RU KZ EN

Құттықтау тілектер - Ресми мерекелерге - Тәуелсіздік күні

FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.

1. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты Елбасы атына жолданған құттықтаулар...
▼

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев құттықтады.
- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Қа­зақстан Республикасының ұлттық ме­­рекесі - Тәуелсіздік күнінің 20 жыл­дығына бай­ланысты шынайы құттық­тауымды қабыл алыңыз. Өткен жылдар ішінде Қазақстан экономикалық дамуда, халық­тың әл-ауқатын қамтамасыз етуде аса зор жетістіктерге қол жеткізді. Тұрақтылық және қоғамдағы өзара түсіністік, зор жауапкершілікпен жүзеге асырылған сыртқы саясаттағы бағыт республиканың халықаралық беделінің өсуі үшін сенімді негіз болды. Қазақстандағы жүйелі жүргізілген қайта құрулар және біздің мемлекеттеріміздің халықтарының достық пен тату көршілікке негізделген дәстүрі Ресей-Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптес­тік­тің жоғары қарқынмен дамуына оң әсерін тигізуде. Экономиканың ше­шуші салаларындағы кооперациядан кең көлемдегі мәдени-гу­ма­нитарлық байланысқа дейінгі әртүрлі салалардағы бірлескен ауқымды жобалар ойдағыдай жүзеге асырылуда. Келісім-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыстар елеулі игі жемісін беруде. Ғылыми-тех­никалық байланыс және инновация салаларында, атом энергетикасы және басқа да көптеген бағыттарда ірі мүмкіндіктер ашылуда. Қолдағы мүмкіндіктерді барынша іс жүзіне асыру мақсатындағы қуатты қарқын ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ - аймақтық бірлестіктерінің шеңберінде ынтымақтастықты тұрақты тереңдетуге игі ықпалын тигізуде. Қазақстанның интеграциялық үдерістерді дамытудағы белсенді рөлін айрықша атап өткім келеді. Тиімді жұмыс істеп жатқан Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік құру және Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі нақты тәжірибелік қадамдар өзара тиімді әріптестікті дамытуға жан-жақты қолайлы жағдай жасайды. Біз алда тұрған жоспарларды іс жүзіне асыру мақсатында алдағы уақытта да өзара ең терең ынтымақтастық пен байланысқа дайынбыз.
Қазақстан-Ресей арасындағы одақтастық жөніндегі салмақты әлеуетті пайдалану алдағы уақытта да біздің халықтарымыздың өмір сапасын арттыруға жағдай жасайтындығына, бүкіл еуроазиялық аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту міндеттеріне қызмет ететіндігіне сенімдімін, - делінген құттықтауда.
Өз құттықтауын Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао жолдаған.
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қытай Үкіметі мен халқының атынан, сондай-ақ жеке өз атымнан Сізді және Сіз арқылы достас Қазақстан Үкіметі мен халқына шынайы құттықтауым мен игі тілегімді жолдаймын. Қытай мен Қазақстан - тату көрші және жан-жақты стратегиялық серіктес. Қытай тарабы Қазақстанмен қарым-қатынасқа үлкен мән береді және оны сыртқы саясатының басымдығының бірі ретінде қарастырады. Екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанының 20 жылдығын мерeкелеу аясында, Қытай тарабы қазақстандық тараппен біге барлық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдете жалғастыруға дайын. Достас Қазақстанға өсу, қуат және гүлдену тілеймін, - делінген құттықтауда.
АҚШ Президенті Барак Обамадан құттықтау келіп түсті.
- Қазақстанның Тәуелсіздіктің және ұлт егемендігінің 20 жыл­ды­ғын тойлауына орай Америка Құрама Штаттары халқы атынан ең жылы құттықтауымды жеткіземін. Бүгін­де Қазақстан біздің елдеріміздің өңірлік тұрақтылықты алға бастыру, өркендеу мен энергетикалық әріптестігі жолында бірлесе жұмыс істеуді жалғастырып келеді. Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанда барлық ядролық қа­рудан бас тартып, бүкіл халықаралық қоғамдастық үшін үлгі көрсете отырып, Сіз тарихи және көреген шешім қабыл­да­ды­ңыз. Бұл бағыттың өңірді және бүкіл әлемді неғұрлым қауіп­сіз орынға айналдыруда көрсеткен ық­палын бағаламау мүм­кін емес. Таратпау саласындағы біз­дің кең көлемді қызмет­тестігіміз әлі күнге дейін жалғасу­да, әсіресе, біздің ядролық қауіпсіздік саласындағы ын­ты­мақтастығымыз өте тамаша болды. Мен Сіздің осы мәсе­лелердегі ұзақ жылғы тәжірибеңізді жоғары бағалаймын және наурыз айында Сеулде Сізбен кездескен кезде ядролық қауіпсіздік жөніндегі біздің мақсаттарымызды қамтамасыз етуді қалай жалғастыру керектігі жөнінде Сіздің ойларыңызды естимін деп үміттенемін. Сіздер Қазақстан тарихының тағдыршешті сәтін мерекелеудесіздер, соған орай Сізге және Қазақстан халқына деген менің ең ізгі тілектерімді қабыл алыңыздар.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Муннен құттықау келді.
- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан халқы мен Үкіметін Сіздер­дің елдеріңіздің Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғына байланысты құттықтауға қуаныштымын. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап Қазақстан халқы Қазақстанды аймақтық сахнаның барлық салаларында шешуші ойыншыға айналдыру үшін үлкен белсенділік таныта білді. Ядролық қарусыздану мәселесін дамыту жөнінде көп мемлекет Қазақстан сияқты табандылық таныта алмады. Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі жасалған Келісім бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосылған маңызды үлес болып саналады. Сонымен бірге Қазақстан 29 тамызды - Ядролық сынаққа қарсы іс-шаралардың халықаралық күні ретінде атап өту жөнінде бастама көтерді. Бұл бастаманы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекітті. Мен Қазақстанға ядролық қарудан азат бейбітшілік сүйгіш әлем құру жолындағы бастамасы үшін ризамын. Бұған қосымша Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы сияқты аймақтық және халықаралық ұйымдарға ойдағыдай төрағалық ете отырып, Қазақстан бүгінгі заманның этносаралық үйлестік және дінаралық диалог сияқты өте маңызды мәселелермен белсенді айналысып келеді. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері - Қазақстанның бүгінгі заман үшін өте қажетті бастамасы. Бұл бастама толеранттылықты дамытуға, мәдениеттер, дәстүрлер және діни наным-сенімдер арасындағы өзара түсіністік пен төзімділікті қалыптастырады. Мен Қазақстанды осы саладағы күш-жігерді одан әрі дамытуға шақырамын, өз кезегінде БҰҰ ұлтына, этносына, мәдениетіне, дініне немесе діни сеніміне қарамастан, барлық халықтардың қауіпсіздігін, құндылықтарын және болашаққа деген сенімін қамтамасыз ету үшін қызметін жалғастыра беретініне сенім білдіремін. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Мыңжыл­дық­ты дамыту мақсатын жү­зеге асыруда айтар­лық­тай жетістіктерге жетті. Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тағы да құттықтаймын. Гүлденген, демократиялық және табыс­ты Қазақстан құрметі үшін менің шын жүректен шыққан құттықтауымды қабылдауларыңызды өтінемін, - делінген құттықтауда.
Француз Республикасының Президенті Николя Саркози Мемлекет басшысын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
- Президент мырза, қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан Республикасы Тәу­ел­сіздігінің 20 жылдық мерей­той­ы­на байланысты менің ең жылы лебіздерімді қабыл алыңыз.
Қазақстанның Сіздің басшы­лы­ғыңызбен бұлыңғыр бола­шақты бұрынғы кеңестік республикадан халықаралық абыройы күн санап өсіп келе жатқан, этносаралық және конфессияаралық келісім үстемдік құрған, бірыңғай серпінді даму жолындағы елге айналу барысында жүріп өткен жолы таң қалдырады. 2009 жылдың қазан айында маған ресми сапармен келіп, Астананы тамашалау бақыты бұйырды. Жаңа елордаларыңыз осы көрнекті жетістіктеріңіздің футуристік символы болып табылады. Біздің тұрақты кездесулеріміз 2008 жылдың 11 мау­сымында Париж қаласында Сізбен қол қойған стратегиялық әріптестік туралы келісімге өте нақты мазмұн енгізуге мүмкіндік берді. Мен 2012 жыл онсыз да қарқынды, үдемелі екіжақты әріптестікке жаңа көкжиектер ашады деп сенемін, деп атап өтілген құттықтауда.
Испания Королі Хуан Карлос I Қазақстан Президентін еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
- Құрметті Президент мырза, қымбатты досым, Сізге жеке өз атымнан, сондай-ақ Испания Үкіметі мен халқы атынан Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесіне орай жүрекжарды құттықтауымды жолдаймын. Қазақстан халқы биылғы жылы өз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт аралығында Қазақстан дәулетін ұлғайтуға қол жеткізіп, жарқын болашақ үшін берік негіз қалады. Достас Қазақстан халқына амандық, бейбітшілік және гүлдену тілеймін, - делінген құттықтау хатта.
Сонымен бірге Киелі Тақ Папасы Бенедикт ХVІ Мемлекет басшысын және Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтаған.
- Жоғары мәртебелі, Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі Сізге және Қа­зақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу игі тілектерімді жолдауыма қуанышты мүмкіндік туғызып отыр. Еліңіздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, Жа­ра­тушы еліңіздің тұрғындарының неғұрлым үйлесімді әрі әділетті қоғам құруына қуат беріп, олардың отбасылық, әлеуметтік және ұлттық өмірлері нұрлы болып, мәдени және рухани құндылықтарды құрметтеуді нәсіп етсін деп тілеймін. Жоғары мәртебелі, Сізге және елдің барлық азаматтарына Жаратқаннан шапағат тілеймін.
Украина Республикасының Президенті Виктор Янукович Мемлекет басшысына құттықтау жолдаған.
- Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесімен шын жүрегімнен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыз. Қазақстанның индустриялық-инновациялық бағдарла­ма­лар аясындағы реформалар мен инвестициялық перс­пек­тивалы жобалардың жоғары деңгейде көрініс тауып, халықаралық аренада үлкен беделге көтерілуі Сіздің тікелей жетекшілігіңіз бен дана саясатыңыздың арқасында болып отыр. Украина мен Қазақстанның алдағы уақыттарда да біздің мемлекеттеріміздің мүдделері жолында біздің халық­тарымыздың дәстүрлі достығына берік өзара түсіністік пен әріптестікке негізделген өзара тиімді, жемісті ынтымақтастығы бұдан кейін де нығая береріне сенімдімін. Өзара қызығушылық танытып отырған бірлескен жобалар, оның ішінде авиағарыштық, энергетикалық және аграрлық кешен саласындағы жобалар Қазақстан мен Украинаны тиімді модернизациялауға игі ықпал жасағаны сөзсіз. Сонымен бірге бұл біздің елдердің халықаралық аренадағы беделін көтеріп, халықтарымыздың сапалы өмір жағдайын арттырады. Сізге шынайы жүректен жауапты мемлекеттік қызметіңізде табыс және зор денсаулық, сол сияқты бауырлас Қазақстан халқына гүлдену, сәттілік тілеймін, - делінген құттықтауда.
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевты және барша Қазақстан халқын айтулы датамен құттықтайды.
- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді және достас Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің жиырма жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік жылдары ішінде Қа­зақстан өзінің әлеуметтік-эко­номикалық және саяси дамуында Сіздің көшбасшылығыңызбен үлкен табыстарға қол жеткізді, халықаралық аренада өз абырой-беделін бекітіп, биіктете түсті. Дәстүрлі достық рәуіштегі және өзара тиімді тәжік-қазақ қарым-қатынастары келешекте де екі ел мен халық игілігіне қызмет ете беретініне сенімдімін. Сізге, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бақыт және мықты денсаулық, ал достас Қазақстан халқына - жақсылықтар мен өркендеу тілеймін!
Еуропалық Комиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу Мемлекет басшысына Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өз құттықтауын берді.
- Құрметті Президент мырза, мен үшін Сізді және Қазақстан Рес­публикасының барлық азамат­та­рын 1991 жылы 16 желтоқсанда жа­рия­ланған Тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғы­мен құттықтау үлкен құрмет және зор қуаныш. Қазақстан осы тарихи оқиға болған сәттен саяси, эконо­ми­калық және мәдени салалардың халықаралық сахнасында өзін қалыптастыру, дамыту және нығайту жолында теңдессіз күш-жігер танытты. Мен Еуропалық одақтың екіжақты ынты­мақ­тастық және біздің өзара байланыстарымыз арқылы осы прогрессивті бағыттың орнығуына өзіндік үлесімізді қосқанымызға қуаныштымын. Осы айтулы оқиғаға байланысты менің Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасының және оның азаматтарының әрқа­шан досы және серіктесі болатындығын тағы да атап өткім келеді. Біздің қолданыстағы Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді іс жүзіне асырудағы және Әріптестікті дамыту жө­нін­дегі жаңа келісім бойынша келіссөздер жүргізуді іске асыру жо­лын­дағы байланысымыз өзара қарым-қатынасымызды нығай­туға және тереңдетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Қазақ­станның үлесі өте маңызды болып отырған Орталық Азиядағы біздің стратегиямыздың рухы бойынша байланысымызды одан әрі нығайта бермек. Қазақстан Республикасындағы, сонымен бірге Еуропалық одақтағы негізгі реформаларды дамыту, Еуро­палық одақ және ЕО-ға мүше мемлекеттер институттарын қолдау жөніндегі атқарылып жатқан бастамаларға біз үнемі қолдау көрсетеміз. Бұл реформалық үрдістер Сіздердің елдеріңізге демократиялық экономикалық және әлеуметтік даму және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында алға қойған мақсаттарыңызға жетуге игі ықпалын тигізетін болады. Сізге және Қазақстан Республикасының барлық азамат­тарына бақыт және сәттілік тілеген менің шын жүректі сезімімді қабыл алыңыз, - делінген құттықтауда.
- Президент мырза, өз атымнан және барлық отандастарымның атынан Сізді және Сіздің халқы­ңызды Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан Республикасы биылғы жылы өз Тәуел­сіздігінің 20 жылдығын атап өтуде. Осы кезеңде Сіздің еліңіз аса зор даму жолынан өтті. Шынайы мақтан тұтатын қол жеткізген же­тістіктер көп және бүкіл халық мүддесі үшін Сіздің елі­ңіз­ді одан әрі жаңғырту жолында алда да көптеген міндеттер тұр. 1991 жылдан бастап біздің елдеріміздің арасында барлық дәрежедегі достық байланыстар қалыптасты. Германия алғашқы күннен бастап Тәуелсіз Қазақстанға белсенді қолдау және жәрдем көрсетті. Жаңа байланыстарды кеңейту үшін саяси, экономикалық және мәдени салаларда бұрын­ғы­сынша зор әлеуеттер бар. Құқық және құндылықтар туралы саяси үнқатысуларды тереңдете отырып, Германия алдағы уақытта да Сіздің мемлекетіңіздің сенімді серіктесі болады. Сізге барлық сәттіліктерді және Қазақстан халқына бейбітшілік, азаттық және гүлдену жағдайындағы бақытты болашақ тілеймін, - делінген Германия Федеративтік Республикасының Президенті Кристиан Вульфтің құттықтауында.

2. Қазақ қандай ел десең
▼

«Не деген жайсаң ел еді!»
Әлемнің дейді бас иіп.
Кеңесі – мәйек, келелі,
Айтқанын тыңдар дос ұйып.

Болмасқа солай қақы не,
Тегіміз текті – Көкбөрі.
Сабырлы, салқын ақыл ие,
Бекзатты халқым, бектерім.

«Не деген байтақ жер еді!»
Әлемің десе таңдана.
Сатпайды жатқа тек елі,
Ұраны Мөде – маң дала.

«Не деген жомарт!» десеңдер,
Біздерде талай Атымтай.
Сыйыңа сый келсеңдер,
Адамдық арға салтым сай.

Талантты десең, елжіре,
Дарынын берген Тәңірім.
Күйлері – тарих, щежіре,
Орындау Тәңір өмірін.

Иманды десең діні де,
Тыңдаған айдан Құранын.
Өрелі өрлеу ілгері
Көрсетер әлі ұланым.

Әуезді десең тілдері,
Тыңдаған сөзін Үш Бидің.
Жаныңа дауа, кіл дәрі,
Рухтанып содан күш жидым.

Кім десең енді қазағым,
Шындығы қазір аңыздай.
Таныды әлем ғажабын,
Білікті жас та, абыз да.

Фараби сынды ұлы бар,
Қалайша біздер ұсақпыз?!
Тұлғалар талай табылар,
Келеміз текті ұстап біз.

Шынықтық, көрмей үгіліп,
Тамырдан алып тереңдік.
Үмітке жүрдік жүгініп,
Сенімнің жолы – ерендік.

Қандай ел десең қазағым,
Ойы – мұхит, тілі – бал.
Көңілі дархан, базарлы,
Жан дүниесін біліп ал.
Айтмұхамет Есімжанұлы

3. Желтоқсан
▼

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.
Сырым Әуезханов

4. Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!
▼

Ендіктерді аралап еркін дүбір,
Алаулатты керемет көркіңді нұр.
Алақайлап аспанға атып тұрып,
Берекелі бастағы бөркіңді бір...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Әдіптеді арманды әуелгі үміт,
Кекете алмас қазақты жау ел күліп...
Тәуелсіздік туындай биік еңсең,
Кетті бүгін келмеске тәуелділік...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Төрт түліктен майысып арқа, белдер,
Тойлап жатыр ой, қырда дарқан ерлер...
Танып жатыр, мойындап Қазақ Елін
Танығысы келмейтін тарпаң елдер...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?!
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Базарбай Исаев

5. тәуелсіздік күніне
▼

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.



Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін!


Сізді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!


Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді.
Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!


Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!


Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл ...... жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтағым келеді.
Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін.


Бүгін біз жерінің асты ырғын байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің .......... жылдығын зор салтанатпен атап отырмыз. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілейміз.


Сізге Тәуелсіздік күніне орай өз құттықтауымды жолдаймын. Шын жүректен одан әрі ілгерілеу мен өркендеу тілеймін.


Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземін.


Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыз.
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін.


Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілеймін.


Сізге ашық аспан аясында егемен еліміздің игілігі жолындағы ісіңізге мол табыс, жанұяңызға береке-бірлік, деніңізге саулық тілеймін.


Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Дәйім осы биіктен көріне беруге жазсын.


Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз.


Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Өзіңізге берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, мықты денсаулық тілейміз. Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін!



Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін.



Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін!



Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!


Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!


6. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына
▼

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құтты болсын! Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Татту-тәтті халқымызға бақ қонып, Кетпесін туған жердің берекесі. Тұрсынхан Әбдірахманқызы Қуан, жұртым Елдігіңді шет елдер мойындады, Сан армандар іске асты ойыңдағы. Терезесі тең елдер қатарында Салтанатпен өтуде тойың-дағы. Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік, Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп, Азаматтар ақтады сеніміңді Талай істе танытты кемеңгерлік. /Шығыс Қазақстан әкімінің құттықтауы/Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

7. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні! – поздравления, стихи на казахском с переводом...
▼

Тәуелсіздік – бұл бостандық, күш, молшылық және рухани байлық. Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, игілік және алдағы жұмысыңызда тек шығармашылық табыс пен жаңа жобалар мен идеялардың жүзеге асырылуын тілейміз!

Независимость – это свобода, это сила, это благосостояние, это духовность. От всей души желаем Вам крепкого здоровья, личного счастья и благополучия, дальнейших успехов в своей нелегкой, но очень ответственной работе, творческого подъема и реализации смелых проектов, новых идей!

Мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығы әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін бұл мереке әрі патриоттық деп есептеледі. Бірлескен ұйымшылдық болып, бірге жаңа мақсаттарға жетуіміз, халқымыздың ырысы және гүлденіп өсуі, сыйласуы мен түсінісуі, әрқашанда рухтарымыздың биік болып, салт-дәстірімізді әрқашан бағалап жүрсек, алда көптеген жаңа табыстарға жетеміз. Бұл мереке күні Сізге тілейтініміз зор-денсаулық, мақсат-жолдарынызда сәттілік, туған-жақындарыныздың жылу сезімі әрқашан Сізге қуаныштар сыйлай берсін!

В этот праздник патриотизма, гордости за нашу Родину, братства и свободы мы желаем мира и покоя в нашем общем доме. Мы желаем Вам ещё крепче сплотиться и вместе идти к новым целям, к благополучию и процветанию, беречь традиционные ценности взаимного уважения и быть позитивно настроенными на новые свершения. В этот праздничный день желаем Вам здоровья, удачи, поддержки Ваших родных и близких!


ҚР Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да булек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен батыр бабаларымыздың әр жылда түгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тутып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.

Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспін.

Поздравляем вас С Днем Независимости РК!
Независимость РК пришла в результате борьбы казахского народа за свою независимость. Народ всегда жаждал независимости, сколько крови было пролито на пути к свободе.

Находясь в центре Евразии, наш народ обрел счастье в многонациональной стране. Представители более 100 национальностей живут и трудятся в единой стране вместе с казахским народом, преумножая славу нашего государства.

Ата бабаларымыздың аңсап көптен күткен тәуелсіздік күніміз кұтты болсын ағайын. Барша казастандыктарды, әсіресе қзак ұлтын тәуелсіздік кунімен құттықтаймын. Қазақстандағы әр бір отбасына мол бакык, амандық тілеймін, Алланын нұры жаусын, Нұр үстіне нұр жаусын, Еліміз гүлденіп көркейе берсін. Қазақстандыктар төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Поздравляем с Днем Независимости - долгожданным праздником. Всех казахстанцев, особенно казахов, поздравляем с великим праздником – днем Независимости.

Да здравствует Независимость Казахстана! Надо беречь и преумножать традиции нашего народа. Стараться не пустословить. Чтобы каждая семья жила в достатке. Дай Бог вам здоровья.

8. Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!(Базарбай Исаев)...
▼

Ендіктерді аралап еркін дүбір,

Алаулатты керемет көркіңді нұр.

Алақайлап аспанға атып тұрып,

Берекелі бастағы бөркіңді бір...

Қуан, қазақ!

Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,

Қазақ жері азат,

Қазақ ері азат,

Бұдан нұрлы шақ бар ма?

Бұдан асар бақ бар ма?

Қуан, қазақ!

Күн туды қуанатын!

Әдіптеді арманды әуелгі үміт,

Кекете алмас қазақты жау ел күліп...

Тәуелсіздік туындай биік еңсең,

Кетті бүгін келмеске тәуелділік...

Қуан, қазақ!

Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,

Қазақ жері азат,

Қазақ ері азат,

Бұдан нұрлы шақ бар ма?

Бұдан асар бақ бар ма?!

Қуан, қазақ!

Күн туды қуанатын!

Төрт түліктен майысып арқа, белдер,

Тойлап жатыр ой, қырда дарқан ерлер...

Танып жатыр, мойындап Қазақ Елін

Танығысы келмейтін тарпаң елдер...

Қуан, қазақ!

Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,

Қазақ жері азат,

Қазақ ері азат,

Бұдан нұрлы шақ бар ма?!

Бұдан асар бақ бар ма?!

Қуан, қазақ!

Күн туды қуанатын!

9. Желтоқсан (Сырым Әуезханов)
▼

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

Талай қазақ гүлдерін де солдыра,

Ел билеуге алып келді Колбинді

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.


10. Қазақ қандай ел десең (Айтмұхамет Есімжанұлы)...
▼

«Не деген жайсаң ел еді!

Әлемнің дейді бас иіп.

Кеңесі – мәйек, келелі,

Айтқанын тыңдар дос ұйып.

Болмасқа солай қақы не,

Тегіміз текті – Көкбөрі.

Сабырлы, салқын ақыл ие,

Бекзатты халқым, бектерім.

«Не деген байтақ жер еді!

Әлемің десе таңдана.

Сатпайды жатқа тек елі,

Ұраны Мөде – маң дала.

«Не деген жомарт! десеңдер,

Біздерде талай Атымтай.

Сыйыңа сый келсеңдер,

Адамдық арға салтым сай.

Талантты десең, елжіре,

Дарынын берген Тәңірім.

Күйлері – тарих, щежіре,

Орындау Тәңір өмірін.

Иманды десең діні де,

Тыңдаған айдан Құранын.

Өрелі өрлеу ілгері

Көрсетер әлі ұланым.

Әуезді десең тілдері,

Тыңдаған сөзін Үш Бидің.

Жаныңа дауа, кіл дәрі,

Рухтанып содан күш жидым.

Кім десең енді қазағым,

Шындығы қазір аңыздай.

Таныды әлем ғажабын,

Білікті жас та, абыз да.

Фараби сынды ұлы бар,

Қалайша біздер ұсақпыз?!

Тұлғалар талай табылар,

Келеміз текті ұстап біз.

Шынықтық, көрмей үгіліп,

Тамырдан алып тереңдік.

Үмітке жүрдік жүгініп,

Сенімнің жолы – ерендік.

Қандай ел десең қазағым,

Ойы – мұхит, тілі – бал.

Көңілі дархан, базарлы,

Жан дүниесін біліп ал.

11. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құтты болсын! ...
▼

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құтты болсын!

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті халқымызға бақ қонып,

Кетпесін туған жердің берекесі.

12. Тұрсынхан ӘбдірахманқызыҚуан, жұртым Елдігің...
▼

Тұрсынхан Әбдірахманқызы

Қуан, жұртым

Елдігіңді шет елдер мойындады,

Сан армандар іске асты ойыңдағы.

Терезесі тең елдер қатарында

Салтанатпен өтуде тойың-дағы.

Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік,

Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп,

Азаматтар ақтады сеніміңді

Талай істе танытты кемеңгерлік.

13. Шығыс Қазақстан әкімінің құттықтауы
▼

Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.

Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

14. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз...
▼

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

15. Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіре...
▼

Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!

16. Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, е...
▼

Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін!

17. Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың...
▼

Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін.

18. Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнім...
▼

Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Өзіңізге берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, мықты денсаулық тілейміз. Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін!

19. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне і...
▼

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз.

20. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиет...
▼

Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Дәйім осы биіктен көріне беруге жазсын.

21. Сізге ашық аспан аясында егемен еліміздің игілігі...
▼
22. Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ер...
▼
23. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай...
▼
24. Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы и...
▼
25. Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беру...
▼
26. Сізге Тәуелсіздік күніне орай өз құттықтауымды жо...
▼
27. Бүгін біз жерінің асты ырғын байлыққа, жерінің үс...
▼
28. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне...
▼
29. Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұл...
▼
30. Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда...
▼
31. Сізді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Т...
▼
32. Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсі...
▼
33. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да ай...
▼
34. Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ер...
▼
35. Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсі...
▼
36. Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы и...
▼
37. Сізге Тәуелсіздік күніне орай өз құттықтауымды жо...
▼
38. Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беру...
▼
39. Сізге ашық аспан аясында егемен еліміздің игілігі...
▼
40. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне і...
▼
41. Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың...
▼
42. Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіре...
▼
43. Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнім...
▼
44. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз...
▼
45. Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, е...
▼
46. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиет...
▼
47. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай...
▼
48. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне...
▼
49. Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұл...
▼
50. Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда...
▼
51. Сізді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Т...
▼
52. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да ай...
▼
53. Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнім...
▼
54. Ата бабаларымыздың аңсап көптен күткен тәуелсізді...
▼
55. ҚР Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!...
▼
56. Мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығы әрі ә...
▼
57. Тәуелсіздік – бұл бостандық, күш, молшылық және р...
▼
58. Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнім...
▼

Автор, редактор:
Юрист-консультант по семейному праву