастаманың орны бөлек.
Қадірменді әріптестер және студенттер! Баршаңызды мемлекеттің іргетасын қалаған Тұңғыш Президентіміздің күнімен құттықтай отырып, болашағымыз бекем, мемлекетіміз берік болсын дегім келеді. Егеменді еліміздің айтулы мерекесін атап өту мемлекет тағдырына тіреу болған Ұлт көшбасшысына деген зор құрмет деп білемін.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - қазақ халқының ынтымақтастығын жарастырып, бүкіләлемдік тыныштыққа, дүниежүзіндегі халықтар мен мемлекеттер арасындағы келісімге, дүниежүзілік мәдениетті, бейбітшілікті арттыруға сүбелі үлес қосып, жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырды, елдің болашағын айқындап, экономиканың өрлеуіне ерекше серпіліс берді. Ел тізгінін ұстаған Елбасымен еліміздің болашағы баянды болатынына сеніміміз мол.

10. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау...
▼

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Тәуелсіз еліміздің күнтізбесіне тағы бір айтулы күн қосылды: биыл біз алғаш рет шынайы жалпыхалықтық мереке — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтеміз.
Бұл баршамызға ортақ салтанатты оқиға, бүкіл қазақстандықтардың тарихи таңдау күні, халық бірлігі мен келісім күні. Мереке Қазақстан халқының өзінің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жоғары сенімінің, терең қадір-құрметінің жарқын көрінісі болып табылады.
Бұл күні өздерінің этностық және діни қатыстылығына қарамастан, бүкіл қазақстандықтар Мемлекет басшысының Тәуелсіздік жылдары, бүгіндері және болашақта еліміздің тұрақты дамуының іргетасына айналған идеясы мен саясаты төңірегіне топтасады.
Бұл 1991 жылы еліміз мемлекет құрудың бұлжымайтын жолына түскен аса күрделі тарихи кезеңде оны республика халқын топтастыра және қоғам дамуының негізгі міндеттерін айқындай білген жалпыұлттық Көшбасшының басқаруымен байланысты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Ата Заңымызды, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылатындығы күмәнсіз. Елбасымыз ата-бабаларымыздың тәуел-сіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, ол — әлеуметтік-экономикалық, саяси қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бірегей моделін жасаған осызаманғы аса көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер.
Қазақстан 21 жыл ішінде ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды табысты жүзеге асырған осызаманғы, тұрақты, мықты да көркейген мемлекетке айналып отыр. Қазақстанның ұлтаралық бірлік пен келісім тәжірибесі көптеген елдер үшін үлгі болып табылады. Біздің жерімізде 140-тан астам ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүру үстінде.
Біз, қазақстандықтар, дамудың өзімізге тән қазақстандық жолын таңдап алдық, оны бүкіл әлемдік қоғамдастық мойындап отыр. Қазақстанның ЕҚЫҰ, ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, ИЫҰ және көптеген басқа да беделді ұйымдарға төрағалық етуі осының жарқын мысалы.
Мемлекет басшысының елордамызды көшіруі нағыз батыл да ерлікке пара-пар әрекет болды, биыл оған 15 жыл толып отыр. Еуразияның інжу-маржаны, асқақ Астана Тәуелсіздіктің ерекше рухымен, жеңістер мен жаңа жетістіктер рухымен Қазақстанды бұрынғыдан да нығайта түсті. Республика Президенті тарих үшін қысқа мерзімде кеңбайтақ ақ селеулі далада Қазақстанның нұр шашқан жаңа астанасын бой көтертіп, әлемде бұрын-соңды болмаған жобаны жүзеге асырды. Бүгіндері Астана — Шығыстың да, Батыстың да мәдениетін үйлестірген бірегей қала, барша қазақстандықтардың мақтанышы, мемлекет бірлігі мен ұлттық идеяны іске асыру символы.
Астананың «ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесі өтетін қала ретінде таңдалуы — осындай ауқымдағы іс-шаралар үшін елордамыздың лайықты орын екендігін мойындау. Бұл — бүкіл Қазақстан үшін ортақ жеңіс және халықаралық қоғамдастықтың зор сенімінің, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатына берілген жоғары бағаның кезекті айғағы.
Республикамызбен бірге Солтүстік Қазақстан облысы да қарқынды дамып келеді. Бүгінде біз солтүстікқазақстандықтардың өмір сүру сапасы жыл сайын айтарлықтай жақсарып келеді деп толық сеніммен айта аламыз. Экономика мен әлеуметтік сала тұрақты дамуда, жаңа өндірістер мен кәсіпорындар ашылуда, тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер мен балабақшалар салынуда.
Қазақстандықтар өз Отаны мен өз Президентін мақтан тұтады. Қазақстан азаматы болу — зор абырой және биік мәртебе. Сондықтан Отанымызды қастер тұтып, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Негіз қалаушы, Реформатор және Жасампаз ретінде Отанымыздың және әлемнің тарихына енген Елбасымызға сенім арту — әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.
Біз қол жеткізген жетістіктерімізге тоқмейілсімеуге тиіспіз. Халқымыздың еркімен сайланған Мемлекет басшысының бағытын ұстана және қолдай отырып, жаңа табыстар мен жетістіктерге жетуіміз қажет.
Қымбатты солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, бақыт, игілік, табыс және сүйікті Отанымыз — Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін!
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
[url=http://][/url]

11. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау...
▼

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл мемлекеттік мерекенің еліміз үшін орны бөлек. Себебі біздің егеменді Тәуелсіз мемлекетімізді халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерген Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі орасан зор. Жерінің тұтастығын сақтай отырып, ел тыныштығы мен ауыз біршілікті, татулық пен достықты ту етіп көтеріп, жасампаз Қазақстан құрды. Өзіне сенім артқан жұр тын ешқандай қантөгіссіз өркениетке жетелеп, әлеуетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Ел Президентіміздің орны ерекше. Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, жақсылық пен қажымас қайрат тілеймін! Туған Қазақстанымызда бейбітшілік пен амандық болсын! Қазақстанның жұлдызы жарқырап, елімізде дәулетті де баянды өмір орнасын!

Игі тілекпен, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы
[url=http://][/url]

12. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау...
▼
13. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау...
▼


[url=http://][/url]

14. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау...
▼

Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілейміз! Уважаемые коллеги! Поздравляем с Днем Первого Президента Республики Казахстан! Основатель нового независимого государства Нурсултан Назарбаев – автор глобальных инициатив, получивших признание всех казахстанцев и уважение международного сообщества. Желаем мира и дальнейшего процветания нашему государству и счастья и благополучия каждому казахстанцу!


Автор, редактор:
Юрист-консультант по семейному праву