RU KZ EN

Құттықтау тілектер - Ресми мерекелерге - Наурыз туралы

FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.

1. Нұрболат Аманжол Бір жасыңмен, қазақ!
▼

(Шәкәрімнің ұлы Ахаттың жазбаларынан)

2. Зейнеп Ахметова Наурыз күні мал соймайды, қан шығармайды...
▼

Зейнеп АХМЕТОВА: Наурыз күні мал соймайды, қан шығармайды...
Наурыз келіп, қар кетті, Ақ қар, көк мұз жұтатқан, Шаруа елінен зар кетті. Наурыз келіп, жаз кірді, Жаз хабаршы «Әз» кірді. Күнге тосып арқасын, Жан біткенге наз кірді, - деп Наурыз жырында айтылғанындай, ендігі жерде күннің жазға қарай ауысарын анық білген. - Наурызкөже қалай дайындалған? «Белгілі бір дәмді ғана салу керек» деген арнайы нұсқаулығы бар ма? - Мерекеде әрбір үй кезекпен Наурызкөже жасайды. Бұған су мен тұздан басқа (қазақта тоғыз саны да қасиетті) жеті түрлі дәм салынады әрі «тек мына дәм салынуы керек» деп шектеу қоймаған. Әркім қолындағы бар азық-түлігіне қарайды. Тек міндетті түрде дәм саны жетеу болған. Сөйтіп, Наурыз күні қазандар көжеге толады. Ауыл ақсақалдары бастаған кісілер үйлерге кезегімен кіріп, қонақ болады. Әдетте әйелдер мен балалар ыдыс ала жүреді. Өйткені үйдегі келмей қалғандардың сыбағасын беріп жіберіп отыратын болған. Осылайша әр үйден құйып әкелген көжені өз үйінің қазанында қалған көжеге қосқан. Бұл дәм-тұзымыз араласып, ынтымақ-бірлігіміз нығайсын, көже секілді мидай араласып, көжедей дәмді қатынаста болайық, біріміздің ырысымыз бірімізге жұғысты болсын деген үлкен ұғымды білдіреді. Айта кететін бір нәрсе, көжені ыдысқа толтырып құяды, бұл - «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырзығы кем болады дейді. Наурызда қариялар өздері рұқсат етіп, жиналған топты бөлмесе, өз бетінше ешкім бұра тартып, бөлек кетіп сыбаға жеп, көже ішуге бармайды. Бұл ынтымақ пен бірлікті бұзады деп ырымдайды. Ұлыс күні жігіт-желең, жасөспірім балалар үлкен кісілермен бірге жүріп, қарттарға қызмет етеді. Қолына су құйып, орамал ұсынып, есік ашып, табақ тартып, көже ұсынып дегендей, қалайда қариялардың ықыласына ілінуге тырысады. Наурыз күні үлкендерден бата алу үлкен мәртебе саналған. Оң тізесін бүгіп, екі қолды жоғары көтеріп алақан жая бата сұраған жігіттер мен балаларға ақсақалды аталар күн нұрындай сәулелі, жаныңды жадырататын мағыналы да мәнді бата береді. Көже пісіріп, қазан-ошақ басында жүрген келіндерді шақырып, ақсақал аталар: Көже істеген келіндер, Көпке жаққан елшіл бол! Бозторғайдай төлшіл бол! Ор қояндай көзді бол! Шешен тілді сөзді бол! Өркенді бол, ойлы бол, Өз құрбыңның алды бол! - деп дарқан көңілмен ризашылықтарын білдірген. Әрине, Наурызда айтылатын ақ алғысты, терең мағыналы бата түрі көп қой... Наурыз тамашасы қыдырып көже ішумен шектелмейді. Балуан күресі, арқан тарту сияқты сайыстар өткізіліп, әнші-күйшілер, ақындар өнерін ортаға салады. Көптің көңілін көтеріп, тойды қыздырады. - Ата-анаңыздың Наурызға қатысты қандай әңгімесі, өсиеті құлағыңызда қалды? - Мәселен, жыл құстары келе бастаған кезді қазақтар «ілгері салым күндерге жеттік» деп қуанады. Көктем күндері ерекше күтетін құстың бірі - «Наурызкөк» деп аталатын кіп-кішкентай құс. Бала кезімізде анамыз: «Наурызкөкті көргенде шошытып қумаңдар, «Наурызкөгім, келдің бе?» деп шақырып, жем шашыңдар» деуші еді. Осы құстың келуімен қарайлас Наурызшешек шығады. Наурызшешек - өте әдемі көпжылдық гүлді өсімдік. «Биыл біреуін үзсең, келесі жылы он гүл шықпай қалады» деп, осы гүлды анамыз жұлғызбайтын. Менің әлі күнге дейін есімде, кішкене кезімізде әр наурыз сайын аталарымыз ойын балаларын тегіс жинайтын. Топ-топқа бөліп, ересек балаларды бас етіп, бұлақтың көзін ашуға жіберуші еді. Ата-әжелеріміз: «Бұлақтың көзін ашу - Меккеге сапар шеккендей сауабы үлкен, қасиетті іс. Су бар жерде тіршілік бар, бұлақтың көзі ашылса, су мол болады. Су мол болса, шөп те, гүл де жайқалып өседі, егін бітік шығады. Адамдар мен жан-жануарлар тоқ болады, тоқ болса, бір-біріне қастық жасамай, бейбіт жүреді. Бастау-бұлақтардың көзін ашқандарың - өмір-тіршіліктің де көзін ашқандарың», - дейтін еді. Осыны естігенде тіршіліктің тірегі бізге қарап тұрғандай қанаттанып, бірде-біріміз қалмай, бұлақтар мен тұнбалардың көзін ашып, су ағатын жылғалардың жолын тазалауға кетуші ек... Бұл біз үшін өзінше бір ғажайып серуен секілді еді әрі табиғатты аялаудың, қорғаудың талғамы мол тамаша үлгісі, халық өнегесі еді... - Осы күні өткізіліп жүрген мерекелік шаралар көңіліңізден шыға ма? Жалпы, бүгінгі күні, сіздіңше, Наурыз мейрамы қалай аталып жүр? - Өкінішке қарай, кез келген нәрсені ұрандатып істеуге үйренгендіктен болар, тыныс-тіршілігімізде жіксіз жымдасып, табиғи түрде өтуі керек айқын дәстүрлердің өзін науқанға айналдырып жіберетініміз бар. Наурыз мерекесінің негізгі мән-мағынасы бұл күнде ауытыңқырап, у-шумен көшеге шығып кетті. Жоспармен, нұсқаумен өткізуге дағдыланып бара жатқандаймыз. Тіпті бәсеке-жарысқа «керек» адамдарды күтіп жіберуге, көзіне түсіп қалуға арнап киіз үйлер тігіліп, шашылып-төгіліп жатқандарды көргенде, өкініп-ақ қаласың. Неге десеңіз, сол тігілген үйлерге қарапайым қариялар бас сұға алмайды. Отбасында Наурызға қатысты еш дайындық жасамай-ақ, Наурызкөже дәмін ешкімге татырмай-ақ, көшеден қыдырып келіп, «Наурыз өткіздік» дейтіндер толып жатыр. Жаңа күнді, жылдың басын, әрі-беріден соң қазақ халқының маңдайындағы жалғыз ұлттық мерекесін ардақтап, ұрпағымыздың санасына сіңіру - әр ата-ананың парызы. Түтін түтетіп отырған әр шаңырақ ақ ниет, таза жүрекпен, мейіріммен, үлкен сеніммен Ұлыс күнін, ең алдымен, өз отының басында қарсы алуды дәстүрге айналдырулары керек. Жер әлем, Табиғат-ана жаңарып жатқанда бүкпесіз тілеген тілек қабыл болады. Барына да, жоғына да тәубе деген ынсапты, сабырлы адамның жолы ашылады. Ұлыс күні қалтқысыз жасаған қайырымның сауабы зор, шарапаты мол. Құдайға шүкір, көп жыл көзімізден таса болған қасиетті мерекемізбен қауышқалы бері жаңа дәстүрлер де қосылып келеді. Ата-бабадан қалған жақсыны бүгінгі жаңамен ұштастырып жалғастырсақ, қазақ дейтін халықтың мерейі үстем, қонар тұғыры биік болары сөзсіз. - Бұл күнгі амандасу, сәлемдесу де көз үйреніп, кұлақ естіген есендік-саулық сұраудан бөлек болады деп жатады... - Бұл күні адамдар бірімен-бірі «Ұлыс оң болсын, қайда барса жол болсын!», «Ұлыс береке әкелсін!», «Наурыз құтты болсын!», «Қызыр дарысын, бақ қонсын!», Ұлыс берек берсін, пәле-жала жерге енсін!», «Ақ мол болсын!» - деген сияқты жүрекжарды тілектерді айтып амандасады. Адамдар «бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар, айдан - аман, жылдан есен өтейік» деп тіршіліктеріне, сау-сәлемет көріскендеріне шүкіршілік етеді. Азды-көпті үлкендерден алған үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиенің басын біраз айттым. Мен тыңнан жол салған жоқпын, жаңалық ашпадым, тек халықта бұрыннан барды айттым. Халық - ғаламат бір қазына, халықта бардың бәрін айтуға адамның ғұмыры жетпейді. «Қанша көп білсең де, көптен артық білмейсің» дейді даналар сөзі. Дегенмен білгеніңді бөлісу ол да бір жақсылық деп ойлаймын... - Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫ
*Наурыз - жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі; *Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі; *Наурыз - әрбір шаңыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық, құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі; *Наурыз - жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі; *Наурыз - жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.

3. Наурыз
▼

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі;
Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі;
Наурыз - әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі;
Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі;
Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.

4. Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалады...
▼

Наурыз көже
Алмахан Мұхамедқали қызы
Семей қаласы

Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалған?
- Жеті деген киелі санға құрылған.
Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса мән берген. Наурыз көжеге су қосқаны - өмір өзен, ұрпақ-өріс судай асып-тасысын дегені болса керек. Абайша айтсақ:
Дүние – үлкен көл,
Заман - соққан жел.
«Алдыңғы толқын ағалардың» «кейінгі толқын інілерге» ықпалы тарихының айғағы. «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай болайық» дегені.
Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті – сөз. Қашаннан сөзді қадірлеген қазақ ешқашан дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да «Тұз – астың дәмін келтірер, мақал – сөздің мәнін келтірер» деп мағыналы мақал айтқан. «Құр бос жүре бермей нәтиженің дәмін білейік, бір-бірімізге дәмді сөздер айтысып жүрейік» деген мағынада ырымдалған болса керек.
Сүт немесе ақ құйғаны – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болса денсаулыққа да кепіл дегені. Көңіліміз де ақ болсын деген таза ниет. «Ағы бардың - бағы бар» деп түсінетін қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақтың ұлттық тарихында ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдардың түрлері сүттен жасалады. «Қазақ» сөзінің тіркесіндегі «ақ» сөзі де осымен жалғасып тұрғаны көп мағынаны түсіндіреді.
Құрт қосатын себебі – құрт күшті ас. Әр түрлі тамаққа пайдаланады. Әсіресе жазғытұрым уақытта пайдасы мол. Әлсіз, аурушаң адамдарға қуат береді. Бұл асты - қуаттың көзі болсын, ел қуаты нығайсын, денсаулығы берік болсын деген ырымға негіздесе керек.
Наурыз көже қазақтың ең жақсы көретін, негізгі ас дәмдерінің бірі – ет қосылады. Қазақтың табиғаты мал мен біте қайнасқан болса, ет – қазақтың төл асы. Қазан толсын, асар мол болсын деген мақсатта «ұзынсарыға» сақталған сүрі етті тұтастай Наурызкөжеге салып қайнатады.
Көжеге алтыншы - дәм арпаны қосады. Арпа дәрілікке ем. Білетіндердің айтуынша, арпаны жиі пайдаланатындардың қаны бұзылмайды. Ирак тәуіптері бұл дәнді «ғажап құтты дән» деп атаған. Көптеген ауруларға шипалы. Зерттеушілер, «Арпа ай тұтылған кезде себілетін болса, кейін одан пісірілген нан есі ауысқандарға шипа болады. Арпа сеуіп жатқан кезде ай дөңгеленіп Зухар жұлдызына қарама-қарсы тұрса, арық-тұрақ мал оңалып, қой жинайды. Жылдың жақсы немесе жаман келуі арпаға қарап анықталады. Данышпан қарапайым бабаларымыз осыны арқау еткен» дейді. Жаратушы Алла «Нандардың ішіндегі ең жақсы нан -арпа наны. Кім оған қанағат қылса, ол оны тойдырады. Себебі, ол менің наным, барша пайғамбардың наны» - деген екен.
Жетінші дән – күріш. Күріш де денсаулыққа шипа, ішкі құрылысты тазартатын табиғи элементтерге бай дәнді дақыл. Жалпы, Наурыз көжеге дәнді дақыл пайдаланатыны – бір тамырдан өсіп-өнген күріштей ұрпағымыз көп болсын деген тілек болса керек. Наурызда берілетін бата нышаны осы Наурыз көжеде де сайрап тұр.
Сондықтан да Наурыз көжені наурыз айында кедейлерге тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған. Дәнді-дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты, ырысты өсімдік. Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі Наурыз көже болса керек.

Наурыз көжеге белгілі бір дәмді ғана салу керек деген арнайы нұсқау жоқ. Жеті түрлі дәм салынады әрі «тек мына дәм салыну керек» деп шектеу қоймаған. Әркім қолындағы бар азық-түлігіне қарайды. Тек міндетті түрде дәм саны жетеу болған. Сөйтіп, Наурыз күні қазандар көжеге толады. Ауыл ақсақалдар бастаған кісілер үйлерге кезегімен кіріп, қонақ болады. Әдетте әйелдер ыдыс ала жүреді. Әр үйден құйып әкелген көжені өз үйінің қазанында қалған көжеге қосқан. Бұл дәм-тұзымыз араласып, ынтымақ-бірлігіміз нығайсын, көже секілді мидай араласып, көжедей дәмді қатынаста болайық, біріміздің ырысымыз бірімізге жұғысты болсын деген үлкен ұғымды білдіреді.
Көжені ыдысқа толтырып құяды, бұл – «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырзығы кем болады дейді.
Көже пісіріп, қазан-ошақ басында жүрген келіндерді шақырып, ақсақал аталар :
Көже істеген келіндер,
Көпке жаққан елшіл бол!
Бозторғайдай елшіл бол!
Ор қояндай көзді бол!
Шешен тілді сөзді бол!
Өркенді бол, ойлы бол!
Өз құрбыңның алды бол! –
деп бата берген.

5. Көрісу
▼

Қазақстанның батыс облыстарында кең үрдіс алған – көрісу. Жыл сайын наурыздың 14-інен бастап жазылмаған заң бойынша жасы кішілер үлкендерге көрісе барып, батасын алады. Бұл әркімнің өз үйінен басталады. Таңертең тұра салып, әке-шешеңе, үйдегі өзіңнен үлкен адамдарға қол беріп амандасасың. Олар: «Жас қайырлы болсын, өмірің ұзақ болсып, әлі талай көрісуге жазсын!» - деп бата береді. Бұл дәстүрлі көрісу, яғни жыл жаңарғандағы бірінші кездесу, адамдардың былтырдан бергі бірінші көріскен күні. Осы күннен бастап былтырдан бері көріспеген адамдар бір-бірімен қол беріп, үлкен адамдар құшақтасып, төс түйістіріп, амандасып, көрісу ырымын жасайды. Үлкені кішісіне міндетті түрде «Жас қайырлы болсын!» айтады. Яғни «жалпы қауымға жаңа жыл келді, адамдарға бір жас қосылды, осы жас қайырлы болып келсін, келер жылға аман-есен жетейік» деген тілеу. Ал, өткен жылдан бері кездеспеген адамдар қашан кездессе де (наурыз басталғаннан кейін апта, ай өтуі мүмкін) бір рет көрісуі шарт. Бір жылға жетерлік бір көрісу. Бұл алыста тұратындар немесе жолаушылап жүрген хақында.
Ал, ауыл адамдары наурыздың бірінен (қазіргіше 14-інен) жас балаларды «ауылдағы қария адамға, өз әулетінің үлкеніне барып көрісіп кел» деп бағыттап отырады. Соған орай ол үлкен кісінің үйі де: «Жыл келді ғой, ертең көрісуге балалар келіп қалар»,- деп дастарқанын қамдап, үй ішін қонақ күткендей жинап отырады. Бұның наурыз көжеге, айтқа ешқандай қатысы жоқ. Таза жыл басындағы тұңғыш кездесу күні. Ақсақал адамдарға балалар ғана емес, жас жігіттер, ересек адамдар да барады. Балалар батасын алып, кәмпит, бауырсақ, құртын қолына ұстап, келесі үлкен үйге шығып кетсе, жігіттер немесе үлкендер жағы тізе бүгіп, үй иесіне өткен жылдан бергі бітірген ісін, немесе қолға алғалы жүрген шаруасын айтып, әңгіме-дүкен құрып қалуы мүмкін. Ал бойжеткен қыздар ауылдағы ісмер, көпті көрген аналарға, жеңгелерге көрісе барады. Сол үйде тоқу, тігу, аспаздық өнер жайлы, таяуда уақыты белгіленіп қойылған қыз ұзату тойы болса, оның жасау-жабдығы жайлы сөз қозғалады. Мұндай белгілі шеберлер де көрісушілерді арнай күтіп отырады.
Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен,
Жаңа ағытқан қозыдай жамырасып келіскен.
Шалдар бата беріскен, сақтай гөр деп терістен!
Жас қайырлы болсын ағайын!


Автор, редактор:
Юрист-консультант по семейному праву