RU KZ EN

Құттықтау тілектер - Ресми мерекелерге - Жеңіс күні

FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.

1. Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден
▼

Жан әке, Асыл әке, Ардақты әке,
Тірі болсаң жүрер едің 85-те.
Қан майданда, қан кешіп күткен күннің
Келе жатыр 65 жылдық мерекең де.

Сұм соғыстан аман кеп, марқұм әке,
Ажал сені әкетті-ау жайлы өмірде.
Бұл қызықты көретін елмен бірге
Тағдыр шіркін өзіңе көпсінді ме.

З0-жыл өтті, міне, содан бері
Еске аламыз өзіңді Жеңіс күні.
Сол жеңістің көрсеткен бұл жемісі
Ұрпағыңның есінде қалар мәңгі.

2. Соғысты көрген тағдырлар\қосқан Ғабиден Қызылордадан\...
▼

Соғысты көрген тағдырлар Қиындық кезең сындары, Ерліктің отын маздаттың. Соғыстың сұрапыл жылдары, Тағдыры талай боздақтың. Аттанып ердің дүрмегі, Отан деп келді сөз басы. Соғыстың күңгірт күндері, Жесірдің ащы көз жасы. Алыстап жылдар барады, Білініп уақыт бағасы. Соғыстың зарлы заманы, Жетімнің қайғы-наласы. Ерлікке толып өткені, Ұмтылмай тұрды ер ісі. Соғыстың соңғы көктемі, Солдаттың асқақ Жеңісі. Жақыны қамығып ойланған, Тағдыры солай болса бір. Оралмай қалып майданнан, Хабарсыз кетті қаншама ұл. Тарихты білер Далам бар, Кетсе де ұрпақ алға тым. Еске алар бір күн адамдар, Соғыстың соңғы солдатын. Оларға ешбір сын тақпа, Жүргенің жөн-ау ескеріп. Айтпайды сосын ұрпаққа, Олардай ешкім естелік. Аңғалдау адам-пендеге, Мұрағат ізін сақтайды. Қартандау бірақ кеудеде, Медальдар сыңғыр қақпайды. Өссе де ұрпақ тербеле, Демейік өткен солғындар. Ұмтылмай жатсын кеудеде, Соғысты көрген тағдырлар. Сұрапыл жылды ұғасың, Тарихтың білсең сан қырын. Соғыстың соңғы куәсін, Құрметтеп,ұрпақ,қал бүгін! авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы

3. 9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтау
▼

Мемлекет басшысының құттықтауы.
Қымбатты ардагерлер, мен сіздерді бүгінгі қасиетті де қас­терлі мереке – Жеңіс күнімен құттықтау үшін Астанадан Алма­тыға арнайы келдім. Сұ­ра­пыл соғыстың біткеніне, міне, 66 жыл болды, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы да жақындап келеді. «Кеңес Одағы» деген үлкен мем­лекеттің миллиондаған халқымен бірге, Қазақстан да бұл сұрапыл соғыстағы жеңіске өзінің үлкен үлесін қосты. Қасиетті де қас­тер­лі Отан үшін жан беріп, жанын пида еткен шейіттерді жыл сай­ын еске алып, олардың рухына тағзым ету – біздің, кейінгі ұр­пақ­тың ең басты парызы. Егер де ойлап қарасақ, халқымыздың басына түскен 30-шы жыл­дар­дағы зұлматтан кейінгі қазақтың басына түскен екінші бір сұра­пыл қырғын Ұлы Отан соғысы болғандығы ақиқат. Бұл соғыста біздің азаматтары­мыз ерлік пен қаһармандықтың ең жоғары деңгейдегі үлгісін көр­сетті.
558 қазақстандық Кеңес Ода­ғы­ның Батыры атанды, ал оның ішінде қазақ азаматтар да аз емес еді. Уақыт өткен сайын аға тол­қын – сіздердің қол жеткізген ауқымды жетістіктеріңіздің, ірі табыстарыңыздың маңызы артып келеді. Соғыстан кейінгі күйре­ген экономиканы қалпына келтіруде ардагерлер қажырлылық танытып, атсалысты. Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз, отансүй­гіш­тіктеріңіз, бірліктеріңіз, бау­ыр­малдық және ынтымақтастық қасиеттеріңіз бүгінгі күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан үлкен құндылық болып табылады. Сондықтан да сіздерге басымызды иеміз. Мұның өзі, әсіресе, биылғы жылы өз тәуел­сіздігінің жиырма жылдығын атап өтетін жас мемлекетіміз үшін өте маңызды. Бір құптар­лы­ғы, аға ұрпақтың ұланғайыр же­ңісі мен еліміздің бүгінгі жеңісі бір-бірімен тығыз байланысты. Егер де жеңімпаз әкелеріміздің ерлігі болмағанда, біз мұндай мем­лекетті құра алмас едік.

Туған Отанының бос­тан­дығы мен азаттығы үшін ауызбен айтып жеткізгісіз қиын­дыққа төзіп, Ұлы Жеңіске қол жеткізген майдангерлерден қа­лыс­пай, тылда қажырлылықпен еңбек еткен, сөйтіп, Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қоса білдіңіздер.
– Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршы­лық­ты, ауыртпалықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің баты­сына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға көпшіліктің, анығырақ айтқанда, бүгінгі ұрпақтың риза­шылығы шексіз, – деді Елбасы.
Тағы бір айта кететін жәйт, көпшілікке жақсы белгілі, сол бір сұрапыл соғыс жылдары көпте­ген зауыттар мен фабрикалар Қа­зақстанға көшіріліп, онымен бірге, көптеген адамдар да келді. Қа­зақ халқы олардың барлығын құ­шағын жайып қарсы алып, бауы­рына басты. Соғыс жыл­дары ел­дің мерейі, біздің хал­қымыздың беделі үстем болды. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезең­де әлемде қо­лайсыз жағдайлар орын алға­нына қарамастан, бү­гінгі күнге дейін бейбіт аспан астында, бейбітшілікті көзіміз­дің қарашы­ғын­дай сақтап келеміз. Ең бастысы, көп ұлтты халқымыз­дың арасындағы дос­тықтың нә­тижесінде тату-тәтті тіршілік жалғасуда. Қазақ­стан­ның бү­гінгі жетістігі, әлемдік дең­гей­дегі абырой-беделі, сіздерді, ардагерлерді қуантады деп ойлай­мыз.
Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған салтанатта ардагерлермен жүздесу кезінде Елбасы республика халқының арасында ынтымақтастықты одан әрі ны­ғай­ту бағытындағы ауқымды іс-шаралар мен жас ұрпақтың бой­ында отансүйгіштік қасиетті қа­лыптастырып, оларды ерлік ру­хында тәрбиелеу жұмыстарының жалғасуы нәтижелі екендігін де назардан тыс қалдырмады. Игілікті іс қашанда өз жемісін беретіндігі сөзсіз. Тәуелсіздік алға­ны­на небәрі жиырма жыл ғана толатын жас мемлекеттің аз ғана мерзім ішінде экономикасының қа­рыштап дамып, әлемде таны­мал мемлекетке айналуы осы уа­қыт ішінде атқарылған орасан еңбектің нәтижесі. Халықтың әлеу­меттік ахуалы айтарлықтай жақсарды.
қасиетті Отан­ның бостандығы мен тәуел­сіздігі жолында сұрапыл да жой­қын соғыста қыршынынан қи­ылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады.
Басқыншылардың «фашистік армия жеңілмейді» деген аңызы­ның күл-талқанын шығарып, жой­қын шайқасқа немістің 50 танкісі қосылғанда танктер ша­буы­лын қатарынан екі рет тоқ­татқан 28 панфиловшы батыр­лар­дың ерен ерлігі мен қаһар­ман­дығы ешқашан ұмытылмақ емес және ұмытылмайды да. Соғыс­тың соңғы нүктесінің Қостанай об­лы­сында құрылған Кутузов ор­денді 150-ші Идрицтік атқыш­тар дивизиясының қатысуымен қой­ы­луы да көп нәрседен хабар берсе керек.
Елдің басына үлкен қауіп пен қатер, алапат қайғы мен қасірет төнген сол бір ауызбен айтып жеткізгісіз ауыр уақытта оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлердің көр­сеткен өшпес ерлігін, қаһар­ман­дық өнегесін жас ұрпақ бойында қалыптастыру ең басты мақсатқа айналуға тиіс.
– Ерлікке – мәңгі тағзым, біз мұны әрдайым есімізде сақтай­мыз және уақыт өткен сайын май­дангерлердің, яғни сіздердің жауынгерлік қаһармандық ерлік­теріңізді жиі еске алатын бола­мыз. Майдангерлердің соғыстан кейінгі қираған қалаларды, мемлекетті қалпына келтіруге қосқан үлестері де сүбелі. Біз бүгін Қа­зақстанда мақтаныш етіп отыр­ған экономика да сіздердің кө­мектеріңізбен, тікелей ықпал­да­ры­ңызбен жүзеге асырылды. Кезінде мен күш-жігерлеріңіздің бар кезеңінде сіздермен бірге ең­бек еткен адаммын, енді бүгінде жаңа толқынмен еңбек етудемін. Жас қазақстандықтардың аға ұр­паққа деген құрметі мен терең тү­сіністігі, туыстық рухы қанша­лықты күшті екендігін көріп те жүрмін. Осы қиыншылықтың бә­рін көрген, басынан кешкен еліміз бейбіт, ядролық қарусыз өмір үшін күрестің, сондай-ақ көрші елдермен туыстықтың, ынтымақ­тас­тықтың қолдаушысы болып келеді. Бір құптарлығы, біздің елімізде бейбітшілік, тыныштық, тұрақтылық салтанат құрған, әри­не, онда сіздердің – соғыс ардагерлерінің де үлесі зор. Сіздерге тағзым етеміз, құрметті ардагерлер. Мықты денсаулық тілей отырып, өз еңбектеріңізбен, өз сөздеріңізбен жас ұрпаққа бү­гінгі тәуелсіз Қазақстан үшін қа­жетті патриоттық рухта тәрбие­леу­дің, баулу мен өзара құрметтің үлгі-өнегесін көрсете беріңіздер, өйткені бұл күллі әлемге қажет құндылық.


Құрметті астаналықтар және қала меймандары!
Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!
Астана қаласының Әкімі Иманғали Тасмағамбетов

Әскери прокуратура органдарының жеке құрамы атынан Сіздерді ұлы мереке – Жеңіс Күнімен құттықтаймын!
9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.
1945 жылдың 9 мамыры... Жылдан-жылға алыстап бара жатқан мерзім. Дей тұрғанмен, Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алған деуге болады. Ұлы Жеңіс тойы – бұрынғы кеңестік халықтардың ортақ, басты мерекелерінің бірі.
Жыл сайын мәңгілік алауы жанына Отан қорғаушыларын, батырларды еске алып, гүл шоқтарымен рахметін айта келгендер жиналады. Біздер де қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры

Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!
Қымбатты ақтөбеліктер!
Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 65 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді.
Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.
Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Біздің парызымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. Бүгінгі буын Жеңіс солдаттары алдында мәңгілік қарыздар, сондықтан да біз аймақтық ауқымда ардагерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді жасаудамыз.
Қымбатты ардагерлер!
Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер. Қандай шаруаға да белсене қатыстыңыздар. Бүгінгі күні де біздің ортақ проблемаларымыздан шет қалмайсыздар, даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.
Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін.
Қымбатты ақтөбеліктер! Сіздерге және отбасыларыңызға ізгіліктер мен игіліктер тілеймін! Табыстар мен сәттіліктер мол болсын!
Шын пейілді құрметпен,
облыс әкімі

Құрметті тыл еңбеккерлері!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.
Бұл – аға буынның жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жеңісі.
Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлерінің жемісі.
Өзінің қайғы қасіреті мен зардаптары жөнінен бұл соғыс күллі адамзат тарихындағы ең бір қанқұйлы соғыс болды.
Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болып, біз бұл жеңісті қимас боздақтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік.
Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты.
Егер Сіздердің сол зұлмат соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгінгі таңда жарқын болашаққа қарай батыл адамдап келе жатқан Тәуелсіз Қазақстан болмас еді.
Биылғы Ұлы Жеңіс мерекесі тәуелсіздіктің жиырма жылдық белесімен орайлас келіп отыр.
Жеңіс пен жетістік ұғымдары еліміздің даму қарқынымен қашанда қанаттас келеді. Осынау бейбіт өмірге жеткізген ардагерлеріміз аман болғай!
Біз Сіздер сияқты жеңген, жеңімпаз әкелердің ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етеміз.
Біз халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы екеніміздің мақтан етеміз.
Біз сіздердің сол сұрапыл соғыстан аман шығып, бүгінгі ұрпақты береке-бірлікте, тату-тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне ат салысып жүргендеріңізді мақтан етеміз.
ХХ ғасырдың ең алапат – шайқасы екінші дүниежүзілік соғыста Қазақ жауынгерлері көп ұлтты Кеңес Одағы әскерлерінің арасында ерекше ерлігімен, қайтпас қайсарлығымен көзге түсті.
Қазақстандықтардың ішінен 500-ден астам Кеңес Одағының Батыры шыққанын айтсақ та жеткілікті.
Біздің ауданымыздан Ұлы Отан соғысына 9 мыңға жуық азамат аттанып, тең жартысынан астамы туған жерге оралмады. Олар Отан үшін шейіт болды.
Біз бүгінгі ұрпақ өкілдері олардың өлмес рухына әрқашан да бас иеміз.
Қаламыздан 6 бірдей Кеңес Одағының Батыры Бейсен Онтаевтың, Берген Исахановтың, Садық Исмаиловтың, Иван Журбаның, Нағи Ілиясовтың, Ережепбай Молдабаевтың шыққанын мақтан тұтамыз.
Жыл өткен сайын біздің ардагерлеріміз жасаған ерліктің даңқы сөнбейді.
Уақыт бізден бұл оқиғаны алыстатқан сайын, жарқын болашақ үшін қасқайып тұра білген Жеңіс солдаттары атқарған тарихи миссияның мән-маңызы да соғұрлым жарқырай бермек.
Біз жеңімпаз қаһармандарға сөзбен ғана емес, нақты іспен де құрмет көрсетуге, соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерін күнделікті қамқорлыққа бөлеуге, оларға көңіл бөліп, жайлы тұрмыс жағдайларын жасауға шақырамыз.
Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Отан қорғаушылар күні салтанатпен аталып өтілуінде ұрпақтар сабақтастығының үлкен мәні бар.
Кейінгі ұрпақ ағалары мен аталарының, апаларының ерлік отансүйгіштік дәстүрін лайықты жалғастыруда.
Олар кеше интернационалистік борышын ерлікпен атқарса, бүгін Отан қорғау міндетін абыроймен орындауда.
Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері!
Құрметті тыл еңбеккерлері!

Біз есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз.
Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында біз Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз.
Сіздердің ерліктеріңіз– біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы мәңгі шуақ шашатын болады.
Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз, бұл күнді қазақтардың әлі талай буыны мерекелейтін боламыз.

Мерекелеріңізбен, қымбатты ардагерлер!

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, құт-береке, туғандарыңыз бен жақындарыңызға бақыт тілеймін!
/Арыс қаласы әкімдігі сайтынан/

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!

4. Жеңіс күніне арналған өлеңдер
▼

Мақтай-маршал
Қорғанбек Аманжол

Сайын дала...
Сақарасы Торғайдың,
Сайын дала сағынышын толғаймын.
Тоқсан толғау – толағайдай Торғайдың,
Шерін төгіп, сағынышпен сарғайдым.

Сен болмасаң сақараның сайтаны,
Сағым қалқып бұлдыраған байтағы.
Мақтай-шері Сағдиевтің бір ісін
Торғай елі аңыз қылып айтады.

Кермедегі Кеңес кезі кешегі,
Кеңістікте арман желі еседі.
Киіктерше құйғытады құйын ой,
Кейкі батыр елесі боп көшеді.

Ұбақ-шұбақ жалпақ жапан түзді орап,
Ұлан асыр дабылдатқан күзгі орақ.
Айдау жолда астық тасып жөңкілген,
Мың сан әскер мәшинесі мұзбалақ.

Астық...
Айқас...
Желкем күнде шаң борап,
Алқап басын нөпір халық қаумалап.
Сыбдыр-сыбдыр сыр шертіскен сарбалақ,
Егіндерін орып болған саумалап.

Қырық жаста қарағайдай нар биік,
Құйған мүсін – облатком Сағдиев.
Генералға қаратып сөз айтыпты
Қатар тұрған жарғанаттай жарбиып:

- Жолдас генерал!
Жоқты – жоқтай, барымызды – бардай ұқ,
Былтырғыдай биыл қапыл қалмайық.
Оңғарғанда орақ бітті бұл жақта,
Мәшіндерді Жангельдинге айдайық!

....Ал генерал сазарды да бір демде,
- Мен – генерал...
Әскеріме мен бастықпын бұл жерде.
Өзім білем, өзім шешем қайтпекті,
Маған мұнда әмір етпес бір пенде!

....Іс осылай шапты дейсің насырға,
Сөз өтер ме генералдай тасырға.
Жайдың отын төгіп-төгіп жіберген,
Мақтай көзі ұқсап кетті жасынға.

Қатуланып генералға барды да,
Қолтығынан қармап ұстап алды да,
Кең далаға тебіреніп қарады,
Толғаныспен көзді салып арғыға.

- Осы сәтте генералсың.
Нанамын.
Атақ бірақ, таппай қапты адамын.
Мынау жатқан ұлан-байтақ даланың
Баяғыдан мен Маршалы боламын!

Деп Сағдиев жарылды да ағынан,
Жойқын күшпен уызынан дарыған.
Шелтірейген генералды сол жерде
Әдемілеп соқты дейсің қарынан!

Ойпырмай-ау,
Бос-ақ екен қуысы.
Генералдың бітті демде жұмысы.
Сұп-сұр болып қуарды да қызарды,
Тұрып қалды таусылғандай тынысы.

Сәлден кейін есін жиып, ойланып,
Қорлық мына кетсе-дағы бойды алып,
Сағдиевке иді басын генерал,
Жарқанаттан жайдарманға айналып:

- Жолдас маршал! Жеткіздіңіз көзімді.
Майдан үсті.
Не қыламыз сезімді?!
Қол астында болсам сіздей Маршалдың,
- Бақыттымын деп білемін өзімді!

Қарт Торғайдың жырлайтұғын әр шалы,
Мақтан етіп жүретұғын барша ұлы.
Генералға берген сабақ осындай
Кең даланың Мақтай деген Маршалы....

Намысынан халқының жаратылған
Қайрат Жұмағалиев

Көзінде отты жасын бар,
Сан жырлар оны жаңа ұрпақ.
Келешек,
Ұлы ғасырлар
Баукеңе қарар таңырқап!

Жеңілден безіп әманда,
Үлесін алған ауырдан,
Күрделі біздің заманға
Ұқсайды
Қайсар Бауыржан!

Аялап оны алыста
Тербеген дала бесігі.
Бауыржан болып
Соғыста
Жарқ етті
Қазақ есімі!

Өрт кешкен отты жылдарда
Шынығып өсті өр тұлға.
Сүйеу боп
Сұрапылдарда
Даласы тұрды артында.

Аға боп майдан өрінде
Сан ұлттың ұлын баураған,
Жүргенде Ол туған жерінде
Жеңілмес Антей – аумаған.

Жауына тізе бүккен бе,
Ел үшін шығып жекпе-жек,
Өмірді сүйгендіктен бе
Өлімге барған...
Бетпе-бет!

Болса да бірі жалпының
Көрмеді оған дарып оқ!
Өзінің туған халқының
Қалды Ол –
Аппақ ары боп!

Ақиқат естен танары –
Жүрегі жаудың шайлыққан.
Қадалса шоқты жанары
Ажал да...
Одан қаймыққан.

Ыза-кек өртеп өзегін
Майданда жалын құшқанда,
Шын сүйгендіктен өз елін
Қаһарлы болды дұшпанға.

Жықпастан туын Елдіктің
Жеткіз деп келер таңдарға
Тапсырды:
Өрлік,
Ерлікті –
Болашақ Бауыржандарға!

Қаһарман
Айбатыр Сейтақ

Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы,
Адамзатты алға бастар Ар заңы!
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан –
Туа біткен туралықтың тарланы.

Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым,
Бойға жиған ақылы мен сабырын,
Өмір бойы шындық үшін күресіп,
Жалғандықтың тіліп түскен тамырын!

Жауынгерді айналдырып құрышқа,
Тайсалмастан кірген талай ұрысқа.
Ұрпағына үлгі болған ғұмырын
Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа!

Жүру үшін тура жолдан бұрылмай,
Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай.
Біздер үшін рухы биік Бауыржан
Батырлық пен Ақиқаттың туындай!

Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған,
Туған елді өз үйім деп таныған,
Жалындаған жастар керек еліме
Батыр баба қасиеті дарыған!

Рашид Жанғозинге
Қос қолы бірдей жаралы
Дәрмені қайсы Рашидтің?
Ашылып жаудың араны,
Кейібіне кірді аш иттің.

Оқ болып жанды оғат от,
Шығатын одан жол қайда?!
Партбилетін қолына ап,
Қатты қалды сол бойда.

Аша алмай қойды немістер
Батырдың қолын қан қылып.
Осындай ғажап ер істер
Жасай берер мәңгілік.

«Ала алмайсың, - деді батыр,
Дұшпанына, - еркімді.
Кең жерімді туған өрт салып,
Бұза алмайсың көркімді!»
Жолын бөгеп дұшпанның
Құрбаны болды қайран ер,
Ер боп туған адал баласың,
Қойнына алды туған жер.

Майданнан хат
Асан Жүсіпов

Жапанда жүрген сандуғаш,
Бәйшешектей біздің жас.
Ата-ана еске түскенде,
Шарап ішпей болдым мас.

Ойланбай жүру жарамас,
Секілденіп ауыр тас.
Қандай күйде жүр екен,
Ата-ана мен қарындас.

Бетімен кеуіл жайылмас,
Ағайлармен хабарлас.
Байжұман, Есхан, Оспанға,
Хат салмай тұру жарамас.

Қысқа сөз болар татымды,
Білесің менің атымды.
Көзімдей көріп оқыңдар,
Осынау жазған хатымды.

Сағындым сізді анасы,
Мен көзіңнің қарасы.
Ананы қалай ұмытар,
Саналы адам баласы.

Жазсам ойым таусылмас,
Әр нәрсеге болдым мас.
Күләмза еске түскенде,
Тыйылмай кетер көзден жас.

Сағындың ба бауырым,
Майдандағы ағаңды.
Келесі жылы барармын,
Келтірсе Алла шамамды.

Майдангерлер
Махмұтбай Әміреұлы
Қызылорда

Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.

Қастерлейді халқымыз қаһарманын,
Жүр есінде сан жарық, сапарларың.
Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,
Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.

Жасқанбаған жауынан жарақты ер,
Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,
Жүздеріңе сендердің қарап білер.

Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар,
Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Майдангерлер азайып барасыңдар.

Жамбылдың батасы
Жүз жасаған жүректен
Уа, қарағым балалар!
Ер бол демей, не дейін.
Ереуілді майданда
Үстем болсын мерейің.
Жауды қырып, айдауға,
Талмай көмек берейін.
Дүбір қосып айғайға,
Қызыл тілді жебейін.
Сендерге өлең айтқанға,
Еш шаршадым демейін.
Қан майдан боп жатқанда,
Қарлығар ма көмейім!
Жүз жасаған жүректен
Жырларымды төгейін.
Көктеменің күніндей
Жауды жеңіп, күлімдеп.
Күлгеніңді көрейін.
«Қаһарманым! Күнім!» деп
Беттеріңнен өбейін.

5. Жеңіс күніне арналған тілектер
▼

Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз!
Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!
Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!
Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеміз!

Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 66 жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Ауылда қалған кемпір-шал, бала-шаға зуылдаған оқ пен лапылдаған от-жалынның арасында жүрген бауырына, әкесіне, ағасына сеп болсын деп, бар күш қайратын жұмсады. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең еді. Ардагер көрген зұлматты сен көрген жоқсың замандас, сол үшін оны құрметте!

Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Әуеде ұшқыш, жерде танкист, теңізде – теңізші, окопта әскер, блиндажда байланысшы және тылда еңбеккер – бәрі де Ұлы Жеңіс үшін қараниет арам пиғылды фашист оғына өз кеудесін тосты. «Отан» атты ыстық ұғым, тәтті сөз қарсы келген дұшпанға қаймықпай қарауға жігер берді.
Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!

Бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Осыдан 66 жыл бұрын бүкіл әлемге қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған ерекше күн еді бұл. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстандарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Ағалардың ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді.

Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Сол соғысты майданның алдыңғы шебінде жүріп басынан өткергендер де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген ардагерлер де, соғыста ата-анасынан айырылып, жетімдік тауқыметін тартып өскендер де бүгінде арамызда жүр.
Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша атап өтіледі. Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.

Сіздердің біздің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Өйткені Сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы өздеріңіздің азаматтық және патриоттық парыздарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар.Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендіктеріңіз қазақстандықтардың жас ұрпақтары үшін өнегесі мол тамаша үлгі.
Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!

Жер-дүниені дір сілкінткен соғыс өртінің сөнгеніне биыл 66 жыл толып отыр. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ жоқ десе де болады.
Бұл соғыстағы жеңісте қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен басқа ұлттар алдында өздерінің ерлігін көрсете білді.
Соғыстың алғашқы сәттерінен-ақ, қазақстандық жауынгерлер Бөгенбай мен Қабанбайдың, Наурызбай мен Райымбектің, Махамбет пен Исатайдың ұрпақтарына лайық ұрыс салды. Ажалда қасқайып қарсы тұрған қаһармандарды басқалар еріксіз мойындауға мәжбүр болды. Бауыржан мен Төлеген, Нүркен мен Талғат, Рақымжан мен Қасым, шығыстың қос жұлдыздары Әлия мен Мәншүк сынды ерлер халқының батыр екендігін дәлелдеді.
Соғыс зардабы туралы сөз етсек, өрімдей он сегіз бен қылшылдаған қырықтың арасындағы азаматтардың Отан үшін арпалысқаны түскені еске түскенде, жаныңды қоярға жер таба алмайсың. Үйлі-баранды болып, бала сүйетін шақтарында арманда кеткен боздақтар көп болғандығы өкінішті-ақ.
Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанмен олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалмақ.

Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Ол сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады. Биыл міне, сол Жеңіс күні елімізде алпыс алтыншы рет атап өтілгелі отыр.

- Жер әлемді сілкінткен соғыс өртінің жеңіспен тұншықтырылғанына да міне, 66 жыл болды. Елімізге орасан зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының от шарпуы тимеген шаңырақ жоқ шығар. Бұл соғыстағы жеңіс қазақ халқы үшін төрт жүз мыңға жуық құрбандыққа түсті. Ол соғыста қазақстандық майдангерлер жанкешті қаһармандықтарымен басқа европалық ұлттардың алдында өздерінің ешкімнен кем емес, қандай істе де, кіммен болса да терезесі тең екенін дәлелдеп шықты.

Сұрапыл соғыстың қиямет-қайым ауыртпалықтары оқ пен оттың ортасында жүрген майдангерлердің ғана емес, алыс тылдағы барша халықтың қабырғасына батқан сол жылдар санадан әлі ұмытылған жоқ. Елде қалған қарттар мен әйелдер де, тіпті буыны қатып, бұғанасы бекімеген жас балалар да көп бейнет көрді. Еңіреген етегі жасқа толған елді, әсіресе ойын балаларының нағыз бұла өсетін шағында бәрінен жұрдай болып, жұмысқа жегілді.
Ел тілегі ақталды, ақ түйенің қарыны жарылған күнде жетті.

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал Сіздердің өздеріңіз, құрметті ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала бересіздер.
Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы келісіммен бейбіт өмір сүруде.
Сіздердің ерен ерліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін , құрметті ардагерлер, Сіздердің алдарыңызда бас иеміз.

Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.

9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс. Омырауларында жарқыраған орден-медальдарын тағып анадайдан көзге оттай басылатын ардагер ағаларымыз бұл күнді асыға күтеді. Бұл күн – Жеңіс күні болуымен қатар соғыстан оралмаған үзеңгілес қатарларын еске алып, жанарларынан тамған жас тамшылары өткен күннен белгі беріп тұрғандай. Жүздеріңді мұң шалмасын, көңілдеріңе кірбің түспесін, қатарларың азаймасын, ардагер ағалар!

Ел басына күн туған кешегі соғыс кезінде ер-азаматтар қолдарына қару алып, ел қорғауға аттанған. Талай қанды қырғынды бастарынан кешіріп, жеңісті жақындатқан майдангер батыр аталарымыз.
«Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» дегендей, ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан батыр аталарымыз аз емес. Олар ең алдымен ұлты үшін, халық үшін жанын құрбан еткен жандар. Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер аталарымыздың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есінде жатталып қалуы керек.

Сен құрметте оны,
Түсіндің бе, қарағым,
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын,
Кеше елге қатер төнгенде,
Ол жауға қарсы шапты,
Жалмамақ болған біздерді
Өр кеудесімен жапты....

Жастық шақтың жалындаған шағын толарсақтан саз кеше жүріп, Отан деген ұлы сезім үшін кеуделерін оққа төсеп, Жеңіс күнін жақындатуға жұмсаған Ұлы Отан соғысының жауынгерлері үшін мамырдың 9-ы өліп-тірілген күнмен бірдей. Қаншама боздақ бұған жете алмай, қыршынынан қиылды. Жеткендерінің алды бүгін тоқсаннан асқан, соңы сексеннің сеңгіріне шыққан ақ жаулықты әжелер мен аталар.
Жас ұрпақ сіздердің алдарыңызда борышты. Олар сіздер қасық қандарыңыз қалғанша күресіп, жаудан аман-есен қалған бейбітшілік құнының баға жеткізгісіз қымбат екендігін біліп, оның өмір бойы аялап өтеді.

Жеңістен соң қаншама арман мен үміт ұрыс даласында жер бауырлап қалды. Әр жеңістен соң ананың көзінен аққан гауһар тамшы омырауда қақ болып қатты. Жеңіс осылай келгендігі, қырманға суырылған әр дән аталардың жауға қарсы кезенген қаруына оқ болып енгені, бәрі де қымбат. Кейінгі ұрпаққа қолмен нұсқап, «әне, Отан үшін от кешкен аталар, соған ұқсап бақ!» деп айта алатын кезеңдеміз. Сол үшін де бақыттымыз!

6. Жеңіс туралы өлең /қосқан Ғабиден Қожахмет...
▼

Жеңіс Сәулесін шашып түнекке, Ысырып жауды жер-көктен. Қасірет тұнған жүрекке Жеңіс боп келді сол көктем. Бар еді оның салмағы, Шаттықтың әсем гүлі атты. Миллионның еді ол арманы, Миллионды қоса жылатты. Ерлікті жұрты бағалар, Із қалған өткен жылдарда. "Жеңіс!" деп тұрды қалалар, "Жеңіс!" деп тұрды қырлар да. Сан рет ел боп егілдің Уақыттың салған тезіне. Қымбат қой құны өмірдің, Қымбатқа түсті өзі де. Үміт боп елде жағылды, Құнды еді сосын бұл жеңіс. Ар жүгі болды арудың Тындырған тылда іргелі іс. Кеудеге толып арманды ән, Қасірет шегіп солды бақ. Жеңіске барып жалғанған Солдаттан келген соңғы хат. "Деуші едің,апа-ақылдым, Қымбат деп құны ардың да. Бұл хатты жазып отырмын Шабуылға шығар алдында". Еске алар соны ойланған, Дерек боп түсті бүгін із. Бір хабар жеткен майданнан: "Болды деп қаза ұлыңыз..." Жас ұрпақ үшін бар мәні, Кемітпес ол да бағаңды. Сонан-соң солдат арманы Желбіреп көкке қадалды. Ерлікті содан таба алдың, Жігерге бөлеп өскінді. Соғыстан соң да медальдің Сыңғыры болып естілді. Тыныштық күннен нұр тамды, Самғады аппақ қанатта. Ән болып сосын шырқалды, Өлең боп түсті параққа. Заманың алға басар да, Тарихтан тағлым тыңдатты ой. Адамдар үшін қашан да Жеңістің құны қымбат қой! Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы

7. Жеңістен соң қаншама арман мен үміт ұрыс даласынд...
▼

Жеңістен соң қаншама арман мен үміт ұрыс даласында жер бауырлап қалды. Әр жеңістен соң ананың көзінен аққан гауһар тамшы омырауда қақ болып қатты. Жеңіс осылай келгендігі, қырманға суырылған әр дән аталардың жауға қарсы кезенген қаруына оқ болып енгені, бәрі де қымбат. Кейінгі ұрпаққа қолмен нұсқап, «әне, Отан үшін от кешкен аталар, соған ұқсап бақ! деп айта алатын кезеңдеміз. Сол үшін де бақыттымыз!

8. Жастық шақтың жалындаған шағын толарсақтан саз ке...
▼

Жастық шақтың жалындаған шағын толарсақтан саз кеше жүріп, Отан деген ұлы сезім үшін кеуделерін оққа төсеп, Жеңіс күнін жақындатуға жұмсаған Ұлы Отан соғысының жауынгерлері үшін мамырдың 9-ы өліп-тірілген күнмен бірдей. Қаншама боздақ бұған жете алмай, қыршынынан қиылды. Жеткендерінің алды бүгін тоқсаннан асқан, соңы сексеннің сеңгіріне шыққан ақ жаулықты әжелер мен аталар.

Жас ұрпақ сіздердің алдарыңызда борышты. Олар сіздер қасық қандарыңыз қалғанша күресіп, жаудан аман-есен қалған бейбітшілік құнының баға жеткізгісіз қымбат екендігін біліп, оның өмір бойы аялап өтеді.

9. Ел басына күн туған кешегі соғыс кезінде ер-азама...
▼

Ел басына күн туған кешегі соғыс кезінде ер-азаматтар қолдарына қару алып, ел қорғауға аттанған. Талай қанды қырғынды бастарынан кешіріп, жеңісті жақындатқан майдангер батыр аталарымыз.

«Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен дегендей, ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан батыр аталарымыз аз емес. Олар ең алдымен ұлты үшін, халық үшін жанын құрбан еткен жандар. Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер аталарымыздың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есінде жатталып қалуы керек.

10. 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның са...
▼

9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс. Омырауларында жарқыраған орден-медальдарын тағып анадайдан көзге оттай басылатын ардагер ағаларымыз бұл күнді асыға күтеді. Бұл күн – Жеңіс күні болуымен қатар соғыстан оралмаған үзеңгілес қатарларын еске алып, жанарларынан тамған жас тамшылары өткен күннен белгі беріп тұрғандай. Жүздеріңді мұң шалмасын, көңілдеріңе кірбің түспесін, қатарларың азаймасын, ардагер ағалар!

11. Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті...
▼

Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.

12. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһ...
▼

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал Сіздердің өздеріңіз, құрметті ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала бересіздер.

Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы келісіммен бейбіт өмір сүруде.

Сіздердің ерен ерліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін , құрметті ардагерлер, Сіздердің алдарыңызда бас иеміз.

13. Сұрапыл соғыстың қиямет-қайым ауыртпалықтары оқ п...
▼

Сұрапыл соғыстың қиямет-қайым ауыртпалықтары оқ пен оттың ортасында жүрген майдангерлердің ғана емес, алыс тылдағы барша халықтың қабырғасына батқан сол жылдар санадан әлі ұмытылған жоқ. Елде қалған қарттар мен әйелдер де, тіпті буыны қатып, бұғанасы бекімеген жас балалар да көп бейнет көрді. Еңіреген етегі жасқа толған елді, әсіресе ойын балаларының нағыз бұла өсетін шағында бәрінен жұрдай болып, жұмысқа жегілді.

Ел тілегі ақталды, ақ түйенің қарыны жарылған күнде жетті.

14. - Жер әлемді сілкінткен соғыс өртінің жеңіспен тұ...
▼

- Жер әлемді сілкінткен соғыс өртінің жеңіспен тұншықтырылғанына да міне, 66 жыл болды. Елімізге орасан зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының от шарпуы тимеген шаңырақ жоқ шығар. Бұл соғыстағы жеңіс қазақ халқы үшін төрт жүз мыңға жуық құрбандыққа түсті. Ол соғыста қазақстандық майдангерлер жанкешті қаһармандықтарымен басқа европалық ұлттардың алдында өздерінің ешкімнен кем емес, қандай істе де, кіммен болса да терезесі тең екенін дәлелдеп шықты.

15. Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағ...
▼

Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Ол сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады. Биыл міне, сол Жеңіс күні елімізде алпыс алтыншы рет атап өтілгелі отыр.

16. Жер-дүниені дір сілкінткен соғыс өртінің сөнгенін...
▼

Жер-дүниені дір сілкінткен соғыс өртінің сөнгеніне биыл 66 жыл толып отыр. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ жоқ десе де болады.

Бұл соғыстағы жеңісте қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен басқа ұлттар алдында өздерінің ерлігін көрсете білді.

Соғыстың алғашқы сәттерінен-ақ, қазақстандық жауынгерлер Бөгенбай мен Қабанбайдың, Наурызбай мен Райымбектің, Махамбет пен Исатайдың ұрпақтарына лайық ұрыс салды. Ажалда қасқайып қарсы тұрған қаһармандарды басқалар еріксіз мойындауға мәжбүр болды. Бауыржан мен Төлеген, Нүркен мен Талғат, Рақымжан мен Қасым, шығыстың қос жұлдыздары Әлия мен Мәншүк сынды ерлер халқының батыр екендігін дәлелдеді.

Соғыс зардабы туралы сөз етсек, өрімдей он сегіз бен қылшылдаған қырықтың арасындағы азаматтардың Отан үшін арпалысқаны түскені еске түскенде, жаныңды қоярға жер таба алмайсың. Үйлі-баранды болып, бала сүйетін шақтарында арманда кеткен боздақтар көп болғандығы өкінішті-ақ.

Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанмен олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалмақ.

17. Сіздердің біздің Отанымыздың бостандығы мен тәуел...
▼

Сіздердің біздің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Өйткені Сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы өздеріңіздің азаматтық және патриоттық парыздарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар.Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендіктеріңіз қазақстандықтардың жас ұрпақтары үшін өнегесі мол тамаша үлгі.

Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!

18. Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұ...
▼

Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Сол соғысты майданның алдыңғы шебінде жүріп басынан өткергендер де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген ардагерлер де, соғыста ата-анасынан айырылып, жетімдік тауқыметін тартып өскендер де бүгінде арамызда жүр.

Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша атап өтіледі. Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.

19. Бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны...
▼

Бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Осыдан 66 жыл бұрын бүкіл әлемге қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған ерекше күн еді бұл. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстандарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Ағалардың ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді.

20. Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптаст...
▼

Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Әуеде ұшқыш, жерде танкист, теңізде – теңізші, окопта әскер, блиндажда байланысшы және тылда еңбеккер – бәрі де Ұлы Жеңіс үшін қараниет арам пиғылды фашист оғына өз кеудесін тосты. «Отан атты ыстық ұғым, тәтті сөз қарсы келген дұшпанға қаймықпай қарауға жігер берді.

Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!

21. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқтал...
▼
22. Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жаны...
▼
23. Сен құрметте оны,Түсіндің бе, қарағым,Ол ақшаға с...
▼
24. Жамбылдың батасы
▼
25. Майдангерлер (Махмұтбай Әміреұлы)
▼
26. Майданнан хат (Асан Жүсіпов)
▼
27. Рашид Жанғозинге
▼
28. Қаһарман (Айбатыр Сейтақ)
▼
29. Намысынан халқының жаратылған (Қайрат Жұмағалиев)...
▼
30. Жеңіс күніне арналған өлеңдер (Мақтай-маршал,Қорға...
▼
31. Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден
▼
32. Ардақты ардагерлер: ақсақалдар, аналар!Сіздерді Ұ...
▼
33. Ұлы жеңістің күнімен құтты болсын!Тарихымызда қал...
▼

Автор, редактор:
Юрист-консультант по семейному праву