RU KZ EN

Құттықтау тілектер - Ресми мерекелерге - Отан қорғаушылар күні

FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.

1. Әйелдерге өсиет
▼

Әйелдерге
Әйел достар,
Еркектерді жөндеп күтіп бағыңдар,
Оларға ылғи жағыныңдар, жағыңдар,
Толып жатыр өкініштің себебі,
Еркек деген өте нәзік келеді.
Сұлу көрсе, сұлу көрсе, тез босайды буыны,
Әсер еткіш оған күннің суығы,
Еркек деген о бастан-ақ шаршауық,
Қозғамаңдар жатса-дағы жау шауып.
Шеттерінен ұмытшақ та жаңғалақ,
Сүт орнына сыра әкелер арбалап,
Айта берсең еркектерге обал-ақ,
Сондықтан да күтіңдерші бағалап.
Ғалым бүгін бәрін іздеп тауыпты,
Еркектерге артық қимыл кауіпті.
Еркектерге шылым шегу зиянды,
Зиянды оған көп иіскеу де қиярды.
Зиянды оған көп қиялға бату да,
Зиянды оған жүру түгіл, жату да,
Жұмыс істеп, жалақы да алыңдар,
Бабын тауып баласын да табыңдар.
Аңда-санда дүкенге бір шыққанда,
Бірер жарты артық ала салыңдар.
Мұның бәрі еркектерге алымды,
Солар ішсін, солар кисін киімді.
О, әйелдер, еркектердің қадіріне жетіңдер,
Үлпілдетіп, әлпештеумен өтіңдер.

2. Елін қорғау - ерге серт
▼

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен деген заңды сұрақ туындайды. Оған қоса, алда келіп қалған 7 мамыр – Қазақстан Қарулы күштерінің құрылған күні. Біз осы мереке туралы, жастарды отансүйгіштік сезіміне қалай баулу қажеттігі жайлы ойын білу үшін Ақмола облыстық сотының судьяларын сөзге тартқан едік.
Ақжан Ештай, Ақмола облыс­тық сотының төрағасы: – Қазақстан – кең байтақ, 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар ме­кен етіп жатқан мемлекет. Елі­міздің әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулықтың берік туын желбіретіп, сүйікті байтақ даламызға деген махаббатын ісімен дәлелдесе, оны неге отансүйгіштік демеске. Тіпті, Елбасымыз өзінің «Тарих толқынында» деп аталатын кіта­бында «Ұлттық бірліксіз патрио­тизм жансыз» деген ой да айт­қан. Жалпы, жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы – жастайынан па­триоттық сезімін дамыту. Адам бойындағы бұл байлық бір зерттеушілердің ойынша туа біт­кен қасиетке жатпайды екен, ол әлеуметтік, тарихи сатыларда қалыптасқан, сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден ғана көрінеді.

Сәбит ӨСКЕМБЕКОВ, Ақмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы: – Біз қалай айтсақ та өт­кен өмірімізді сызып тастай алмаймыз. Ол мәңгілікке біз­дің жадымызда қалып қойды. Ұнасын, ұнамасын, ол бізге байланысты емес. Кеңестер одағы кезінде Қазақстан біз­дің туған жеріміз деп есептелді де, Кеңестер одағы біздің Отанымыз болып саналатын. Соған біз ант бердік. Орталық, батыс сияқты топтарды аға буын ұмытпаған шығар. Қолымызға автомат ұстап ант бергеннен кейін, бізді кенеттен соғыс болып қалған жағдайда екі сағат жауларды өз күшімен ұстап тұр деп оқытатын. Ол кезде бар қауіп Батыстан, НАТО-дан деп күттік қой. Кеңес сабақтары әр солдат сол міндетті екі сағатқа шыдауы керек деп үйретті. 23 ақпанда Кеңестік армия күні мерекеленетін, оны жоққа шығарып қажеті жоқ, біздің өзіміз егемендігімізді алғаннан кейін 7 мамырдың Отан қорғаушылар күні деп аталғаны да көңілге қонады. Қайсыбір жылдары бұл атаулы күнді 9 мамыр Жеңіс күнімен қосып жіберу керек еді деген де әңгіме шықты, Жеңіс күні ол өз алдына бөлек мереке, оны шатастырмауымыз керек. Ол біздің бабаларымыздың, әкелеріміздің қанымен кел­ген, сондықтан, 9 мамыр ол егемендік алғаннан кейін өсіп-өнген ұрпаққа отаншылдық сезімді ояту үшін өте қажет. Отансүйгіштік қасиет ол әр баланың бойында болуы керек. Оны көбісі абстракция­лық ұғым деп түсінеді. Үлкен-үлкен лауазымды қызметте жүрген кейбір дүние-байлықты күйттеп кеткен шенеуніктер бастарына іс түссе, Отанын тастап шетелдерге қашып кетуі мүмкін, оларда ешқандай отан жоқ деп ойлаймын. 1937 жылы құрбандыққа шалынып кеткендер «өзге елде ит өлім­мен өлгенше, өз елімнің топы­рағы бұйырсын» деген түйсік­те болған ғой. Қазіргі басына іс түскендер солардай ерлік жасай алар ма? Бұл енді тәрбие басы тал бесікте жатыр, отаншылдық сезімі сәби кезінен санаға сіңіру­дің арқасында ғана даритын ұғым. Мейрам ҒИБАДІЛОВ, Ақмола облыстық сотының отставкадағы судьясы: – Отансүйгіштік сезім, рух ол біздің егеменді елімізді өркениетті елдердің санатына қосып, дамыған елдердің қатарынан өзіне тиесілі орын алуына ықпал ететін алып қуаттардың бірі. Өзінің төл тарихы, тілі, өнері және кәсіби мерекелері мен экономика­лық қуаты жоқ ел ешкімге де тірек бола алмайды. Ал, ол сезім­дердің бізде бар екенді­гін көрсетіп, басқа елдерге дәлел­деу үшін ең алдымен өз Отаныңды сүйіп, оның қадір-қасиетін керемет біліп, мақ­таныш ете алу деңгейінде болуың керек. Біз жастардың бойында да осы қасиеттердің болуын қамтамасыз етіп, тәрбиелеуіміз керек. Биыл Қазақстанның Қарулы күш­теріне 20 жыл болып қалған екен. Біз Кеңес өкіметінің тәрбиесін көріп өскендерміз. Біздермен салыстырғанда тәуелсіз ел жастарының бір­шама ұлтжанды, отансүйгіш болып өсетініне сенімдімін.
P.S. Ұлтымыздың қаһарман жазушысы Бауыржан Момышұлы патриотизм ұғымына философиялық тұрғыда анықтама беруге ұмтылған. Ол: «Ұлттық патрио­тизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқы мен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этно­графиялық ерекшеліктері қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты», – деген екен. Бұған біздің алып-қосарымыз жоқ.
Айсұлу РҮСТЕМБЕК Ақмола облысы

[url=http://][/url]

3. 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтау тілектер...
▼

Қымбатты ақтөбеліктер,
Қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері !
Сіздерді Отан қорғаушылар күні — жалпыхалықтық мерекемен, жігерлі адамдар және ерік күші иелері күнімен құттықтаймын!
Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.
Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.
Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Ақтөбеліктер бүгінгі күні де өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда.
Отан қорғаушылар күні өзінің бастапқы кәсіби белгіленімінен әлдеқашан биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.
Нақ осы күн Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды.
Қымбатты жерлестер!
Бүгінгі ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!
Облыс әкімі Елеусін САҒЫНДЫҚОВ.

4. ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығына байланысты Елбасының құттықтау сөзі...
▼

2012 жыл, мамырдың 7-сі Н.Назарбаевтың құттықтауы Құрметті қауым! баршаңызды бүгінгі мемлекеттік мереке деп жарияланған Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біз жақында бірлік мерекесін тойладық. Енді ерліктің мерекесін атап өткелі отырмыз. Тәуелсіздіктің өткен 20 жылдығы үдерінде еліміздің ішінде көп жұмыстар жасадық. Мемлекетілікті әр салада баянды еттік. Соның ішіндегі ең негізгісінің бірі - Тәуелсіздікті қорғайтын, шекарамызды мызғымастай ұстайтын өз әскерімізді құру еді. 1992 жылдың 7 мамырында мен өз Жарлығыммен тарихымызда тұңғыш рет республткамыздың қарулы күштерін құрдым. Ол бір тарихи жағдай, тағдырлы кез болатын. осынша тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде бір тақырдан өз армиямызды, әскерлер түрін түздік. жаңа доктрина бекіттік. Өз әскерімізді қаруландырып шықтық. Ол енді тәуелсіз мемлекетіміздің ажырамас бөлігіне, заманымыздың жақсы дайындалған, жасақталған, ұрысқа қабілетті армиясына айналды. /Әскери басшыларға/ Біздің бәріміз - Тәуелсіздіктің тәрбиеленушілеріміз! Тәуелсіздік алғалы 20 жылдың ішінде біз Қазақстанның төл офицерлерін дайындап шықтық. Осы жылдар ішінде сіздер сардарлық қызметтің барлық сатысынан өттіңіздер. айрықша еңбектеріңізді, әскери қызметтегі табыстарыңызды, жоғары тәртіптеріңізді атап өте отырып, мен сіздерді марапаттау туралы арнайы Жарлыққа қол қойдым. Бірлігіміз бекем, қалқанымыз берік болған соң, ел тыныштығы бұзылған жоқ. Бүгінгі мерке арқылы біздің әскери азаматтар жастарды отансүйгіштікке, Отан қорғауға тәрбиелеуге елеулі үлесін қосады деп сенемін. Ұлттық қауіпсіздік - біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады. Ұл боп туып, жерге шыр етіп түскеннен кейін әр азаматтың борышы - Отанымызды қорғау. Бұл барлығымыздың конститутциялық міндетіміз. Отан қорғаушылар мерекесі Жеңіс күні қарсаңында өтеді. Сол жеңі жолында қаншама қазақстандықтар шейіт болған. батыр бабаларымыз елді сақтап, Тәуелсіздігімізді құруға шаррт жасап, жолын салып берді. Аға ұрпақ өздеріне жүктелген істі орындады. Осының арқасында біз тәуеллсіз республиканы - Қазақстан Республикасын құрдық. Ата-баба ерлігіне дайын болайық! /Генералдарға/ Біздің міндетіміз - шекарамызды, тәуелсіздігімізөді, халқымызды бұзудың кез келген әрекетіне тойтарыс беруге дайын жинақы, ұтқыр да күшті армия құру. сіздер өз шеберліктеріңізді ұштай түсуге тиіссіздер! отанның кез келген бұйрығын орындауға әзір болыңыздар. сіздер осы үмітті ақтап жүрген азаматсыздар деген үміттемін және солдаттарды, кіші офицерлерді соған тәрбиелейсіздер деген сенімдімін. Сіздерге қарап, біздің жастар бой түзейді. Мен барлық ардагерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Бәріне мықты денсаулық, халқымыздың бейбітшілігі мен тыныштығы, Қазақстанды өркендету жолындағы қызметіне табыс тілеймін!

5. Қаһармандық дәстүрдің жарасты жалғасы
▼

Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Өзін ер-азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы. Біздің елімізде Отан қорғаушы күні 7 мамырда арнайы аталып өтеді.
Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты мәжілісте Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің сөйлеген сөзі.
Аса құрметті Жоғарғы Бас қол­басшы мырза! Құрметті генералдар мен офицерлер! Қадірлі қонақтар! – деп бас­тады өзінің сөзін Ә.Жақсыбеков.
Осыдан жиырма жыл бұрын Елба­сының Жарлығымен елдік пен егемен­діктің тірегі – Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Қарулы Күштері құрылды.
7 мамыр – Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қор­ғайтын Отан қорғаушылар күні.
Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн.
Туған ел тағдырының ең бір ше­шу­ші кезеңінде Жоғарғы Бас қолбас­шы­ның тікелей бастамасымен рухы өр, арманы асқақ ағаларымыз Қарулы Күш­теріміздің айбынды армияға айналуына жол ашты.
Ардақты ағайын! Қазақстан әскері мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен ты­­­ныш­тығының кепілі болып табылады, деп жалғады сөзін Қорғаныс министрі.
Сол себепті мемлекетіміздің әскери саласын үдемелі дамыту мақсатында игі істер атқарылып жатыр.
Президентіміздің: «Патриоттық рух бізге ауадай қажет», деген сөзі ақиқат. Өйткені, отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған.
Сондықтан әскерилердің бойындағы патриоттық сезімдерін нығайтып, өсер ұрпақ ғибрат аларлықтай, үлгі тұтар­лық­тай, ержүрек, намысшыл, адал, қай­сар мінезді сарбаздар тәрбиелеудеміз.
Еліміздің мақсаты мен мүддесін қорғап жүрген антына адал, сертіне берік Отан қорғаушылар келешек ұрпақ өкілдеріне өздері шынайы көңілден мақтан ететін мұра қалдыратынына сенім білдіремін.
«Саны жағынан жинақы, ұтқыр, жақ­сы жабдықталған, әзірлігі жоғары армия құру керек», деген Елбасының берік ұстанымын мақсат етіп, бүгінгі таңда оң өзгерістер мен тың бетбұ­рыс­тар жасап, әлемнің көптеген елдерімен халық­­аралық ынтымақтастықта жаңа деңгейге жеткен төл әскеріміздің сапасын арттырып, биік жетістіктерге жетудеміз.
Әскери ортада әлеуметтік сұраныс дұрыс шешім тапқандықтан, өз мінде­тін атқарып жүрген әрбір әскери қыз­мет­шіге де жоғары талаптар қойылып отыр.
Аса мәртебелі Жоғарғы Бас қолбас­шы мырза! Сіз Қарулы Күштердің негізін қалап, биік белестерге бастап келесіз. Еліміздің шекарасын бекемдеп, қауіпсіздігін нығайттыңыз. Сіздің кө­реген саясатыңыздың арқасында Қару­лы Күштеріміз аймақтағы тұрақты­­лық кепіліне айналды. Дүние жүзі Қазақ­станды әлемдік қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін құрметтейді.
Отанына, Елбасына адал қызмет ету әрбір әскери қызметшінің қасиетті борышына, абыройлы ісіне айналды.
Осының бәріне, Жоғарғы Бас қол­басшы мырза, Сіздің ерен еңбегіңіздің арқасында жеттік.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Қа­зақ­стан Республикасы Қарулы Күште­рінің барлық жеке құрамының атынан, бейбіт елде өмір сүріп жатқан, бола­шаққа сеніммен қарайтын, өз арман-мақсатын, баянды бақытын тек қана Сізбен байланыстырып жүрген Қазақ­стан халқының атынан Сізге шын жүректен ризашылығымызды білдіруге рұқсат етіңіз.
Қазақстан тәуелсіздігін қалыптас­ты­ру­дың алғашқы жылдарында әлемдік картада пайда болған мүлдем жаңа елдің қоғамдық-экономикалық және саяси негіздерін құрудың ауқымы жө­ні­нен аса зор міндеттері тұрғанын барлы­ғымыз білеміз, деп сабақтады сөзін Ә.Жақсыбеков.
Орасан зор міндеттерге – қазіргі заманғы өсіп-өркендеген мемлекет құру міндеттеріне алғашқы қадамдардан бас­тап экономикалық дамудың, ішкі және әлеуметтік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын жасаудың және жүзеге асырудың қиын жолдарымен жүру, сонымен қатар, демократиялық қоғамдық институттар құру, мемлекеттермен дип­ломатиялық қарым-қатынастар орнық­тыру, күрделі көпқырлы сыртқы саяси міндеттерді шешу қажет болды.
Бүгін біз уақыт дәлелдеген батыл экономикалық қадамдардың, демократия қағидаттарын қатаң сақтаудың, жалпыға ортақ құндылықтарды құр­мет­теудің, ашықтық пен толеранттылық үдерістерінің дұрыстығына айқын көз жеткізіп отырмыз.
Экономикалық және ішкі саяси тұ­рақтылық, қоғамды әлеуметтік дам­ы­ту­­дың, Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың беделінің, оның дана саясатының, әлемдік мемлекеттер мен көршілеріміздің көшбасшыларымен же­­­ке достығының, еліміздің ірі ха­лықаралық ұйымдарға белсенді қаты­суының, коалициялық мүмкіндікте­рі­нің, Қазақстанның өзінің жаңа халық­аралық бітімгершілік институттарын құрып, жаңа стратегиялық бастамалар танытуының – осы және басқа көптеген факторлардың арқасында Қазақстан өзінің көп ұлтты халқын бір мақсатқа жұмылдырып, әлемдік қоғамдастыққа интеграцияланды және өзінің беделін нығайта түсті.
Осының барлығы жиналып келіп, біздің мем­ле­­­кетіміз қауіпсіздігінің бе­рік негізі болып қалануда.
Қазақстан бүгінде аса ірі бұқаралық ақпарат құ­­­ралдарында да танымал. Оны әлемдік қо­ғамдастық ішкі жағы­нан тұрақты, ырғақты дамып келе жат­қан, ядролық қау­­­іп-қате­р­­лердің алдын алу ісі мен әлемде бейбіт­­­шілікті ны­ғайтуда дәйекті саясат жүргізіп отырған сенімді әріптестерінің бірі ретінде қабылдайды.
Мұның жарқын айғағы наурыз айы­ның соңында Сеулде өткен Ядро­лық қау­­­іпсіздік жөніндегі жаһан­­­дық саммит барысында әлемдік көш­бас­шы­лардың Қазақстанның және Президент Нұрсұл­тан Назарбаев­тың жеке ба­сы­­­­ның таратпау саласындағы керемет үле­­сіне берген оң бағасы болып табылды.
…Өткенімізге көз сал­сақ, сол күр­делі кезеңдер­­де, экономикалық қиын­дық­тар тұсында мемлекеттік институттар, заңнама, сот, атқарушы билік органдарын құрумен, жаңа елордасы – Астананы салумен және басқа да көп­теген міндеттермен қатар, қоғам алдында, оның Көшбас­­­­шысының алдында сон­дай-ақ егемендік пен аумақтық тұ­тастықтың кепілі бола алатын, қажет жағдайда өзінің тәуел­сіз­дігіне кез келген қол сұғушылыққа ше­шімді түрде тойтарыс беруге және мемлекеттің ішіндегі тұрақтылықты қам­тамасыз етуге қабілетті өзінің Қару­лы Күштерін құру міндеті тұрды.
Қоғамды жұмылдырып, тұрақты дамудың кепілі мен елдің сыртында ғана емес, сондай-ақ ішінде де тірек болуға тиісті күшті және әскери қа­білетті армияның мемлекеттік құры­лыс­тағы рөлі жоғары екені айқын.
Қазіргі заманда нақ күшті армиясы бар мемлекеттің елішілік қоғамды бі­ріктіріп, оның тыныш дамуы үшін жағ­дай туғызатынын, азаматтарының қау­іп­сіздігі мен ертеңгі күніне сенімділігін арттыра түсетінін көріп жүрміз.
Мұндай мемлекеттер жоғары халық­аралық беделге ие.
Іс жүзінде жоқ жерден Қарулы Күш­тер құрып, кейіннен оны қазіргі заманғы армия деңгейіне көтеру оңай шаруа емес екені сөзсіз.
Бұл – қағидатты әскери-стратегия­лық шешімдерді экономикалық, сырт­қы саяси және басқа да мәселелермен тығыз байланыста шешуді талап ететін күрделі, көп құрылымды және көп функциялы үдеріс.
Қорғаныс министрі өзінің сөзінде сондай-ақ қару жасау, армия мен әскери технологияларды дамыту – ғылыми-тех­­никалық прогрестің қуатты қозғалт­қышы екені кез келген дәуір шындығы болып табылатынын атап көрсетті. Әуелде ақ­парат беру үшін таза әскери желі ре­тін­де пайда болған инте­р­неттің өзі бүгінде әлемнің кез келген бұры­шы­на таралып, өркениет атаулыны даму­дың ақпа­рат­тық деп аталатын жаңа даму кезе­ңіне алып шыққанына назар аударды.
Армия – бұл орасан ұйымдастыру­­шылық, материалдық, қаржылық, ғы­лыми және басқа да бұдан маңызы еш кем емес құралдар мен ресурстарды талап ететін мемлекеттік институт. Және армияның жағдайы – мемле­кеттің эко­номикалық қуаты мен әлеу­­меттік да­муының жинақталған көрінісі.
Қазіргі дүниенің ырғағы мен өзгер­мелілігі соншалықты, іс жүзінде әрбір он жыл сайын алға қарай жаңа про­грессивті сапалық секіріс жасалады.
Қарулы Күштерді жаңғырту – мемлекеттің әскери ұйымдарын өзгер­­мелі дүниеге тұрақты бейімделіп отыруды талап ететін перманентті үдеріс.
Қарулы Күштерді бір мәрте құрып, оларды не қажеттің бәрімен жарақтан­дырумен тоқтап қалуға болмайды. Егер сен тоқтасаң, жеңілгенің.
Осы уақыт ішінде Жоғарғы Бас қолбасшының өзгеріссіз жетекшілігі­мен өзіміздің армиямызды құрып, дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқа­­рылды, қорғаныс ведомствосын басқар­ған Сағадат Нұрмағамбетов, Әлібек Қа­сымов, Сәт Тоқпақбаев, Мұхтар Алтынбаев, Даниал Ахметов, сондай-ақ Бас штаб бастықтары, қолбасшылар мен тұтастай алғанда барлық әскери қыз­­метшілер еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға баға жеткісіз үлес қосты.
Жоғарғы Бас қолбасшы олардың көпшілігіне – генералдар мен офицерлерге әскери жетекші ретінде тамаша мансап биігін жасауларына зор мүм­кіндік берді. Кешегі жоғары әскери оқу орындарының түлектері оның қолынан лейтенант, ал полковниктер генерал погондарын алды, деді Ә.Жақсыбеков.
Қысқа мерзім ішінде елдің әскери ұйымын қалыптастырудың негізгі бағыттарын айқындап берген алғашқы Әскери доктрина қабылданды.
Бір мезгілде тиімді, икемді және функциялы ұйымдастырушылық құры­лым құрылды.
Қазақстанның қазіргі армиясы қағи­датты басқа армия болды.
Халықаралық сарапшылардың баға­лауынша және тиісті деректі айғақта­маларға сәйкес, бүгінде Қазақстан армиясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­ты­ғындағы ең озық армиялардың бірі болып табылып отыр.
Ә.Жақсыбеков келесі кезекте армияны жасақтау аралас қағидат бойынша жүзеге асырылып жатқанын атап көр­сетті. Мемлекет басшысы қабылдаған кәсіби армияға өту туралы шешім Қарулы Күштерді сапалық жаңарту мен дамыту үшін қағидатты маңызға ие болды, деді Қорғаныс министрі.
Қазір әскердің негізгі арқауы – офицерлер мен келісім-шарт бойынша қыз­мет атқаратын әскери қызметшілер.
Оқып-үйретілген келісім-шарт қыз­ме­т­кері – тек сенімді іс-қимыл танытып, бекітіп берілген техника мен қару­­­ды ұстай алуға ғана емес, сондай-ақ өзінің тәжірибесін жас әскери қыз­метшілерге беруге де қабілетті білікті маман.
Құрылған кәсіпқой-сержанттардың институты әскерді басқарудың орта­лық органдарынан төменгі буындарына дей­інгі барлық құрылымдарын қамтиды.
Жоғарғы Бас қолбасшының маман­дандырылған орталықтарда резервис­тер­ді оқыту жөніндегі талабы жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.
Қысқа мерзімді қызметке шақыру­мен сәйкес, бұл мемлекеттің қажетті әскери-үйретілген резервін сапалық және сандық тұрғыдан жүйелі түрде толықтырып отыруға мүмкіндік береді.
Өткен жылдың қазанында бекітілген жаңа Әскери доктрина жаңа әлемдік әскери-саяси жағдайда мемлекеттің әскери ұйымын дамытудың орта мер­зімдік перспективасына арналған басымдықтарын айқындап берді.
Қазіргі заманғы армияны құруды әскери қызметке көрсетілетін сапалы әлеуметтік қолдаусыз қарастыруға болмайды, деп жалғады сөзін одан әрі Әділбек Жақсыбеков.
Бүгінде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» жаңа заңның қабылдануына байланысты және әскери кәсіптегі адамдарға көрсетілетін қолдау шараларына орай, оның ішінде ақшалай ризықты арттыру да бар, әскери қызметшілер әлеуметтік қамтамасыз етудің лайықты деңгейі мен кепілдіктеріне ие және өздеріне халықтың, Мемлекет басшысының, Үкі­меттің және жеке өзінің көрсетіп отыр­ған қамқорлығын мақтаныш тұта алады.
Әскери қызметшілердің кәсіби сапасы мен білімі кез келген армия үшін негіз қалаушы болып табылады.
Бөлімдер құрамында өткізілетін жат­ты­ғулар саны жылдан-жылға тұрақ­ты өсіп келеді, ал ол әскерлердің бейбіт уақыттағы қабілеті мен жауынгерлік даярлығының негізгі көрсеткіші болып табылады.
Тек өткен жылы ғана түрлі ауқым­дағы оперативті даярлық бойынша 140 іс-шара өткізілді, деп атап көрсетті осы ретте Қорғаныс министрі.
Жаттығулар барысында арнаулы, қор­­ғаныс, десантқа қарсы және қарсы шабуыл операцияларын ұйымдастыру мә­се­­лелері кешенді түрде жүзеге асырылады.
Жаттығуларға қатысатын шет мем­ле­кеттердің қарулы күштерімен өзара байланыстар деңгейі арттырылды.
Біліктілік, үйлесімділік және бөлім­дер арасындағы өзара қарым-қатынаста қазақстандық әскери қызметшілердің жо­­ғары кәсіптік жетілген­дігін көрсетеді.
Бейбітшілікті, халық­ара­лық және өңір­лік қау­іпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, ұжымдық негізде тәуелсіз­дік­ті, республика аумағының тұтастығын қор­ғау елдің әскери қауіп­сіздігін қам­та­масыз ету саласындағы шешуші мақ­сат­тарға айналғанда ғана Қазақстанның өмірлік ма­ңызды мүдде­лерін тиімді қорғау мүмкін бола алады.
Осыған байланысты одақтастармен және әріп­тестермен бірлескен іс-қи­мылдар, коалициялық мүм­кіндіктерді пайдалану, дау-жанжалдардың алдын алу мен тыныштандыруда, күш­­­­тердің өңірлік тепе-теңдігін қолдау мәселе­лерінде интеграция деңгей­ін арттыру айрықша ма­ңызға ие бола түсуде.
Қарулы Күштердің жаңа сапалық жағ­­дайының келесі бір құрамдасы – әскер­лер­дің техникалық жарақтану деңгейі.
Қарулы Күштерді құру мен рефор­малаудың бар­лық сатыларында техно­ло­гиялық жаңғырту мәселе­ле­рі негізгі басымдықтар­дың бірі болып келді.
Қорғаныс министрлігі мемлекеті­мізде қолданудың барлық салаларында да қазіргі заманғы сынақтар мен қа­терлерге тиісінше жауап қайтаруға ба­ғытталған шаралар кешенін қарастыра­тын біртұтас әскери-техникалық саясатты жүзеге асыруда, деді Ә.Жақ­сыбеков.
Жыл сайын әскери техника мен қару-жарақ паркі 7 пайызға дейін жа­ңартылып тұрады. Бұл 10 жыл бойына өз арсеналында қазіргі заманғы қару-жарақтың 70 пайызға дейінін ұстауға мүмкіндік береді, ал ол жетекші мемлекеттер армияларының тәжірибесіне сәйкес келеді.
Министр атап өткендей, 2010 жылы Кадекс көрмесінің өткізілуі отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің индус­триялық-инновациялық дамуына жаңа серпін берді, Астанада екінші рет өткен көрме іс жүзінде қазіргі заманғы халықаралық іскерлік әріптестік пен әскери-техникалық ынтымақтастықтың жаңа алаңына айналды.
Бұл шаралар қазірдің өзінде ел экономикасы үшін мультипликативті әсер беріп, ол жаңа жұмыс орындарын құруда, ғылымды қажет ететін технологиялар трансфертін жүзеге асыруда, отандық өндірісті дамытуда, шетелдік өнім жеткізушілерге тәуелділікті қысқартуда көрініс табуда.
Отандық кәсіпорындарға тапсырыс­тар беру арқылы экономиканы ынталандыра отырып Қорғаныс министрлігі мен өзге де күшті құрылымдар қаржы­ны бюджетке қайтаруға ұмтылуда, деп жалғады сөзін қорғаныс ведомство­сының басшысы.
Атыс оқ-дәрілерін, тікұшақтарды, оптикалық-электронды жабдықтарды, байланыс құралдарын, автомобиль және бронды танк техникасын шыға­руға негіз қаланып, өндірістің техно­логиялық базасы дамытылуда.
Сонымен бір мезгілде қолда бар және әскерге келіп түсіп жатқан қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлікті сақтау үшін, қару-жарақ пен оқ-дә­рілердің қауіпсіз сақталуын қамтама­сыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау жөнінен шаралар қабылдануда.
Әскери қалашықтардың, оқу орта­лық­тары мен полигондардың инфрақұ­рылымдары әскерлердің орын тебу жүйесіндегі өзгерістерді ескере отырып дамытылуда.
Басқаша айтқанда, бейбіт уақыттағы міндеттерді толыққанды орындау және инфрақұрылымды дағдарысты әрекет ету жағдайына дайындау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда.
3 мамырда қазақстандық Қарулы Күштер шежіресінде тұңғыш рет Жоғарғы Бас қолбасшының армия мен оның дәстүрлері үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл Қазақстан үшін тарихи маңызы бар Жарлығы шықты, деп атап көрсетті министр.
Бұйрықта армияның бүкіл жиырма жылдық жұмысына баға берілді. Соның арқасында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері бүгінде жауынгерлік даярлығының белсенділік деңгейімен, сапалы жұмылғыштық резервімен, ұлт­тық әскери оқу орындары желісімен және материалдық-техникалық қамта­ма­сыз етілуімен ерекшеленіп отыр.
Қарулы Күштер қатарындағы қыз­мет әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне, аға буынның қаһармандық және жауынгерлік дәстүрлеріне негіз­делген патриотизмнің қуатты өнегелі­лік мектебіне айналды, делінген бүкіл гарнизондар мен әскери бөлімдер сапының алдында салтанатты жағдайда оқылған бұйрықта.
Жоғарғы Бас қолбасшы 7 мамырды мемлекеттік мереке – Отан қорғау­шылар күні деп белгілеу жөнінде тапсырма берді, оны барлық әскери қыз­мет­шілер мен қазақстандықтар үлкен мақтаныш сезімімен және көтеріңкі көңіл күймен қабыл алды.
Қоғамдағы бірлік пен топтасқандық, жалпыадамзаттық бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында ғана жаңа мақсаттарға қол жеткізуге болады.
Барлық әскери қызметшілер өзіне деген тұрақты қамқорлық пен көңіл бөлушілікті, шынайы бүкілхалықтық қолдауды сезіне отырып, өзінің жау­ынгерлік шеберлігін арттырып, рухын, төзімділігі мен патриотизмін нығайтуда.
Өйткені, олар бүкіл қазақстан­дық­тар сияқты Қазақстан жері мен оның ең­­бек­сүйгіш халқы бүгінге дейін сақтап келген бай мүмкіндіктер мен әлеуетті өз талантымен бүгінгі күннің шын­дығына айнал­дырған Адамның үлгісін көріп келеді.
Ол таусылмас күш-қуатқа, идеялар­дың ізгі ниетті асқақтығына, оларға қол жеткізудегі табандылыққа ие Адам.
Соның арқасында бүгінде біздің қоғамымызда шығармашылық жасам­паз­дық ахуалы, ой-ниет пен істердің Қазақстанның болашағына ұмтылы­сының ахуалы салтанат құруда.
Ол – біздің мемлекетіміздің негізін қалаушы, біздің Көшбасшымыз, біз­дің Президентіміз – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
Өз баяндамасын осындай сөздермен аяқтаған Әділбек Жақсыбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты, Қарулы Күш­тердің генералдары мен офицерлерін, солдаттары мен сержанттарын, арда­гер­лерді және бүкіл қазақстандықтарды тамаша мереке – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
Сіздерді бүгінгі мерейлі мереке – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Қарулы Күштеріміздің қуаты нығай­ып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін!
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, Елбасымыз жасасын!
Мерекелік салтанатқа Қазақстан армиясының барлық үш тегінің, яғни құрғақтағы, теңіздегі және әскери-әуе күштері өкілдері қатысты. Концерт залының кең аумағында әскери дай­ындықтың үздіктері бойларына құйып қойғандай жарасқан киімдерімен сымдай тартылып, көрген жанның көзін қызықтырып жүріп өтті. Сонымен бірге, кеуделері орден-медальдарға толы аға ұрпақ өкілдері де қаптап жүрді. Олардың арасында аттары елімізге барынша танымал, атақты генералдар, әскербасылары да көп болды.
Салтанатты мәжіліс барлық әске­рилерге тән жинақылықпен, министр­дің баяндамасынан кейін бірден аяқ­талды да, ол Қарулы Күштердің көр­кем­өнерпаздары мен эстрада жұлдыз­да­ры күшімен дайындалған тамаша кон­цертке ұласты. Бүгінгі күні Қазақ­стан әскері тек кәсіби дайын­дық­та ғана емес, көркем өнерде де үлкен жетіс­тік­терге жетіп отырғаны осы жерде анық көрінді. Сахнада Отанға деген сүйіс­пен­шілік, патриотизм рухы ескен талай әндер мен күйлер орындалды. Олардың көбісі көпшілікке бұрыннан таныс шығармалар болса да, кілең қай­ратты жастардың орындауында өзгеше сер­пінмен естілді. Мәселен, Құрманға­зы­ның «Адай» күйін талай естіп жүріп, дәл осы жолғыдай құлпырып кеткенін бұрын көрмеген екенбіз. Өзі де адуынды күй қуатты жастардың орындауында айрықша құдіретке ие болды.
Бір сөзбен айтқанда, мерекелік концерт көпшіліктің көңілінен шығып, ұзақ уақыт есте қаларлықтай тамаша әсер етті.
Жақсыбай САМРАТ.
[url=http://][/url]

6. 7 Мамыр ҚР Қарулы Күштері күніне арналған тілек...
▼

Құрметті, жігіттер, әріптестер! 7 Мамыр - Қазақстан Қарулы күштері күні. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз. Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер. Биік шыңдардан көрініңіздер! Өмірлік серіктеріңіздің сезімі өздеріңізге бұлақтай таза, сүттей ақ, періштедей пәк болсын. Баян батырдай батыл, Қозы көрпештей көрікті, Төлегендей сүйікті болыңыздар. Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін тілеймін. Ботагөз Сәдібек
Метки к статье: Отан қорғаушылар күніне, 7 Мамырға тілек, Қарулы күштер күніне тілек, ер-азаматтарға арналған тілек

7. Отан қорғаушылар күніне тілектер
▼


Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!

Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

- Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, зор табыстар тілейміз.

Әр сүйем жер үшін, ата-баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғап жүрген еңсегей бойлы ерлерді, жаужүрек, қайсар мінезді сардарларымыз бен сарбаздарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға баянды бақыт тілейміз!

Бар өмірін әскери іске арнап, күн-түн қатып, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.

Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғаның естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болды – маған екі көздерің керек, - дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын!
- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді жігіт.
Сөйтіп, әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:
- Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті.
Мен де сізге осындай жанын аямайтын, жолдасын жауға тастамайтын қазақтың жауынгерлерінің достығын тілеймін.

8. Арудың сарбазға хаты /Өтінішпен жазылған Ғабиден Қожахмет...
▼

Арудың солдатқа хаты (Өтінішпен жазылған өлең,жазған Ғ.Қожахмет) Ол кеткен жоқ бостан-босқа аулаққа, Ол жатқан жоқ көк шалғынға аунап та. Ел алдында ақтап жүрген борышын- Хат жазыңдар қатардағы солдатқа. Арман бейне айдындағы ақ қаздай, Қалай тұрмақ ынтызарлық дәт қозбай?!. Ару қыздар,нағыз ғашық болсаңдар- Өздерің де жүре алмайсың хат жазбай! Тынышбай Рахым. Әскердесің, Сенсіз жалғыз жүргенім болмаса тек, Сеніменен біргемін. Сүйген жүрек күн санайды осында, Келді ме ант қабылдайтын күндерің?! Күндер,күндер- Күтер әлі алда мың, Сеніменен ортақ,бірге арманым. Отаныңа әскерде ант бергенің- Сенің енді нағыз солдат болғаның! Жарасады формасы әсем солдатқа, Елеңдеме,алаңдама ел жаққа. Сені адал күтемін деп әскерден, Мен де ант бергем іштей бұл жақта. Мейлі,айналып кетсе-дағы ғалам мың, Саған деген сезіміме адалмын. Күтіп жүрмін,жүректе бар сағыныш, Орны бөлек болғандай-ақ бағаңның. Маған жақсы үміт артып сенгенің, Елесіңмен сағынышымды емдедің. Сені күткен бұл жүректің тілегі- Сенің маған аман-есен келгенің. Хат жазамын сағынышпен жырақтан, Жүрек бірге,тек өзіңді ұнатқам. Жаттығуда болса ауыр,сол сәтте Сөздерімді есіңе ал да,қуаттан. Отанымыз-бізге бүгін іргелі ел, Үміт күтер Отан үшін бізден ел. Қызметіңді абыроймен аяқтап, Бізге де әлі табысатын күн келер!

9. Ту көтеру рәсімінде ұландарға әскер шен табыстауда Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзі...
▼

– Біз жыл сайын тұғыры биік Туы­мызды көтерген сәтте Отан шебін қор­ғауға кіріскен ұландарымызға әскери шендерін табыс етеміз. Бұл – келбеті келіскен, қайраты то­лысқан жауын­герлерімізге атаның ама­наты, ананың ақ тілегі болып саналады. Ер-азамат үшін Отан қорғаудан құнды еш нәрсе жоқ! 7 мамырда өткен әскери шеру ел қауіпсіздігін ерлеріміз сенімді қорғай алатынын көрсетті. Қастерлі тудың түбі­нен аманат арқалаған аза­маттар ел сенімін ақтайтынына мен се­немін! Әрдайым бой­ларың сергек, көз­дерің қырағы, жү­ректерің түкті болсын, жас өрендер! Осы күні бүкіл халық өз тағдырын әс­кер­­мен байланыстырған жастардың бар­лығына Отанды қорғау аманатын арқ­а­­ла­тады. «Қазақстан – бейбіт, тағат-толерантты ел. Ол – әлемдегі және іргелес қонған барлық елдер үшін тату көрші, сенімді әріптес. Бірақ біздің Қа­рулы күштеріміз қауіп­сіздікті, Отанның тә­уелсіздігін, қазақстан­дықтардың бейбіт өмірін қырағы күзетуде. Сондықтан да оларды мем­лекет мұқият назарда ұс­тайды. Жоғарғы әскери оқу орын­дарын бітіріп, біздің Армияны толық­тырып жат­қан барлық жаңа сардарлар­ды офицерлік атақтар алуымен құттық­таймын. – Сіздер – жас офицерлер, Отанды қанымен қорғап қалған аға ұрпақтың ерлігіне лайық боласыздар деп сене­мін! Өмірлеріңде алғаш рет офицерлік шен алып отырсыңдар. Алдарыңа үлкен мақ­сат қойып, әскери маман болуға бе­кін­діңдер. Әрқашан да аман-есен болың­дар, елімізде бейбітшілік болсын. Еш уақыт­та соғысқа қатыспаңдар, бірақ әрқашан да Отанды қорғауға дайын болыңдар! Жас сар­дар әскер қатарындағы сарбаздарға қамқорлық жасасын: «Әскерде өздерің сияқты жас жігітт­ерге аға болып, қолдау көрсетіңдер. Олар­дың барлығы – қазақстандықтар­дың ұлдары. Соларға мұқият қарап, туған ағадай бо­луға тиіссіңдер! Сарбаздар­ға бар көңіл­деріңмен қарап, қамқорлық жасаңдар. Сонда біздің әскеріміз мықты болады

10. Сәбит ӨСКЕМБЕКОВ, Ақмола облыстық сотының апелляц...
▼

Сәбит ӨСКЕМБЕКОВ, Ақмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы:

– Біз қалай айтсақ та өт­кен өмірімізді сызып тастай алмаймыз. Ол мәңгілікке біз­дің жадымызда қалып қойды. Ұнасын, ұнамасын, ол бізге байланысты емес. Кеңестер одағы кезінде Қазақстан біз­дің туған жеріміз деп есептелді де, Кеңестер одағы біздің Отанымыз болып саналатын. Соған біз ант бердік. Орталық, батыс сияқты топтарды аға буын ұмытпаған шығар. Қолымызға автомат ұстап ант бергеннен кейін, бізді кенеттен соғыс болып қалған жағдайда екі сағат жауларды өз күшімен ұстап тұр деп оқытатын. Ол кезде бар қауіп Батыстан, НАТО-дан деп күттік қой. Кеңес сабақтары әр солдат сол міндетті екі сағатқа шыдауы керек деп үйретті. 23 ақпанда Кеңестік армия күні мерекеленетін, оны жоққа шығарып қажеті жоқ, біздің өзіміз егемендігімізді алғаннан кейін 7 мамырдың Отан қорғаушылар күні деп аталғаны да көңілге қонады. Қайсыбір жылдары бұл атаулы күнді 9 мамыр Жеңіс күнімен қосып жіберу керек еді деген де әңгіме шықты, Жеңіс күні ол өз алдына бөлек мереке, оны шатастырмауымыз керек. Ол біздің бабаларымыздың, әкелеріміздің қанымен кел­ген, сондықтан, 9 мамыр ол егемендік алғаннан кейін өсіп-өнген ұрпаққа отаншылдық сезімді ояту үшін өте қажет.

Отансүйгіштік қасиет ол әр баланың бойында болуы керек. Оны көбісі абстракция­лық ұғым деп түсінеді. Үлкен-үлкен лауазымды қызметте жүрген кейбір дүние-байлықты күйттеп кеткен шенеуніктер бастарына іс түссе, Отанын тастап шетелдерге қашып кетуі мүмкін, оларда ешқандай отан жоқ деп ойлаймын. 1937 жылы құрбандыққа шалынып кеткендер «өзге елде ит өлім­мен өлгенше, өз елімнің топы­рағы бұйырсын деген түйсік­те болған ғой. Қазіргі басына іс түскендер солардай ерлік жасай алар ма? Бұл енді тәрбие басы тал бесікте жатыр, отаншылдық сезімі сәби кезінен санаға сіңіру­дің арқасында ғана даритын ұғым.

11. 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтау тілекте...
▼

Қымбатты ақтөбеліктер,

Қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері !

Сіздерді Отан қорғаушылар күні — жалпыхалықтық мерекемен, жігерлі адамдар және ерік күші иелері күнімен құттықтаймын!

Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.

Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Ақтөбеліктер бүгінгі күні де өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда.

Отан қорғаушылар күні өзінің бастапқы кәсіби белгіленімінен әлдеқашан биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.

Нақ осы күн Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды.

Қымбатты жерлестер!

Бүгінгі ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!

12. 7 Мамыр ҚР Қарулы Күштері күніне арналған тілек...
▼

Құрметті, жігіттер, әріптестер!

7 Мамыр - Қазақстан Қарулы күштері күні. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын.

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз.

Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер.

Биік шыңдардан көрініңіздер! Өмірлік серіктеріңіздің сезімі өздеріңізге бұлақтай таза, сүттей ақ, періштедей пәк болсын.

Баян батырдай батыл, Қозы көрпештей көрікті, Төлегендей

сүйікті болыңыздар.

Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін тілеймін.


Ботагөз Сәдібек

13. Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйла...
▼

Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!

14. Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесі...
▼

Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

15. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тынышт...
▼

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

16. - Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген ат...
▼

- Халқымызда «Ер – елінің қорғаны деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, зор табыстар тілейміз.

17. Әр сүйем жер үшін, ата-баба қонысын жаудан көздің...
▼

Әр сүйем жер үшін, ата-баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғап жүрген еңсегей бойлы ерлерді, жаужүрек, қайсар мінезді сардарларымыз бен сарбаздарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға баянды бақыт тілейміз!

18. Бар өмірін әскери іске арнап, күн-түн қатып...
▼

Бар өмірін әскери іске арнап, күн-түн қатып, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.

19. Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың ек...
▼

Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғаның естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болды – маған екі көздерің керек, - дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын!

- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді жігіт.

Сөйтіп, әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:

- Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті.

Мен де сізге осындай жанын аямайтын, жолдасын жауға тастамайтын қазақтың жауынгерлерінің достығын тілеймін.


Автор, редактор:
Юрист-консультант по семейному праву