FindHow сборник различных поздравлений на казахском языке.
Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар - Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар. Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Анасыздар, кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған, Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған, Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар, Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз. Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз. Айнала ұшып сіздерді көбелек боп, Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
Естеу Нүсіпбеков
Кім сендерді балалар
сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа
күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз
жүретұғын.
Кім сендерді, балалар
тербететін,
Еркелетіп, ойнатып,
сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар,
жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын
көлдететін.
Кім сендерді сағынар
шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай,
көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз
сайын,
Хат жазып тұр, төбесі
көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді
келгеніңше,
Құлындарын көзімен
көргенінше?
Сендер қайтып келгенде
адам болып,
Еш арманым болмас
дер өле-өлгенше.
Жанымды жебейді бір шуақты үміт,
Қалдың сен жүрегімді тұрақ қылып.
Түндегі шақырасын шамшырақтай,
Дәтіме келем сені қуат қылып.
Сұқтанып қарай берем күнде өзіңе,
Көңілді күй ойнатып күмбезіне.
Жанарым қарағанда тайқып кетіп,
Қаймығам қарағандай күн көзіне.
Тамсанып сұлулыққа, сүзілемін,
Қиығы қызғалдақтың - қызыл ерін.
Жүргенде жүз қызға да ырық бермей,
Дауылдай тынышымды бұзып едің.
Толқытып тұнық сезім еркім кетті,
Түңлігін үміт көңіл желпілдетті.
Жүрегім қаяу тартқан қайта түлеп,
Сүйгенде сені ғана серпілмекші.
Дәл сендей көргенім жоқ шын асылды,
Қылығың, мінезің де ұнасымды.
Өзіңнен мұратымды тапқандаймын,
Кеудеме махабаттың гүлі ашылды!
Әйел - математик, әйел - құрылысшы(әзіл) Әйел - математик.Әйелге шешуі күрделі есепті ілгерідегі қара шалдар тастап кеткен: "ұзын арқан, кең тұсау". - Ау, ата, айта кетіңіз, арқан ұзын болғанда да - оның бір өлшемі болатын шығар, ал тұсаудың кеңдігі қанша болмақ? - Оны өздерің есептеп шығарыңдар, өздерің ойланыңдар, - дейді қара шал қуланып. "Құрысын, мына еркек деген қандай халық, арқанды тартып ұстасаң - қазыққа оратылып қалған бұзаудай көздері ақшыраңдап қалады, ал бос жіберсең болды - қашаған жылқыдай ұстатпай кетедi, мұның нақты өлшемін есептеп шығарудың өзі оңай емес екен ғой".Әйелдер осылай дағдарады. - Бір үйге тойға барғанда, адамды ұятқа қалдырмай жүрші, - дейді келіншек күйеуіне, - аулаға кіре бергеннен - жұрттың көзінше сүрінесің. - Енді өзің емес пе, тұсауды тым тарылтып жіберген. Келіншек осыдан кейін әлгі тұсауды бос жіберсе болды - еркек би алаңының ол шетіне бір шығып, бұл шетіне бір шығып, қыздармен алаңсыз билеп, ұстатпай кететін көрінеді. "Мына байғұсқа не көрінді соншама ойнақтап? Тұсауды бос тастасаң - көретін күнің осы, мұның дәл есебі қанша болды екен, үйге барғасын қағаз - қалам алып отырып, есептеп шығарайыншы".Бұл - келіншектің ойы. Бір жаңа үйленген жас жігіт бір күні жасы үлкен сыйласып жүрген ағаларына мақтаныпты: - Үйлену мен бойдақтықтың арасында айырмашылық жоқ па деп қалдым, еркінбіз! Келіндеріңіз бос ұстайды. - Әй, бала, асы кетпе, - дейді ағалары, - сендей кезімізде бәріміз де солай дегенбіз, қайран жастық - ай! Айтып ауыз жұмғанша, жігіт: - Тартылды, - дейді, - тартылып жатыр! - Тартылды ма арқан? Айттық қой - тартылады деп. Ағалары көздерінен жас аққанша күледі. - Ойбай, мынаның білегі нәзік пе деп жүрсем, мықты ғой мынауың? Ағалары бұл сөзге одан сайын күлетін көрiнедi: - Баяғыда бәріміз де солай айтқанбыз. "Ой, мына нәзік білек қашанғы тартып тұрар дейсің, арқанды үзе - мүзе шығандап кетеміз ғой" дегенбіз.Қайдаа? Бұлардың білегі асауға бұғалық тастайтын жігіттердің білегінен де мықты. Орталарында отырған бәрінен жасы үлкендеу ағасы былай депті: - Әй, бала, бұл арқан дегеніңнің өзі - отбасының жауапкершілігі, біле білсең. - Сол арқанға жігіттердің өзі барып ұрынатынын қайтерсің? Мұны айтқан жігіт ағасының сөзі өзгелерді ду еткізеді. Расында да осы ағалары айтқандай, жігіттердің әлгі арқанға өздері бас сұғатыны бар. Нәзік болмысты, талдырмаш арудың соңынан сонша жүгірген қараторы жігіттің сол аруға арнап айтатыны бар еді: - Үйленейікші, маған тұрмысқа шықшы! Әлгі ару теріс қарап тұрып күлетін көрінеді: "мына байғұс ноқтаға өзі келіп басын сұқты - ау". - Ау, ойланайын да, - дейді қыз, - сен де әлі де ойлан. - Жоқ, мен ойланып болдым, - дейді жігіт, - жауабыңды бүгін айтшы! Қыз тағы да жымияды: "әй, еркек деген - аңғал халық, деп апам бекер айтпайды екен ғой, болмаса бұғалық тимеген бойдақ күндер артта қалып, ноқта киілетінін сезіп те тұрған жоқ". Иә, әйел - математик.Егер елге сыйлы, сырбаз ағаның жанынан шуақ жүзді, шырайлы жеңге көрсеңіз, әлгі есептің түйінін дәл тапқан математигіңіз осы кісі деп есептей берiңiз. Әйел - құрылысшы.Егер әйелерді құрылысшылар күнімен құттықтаса - не болар еді, әрине, әйел бұған таңданып: "Рахмет, әйтсе де менің мамандығым мүлде басқа мамандық қой" - деуі де мүмкін. Алайда әйел - құрылысшы.Егер әлдебір тұрғын үй жаңадан салынып, оның болашақ тұрғындарына "кіргелі отырған үйлеріңді өздерің құрылысшылардан қадағалап, қабылдап алыңдар" десе, сол үйдің болашақ тұрғындары оны тіпті жай көзбен емес, түрлі - түрлі көзілдірікпен үңіліп, қарап алар еді. Сол сияқты тұрмыс құрғалы жүрген бойжеткен ару да болашақ тұрмыс - үйінің кем - құтықсыз болғанын қалайтыны анық, тұрмыс - үйдің келешектегі басты тұрғыны өзі болатындықтан, тұрғын атануға бірден келісімін берместен - "әуелі көріп, бақылап алармын" дер. Оның осы мінезін жақсы білетін тұрмыс - үйді өткізушілер де мұндайда лыпылдай түседi емес пе? - О не дегеніңіз, айтқаныңыз әбден орынды, қарап алыңыз, жіті назармен қадағалаңыз, тұрмыс - үй деген тұрғын үйден де маңызды, өміріңізде бір - ақ мәрте кіресіз, тұрмыс - үйді тұрғын үй секілді сатып жібере алмайсыз, сыйға тартуға тағы да келмейді, айырбас жасап жіберуге де болмайды, асықпай қараңыз, асықпаңыз, - дер еді. Ақылды бойжеткенге де керегі осы емес пе, қырағы көзбен әбден - ақ байыптап қарап жүріп, кемшілігі бар тұрмыс - үйде өмір сүріп жатқан әпкелерін де бір еске ала кетуді ұмытпайды: "осылай мен құсап уақытысында жіті назар аударса ғой, әй, өз тағдырларына өздері тым жеңіл қарайды - ау, қайран әпкелерім - ай!" Қатал сыншы бойжеткен ару осыдан кейін барып қана салқын түрде жымиып, тәкаппарлана бас изейді: "жарайды, келістім!". Тұрмыс - үйді өткізушілерге де керегі осы сөз ғой, лып ете қалады: - Келістіңіз бе, тамаша! Ендеше мына жерге "тұрмыс - үйдің болашақ тұрғыны болуға келісімімді бердім" деп қол қоя қойыңыз, бәрі де заңды болсын, заңнан аттап кетпейміз, айттым ғой бір мін таппайсыз деп, айтқаным айдай келді емес пе, бұдан артық тұрмыс - үйді қанша іздесеңіз де таба алмасыңыз анық.Сірә да, Адам ата мен Хауа ана жаралғалы бері кемшіліксіз, бір міні жоқ тұрмыс - үйдің тұрғыны атанғалы отырған нөмірі бірінші бойжеткен өзіңіз болғалы тұрсыз - ау.Мұндай қуанышты енді тек "Тойың тойға ұлассын" кафесінде сіздің құрметіңізге арналған сыңғыр - сыңғыр тілектердi тыңдай отырып, атап өту ғана қалды . Бойжеткен ару өзін "нөмірі бірінші бойжеткен" атағанына жымиып езу тартар.Несі бар, жаман емес! Арада уақыт өте келе, әлгі бойжеткенге тұрмыс - үйдің кем - құтықтары байқала бастайды. "Ойбай - ау, мына үйдің шатырынан су тамшылай ма немене, масқара, мына терезеден кәдімгідей - ақ жел улеп тұр ғой, құдайым - ау, еденнің сықырлағанына жол болсын, мәссаған, есіктің қиюласып жабылмайтынын қалай ғана байқамағанмын десеңші, ал, нөмірі бірінші бойжеткен, жаса, жөнде енді осы кем - кетiктердi". Осылай өз - өзіне бір күліп алған ол әлгі кемшіліктерді сырт көзге байқатпас үшін, тұрмыс - үйдің ендігі белсенді құрылысшысына айнала бастар. Күндердің күнінде әлгі тұрмыс - үйді көру үшін қыздың анасы келеді. - Мына жерден су тамшылаған сияқты ма қалай? - Мам, қайдағы су тамшылаған, ешқандай да су тамшыламаған, әп - әдемі - ақ боп тұр. - Мына жердің сылағы түскендей көрінді ме немене? - Қайдағы сылағы түскен, мам? Әне өзің шұқылап түсіріп отырсың.Одан өздерің жайлы айтсаңдаршы, інім қалай, жұмысына барып жүр ме, өткенде жұмыс істеген жері еңбекақысын түгелдеп берді ме? Анасы төмен қарап отырып жымияды: "мені ештеңе білмейді дей ме екен, баяғыда мен де шешеме осылай деп, сөзді басқа жаққа аударып жiберуші ем". - Мам, келсең кетуге асығасың? - Ойбуй, ана ағаңның кішкентай ұлы менi іздейді ғой, жаныма алып жатпасам, ұйықтамайтыны бар едi, кеше қызулап тұрды, әйтпесе ала келейін деп ем, ана қыз да бірінші сыныпқа барғанмен еркелігі бар, екеуі де маған арқа сүйейді ғой, мен кеткесін ана әке - шешелері өздерінше педагог боп жатқан шығар, екеуi бетіме келіп айтпаса - дағы "балаларды мамам тым еркелетіп жібереді" деп айтатын көрінеді, мені педагогиканы білмейді деп ойлайды ма екен, педагогиканы білмесем - осы ұл - қыз қайдан шықты, педагогика түгіл психологиясын да жақсы білем. - Біздің мама - мықты, менің мамам - мықты. - Шолжаңдама, шолжаңдама, ойбай, бір әулеттің келіні болып отырғаныңды білесің бе? Әлдебір түрік сериалы кейіпкерінің аузынан "Ұяны құстың ұрғашысы салады" деген мақал шығушы еді.Құстың ұясына қарап отырып, оны қайсысы салып жатқанына былайғы адамдар мән бере бере ме? Сөйтсе ұяны терлеп - тепшіп құстың ұрғашысы салып жатады екен ғой.Ал еркек құс шылымын бұрқыратып, қанатымен сымға iлiнiп тұрып, ақыл айтып отыратын көрінеді: - Қарлығаш, Қарлығаш, ұяң сәл - пәл былай қарай қисайып кеткен сияқты. Ұрғашы құстың бұған жыны келеді: - Шылымыңды шегіп, қанатыңмен iлiнiп, салбырап, ақыл айтып не істеп отырсың, одан шөп пен батпақ тасысайшы, айналып келгенде осының ішінде сенің балапандарың ғой жататын. Солай десе, еркек құс: - Ертең балапандарым жұмыртқаны жарып шыққанда, сендерге тамақ тасимын ғой, сол кезде маған оңай дейсің бе, айнала толған жыртқыш құс, солардан қашып, зу - зу етіп ұшқанымда, көз алдымда сендер тұрасыңдар, "қап, балапандарымды да қанаттандырып кетпедім, мен жыртқыш құстың тырнағында кетсем, балапандарым жетім, Қарлығаш жесір қалады - ау" деп шыбын жаным шырқырап, бар пәрменіммен ұшам - дегенінде, ұрғашы құстың көзіне мөлдіреген жас келіп: - Жаным, сол, бізді ойлаған! Аман жүрші, әйтеуір, ұяны да өзім бірдеңе қылып салармын, батпақ та тасымай - ақ қой, шөп те әкелмей - ақ қой - дейтін көрінеді. Сонымен әйел тұрмыс - үйдің белсенді құрылысшысы екендігі анық. Ендеше, құрылысшылар күнімен әйел - азаматшаларды да құттықтап қойса несі артық?! Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Жақсылықтың нышанындай,
жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,
саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,
жайма шуақ сәулелерін төгетін,
көңілдерге қуаныштар егетін,
имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін
көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,
той атаулының қызығы мен берекесі –
8 НАУРЫЗ келді ортамызға!
Осы мерекенің иелері,
бар адамзаттың табынары мен киелері,
қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері,
мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,
адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,
сүйкімді қылығымен сағындырған,
қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,
әсем көркімен, жүрегінің өртімен
небір дана мен данышпандарды табындырған,
сүйсе құлай сүйетін,
нақсүйеріне жанашыр болып, бірге күйетін
аяулы да асыл қыздар, сүйкімді келіншектер,
мерекелеріңіз құтты болсын!
Әрқашан отбасыларыңыздың ажары,
жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!
Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,
асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!
Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,
дәулет, береке, байлық ауылына қоңсы қоныңыздар.
Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!
БҮРКІТБАЙ ЖАҒЫПАРҰЛЫ
Армысыздар ақ жаулықты аналар! Бармысыздар ақтамақты арулар! Қайдасыздар, қымбатты да сымбатты қыз-қырқындар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен өкпемізді алып тастап, екі бүйрік, жалғыз жүрегімізбен қызу құттықтаймыз! Әйел – ана, әйел – ару, әйел – апа, әйел – қарындас, әйел – қыз, әйел – аспаз, әйел – қатын, то есть әйел бізге өте жақын, жалт-жұлт еткен алтын адамдар. Сондықтан: Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, мәнді де сәнді һәм ұзақ ғұмыр тілейміз. Шыққандарыңыз тау, аралағандарыңыз бау, жеңгендеріңіз біз сияқты «жау болсын! Опа жаққан беттеріңізден әжім көрінбей, помадалы езулеріңіз жиылмасын! Игі де ізгі тілекпен: Кезінде жүректеріңізді жаулап алып, енді еркіндік аңсап жүрген еркін де еріккен еркектер қауымы.
Құрметті әріптестер!
Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілеймін.
Қымбатты ханымдар!
8-Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілеймін!
Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел-Ана - өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.
Сүйікті жарым!
Өзіңді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін.
Ізгі тілекпен, жан жарың……..
Қызым!
Арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал. Тал бойыңа ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, көңілің көктемдей көрікті болсын!
Ізгі тілекпен, жан әкең ………………!
Құрметті апа!
Сізге 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтауымды жолдаймын. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.
Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз.
Ізгі тілекпен, бауырыңыз ...............
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.
Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!
Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!
Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!
8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық
құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!
Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін.
Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!
8 наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі. Осы күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.
Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!
Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер.
Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!
Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен.
Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана.
Ақ жаулықты апаларымыз бен аналарымыздың, сіңлілеріміздің төл мерекесі.
Отан отбасынан басталады деген ұғымға сәйкес, әйелдің қоғамдағы рөлі ерекше. Өйткені отбасының құты болған әйел Отанға да адал қызмет етеді.
8- наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер.
Әйел затының міндеті – сырттай қарағанда «от басы, ошақ қасы секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы-кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқу болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз болып келеді.
Жақсы сөз – жарым ырыс демекші, қуаныштан жүздері балбұл жанған ақжаулықты аналардың алдында барша азамат мәңгі қарыздар екеніне тоқталып, шын көңілден құттықтаймыз.
Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқ та тимейді деген тәмсілге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық.
Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз.
Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны.
Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!
Міне, 8 Наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Мейрам! Маған басқа мейрамдардың бәрі осы ғажайып мейрамнан шашыраған ұшқындар ғана, осы алтын мейрамның күннен шашыраған алтын жіп тәріздес сәулелері ғана сияқты көрінеді. Осындай керемет мейрам күні барлық әйелдерге зор денсаулық, баянды махаббат, жанұяларыңызға бақыт тілеймін!
- Ең күшті нәрсе не? – десе,
- Әйелдің әмірі! – дер едім.
Әйелдердің барлығын
Жердегі Тәңірі! – дер едім.
Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел махаббаты.
8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек.
Азаматтың әдемі сыңарына арналған аруларымыздың жүздерінен әдеміліктің нұры таймасын, ішкі байлықтары бен жүректерінің мәрттігі сөнбесін!
Баршаңызға көктемнің осы күнгі мерекесінде махаббат, денсаулық, бақыт және амандық, туған-туыстарыңызға игілік тілейміз!
Көктемгі күннің көзіңдей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы келбетті, қызғалдақтай алаулаған аруларымызды көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі – 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
Тамылжыған көктемнің арайлы шуаққа толы 8 наурызы да келіп жетті. Осынау көктем мерекесі күнімен ардақты апалар мен аяулы қарындастарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырысты береке, баянды бақыт тілеймін!
Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
Әйелдер, Сіздер – адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар!
Баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілейміз!
Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақын-жұрағаттарыңыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын!
Қымбатты әйелдер!
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар.
Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі.
Әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді, дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамын.
Көктемде арулар қоса құлпырады. Бізге оны көрсін деп көз, сүйсін деп жүрек беріпті. Құдай шебер осынша көл-көсір сұлулықты көз алдымызға үйіп-төккен. Осының бәрі Алла нұрының Жер бетіне түскен тек жүзден бір ғана Нығметі дейді. Бір-ақ пайыз! Соның өзі-ақ Жер бетіндегі тіршілік отын жағуға жетіп жатыр. Сол бір пайыз нұр арқасында Жер бетінде өмір шеруі тоқтаусыз, толассыз салдыртып келеді. Сол шеру сәнді-салтанатты болсын деп, Алла тағала Хауа анамызды жаратқанда оның дидарына нәзік нұр сүйкепті. Содан Хауа ана сұлулығына Адам атамыздан бастап адам назары сұқтанумен келеді.
Көктемдегі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен әр шаңырақты шаттыққа бөлейтін аналар мен қыз-келіншектердің қуанышына ортақпыз.
«Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі дегендей отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз бен қыз-келіншектерімізді шын жүректен құттықтаймыз.
Құрметті арулар!
Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.
Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!
Көк желекті көктеммен бірге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі - 8 наурыз
Мейрамын бәріміз асыға күтеміз. Ер азаматтар бұл күні гүл, сыйлық дайындап, анасының, қарындастарының,сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асығады.
Құрметті қыз-келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін!
Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!
Жалғыз жүріп жол табам деу далбаса,
Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!
Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,
Ол бар жерде басқа бақыт аңсама!
- деп Тұманбай ақын жырлағандай мынау бүгінгі 8 наурыз халықаралық қыз-келіншектер мерекесінің ұйтқысы қадірлі біздің гүлдеріміз!
Құстың қос қанаты бар, адамның екі жанары бар. Күн мен түн бар, Ай мен Күн бар. Сіздерсіз жігіт жүрегі - жетім. Бүгінгі сіздердің мерекелеріңіз өз сыңарын іздеген «жетім - жүрек жігіттер бақытының бастауы болса екен!
Мереке соңы тойға ұлассын!
Бүгін сіздердің мерекелеріңіз. Ер – азаматыңыз сіздерді қандай еркеліктеріңіз болса да көтеруге міндетті. Дегенмен қыз-келіншектерге айтарым: жүректерінің біздің жаман жақтарымызды емес, тек қана жақсы қасиеттерімізді сақтап, қашанда айдай сұлу, күндей жылы жүздеріңізден нұр төгіліп, сүйікті де сүйкімді болып жүре беріңіздер!
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр.
- деп ақылды ару Ақжүніс апамыз тап басып айтқан
қазақтың ақманар тәнді, ақ мамық мінезді, қарлығаш қанатты қаракөз қыздарының бақытты болуы үшін, отанымыздың гүлі, жүрегіміздің жыры, ежелгі заманда «Қыпшақ аруы кім? дегенде, «Міне! деп әлем халықтарына мақтанышымызды паш етіп көрсеткен сұлулардың жалғасы – қадірлі қыздар, сіздердің осынау мерекелеріңіз үшін осындағы жігіттер қолындағы қымыздың бір тамшысын қалдырмай алып тастайды.
Ерекше төзімді кәдімгі қазақтың Ұлт аналарына деген құрметімді білдіріп, қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, иіліп тәжім етеміз.
Сабыр мен төзімнен жаралған Ұлт аналары – аяулы әжелер, асыл аналар, көктемдей құлпырған қыз-келіншектер, мерекелеріңізбен!
Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен барлық қыз-келіншектерді шын жүректен құттықтаймыз.
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!
Әйелдер қауымын кім-кімді де әдемі әсерге бөлей келетін көктемнің жарқын да шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан Сіздерге шынайы ризашылық сезімімізді білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, әрі сұлулық, нәрлі күш-қуат тілейміз!
Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын.
Әркез Сіздермен бірге жеке сүйіспеншілік, көктемнің шырайлы шуағы бола берсін. Әр күн Сіздерге көктемгі сезімнің жылуын, қуанышын, бақыты мен махаббатын сыйласын!
Алаштың ұлтжанды азаматтары, ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, дінімізді де ділімізді де ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақты тәрбиелейтін қыздарымыз. "Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында" деген сөз әлемді билейтін де, тербейтін де әйел екенін білдіреді.
Сіздерді жыл басы көктемнің айтулы мерекесі 8 – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтау тілегімді қабыл алыңыздар! Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аяулы алақанында. Азамат баласына тән қасиетті, сүйіспеншілік пен іңкәрлік, сұсулық пен махаббат, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын шынайы рухта бір бойына сіңіре білген ақ пейілді дархан жүректі нәзік жандарға дүниедегі бар жақсылық атаулыны тілеймін.
Құтты болсын мерекең! 8 Наурыз 2012 жыл көктемі, Қыстың кетті аязының өктемі. Мерекеңіз құтты болсын ханымдар, Күндей болып жарқыраңдар көктегі! Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің, Ақындардың өлең арнар жырысың. Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға, Ғасырларға жалғасады бұл ісің. Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған Шапақтарың бар әлемге таралған, Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың, Орындалсын жүректегі бар арман! Құтты болсын аналардың мейрамы! Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары! Мерекесі бұл көктемнің алғашқы, Бақыт берсін әр көктемнің айлары! 8 Наурыз қуанышқа бөлесін! Әкелсінші жаздың жылы елесін! Барлық халық аман болып елімде 8 Наурызға жете беріңіздер келесі! Кәкен Темірханов, зейнеткер ұстаз.
Әйел деген - бiр әлем! Келiс мейлi,келiспе. Әр отаудын Кунi ол, Орбитасы ерекше!!! Әр ошақтың жылуы, Бақыты мен бағыты. Әр жiгiттiн жартысы Таңдап алган сұлуы!!! Әйел деген - бiр әлем! Ай да, Күн де бiр озi, Түнi де оның жап-жарық Жарықтың жалғыз көзі!(Жарқын Өтешова)
Қасиетім, қадірлім Нұрперзент Домбай
Осы қыздың нұрға толса жанары,
Көкірегімде үміт шоғы жанады.
Тіршілігім тұшымдылау, тұщылау,
Сәуір самал сергітеді сананы.
Кірбің күндер жырақ жүрсін жанынан,
Тайдырмаған бақытынан, бағынан.
Қыз сезімін биік қойған ел едік,
Бәрінен де, тіпті ханның тағынан.
Сен сұлусың, асқан ару жоқ басқа,
Қателеспе, аңдаусызда шоқ баспа.
Қасиетіңді қарағаннан қалт ұққан,
Ынтық болғай тек жігіттер нар қасқа.
Қыр гүлдері иісін бойға сіңірген,
Ару күнмен аспандағы тең күлген.
Ерініңде бал бұлақтың шырыны,
Шырын дәмді желпіп өткен жел білген.
Қазақ қызы – қасиетім, қадірлім,
Нақ өзі ол ұятым мен арымның.
Тағдыр, оның қайғырғанын көрсетпе,
Шапағаты шаттандырсын әңірдің.
Қазақ қызы туралы
"Ана тілі" газетінен
Көктемді қанатына қондырып құс қайтты. Шуақты ілестіре келген құстар әсем, әуезді үн айтты.
Жер дүниені жылылыққа орап, жүректерге іңкәр сезім сыйлап, көктем келді. Жер-Ана бусанып, тоңы жібіп, жаны кіріп, тіршілік қайта жалғасады. Ал Жер-Анамен қатар Аналар да шаттыққа бөленеді. Өйткені көктемнің алғашқы күндерінде дүние дидары әйел баласының көңіліне ауады. Кірпігіне кірбің ұялатпауға, жайдары жүзге енуіне, жүрегіне қуаныш сыйлауға ұмтылады. Себебі бұл – 8 наурыз.
Қазақтың қызы! Осы бір аяулы есім жаныңды тербеп, жараңды емдеп, шабыттандырып, қолыңды сермеп, сезім гүлдеп, жүректегі отты үрлеп жібереді. Қазақтың мұңы, зары, арманы, үміті, ардағы, аманаты, тарихы, өмірі – бәрі-бәрі қазақ қызының кірпігінде тұрғандай көрінеді. Ұлт болып ұйысуда, жұрт болып жұмылуда, халық болып қайрат танытуда қазақ қызының (әйелдерінің) атқарар рөлі, алар орны тым ерекше. Өйткені тал-бесікті тербеткен аналар ұлттың ұлын тәрбиелейді.
Қазақтың қызы! Ер етігімен қан кешкен, ат ауыздықпен су ішкен жаугершілік заманда қарашаңырақтың отын өшірмей ерінің артын бағып қалды. Дүние отқа оранып, оқ ауада зулаған тұста тылда еңбек етіп, белі қайысып, саусақтары майысып, соғыс даласына азық жіберді. Нәзік саусақтары канал қазды. Егін екті. Қой бақты. Зауыттарда темір балқытты. Жауға қарата атылатын әрбір оқты даярлады. Қажымады. Еңсесі түспеді. Қайта қайратқа мінді. Қайсарлана түсті. Шарыққа түскен қанжардай жарқырай берді.
Қазақтың қызы! Желтоқсан жұртының есесін қайтарамын деп, қазаққа дербестік әперемін деп, Алаштың арда ұлдары биліктен шеттетілмесін деп, гүрзі етектің, шомбалдай шоқпардың астына түсті. Жаны жараланды. Ары тапталды. Таяққа жығылды. Қан-жосасы шықты. Итке таланды. Абақтыға жабылды. Темір тордан сығалап сәулеге қарады. Бірақ мұқалмады. Азаматтармен бірге бір шепте тұрды. Қандыкөз империяның жендеттерінен қаймықпады. Өздерін құрбандыққа шалды.
Қазақтың қызы! «Балапан басына, тұрымтай тұсына» кеткен тұста отбасын асырауға кірісті. Ел – ерге, ер жерге қараған заманда қазақтың қыздары қарекет қамын жасады. Ала дорба асынды. Темір төсек жастанды. Қытай барды. Түркия асты. Сауда жасады. Үйінде ұлардай шулаған бала-шағасының қамы үшін, ер-азаматының ары үшін жанын аямады. Аптап ыстықта, қытымыр аязда, жаңбырлы күнде, қарлы боранды түнде бірді екіге жалғап, қазақ дейтін қарға тамырлы елдің ертеңгі ұландарын тарықтырмауға тырысты. Қамықтырмауға барын салды. Сағыздай созылған өтпелі кезеңде үзіліп кетпесек, ол – арба сүйреген, ала дорба арқалаған аналардың арқасы.
Қазақ қызы! Алып атырапты алып жатқан азғантай елдің басына қара бұлт үйірілгенде, қараңғылық жамыла бастағанда атқа қонады. Қазақ қызы атқа қонғанда олардың жеңіссіз оралмайтын тұсы кемде-кем.
Кешегі Домалақ ана, Айша-бибі, Құртқа, Баян, Ұлжан, Зерделердің бүгінгі ұрпағының ақылына көркі, пайымына парасаты сай. Бірі кем дей алмайсың. Өйткені олар – қазақтың қызы!
Тамада кітабынан
Тұрғанында көктем, жастық мөлдір көк,
Ғашық отын уақыт қалай сөндірмек.
Сұқтандырар сұлу қыздар болмаса,
Мына өмір кетеді екен солғын боп.
Пәк махаббат жүрек терге гүл жайып,
Ғашығын күннен күнге ұлғайып.
Айдындағы аққу сынды ғажайып,
Аруларға гүл шоқтарын сыйлайық.
Ізгіліктер нұрын шашқан ғаламат,
Аруларды сүйе білгін адал-ақ.
Сол арулар – ертеңгі ұрпақ анасы,
Өтейікші алақанда аялап!
Мағжан Жұмабаев
Жұмақтағы жібек желден,
Мәңгі жайнап тұрған гүлден
Жаратылған әйел сұлу!
Періштелер лебізінен,
Шын махаббат теңізінен
Жаратылған әйел сұлу!
Жұмақтағы кәусар судан,
Бетіндегі алтын будан,
Періштелердің жырынан.
Жұмақ суы сылдырынан,
Жапырағының сыбдырынан,
Тәңірінің өз нұрынан
Жаратылған періште еді,
Мекені оның ғарышта еді.
Тұрмыс деген бір тұзаққа,
Азға емес тым ұзаққа
Кез болыпты.
Әйел деген өзің шыққан негізің
Әйел деген жүзіп жүрген теңізің
Әйел деген қамқоршың да, жарың да
Әйел деген өз қосағың егізің.
Осы айтқанның бәрі дұрыс, анық, шын,
Түсінбейтін адам болса қанықсын.
Әйел деген болса теңіз өмірде,
Сен толқынға шыдамайтын қайықсың.
Әйел жаны төзімді де асыл, ақ,
Шындық болса несіне ақыл жасырад.
Жетті көзім мына қиын заманда
Еркектерді әйелдер жүр асырап.
О, періште Анам!
Келді көктем күннің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Жұмақ-құшақ панам,
Күндей нұрлы санаң!
Қызығын көр ұл-қыз,
Еңбек сүйгіш Анам!
Жыртылмастан жағаң,
Щарықтасын жаңа ән!
Арманыңа жетші,
О, періште Анам!
Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!
Болса өзге жүрек,
Адамға адам – тірек.
Сіздерге айтар мынау,
Мерекелік тілек:
Қарау жүрсін қашық,
Алшы түссін асық.
Берекесін берсін,
Сіздер еткен кәсіп!
Әр таңдарың атқан,
Бақыт берсін батпан.
Құрастырсын құдай,
Табысыңды тапқан!
Жақсы әйел ер жігітке береді екпін!
Келіп тұр сені құрбым, елеп өткім.
Ұл туып,
Қыз өсіріп,
Ене күткен,
Сен алтын кеней сынды кереметсің!
Оны жұрт білмесе де мен білемін,
Былғансын жаялыққа жең-білегің!
Бесікте бақыт-балаң жатсын құрбым,
Төрт бөліп түн ұйқыңды елжірегін.
Осылай үлкен боп берік тұрғын,
Би етіп жан-жарыңды еліктіргін.
Жан құрбым, бір сен үшін жер түбінен,
Бір ауыз тілек үшін келіп тұрмын...
Перзе нтке жұмсаған бұла күшін,
Ана – ырыс, бақ – дәулет,
Жұбанышың.
Көкбөрінің тегінен тарағандар,
Құтты болсын бүгінгі қуанышың!
Тал бесікке тірлікті ілмектеген,
Мадақтауға Ананы тіл жетпеген.
Алатаудың шыңына ту тігеді,
Анасына той жасап, құрметтеген.
Аяулы анам менің!
Мейірім мен махаббаттан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла-бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, «айналайын» деп маңдайымыздан емірене сүйіп еркелеткен мейірімді үніңізден артық біз үшін еш нәрсе де жоқ, мама!..
Маматайым, езуіңізден күлкі нышаны кетпесін, тіпті көзіңізден тамған әрбір тамшы жас қуанышпен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, МАМА!!!
Қандай әсем осынау бір пәк қалпың,
Нұрлы жүзің ақтығындай тап қардың.
Өзіңізді көрген сәтте мен алғаш,
- Қыз Жібек! – деп айқайлауға шақ қалдым.
Айтар ойды жарқырата неше өңдеп
Сөйледіңіз,
Шешендікті мекендеп
Сонда өзімше бағаладым ішімнен,
«Ақжүністің сіңлісі екен» деп.
Тағы бірде асқақтата ән салдың,
Таңғажайып ырғағыңа тамсандым.
«Тап Күләштің көшірмесі...» деп сол сәт,
Дүниеге келіп кетті жар салғым.
- деп бойында сан өнер тоғысқан нағыз қазақтың қызы деуге лайық осынау жанды 8 наурыз күнімен құттықтаймын!
Әйелдердiң жақсысы - көзiн түскенде қуандырып, бұйырғанына мойынсынғаны.
Жақсы әйел ер жігітке береді екпін!
Келіп тұр сені құрбым, елеп өткім.
Ұл туып,
Қыз өсіріп,
Ене күткен,
Сен алтын кеней сынды кереметсің!
Оны жұрт білмесе де мен білемін,
Былғансын жаялыққа жең-білегің!
Бесікте бақыт-балаң жатсын құрбым,
Төрт бөліп түн ұйқыңды елжірегін.
Осылай үлкен боп берік тұрғын,
Би етіп жан-жарыңды еліктіргін.
Жан құрбым, бір сен үшін жер түбінен,
Бір ауыз тілек үшін келіп тұрмын...







