RU KZ EN

Құттықтау тілектер - Ресми мерекелерге - Ораза айт / Құрбан айт

FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.

1. Қасиетті Рамазан мүбәрақ болсын!
▼

Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфтиі

Құрметті мұсылман бауырлар, қымбатты отандастар! Баршаңызды мүбарак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл – сүйікті Отанымыз үшін ерекше жыл. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Дәл осы айтулы кезеңде егемен еліміз Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының тізгінін қолға алып, қазақтың байтақ даласының шежіре-тарихы Исламмен біте қайнасып жатқандығын дүйім жұртқа паш етуде. Осынау мәртебелі қызметте елімізге Алла Тағаладан зор абырой нәсіп етуін тілейік. Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Бұл айдың бас­ты ерекшелігі, Алла Тағала Исламның бес парызының бірі болған оразаны осы айда ұстауды парыз етті. Екіншіден, адамзат баласын тура жолға бағыттайтын, ақиқат пен жалғанды, сауап пен күнә арасындағы парықты айқындап беретін қасиетті Құран осы айда түсірілді. Сондықтан бұл айда оқылған Құран аяттарының сауабы, атқарған ізгі іс-амалдардың сауабы өзге айларға қарағанда еселеп артады. Құдси хадисте Алла Тағала былай дейді: «Ораза тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін. Өйткені пенде Мен үшін шақуат қалауы мен ішіп-жеуден бас тартты». Үшіншіден, мың айдан да қайырлы Қадір түнінің осы айда орын алуы да – Жаратушының пендесіне тартуы. Рамазан айында ораза ұстау – мұсылман адамның мойнындағы бес парыздың бірі. Қасиетті Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендерге де парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183-аят), – деп бұйырылған. Әрине, бұрынғы өткен пайғамбарлардың үмбеттері де өз кезегінде ораза ұстап өткен. Хадис-шарифте: «Ислам бес тірекке негізделген: Алладан басқа ешбір Құдай жоқтығына және Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, қажылық және Рамазанда ораза тұту» деп ораза ұстау Исламның шартынан екендігін білдірсе, мына хадисте: «Кімде-кім шын көңілмен иланып, кәміл иманмен, сауабын Алла Тағаладан күтіп, Рамазан оразасын ұстайтын болса, оның өткен күнәлары кешіріледі» дей келе, оразаның ұлық ғибадат екендігін сүйіншілейді.
Демек, пенделікпен істеген кемшілік-қателіктерге өкініп, тәубеге келіп, сауабын Алла Тағаладан үміт ете ораза ұстаған жағдайда барша жамандықтарға кешірім болары шүбәсіз. Күнәсіз адам болмайтындығын ескерсек, ораза айы сол өткен күнәлардың кешірілуіне себеп болмақ, бауырлар! Ораза ұстаған кісіге берілетін сауапты тілмен айтып жеткізу де, сипаттау да мүмкін емес. Рамазан айы тек оразаның сауабына кенелетін емес, күнәлардың да кешірілетін кешірім айы. Жаратқан Алла ораза ұстағандарды көз көрмеген, құлақ естімеген және адамзат қиялы жетпейтін жақсылығымен марапаттайды. Адам пенделікпен өзге құлшы­лықты көрер көзге атақ, абырой үшін жасауы мүмкін. Алайда оразаны көрер көзге, риялықпен тұта алмайды. Оразаны Аллаға шын сенген мұсылман ғана ұстайды. Алайда ораза тек таңның атысынан күннің батысына дейін нәр татпау ғана емес. Ораза – рухтың азығы, тәннің шипасы. Ол денсаулықты сауықтыру арқылы тәнді рухани тазартады. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ораза ұстаңдар, денсаулықтарың жақсы болады», – деп тектен-тек айтпаған. Ораза – мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі. Аузы бекітулі жан әдеп білмес пенделердің өзіне жасаған кейбір оғаш іс-әрекеттерін көріп, тұрпайы сөздерін естісе де: «Мен оразамын» деген бірауыз сөзбен нәпсісіне тоқтау салып, сабырға келеді. Ал сабырлылықтың сыйы – жаннат. Рама­зан айында құлшылығын арттырған мұсылманның әрбір жасаған іс-әрекеттеріне еселеп сауап жазылып, ризық-несібесі артады. Кімде-кім ораза ұстағанға ауыз аштырса, оның күнәлары кешіріліп, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, одан ораза ұстаушының сауабы кемімейді. Бірде сахабалар ардақты Елшіге (с.ғ.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Біздің әрбіріміздің ораза ұстағанды тамақтандыруға шамамыз жете бермейді» – дегенде Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Алла Тағала ең болмаса бір түйір құрма, тіпті бір ұрттам сумен болса да қамқорлық жасағанға сауабын береді …» – деген. Сондықтан кедей-ғаріптерді бір күн болса да тойындырып, қараусыз қалған мүсәпірлердің жанынан табылсақ, Алла Тағаланың шексіз рақымына бөленеріміз хақ. Осы тұста еліміздегі барша кәсіпкер азаматтарды осындай ұлық Рамазан айында берілетін мол сауап үшін өзгеге қол ұшын созып, қайырымдылық жасауға, игі іс-шара­ларды мейлінше көбірек атқаруға шақырамын. Жұртымыз қасиетті айда Алла Тағаланың ашуы мен қаһарын тудыруға себепші арақ-шараптан, шариғатымыз тыйым салған басқа да харам іс-әрекеттерден аулақ болса деген тілегім бар. Мейрамханалар мен жиын-тойларда ішкіліктің ешбір түрі ішілмесе, дүкендерде сатылмаса. Сөз соңында айтарым, оразаның жылдан-жылға он күнге кейін шегерілуіне байланысты биыл тамыздың алғашқы күндерінен басталып, ыстық аптапқа тұспа-тұс келмек. Бұл өз кезегінде мұсылман жамағатының төзімділігі мен сабырлылығына сынақ іспетті. Шілденің аптап ыстығында ауыз бекітсек, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сүйіншілегендей, жаннаттағы «Райян» қақпасының есігін ашуымызға септігін тигізер, иншаллаһ! Құрметті әлеумет! Баршаңызға тауфиқты ғұмыр тілеймін. Ниеттеріңіз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын! Жүздеріңізге нұр, жүректеріңізге иман шуағы ұялай бергей! Жұртымыз тыныш, Отанымыз аман, тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақтап, ынтымағымыз жарасып, Алла Тағаланың құт-берекесі дари бергей!


2012 жылдың 20-шiлдесi – қасиеттi Рамазан айының бiрiншi күнi

2. Рамазан айына тілек
▼

Жыл бойына сағына күткен қасиетті Рамазан айына жеткеніміз үшін жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз. Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы - қасиеті рамаза - сансыз құлшылық пен дұға-тілекке толы, сауабы мол ізгі амалдар үздіксіз жалғасқан, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Кез келген басқа мерзіммен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы - Рамазан. Ораза адам жанын тазартып, жама іс-қылықтардан сақтайды. Оразаның мақсаты - мұсылманды рухани тазартып, жанды көркем мінезге тәрбиелеу, нәпсіні тізгіндеу. Ендеше, тұтқан Оразаларың қабыл болсын!
Метки к статье: рамазан, ораза айтпен құттықтау, рамазан айына тілек

3. ЖАРАМАЗАН
▼

Метки к статье: жарапазан, ораза айт, рамазан, жарамазан

4. Құрбан айтпен құттықтау Шейх Әбсаттар-қажы ДЕРБІСӘЛІ...
▼

Құрметті мұсылман қауым!
Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы - Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін.
Бұл күндердің ұлықтығы сол - мұнда адам баласы өз Жаратушысына барынша жақындауға мүмкіндік алады. Асылы, "құрбан" сөзі де араб тілінен аударғанда, "жақын болу", "жақындау" мағынасын білдіреді. Олай болса, құрбандық шалу ғана емес, Алланың рақым-мейіріміне қол жеткізудің бір жолы деп түсінген абзал.
Құрбан айт мейрамының жамағат арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор. Айт намазын оқуға мешітке келген мұсылмандар бір-бірімен көрісіп, қабыл болсын деу арқылы достық пен ағайындықты нығайта түседі. Мерекенің алғашқы күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім кіип, қош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен сәлемдесу, құрбандық етімен ауыз ашу үшін айт намазының алдында ештеңе жемей, оған бара жатқанда тәбір айту - хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті.

Қ ұрметті мұсылман бауырлар мен отандастар!
Ұлық мереке құтты болсын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін. Әрбір отбасына бақыт, береке қонғай! Көп ұлт пен ұлысты Отанымызға бірлік пен ынтымақ бергей!
Жаратушы иеміз сүйікті Қазақстанымыздың мерейін үстем етіп, халқымыздың ауыз бірлігін арттыра бергей!
Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти

5. Ораза айт құтты болсын, Жамағат!
▼

"Ана тілі" газетінен
Қадірлі мұсылман бауырлар, құрметті отандастар! Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын! Міне, айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасатын күнге де таяп қалдық. Еліміздегі барша мұсылмандар күннің аптапты ыстығына қарамастан, тамыз айын жақсы ниетпен, тақуалықпен, оразамен өткізді. Кездескен қиындықтарға сабыр етіп, Жаратушы Иеміздің разылығына ұмтылды. Ми қайнатар ыстықты ауырсынбай ораза ұстауға төзе алған жан, өмірдің басқа да сынақтарына сабырлық таныта алатыны сөзсіз.
Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Баршаңызды Ислам үмбетінің ең қасиетті де ұлық мерекесі – Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін барша мұсылман шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл мейрам Қазақстан жұртшылығына да құт-береке, ынтымақ, ырыс әкелсін! Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға көшіп келгенде, жергілікті халықтың мейрамдап, көңіл көтеріп жатқанын көріп: «Бұл қандай мереке?» деп сұрағанда: «Бұл біздің Исламға дейін тойлап келе жатқан мерекелеріміз», деген жауап естіді. Сонда Расулулла (с.ғ.с..): «Алла сіздерге бұдан да ұлық екі мейрам берді. Олар Рамазан және Құрбан айттары», деп осы ислами мейрамдардың мәртебелі екендігін білдірген. Ораза айты адамдарды бауыр­малдылық пен кішіпейіл­ділікке, кешірімділік пен сүйіспеншілікке шақырады. Ислам шариғатында пітір садақасының осы айт қарсаңында берілуі де жайдан-жай емес. Ораза айттың хадистерде «Ғидул-фитр», яғни «Пітір мейрамы» деп аталуы да сондықтан. Пітір садақалар жағдайы нашар, мүмкіндігі шектеулі отбасыларды қуанышқа бөлеп, айт мейрамында дастарқан жаюға жағдайы келмегендерге демеу болады. Сонымен қатар бұл күні мұсылмандар өлілерін де еске алып, Алладан оларға шапағат тілеп, дұға етеді. Айт күнінің өзіне тән жарасымды да сауапты амалдары мол. Бұл күні ғұсыл құйынып, үстіне жұпар иіс сеуіп, айт намазына қатысу сүннет. Әр үйде сәні мен салтанаты ерекше мерекелік дастарқан жайылады. Мұсылмандар туған-туыс, дос-жаран, көрші-қолаңды аралап, бір-бірінің үйінен дәм-тұз татып, мәре-сәре болады. Ренжісіп қалған кісілермен татуласу, қандай да бір келіспеушіліктің салдарынан қатынас үзілген туыстардың үйлерін арнайы аралау да ерекше маңызды. Өйткені Алла Тағала: «Сен кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр» («Ағраф» сүресі, 199-аят) деп мұсылмандарды барынша кешірімді бола түсуге шақырған. Күндегі оразасын құрмамен ашуды сүннет еткен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айт намазына барарда алдымен құрмадан дәм татып барып үйінен шыққанды ұнататын. Дәл осы күні балаларды жаңа киім, тәттілер мен сыйлықпен қуантуды дағдыға айналдырсақ, ораза айтты олар да асыға күтетін болады. Жалпы, Ораза айты қасиетті Ра­мазан айы аяқталғанының белгісі ғана емес, ол – бір айлық құл­шы­лығымыздың қуанышы мен жемісі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Ораза тұтқан адам екі рет қуанады: бірі – ауызашарда, екіншісі – ақыретте ұстаған ора­засының сауабын алғанда», – деген екен.

Әбілхан қажы Балтаұлы
Қызылжар қалалық мешітінің Бас имамы

Мейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын!
ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Барлық мақтау мен мадақ Әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа болсын! Сансыз салауаттар Оның елшісі, Пайғамбарлар Сардары Мұхаммедке (с.ғ.с.) болсын! Мінекей, көптен сағындыра күткен Рамазан айы да келіп жетті.
Ұлы Жаратушының құлдарына тартқан теңдессіз сыйы болған Қасиетті Рамазан — сансыз сезімдер мен толып тасыған ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай құдайлық рақымдылық пен мейірімділікке толып тасыған айы. Олай болса, басқа уақыттарда жасалған жақсылықтар мен сауаптардың екі еселеніп жазылар айы да осы – Рамазан.
Аллаһ Тағала рамазан айында дүние аспанына ахирет күнiне дейiн үкiмдерi, тiптi бiр әрiпi де өзгертiлмейтiн, пенделерге әрдайым қажеттi болған қасиеттi Құранды түсiрген. Мiне осының өзi рамазан айы Аллаһтың алдында ұлық мәртебеге ие, әрi сүйiктi айлардың бiрi екендiгiне дәлел.
Рамазан айының қасиеті жөнінде Ибн Аббас пайғамбарымыздан келтiрген хадисiнде: «Егерде менiң үмметiм рамазан айының iшiнде қандай қасиеттер бар екендiгiн бiлсе, онда жылдың барлығы рамазан айы болса екен деп үмiт еткен болар едi»,- дегенін жеткізеді. Сондай-ақ, Аллаһ тағала Мұса (ғ.с.)-ға: «Мен Мұхаммедтiң үмметiне екi қараңғылықты жоятын екi нұр бердiм»,- дедi. Мұса(ғ.с.): «Ей жаратқан ием, екi нұр деген не?», — деп сұрады.
Аллаһ Тағала: «Ол Рамазан айының нұры мен Құранның нұры», — деп жауап бердi.
Мұса (ғ.с): «Екi қараңғылық қайсы?»,-деп сұрағанда, Аллаһ Тағала: «Қабыр қараңғылығы мен ахиреттiң қараңғылығы», — деп жауап берді. Міне, бұл біздерге берілген Аллаһтың үлкен нығметі деп түсінуіміз керек. Ислам діні бес тіректен тұрады: Иман келтіу, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру және шамасы келген адамның қажылық жасауы». Осы бес парыздың бірі – ораза. Ораза адам жанын тазартып, жаман қылықтардан сақтайды. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Күналардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді». (Бақара сүресі, 185 аят)
Бұл аятта айтылғандай оразаның мақсаты – мұсылманды тазартып, тақуалық дәрежеге жеткізу. Тақуа дегеніміз – сақтану, қорқу, сиыну, Ұлы Жаратушының қорғанына кіру дегенді білдіреді. Ендеше тақуалық – Аллаһ Тағалаға бойұсыну, әмірлеріне құлдық ұрып, тыйғандарынан аулақтап, иманды, көркем мінезді, парасатты жан болып, Ұлы Жаратушыға қарсы келуден сақтану болып табылады.
Нәпсі – бойдағы құмарлық сезім. Жалпы адам баласының толық адам шыңына жетуі мен көркем мінезді болуының негізі – нәпсіге ие болуында жатыр. Міне, осы нәпсіні жолға салуда аштық пен шөл өте үлкен рөл ойнайды. Бірақ бұл Аллаһ Тағала үшін болуы керек. Кісі өздігінен аш қалып, діттеген мақсатына жете алмайды. Өйткені, ораза – Аллаһ Тағалаға жасалатын ғибадат. Қасиетті хадисте Аллаһ Тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен сусағандықтан шыққан ауыз исі мен үшін миск әтірінен де тамаша», — дейді.
Сондықтан да ораза шынайы ниетпен Аллаһ ризалығы үшін ұсталуы тиіс. Себебі оразада тек қана ішіп-жеуден емес, өсек-ғайбат айту, балағаттау сынды жаман қылықтардан да аулақ болу керек. Өйткені, ораза тек ішіп-жеуден емес, құлақ, көз, ауыз күналарынан да сақтану үшін ұсталады. Сол үшін құлшылық амалдарымызды көбейтіп, көбірек Аллаһты еске алып, Құран оқуымыз керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады:
– Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын!
Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп:
– Уа, Расулулла! Екі қызым күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын ашса, жақсы болар еді, – деп өтініш білдірді.
Алайда, рұқсат берілмеді.
Әлгі кісі тағы екі рет келіп рұқсат сұрады. Үшінші рет келгенде пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Өкініштісі, олар бүгін ораза ұстаған жоқ. Күні бойы «кісі етін жеген» (әркімнің сыртынан өсек айтып, ғайбаттаған) адам қайтіп ораза ұстасын?! Бар да оларға айт: егер ниет етіп ораза ұстағандары рас болса, дереу құсып тастасын, – деді.
Әлгі кісі мұны қыздарына айна-қатесіз жеткізді. Олар бұйрықты орындап, өздерін күштегенде кесек-кесек қан құсып жіберді. Әлгі кісі келіп бұл жайды пайғамбарымызға (с.ғ.с.) білдіргенде, ол:
– Құдіреті күшті Алла тағалаға ант етейін, егер олар әлгі ұйыған қанды құсып тастамағанда, тозақта күйдіретін от асаған болар еді, – деді.
Иә, тек қарынға ғана емес, тілге де, көзге де, аяққа да, қолға да ораза болса, сонда ғана ол нағыз ораза болмақ.
Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) рамазан айы туралы тағы бір хадисінде: «Рамазан келгенде жәннат есіктері ашылып, дозақ есіктері жабылады, шайтандар кісенделеді», сондай-ақ, «Шынында жәннатта бір есік бар, ол – «Райиан» деп аталады. Ол есіктен тек ораза ұстаушылар ғана кіреді», — деген.
Ахиретімізді жарық қылатын бұл айда көбірек Құран оқып, зекет беріп, Аллаһтың тыйған амалдарынан тыйылу мұсылмандығымыздың белгісі болмақ.
Тағы бір мүбарак хадисте Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) «Ораза үстаған адамның екi қуанышы болады. Бiрiншiсi ауызашардағы қуанышы екiншiсi, қияметте Жаратқан Иесiне кездескенде, ораза үстағанына қуануы»,-деген болатын. Шынында да Жаратушы Иесінің разылығына қауышудан артық қандай қуаныш болсын?!
Сонымен қатар Рамазан айы кезінде әрбір мұсылман жан садақасы – пітір садақа беруі қажет. Пітір сөзі (араб тілінде) – «жаратылыс» деген мағынаны білдіргендіктен, кейбір ғұламалар пітірді «дененің зекеті» деп атаған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Рамазан айында ораза ұстаған адамдарды пітір садақа беруге бұйырды. Абдуллаһ ибн Омардың (р.а.) риуаят етуі бойынша: «АллаҺ Елшісі (с.ғ.с.) Рамазан айында пітір садақаны парыз етті. Бір сағ (3, 334 кг) құрма немесе бір сағ арпа беріледі. Бұл мұсылмандардан әрбір кұл, ерікті, еркек, әйел, үлкен, кіші үшін уәжіп»,–деген (Бухари, «Зәкәт», 70-78 беттер).
Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) ораза ұстаған пендені тазалау үшін пітір садақаны парыз етті. Бұл міндет ораза ұстаушыны бос сөздерінің кірінен, әдепсіз айтқан сөзінінің күнәсінен пәктейді және кембағалдар үшін азық. Кімде-кім оны (айт) намаздан алдын берсе, ол қабыл болған зекеттей саналады. Кімде-кім намаздан кейін берсе, ол тек жай садақа»,-деген. (Әбу Дәуіт, ибн Мәжаһ риуаят еткен).
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірде Өзінің мінберіне шығып бара жатып, бірінші баспалдақты басқанда «әмин» дейді, екінші баспалдақты басқанда тағы да «әмин» дейді, үшінші баспалдақты басқанда да «әмин» деген дейді. Намаз соңында сахабалар: иә, Аллаһтың елшісі, сіз неге мінберіңізге мініп бара жатып, үш мәрте «әмин» дедіңіз? Дейді. Сонда Сүйікті Пайғамбар: бірінші баспалдаққа келгенде Жәбірейіл періште келіп; иә, Мұхаммад, кімде-кім рамазан айы келіп тұрып, ораза ұстамаса, масқара болсын деді мен «әмин» дедім. Екінші баспалдақты басқанда «Иә, Мұхаммад, кімде-кім сенің атың аталып тұрғанда салауат айпаса сол адам масқара болсын деді мен «әмин» дедім, үшінші баспалдақты басқанда «Иә, Мұхаммад, кімде-кім, ата-анасының екеуі не біреуі қолында қартайып солардың разылығын ала алмаса сол адам масқара болсын деп айтты мен «әмин» дедім деген екен. Ендеше рамазан айын қадірлеп, ораза ұстайық!
Құрметті мұсылман қауым! Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын! Аллаһ Тағала баршамызды шынайы ықыласпен ораза ұстаушы құлдарынан етіп, жәннаттың Райиан есігінен кіруімізді нәсіп етсін!
Қасиетті Рамазан құтты болсын!

6. Қасиетті Рамазан айына тілектер
▼

Алла тағала рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етіп, екі дүниенің бақытына бөлегей! Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтқай! Дінімізге қуат, өзімізге иман байлығын бергей! Әумин!

Барлықтарыңызды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, ниеттеріңіз қабыл болсын демекпіз. Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, барша Қазақстан азаматтарының ынтымақ-бірлігі берік болғай!

Барлық мақтау мен мадақ Әлемдерді Раббысы Алла Тағалаға болсын! Жыл бойы күткен қасиетті Рамазан айына жеткеніміз үшін Жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз.

Баршамызды мүбарак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы – қасиетті Рамазан – сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иеміздің рахымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да – Рамазан.

Құрметті мұсылман қауым! Ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын! Алла Тағала баршамызды шынайы ықыласпен Ораза ұстаушылар санатына қосып, жәннаттың Раййан есігінен кіруімізді нәсіп еткей!
Қасиетті Рамазан құтты болсын!

Құрметті мұсылман қауым! Мүбәрак ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтап, Алла тағаладан баршаңызға қуаныш, отбасыла­рыңызға береке-бірлік, сүйікті Отанымызға гүлдену мен өркендеу, дінімізге қуат, барша мұсылмандарға тыныштық пен шаттық тілеймін. Әумин!

7. айт
▼

Ораза айтпен, бауырлар!
Ұлық айтқа арнап жайылған дастархандарыңыз ырзыққа толып, қолға алған істеріңізге береке бергей! Алла тағала халқымызға амандық, елімізге ырыс пен ынтымақ бергей! Ізгі ниетімізге жеткізгей!


Қасиетті Құрбан айт құтты болсын !!!
Алла тілектеріңізді қабыл етсін!!

8. Ораза мүбарак болсын!
▼

ОРАЗА ҚАБЫЛ БОЛСЫН! ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЛҒАЖЫҰЛЫ ХАЗРЕТ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЛҒАЖЫҰЛЫ ХАЗРЕТ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын. Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкіршілік айтамыз. Құрметті мұсылман бауырлар! Иман бұлағынан сусындай бастаған халқымыз мүбәрәк Рамазанда Алланың рақымына бөленуді үміт етіп, сауабы мол ізгі амалдарды атқаруға ниеттеніп отыр. Сіздерді бір ай бойы жалғасатын мұсылмандардың ұлық мерекесі – Рамазанның келуімен құттықтаймын! Алла тағала өз мейірімі әрі кеңшілігімен белгілі күннің, түн мен айдың қадірі мен қасиетін һәм артықшылығын арттырып қойды. Қасиетті Құранда айтылған Рамазан айының ерекшелігі сол, бұл мезгілде жасалған кез келген игі істің, Жаратушыға жақындататын жақсы амалдың сауабын санау мүмкін емес. Ораза – Алла мен адамның арасындағы риясыз құлшылық, тек Раббымыздың разылығын көздейтін ұлық ғибадат. Оразаның теңдессіз сауабын Жаратушы Иеміздің жасырып қоюында үлкен сыр бар. Көзбен көріп, қолмен ұстап, түйсікпен түсініп алмайынша көп нәрсеге сене бермейтін адам баласының санасына салмақ болатын сауапты жасыруда біз біле бермейтін даналық көп. Бұл – ұлық ғибадатты кіршіксіз орындап, ұлы мақсатқа ұмтылуға жетелейді. Хадис-шәріпте Алла тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөліркегеннен шыққан аузының исі мен үшін мисктен де артық, – дейді. Алланың уәдесі – хақ. Рамазан – рухани жаңару айы. Жерді мекен еткен аң мен құстың, барлық тіршілік иесінің жыл мезгілдерінде жаңару, түлеу, өзгеру үдерісінен өтетіні белгілі. Ал Алланың адам баласына берген шексіз нығметі, теңдессіз сыйы саналған ораза – тікенді жерге табан тигізбей, сақтанып жүретініміз секілді, күнәға бетпе-бет келуден сақтайтын, жан-дүниемізді, мінез-құлқымызды жақсылыққа тәрбиелейтін, рухани түлеп шығатын құлшылық. Ауыз бекітудің адам өмірін ізгілікке бастайтынын білген пенде одан бас тартуы мүмкін емес. Ораза – сабыр мектебі. Еліміз егемендігін алып, еңсесін тіктеп, рухани құндылықтарымен қайта қауышқан сонау 1991 жылдары Рамазан айы күннің қысқарған, түннің ұзарған, яғни ораза ұстауға қолайлы қыс мезгіліне тұспа-тұс келді. Расында да, бұл енді ғана иманға ден қойған халқымыздың деңгейіне дөп келген мезгіл еді. Енді, міне, Аллаға шүкір, кешегі кеңес кезінде үзіле жаздаған рухани жібімізді «Бірінші тілек тілеңіз, Бір Аллаға жазбасқа деп жырлаған батагөй бабаларымыздың алтын арқауын жалғауға мүмкіндік туды. Жұртымыз Ислам құндылықтарымен қайта қауышып, рухани қазығын қайта айналып тапты. Жүрекке бекіген сенімге селкеу түспейді. Аспан жерге айналып түсетін шіліңгір шілдеге тұспа-тұс келген Рамазанда ораза ұстауға күннің аптабы немесе басқа да себептер әсер етпейді деп сенеміз. Себебі, иманның бал дәмін татқан жан Алланың теңдессіз сыйынан шет қалғысы келмейтіні хақ. Иман жолы сабырлық пен тақуалықты талап етеді. Ораза нағыз, шынайы тақуалыққа жетелейді. Құранда Алла тағала: «Ей, иман келтіргендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді («Бақара сүресі, 183-аят), – дейді. Қымбатты отандастар! Қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Ұстаған оразаларыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болғай! Рамазан айында жасаған игі істеріңіз сауаптан жазылып, Алла тағала елімізге, жерімізге береке жаудырғай!

9. Құрбан айт құтты болсын, ағайын!
▼

Бас мүфти ел халқын Құрбан айтпен құттықтады 2013 жылдың 15 қазаны - Құрбан айт мерекесі! Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҒАЙЫН! Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Қадірменді мұсылман бауырлар, құрметті отандастар! Баршамызды қуаныш-шаттыққа бөлейтін, құт-берекелі, мұсылман қауымының ұлық мерекесі - Құрбан айтқа аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын! Әлемнің әр түкпірін мекендеген мұсылмандар бұл күні Жаратушы Иеміздің разылығы үшін құрбан шалып, Алланың мейірім-шапағатына бөленуге тырысады. Адам осындай ізгі амалы арқылы Раббысына жақындай түседі. Ал «құрбан сөзі «жақын болу, «жақындау деген мағынаны білдіреді. Бұл күні қажылыққа аттанған мұсылман бауырларымыз, отандастарымыз жүздерін Қағбаға қаратып, Арафат тауында еліміздің игілігі мен халқымыздың бірлігін тілеп, екі дүниенің бақытын сұрап, Жаратқанға жалбарына дұға жасайды. Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті, асыл дініміздің жанашыры Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Құрбан айт мейрамын Қазақстан жұртшылығы үшін демалыс күні деп жариялады. Бұл - ұлық мерекені халықтық деңгейде атап өтуге, көпұлтты Отанымызды мекен еткен халықтар достығы мен бірлігін нығайта түсуге септігін тигізіп келеді. Ең бастысы, біз мұны дәстүрлі дініміз Исламға көрсетілген құрмет деп білеміз. Құрбан айтты атап өтудің мәні мен мағынасы зор. Алланы бір, пайғамбарды хақ деп білген мұсылмандар мешіттерімізде айт намазын оқып, дұға жасап, бір-бірін мерекемен құттықтап, мәре-сәре болғаннан кейін құрбандық шалады. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім мен жесірлерге, мүгедектерге таратылады. Осылайша адамда мейірім, қамқор, кешірім, қайыр-шапағат, сабыр сынды көркем мінез қалыптасады. Бұл - ағайын арасын жақындата түсетін күн. Араздасқан адамдар татуласып, өзара кешірім жасап, туысқандық байланысты күшейтуге итермелейтін ұлық мейрам. Өйткені, Алла тағала:«Сен кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр («Ағраф сүресі, 199-аят) деп мұсылмандарды барынша кешірімді бола түсуге шақырған. Құрбан айт күні ағайын-туыстырды, дос-жарандар мен көршілерді айтпен құттықтап, ақ дастарқан басында Алланың бұйырған ризық-несібесінен, құрбандық етінен дәм татқан абзал. Құрбан айт - отбасы құндылығын арттыратын мереке. Ата-анаға, Құдай қосқан жарымызға, бала-шағамызға арнайы сыйлық беру, жаңа киім әперу - мейрамның сәнін келтіріп, мәнін арттырады. Мұндайда өскелең ұрпақ Құрбан айттың қадірі мен сауабын сезініп, ізгілікке ұмтылады, мерекені асыға күтеді. Құрбан айттың мұсылман жамағатын, ұлыстар мен ұлттарды біріктірудегі, өзара бауырмалдықты арттырудағы рөлі орасан зор. Адамдар бір-біріне: «Айт құтты болсын! айтысып, аман-саулық сұрасып жатады. Бұл күні ерте тұрып, ғұсыл құйынып, хош иіс себініп, мешітте айт намазын оқу - сауапты іс. Құрбандық етінен дәм тату, Аллаға мадақ, пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айту - сүннет амал. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүбәрак мерекені жоғары деңгейде өткізу үшін бірқатар игі шаралар мен ізгі істерді жүзеге асыру ұйғарылды. Уағыздарда діни тұрақтылық пен бейбітшілік, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайту мәселелеріне мән беріліп келеді. Құрбан шалу айт намазынан кейін айттың үшінші күні ақшам намазына аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Егер бұл талап орындалмаса, онда ол садақа саналады. Қой, ешкі, сиыр және түйені құрбандыққа шалуға болады. Сиыр немесе түйені жеті кісі бірігіп, ортақ шалуды шариғатымыз құптайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Соқырлығы анық белгілі соқыр, ауруы белгілі аурушаң, (жүре алмайтындай дәрежеде) ақсақтығы белгілі болған ақсақ және (жілік майы жоқ) өте арық малдар құрбандыққа жарамайды, - деген. Қадірменді ағайын, бауырлар! Алла тағала шынайы ниеттеріңізді, ізгі амалдарыңызды және шалған құрбандықтарыңызды қайырымен қабыл еткей! Жаратушы Иеміз баршамызға екі дүниенің бақытын нәсіп етіп, жүзімізді жарық еткей! Еліміздің мерейі үстем, тәуелсіздігіміз тұғырлы әрі тыныштығы мәңгілік болғай! Бейбіт өмірді мұрат тұтқан мұсылман қауымының ұлық мерекесі құтты болсын, ағайын!

10. Қайырым мен қанағат мейрамы
▼

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Құрбан айт мейрамына орай Қазақстан халқына арнаған құттықтауы Қымбатты отандастар! Баршаңызды айтулы мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани ұлы құндылықтардың бірі. Осы қасиетті күндері көпшілік жұрт құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді. Береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттыратын құтты мейрам – Құрбан айт адамдардың етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады. Ол жетім-жесірді жебеу, мұқтажға қолұшын беру сияқ­ты гуманистік дәстүрлерді нығайтуға қомақты үлес қосады. Ата-бабаларымыз осы асыл үрдістерді ға­сыр­лар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді. Еліміз азаттық алғалы бері ата дініміз нағыз өркендеудің жолына түсті. Дін өз руханилық негіздерін нығайтатын, өзгеге өнеге болатын ізгі ниет пен игі әрекеттен көрініс табады. Діннің бас­ты мұраты – қоғамның биік рухани мәдениетін қалыптастыру. Қазақстан халқының басым бөлігін құрайтын мұсылман жамағаты мемлекетіміздегі бірлік пен ынтымақтың бекем бола түсуіне айтарлықтай үлесін қосуда. Еліміздегі түрлі дін өкілдерінің өзара татулығы әлемге үлгі көрсетіп отырғаны қуантады. Халқымыз өз рухани болмысын сақтап, ерік-жігерін арттыра отырып, одан әрі өркендеу жолына қадам баса береді деп кәміл сенемін. Алла тағала барлық дұға-тілектеріңізді қабыл етсін! Құрбан айт мүбәрак болсын! Барша қазақстандықтарға береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық тілеймін!

11. Ораза айтқа
▼

Құрметті әріптестер, Ораза айт қабыл болсын! Айт күні – аса салтанатты, қуанышты күн. Әр иманды адам осы қасиетті күнге ерекше дайындалып, оны мейрамдап өткізсе нұр үстіне нұр. Мен Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілеймін. Айт арабтың - "әлғид” деген сөзі – мейрам, мереке деген мағына береді. Осы айт күндерді ерекше қарсы алып айтшылайық, құрметті ағайындар. Наурыз мейрамы сияқты той-думанмен қызықтап өткізелік. Барлықтарыңызға осы қасиетті мейрамды өз үй-ішіңізбен құрметтеп өткізуге жазсын. Бұрында әжелеріміз, ана-апаларымыз бар тәуір киімдерін, шашақты орамалдарын, әшекейлі мәсілерін сандықтан, шемоданнан шығарып, түрлене киініп, үстеріне әтір шашып (ер адамдар көп түрленбейтін) қыдырушы еді. Әңгіме-дүкенменен, әзіл-ойынменен ел аралап, бір-біріне барынша сый сыйлап, құттықтап, ағайын-туыстарды жақындататын. Болашақ өмірге Аллах-Тағаладан жақсылық тілейтін. Сол көріністер әлі көз алдымда. Жаныңмен, тәніңмен сағынатын тамаша уақыт. Осының бәрі қайтып оралады, балаларымыз ұлтымыздың мейрамдары мен салт-дәстүрлерін көріп біледі, кезінде біз сияқты естеріне түсіріп сағынады деген сенімдемін. Әлі есімде, 60-шы жылдары жыл сайын бір-ақ рет Рамазан-шәріп, ораза айында Жарапазан келетін - әр жанұяға ізгі тілек айту, оразаны қолдау, қолпаштау ғой деп ойлаймын. Жарапазаншының қолында сылдырмақ таққан таяғы, таяғының басына таққан үкісі, аяғында былғары етігі, үстінде шапаны, басында ұлттық бөрігі болатын. Жарапазан айта келдім есігіңе, Қошқардай бір ұл берсін бесігіңе. Мол дәулет, қайтпас ырызық бере берсін, Шалқысын көлдәрия несібіңе. Тәңірім қажымас қайрат берсін, Ішсе де сарқылмайтын суат берсін. Көңілің көпке деген шалқар болсын, Талабың асқар таудай дарқан болсын. Тәңірім құт береке бере берсін, Мыңғырған мал өріске өре берсін. Басыңнан бақ дәулетің еш кетпесін, Дос сүйініп, дұшпаның басын исін. Бақ қонсын, дастарқаның мол болсын, Жолдасың қабағы ашық сайлы болсын. Тасың өрге домалап әрқашанда, Жанұяң бәрі ылайық жайлы болсын деп осылайша немесе басқа түрде айтушы еді Жарапазаншылар. Айт құрметімен Бақыттыжамал.

12. Айт мерекесіне
▼

Айттарыңыз қабыл болсын, Бар жақсылық тамылжысын. Ұлы Алла жарылқасын, Жақсы етсін қарымтасын. Жақсы тілеу үзілмесін, Жемісі мол күзін берсін. Есіктерің ашық болсын, Ыдыстарың асып толсын. Айттарыңда Қыдыр Ата, Жақсылығын, шашып келсін. Отбасыларың аман болсын, Бейбітшілік заман болсын. Бар қызықты ел жұртыңмен Көретұғын шамаң болсын Әмин, Аллаһу Әкбар! Ата-анаңды пір тұтып, мақтан, Күндерің болсын, күн нұрын шашқан. Қыйналған кезде, қол беріп Қыдыр, Таңдарың болсын, арайлап атқан. Сақтасаң деген, сақтаймын,-деп еді Алла Жамандық етер, жиынға барма, Жалқаулық адам, жауы деп ұғып, Ата-анаңа, ауырлық салма. Түнде жорытқан, ұрыдан сақтан Қара жүрек, қудан сақтан, Адал ойды лайлайтын, Өтірікші зудан сақтан Елімізді жаусыз ет, Дұшпандарды елсіз ет. Ұл-қызымды, мінсіз ет. Бейбітшілік заман болсын, Отбасыларың аман болсын. Ұл-қызыңның болашағын, Көретұғын шамаң болсын. Дендеріне саулық берсін, Несібеңді молғып берсін. Жақсылықты жаршы етіп, Ұлы Алла жарлық берсін. Болсын аман туыстарың, Жаман іске жұғыспағын. Болмашыға өкпелесіп, Достарыңмен суыспағын. Мен тілеймін оңдасын деп, Ұлы Алла қолдасын деп. Осы отырған барлығыңа, Еш жамандық болмасын деп. Көл – көсірғып елге бақ бер, Әрқайсыңа ұзақ жас бер. Қосылсаңдар қол жайыңдар, Қабыл болсын, АллаҺу Әкбар! Әмин десең Алладан, Берсін дейік қол ұшын. Періштең кетпей айланып, Жаман істен қорысын. Пайғамбардың ақ жолын, Қыдыр әкеп дарытсын, Алтынды ерлі ақбоз ат, Астыңда жүріп арысын. Қиналғанда достарың Қасыңнан әр кез табылсын. Береке сақтап ұлдарың, Тату өтсін абысын. Айналаңнан кетпесін, Жақының мен алысың,, Дастарқаның жиналмай, Еселеп өссін табысың. Саған біткен мал – басқа, Қожай, Даурен дарысын. Әмин, АллаҺу Әкбар! Дендеріне саулық берсін Өмірлеріңе жететін байлық берсін. Ұл балаларын ынтымақты болсын, Қыз балаларын гүл сияқты болсын. Келіндерін ырысты болсын, Айтпай білетін, білісті болсын. Құдаларың сыйласатын болсын, Құдағиларың сырласатын болсын. Туысқандарын тату болсын, Қиналсаң түсіп, атын берсін. Көршілерің туысқандай болсын, Жақсылығы досыңдай болсын. Ел-жұртың қадірлейтін болсын, Бар мәзірің алдына әзірлейтін болсын. Ынтымағы елімнің бұзылмасын, Берсін Алла бәріне ұзын жасын. Ендігі жерде қиыншылық болмаса екен, Осы ойымды бір Алла қолдаса екен. Тілегімді қабыл ет, Иманыңды азық ет, Барлығыңның сыртыңнан, Қорғап жүрсін Қазірет Әмин Аллаһу Әкбар! Дендеріңе саулық берсін, Өмірлеріңе жететін байлық берсін. Ұл балаларың ынтымақты болсын, Қыз балаларың гүл сияқты болсын. Келіндерің ырысты болсын, Айтпай білетін, білісті болсын. Құдаларың сыйласатын болсын, Құдағиларың сырласатын болсын. Туысқандарың тату болсын, Қыйналсаң түсіп, атын берсін. Көршілерің туысқандай болсын, Жақсылығы досыңдай болсын. Ел-жұртың қадірлейтін болсын, Бар мәзірін алдыңа әзірлейтін болсын. Ынтымағы елімнің бұзылмасын, Берсін Алла бәріне ұзын жасын. Ендігі жерде қиыншылық болмаса екен, Осы ойымды бір Алла қолдаса екен. Тілегімді қабыл ет, Иманымды азық ет, Барлығыңның сыртыңнан, Қорғап жүрсін Қазірет. Әмин, Аллаһу Әкбар! Батасын тура жолына, Қайыр берсін соңына. Кіріптар етпе бір Алла, Залымның құрған торына. Залымдық жолға жүргізбе, Көңілге шайтан кіргізбе, Тәубәсіз пенде атантып, Дұшпаныма күлгізбе. Дұшман көңілін семіртпе, Тұрақсыз ғылып еліртпе, Қиямет-мақшар күнінде, Шерманда етіп телміртпе. Шын тұрақты тілегім, Былғанбаса екен жүрегім, Әшһәду әл-ләә иләһә ил-лаллаһ, Тайаныш мықты тірегім. Құлшылық етіп Аллаға, Құдіретіне сенгенмін. Мұхәммәдәр-Расулуллаһ Сүндетіне енгенмін. Сенімін зор Құдайға, Құдайсыз болса ұнай ма. Сене алмаған адамның Жүрегі ауыр ылайға. Алдағы өмір жарық етер, Зырлап барып жалт етер, Үстіндегі адамзат, Сыпырылып, жерге жалп етер. Топырақ басар денесін, Сонда не күй көресің. Ерікті Алла сұраса, Не деп жауап бересің. Мүмкір, мәнкір қолға алар, Алдында сұрақ бересі. Қырық қадам кеткен соң, Жатқан жерден тіріліп, Сұраққа жауап берерсің. Бар күнәңді тартасың, Көрешекті көрерсің. Ғамал дәптер оң жақтан, Берілсін деп тілейік. Әл-ләә ил-ләлләһ деп, Иман айтып жүрейік, Арам істен аулуқ боп, Дін жолымен жүрейік. Сақтасын Алла тозақтан, Әмин деп қол жайдым, Осы менің тілегім. Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің. Ықыласпен қол жайсаң, Ақ тілекті төгейін. Дастарханым мол болсын, Абыройын зор болсын. Көре алмаған бағыңды, Сыңдыра алмаған сағыңды, Дұшмандарың жер болсын. Өмірің өрлей берсін, Жүргенде жолың болсын. Жолдасың Қыдыр болсын. Аллаға ісің жақсын, Есігің қыбылға бақсын. Дәулетің судай тасысын, Шаппай қылышың кессін, Отбасың басқа толсын, Қазаның асқа толсын, Өрісің малға толсын. Ел-жұртың аман болсын, Бақытты заман болсын, Үйіңе береке кіре берсін, Бала-шағаң, туған-туыстарың, Бақытты өмір сүре берсін. Әмин, Аллаһу Әкбар! Күнің шуақты болсын, Көлің суатты болсын. Қонысың өрісті болсын, Еккенің жемісті болсын, Еңбегің өнімді болсын. Әйелің жібектей болсын, Ары түлектей болсын, Өнерің өрлей берсін, Өмірің төрлей берсін. Шайың қызыл болсын, Ғұмырың ұзын болсын, Несібең таси берсін, Достарың өсе берсін, Дұшпаның аяққа баса берсін. Ата-бабаңның аруағы қолдасын, Ешқандай жамандық болмасын, Үйіңе береке берсін, Ішкен-жегеніңіз балдай батып, Судай сіңе берсін. Әмин, Аллаһу Әкбар!

13. Айтқа тілек
▼

Иә, Құдайым оңдасын, Оң жолына бастасын. Бір жарылқап тастасын. Жамандыққа жазбасын, Жақсылыққа бастасын! Құдай құлымын дегейсің, Мұхамед үмметімін дегейсің. Шадияр досым дегейсің, Шайтанның сәрінен сақта, Патшаның кәрінен сақта. Намаздың қазасынан сақта, Пайғамбардың туында қыл, Ауызды кәусәр суында қыл. Иман байлығын бер, Деннің саулығын бер. Бір Аллаһ Жаратушы жарылқасын. Ықыласты батамды қабыл алсын! А, Құдайым оңдасын, Оңдағанның белгісі, Қайырлы етіп басыңа. Бақ-береке орнасын. Дұшпаның үстем болмасын, Маңың үбірлі-шүбірлі болсын. Келген ырыс кетпесін, Жамандық келіп жетпесін. Сапар жүрсең, жолың болсын, Қалтаң толған пұлың болсын. Жарылқасын Қорғаушың, Бейбіт халқымызға заман болсын, Табиғат таусылмайтын ризық беріп, Тартылған дастарханға тағам болсын. Қауіптен ел-жұртымыз аман болып, Көп қылып үйіңізге бала берсін, Оларға таудай талап, сана берсін, Ер жетіп, балаларың батыр болып, Өмірлері қызықты бола берсін. Үйіңе жақсы адамдар келе берсін, Тауфиқты, инабатты келін берсін, Ақ көңіл, ата-анаға жақын болып, Қызығын елі-жұрты көре берсін. «Әумин - деп үй иесі қол жайғанда, Жақсылап қариялар бата берсін. Әуелі Құдай жарылқасын, Пайғамбардың берекетін берсін, Ұлықманның жасын берсін. Сүлейменнің тағын берсін. Ескендір Зұлқайнардың бақытын берсін. Атымтай Жомарттың даңқын берсін, Дәуіт пайғамбардың даңқын берсін, Ұл берсе, оразды берсін, Қыз берсе, қылықты берсін. Шашы ұзын болсын, Жүзі қызыл болсын. Адам жаласынан, Бұлт аласынан, Көрінер-көрінбес Мың да бір пәлесінен Құдайым Өзі сақтасын! Мұсылманға дін үйреткен, Алымдардың саламаттығына! Халық қамын жеген, Қарқарадай хандардың Саламаттығына! Ел қамын жеген, Едігедей билердің Саламаттығына! Өз еңбегін өзі жеген, «Құдая шүкір, тәубе, деген Қара бұқара халықтың саламаттығына! Ілгері бастырамын деген, Еңіреген ерлердің саламаттығына! Қой орнына ат берген, Атымтайдай жомарттың саламаттығына! Молдаларға қол берген, Көрпе салып төр берген, Уызы арылмаған байлардың Саламаттығына! Халқы, халайығы қостаған, Орнықты саба ұстаған, Бәйбішелер саламаттығына! Он сегіз мың ғаламды Жаратушы бір Аллаһ. Әуелі Аллаһым бір Аллаһ. Тілегімді қабыл ет. Ісімді Аллаһ қолдасын Періште болсын жолдасың. Батамыз біздің пәк болсын. Жанұяңа бақ қонсын. Дастарханың асқа толсын. Мың бір атты пәледен Аллаһ сақта. Жүз бір атты қатерден сақта. Тілдінің тілінен сақта Көздінің көзінен сақта. Кезенгеннің кезінен сақта Жер бетіндегі пәле-жаланың Бәрінен Аллаһ сақта. Бақ қонсын, береке келсін, Өшпес дәулет орнасын. Үйдегіні үйде сақта Аллаһ Түздегіні түзде сақта Аллаһ Айдан аман ет. Жылдан есен ет. Жаратушы жан Ием Әрқашанда сізді сақ қылып Кедергі мен кеселден Бір Аллаһ сізді пәк қылып Ниетіңді адал, пейіліңді ақ етсін. Мен бердім бата Қабыл етсін бір Аллаһ! Әумин! Аллаһу Әкбар! Кигенің кір болмасын, Маңдайың тер болмасын, Аллаһ ойыңда тұрсын, Бұл оқылған аяттар Ай болсын, Сегіз пейіш ортасында Көңілің жай болсын! Іргенекті аралап дау жетпесін, Еліңді аралап жау жетпесін. Сізге бәле ойлағанның Бәлесі өз басынан кетпесін... Ғұмыр берсең Аллаһ бақытты қып бер, Дәулет берсең қайырлы қып бер. Әйел берсең жұмсақ сөзді, қызықты қып бер, Ұл берсең ұнамды қып бер, Қыз берсең қылықты қып бер, Келін берсең келісті қып бер, Ат берсең жүйрік қып бер, Бала болса ырысты қып бер, Тіршілікте ризық бер, Өлгенде бізге жұмақты нәсіп бер. Осы айтқанның бәрін Аллаһ қабыл ет! Айтушыдан сөз қалған жоқ. Беруді Аллаһ Өзі шешеді. Әумин Аллаһу әкбар! Аллаһ сені қолдасын! Адал болсаң судай бол - Су кірді кетіреді. Мықты болсаң жердей бол - Жер жаһанды көтереді. Аллаһқа жағам десең азаншы бол Ағайынға жағам десең қазаншы бол Судай таза бол Жердей берік бол Өмірің ұзақ болсын Сөзің халқыңа қуат болсын. Әумин, Аллаһу әкбар! Жарылқасын Құдайым, Тарттырмасын уайым. Мухаммедтің ақ жолын берсін, Хазірет Омардың күшін берсін, Әбубәкірдің әділдігін берсін, Не берсе де Аллаһ қайырымын берсін! Татулықты – Аллаһ бере берсін, Ұзын ғұмыр, дәулет берсін! Сарқылмас ризық берсін! Дастарқанға береке берсін! Әумин, Амин Әкбар!

14. Сұрасаң бата берейін,Үстем болсын мерейің...
▼

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханым мол болсын,

Абыройын зор болсын.

Көре алмаған бағыңды,

Сыңдыра алмаған сағыңды,

Дұшмандарың жер болсын.

Өмірің өрлей берсін,

Жүргенде жолың болсын.

Жолдасың Қыдыр болсын.

Аллаға ісің жақсын,

Есігің қыбылға бақсын.

Дәулетің судай тасысын,

Шаппай қылышың кессін,

Отбасың басқа толсын,

Қазаның асқа толсын,

Өрісің малға толсын.

Ел-жұртың аман болсын,

Бақытты заман болсын,

Үйіңе береке кіре берсін,

Бала-шағаң, туған-туыстарың,

Бақытты өмір сүре берсін.

Әмин, Аллаһу Әкбар!

15. Батасын тура жолына,Қайыр берсін соңына
▼

Батасын тура жолына,

Қайыр берсін соңына.

Кіріптар етпе бір Алла,

Залымның құрған торына.

Залымдық жолға жүргізбе,

Көңілге шайтан кіргізбе,

Тәубәсіз пенде атантып,

Дұшпаныма күлгізбе.

Дұшман көңілін семіртпе,

Тұрақсыз ғылып еліртпе,

Қиямет-мақшар күнінде,

Шерманда етіп телміртпе.

Шын тұрақты тілегім,

Былғанбаса екен жүрегім,

Әшһәду әл-ләә иләһә ил-лаллаһ,

Тайаныш мықты тірегім.

Құлшылық етіп Аллаға,

Құдіретіне сенгенмін.

Мұхәммәдәр-Расулуллаһ

Сүндетіне енгенмін.

Сенімін зор Құдайға,

Құдайсыз болса ұнай ма.

Сене алмаған адамның

Жүрегі ауыр ылайға.

Алдағы өмір жарық етер,

Зырлап барып жалт етер,

Үстіндегі адамзат,

Сыпырылып, жерге жалп етер.

Топырақ басар денесін,

Сонда не күй көресің.

Ерікті Алла сұраса,

Не деп жауап бересің.

Мүмкір, мәнкір қолға алар,

Алдында сұрақ бересі.

Қырық қадам кеткен соң,

Жатқан жерден тіріліп,

Сұраққа жауап берерсің.

Бар күнәңді тартасың,

Көрешекті көрерсің.

Ғамал дәптер оң жақтан,

Берілсін деп тілейік.

Әл-ләә ил-ләлләһ деп,

Иман айтып жүрейік,

Арам істен аулуқ боп,

Дін жолымен жүрейік.

Сақтасын Алла тозақтан,

Әмин деп қол жайдым,

Осы менің тілегім.

16. Дендеріңе саулық берсін,Өмірлеріңе жететін байлық...
▼

Дендеріңе саулық берсін,

Өмірлеріңе жететін байлық берсін.

Ұл балаларың ынтымақты болсын,

Қыз балаларың гүл сияқты болсын.

Келіндерің ырысты болсын,

Айтпай білетін, білісті болсын.

Құдаларың сыйласатын болсын,

Құдағиларың сырласатын болсын.

Туысқандарың тату болсын,

Қыйналсаң түсіп, атын берсін.

Көршілерің туысқандай болсын,

Жақсылығы досыңдай болсын.

Ел-жұртың қадірлейтін болсын,

Бар мәзірін алдыңа әзірлейтін болсын.

Ынтымағы елімнің бұзылмасын,

Берсін Алла бәріне ұзын жасын.

Ендігі жерде қиыншылық болмаса екен,

Осы ойымды бір Алла қолдаса екен.

Тілегімді қабыл ет,

Иманымды азық ет,

Барлығыңның сыртыңнан,

Қорғап жүрсін Қазірет.

Әмин, Аллаһу Әкбар!

17. Дендеріне саулық берсінӨмірлеріңе жететін байлық...
▼

Дендеріне саулық берсін

Өмірлеріңе жететін байлық берсін.

Ұл балаларын ынтымақты болсын,

Қыз балаларын гүл сияқты болсын.

Келіндерін ырысты болсын,

Айтпай білетін, білісті болсын.

Құдаларың сыйласатын болсын,

Құдағиларың сырласатын болсын.

Туысқандарын тату болсын,

Қиналсаң түсіп, атын берсін.

Көршілерің туысқандай болсын,

Жақсылығы досыңдай болсын.

Ел-жұртың қадірлейтін болсын,

Бар мәзірің алдына әзірлейтін болсын.

Ынтымағы елімнің бұзылмасын,

Берсін Алла бәріне ұзын жасын.

Ендігі жерде қиыншылық болмаса екен,

Осы ойымды бір Алла қолдаса екен.

Тілегімді қабыл ет,

Иманыңды азық ет,

Барлығыңның сыртыңнан,

Қорғап жүрсін Қазірет

Әмин Аллаһу Әкбар!

18. Әмин десең Алладан,Берсін дейік қол ұшын...
▼

Әмин десең Алладан,

Берсін дейік қол ұшын.

Періштең кетпей айланып,

Жаман істен қорысын.

Пайғамбардың ақ жолын,

Қыдыр әкеп дарытсын,

Алтынды ерлі ақбоз ат,

Астыңда жүріп арысын.

Қиналғанда достарың

Қасыңнан әр кез табылсын.

Береке сақтап ұлдарың,

Тату өтсін абысын.

Айналаңнан кетпесін,

Жақының мен алысың,,

Дастарқаның жиналмай,

Еселеп өссін табысың.

Саған біткен мал – басқа,

Қожай, Даурен дарысын.

Әмин, АллаҺу Әкбар!

19. Елімізді жаусыз ет,Дұшпандарды елсіз ет
▼

Елімізді жаусыз ет,

Дұшпандарды елсіз ет.

Ұл-қызымды, мінсіз ет.

Бейбітшілік заман болсын,

Отбасыларың аман болсын.

Ұл-қызыңның болашағын,

Көретұғын шамаң болсын.

Дендеріне саулық берсін,

Несібеңді молғып берсін.

Жақсылықты жаршы етіп,

Ұлы Алла жарлық берсін.

Болсын аман туыстарың,

Жаман іске жұғыспағын.

Болмашыға өкпелесіп,

Достарыңмен суыспағын.

Мен тілеймін оңдасын деп,

Ұлы Алла қолдасын деп.

Осы отырған барлығыңа,

Еш жамандық болмасын деп.

Көл – көсірғып елге бақ бер,

Әрқайсыңа ұзақ жас бер.

Қосылсаңдар қол жайыңдар,

Қабыл болсын, АллаҺу Әкбар!

20. Ата-анаңды пір тұтып, мақтан,Күндерің болсын, күн...
▼

Ата-анаңды пір тұтып, мақтан,

Күндерің болсын, күн нұрын шашқан.

Қыйналған кезде, қол беріп Қыдыр,

Таңдарың болсын, арайлап атқан.

Сақтасаң деген, сақтаймын,-деп еді Алла

Жамандық етер, жиынға барма,

Жалқаулық адам, жауы деп ұғып,

Ата-анаңа, ауырлық салма.

Түнде жорытқан, ұрыдан сақтан

Қара жүрек, қудан сақтан,

Адал ойды лайлайтын,

Өтірікші зудан сақтан

21. Айттарыңыз қабыл болсын,Бар жақсылық тамылжысын...
▼
22. Жарылқасын Құдайым,Тарттырмасын уайым
▼
23. Аллаһ сені қолдасын!Адал болсаң судай бол -Су кір...
▼
24. Ғұмыр берсең Аллаһ бақытты қып бер,Дәулет берсең...
▼
25. Кигенің кір болмасын,Маңдайың тер болмасын,Аллаһ...
▼
26. Он сегіз мың ғаламдыЖаратушы бір Аллаһ
▼
27. Адам жаласынан,Бұлт аласынан,Көрінер-көрінбесМың...
▼
28. А, Құдайым оңдасын,Оңдағанның белгісі,Қайырлы еті...
▼
29. Иә, Құдайым оңдасын,Оң жолына бастасын
▼
30. Күнің шуақты болсын,Көлің суатты болсын
▼
31. ЖАРАМАЗАН
▼
32. Айтамыз жарамазан еліңізге,байлапсың елу бота жел...
▼
33. Айтамыз, байлар, саған жарамазан,Айыпқа бұйырмаңы...
▼
34. Барып ем анау үйге тайлақ берді,Ттайлағын жібек ж...
▼
35. Болат Шарахымбай
▼
36. Рамазан айына тілек
▼
37. Құрметті мұсылман қауым! Мүбәрак ораза айт мереке...
▼
38. Құрметті мұсылман қауым! Ұстаған Оразаларыңыз қаб...
▼
39. Баршамызды мүбарак Рамазан айының келуімен шын жү...
▼
40. Барлық мақтау мен мадақ Әлемдерді Раббысы Алла Та...
▼
41. Барлықтарыңызды қасиетті Рамазан айының келуімен...
▼
42. Алла тағала рамазан айында ұстаған оразаларымыз б...
▼
43. Қасиетті Құрбан айт құтты болсын !!!Алла тілектер...
▼
44. Ораза айтпен, бауырлар!Ұлық айтқа арнап жайылған...
▼
45. Құрбан айты мүбәрәк болсын! Отыз күн оразаның іші...
▼
46. Құрбан айт мерекелерің құтты болсын! Құрбан...
▼
47. Қасиетті құрбан айт қабыл болсын!Қаламың карымды,...
▼
48. Құрбан айт қабыл болсын!Алладан рахым, пайғамбард...
▼

Автор, редактор:
Юрист-консультант по семейному праву