RU KZ EN

Құттықтау тілектер - Туған күнге тілектер

Сборник различных поздравлений на казахском языке.

Құттықтау тілектер жинағы - поздравления на казахском языке
1. Адамның жасына байланысты атаулар

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте
1 жастан 10 жасқа дейін - сәби
1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек
2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін
3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса
6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай
8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек
13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім
16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен
20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз
30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек
40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте
50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел
60 пен 70 жас аралығы - қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже
70 пен 80 жас аралығы - ақсақал, ақбұрым
80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария
90 мен 100 жас аралығы - селкілдек шал, селкілдек кемпір
100 жастан жоғары - кейуана, баба

Мүшел жас
1- мүшел -13 жас (ер жете бастау)
2 - мүшел – 25 жас (жігіттік жас)
3 - мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)
4 - мүшел – 49 жас (орта жас)
5 – мүшел – 61 жас (орта жас)
6 - мүшел – 73 жас (қарттық)
7 – мүшел - 85 жас (кәрілік)
8 - мүшел – 97 жас (қалжырау)
9 - мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
10 – мүшел -121 жас (немене сүю)

10 жасқа дейін - қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған,
10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған,
20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған

30 жас - орда бұзар,
40 жас - қылыш жас, қырықта қамал алар
50 - ел ағасы, ердің жасы
60 жас - пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқаралы алпыс
70 жас - жетпістің белесі
80 жас - сексеннің сеңгірі
Қазақ халқы адамның өміріне байланысты бірінші мүшелді ананың құрсағындағы мерзімді есептеп 13 деп алған да, қалған өміріне 12 жылды қосып, 25,37,49,61,73,85 т.б жастарды адамның өміріндегі маңызды жылдар деп есептеген.

Адам баласы туғаннан бастап, өсіп-жетілу кезеңінде қатерлі жылдар болатындығын айтып келеді. Оны мүшел жас деп атайды. Алғашқы мүшел 13 жас – бұл адамның балалық шақтан ересектік шаққа дейінгі кезеңі. Ол кезде ер балалардың дауыстары өзгеріп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды.

Он үш – кейбір нәзік балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жәйімен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір балалар жүрек, жүйке ауруларына ұшырауы мүмкін деседі. Осындай мүшел есік қаққанда: «О, Құдірет, мені осы мүшелден қатерсіз өткізе гөр!» - деп Аллаға жалбарынатын.

Жиырма бес жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұратын кез. Бұл мүшелде де садақа беріп, келесі мүшелге дейін аман-есен болайын деп ниет етеді.

Отыз жеті жас – адам өміріндегі ең басты мүшел. Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын кез.

Қырық тоғыз жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы» дейтін кезі.

Алпыс бір жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.

Жетпіс үш жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, «айхай, жас кезім-ай» деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.

Сексен бес жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында «күлсең кәріге күл», бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.

Адамның өмірінде әрқилы жағдайлар болады. Ол: үйлену, балалы болу, отбасының қуанышы және мүшел тойлары. Мұсылман халқы тойдан қашпаған халық. Дегенмен шілдехана мен мүшел жас тойлары – ол адамзаттың ең басты тойлары. Әр адам баласы мүшел жастан өткен сайын садақа беріп, жеті нан үлестіріп келеді.

2. Туған күнің құтты болсын. Оқырман қосқан тілек...

Туған күнің құтты болсын! Қарның тоқ болсын! Өмірің ұзақ болсын! Дастарханың майлы болсын! Жүрегің нәрлі болсын! Ұрпағың күшті болсын! Денсаулығың мықты болсын! Өмірің тәтті болсын! Жүрегің сырлы болсын!
Метки к статье: тилек nbkte

3. Туған күнге тілекТөлебаев Бағдәулет құрастырған "Ақ тілек" кітабынан...

Өмірің мәнді, шаңырағың сәнді болғай! Дастарқаныңнан дәм-тұзың үзілмей, барың берекеге, берекең мерекеге ұлассын.

4. Туған күнге бата

Әмин десең пенделер,
Алладан ісің жөнделер,
Ата-анаңды сыйласаң,
Тасың өрге дөңгелер.
Туған күнді шығармаңдар есіңнен,
Бір Алладан жарық көр деп шешілген.
Анаң сені әкелем деп өмірге,
Қиналып еді кете жаздап есінен.
Туған күнің жарық көрген шуағың,
Іңгәлаған естілді алғаш жыр әнің.
Өміріңнің ұзақтығын тілеймін.
Аспаныңның шуақтығын тілеймін,
Қуанышыңның тұрақтылығын тілеймін.
Дендеріңнің қуаттылығын тілеймін,
Өміріңнің сәнділігін тілеймін.
Ата-анаңның, туыстарыңның, амандығын тілеймін,
Өміріңнің ұзақтығын тілеймін.
Мырзаханның Ақылбайы
Семей қаласы Мұқыр ауылы

5. Туған күнге тілек

Саған айтар тілек Таусылма еш жүдеп Қиналсаң — төз Жарыссаң — оз Ойнасаң — ұт Күрессең — жық Ешкімді басынба Басыңнан асырма Табысқа тасыма Намысқа жасыма Ешкімді күндеме Ешкімді тілдеме Сөзіңнен танба Қатарыңнан қалма Біреуді даттама Ешқашан кек сақтама Біреуді сыртынан айдама Өсекті тыңдама Шынығып шыңдал Жақсыдан үлгі ал!
Метки к статье: туған күнге тілек

6. Тілегеніңе жете бер Тамада кітабынан

Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде.

Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.

Ізгі боп лебізіңді сағынатын,
Жігіт бол дос, дұшпаның табынатын.
Айналсын ар туына адалдығын,
Адам боп ұялатқан жанына күн.

Жүр асқақ күншілдердің басып мысын,
Жүректің түпкірінен жаһұт ұсын.
Таба біл тіршілікте керегіңді,
Басыңнан арылмасын бақыт құсың!

7. Туған күн

Туған күн,
Гүл сыйлаған, дос қаумалап,
Шалқисың бәйгеге қосқандай ат.
Өзіңнің құрметіңе өмірдегі,
Айтылар не бір тілек, тостар ғажап.
Жалт етіп өте шығар бір жыл тағы,
Жоталар қол жетпеген қынжылтады.
Бір сәтке күйкі тірлік ұмыт болып,
Босатар бұғауынан мұң құрсауы.
Тілекке,
Ырза болып марапатқа
Боласың отырғандай дара таққа.
Бойыңа туған күнің қуат құйып,
Алады шомылдырып рахатқа.
Серпіліп ішкі әлемің құлазыған,
Қанасың кәусәр пейіл бұлағынан.
Туған күн
Бірер сағат төрде отырып,
Тірліктің дәм татасың шуағынан!

8. Бірден жүз жасқа дейін

Бірден жүз жасқа дейін
Бір жас бар – 10 жас деген ойнақтаған,
Тай мініп,жабағыны ойнақтатқан.
Келген соң одан әрі – 15 жас бар,
Жастық шақ еш нәрсені ойлатпаған.
20-да өз жүзіңді түзейсің ғой,
Шашыңды кейін қарай күзейсің ғой,
Үлгісін ағалардың көргеннен соң,
Ой-ойлап әр нәрсені жүдейсің-ғой.
30-да, 30-да үй иесі боласың-ғой,
Балаңды әлди қағып аласың-ғой,
Келген соң одан әрі – 35 жас,
Жігіттік қыдырыстан қаласың-ғой.
Бір жас бар – 40 деген – қылыш екен,
Мойныңды бір жұмысқа бұрыс екен,
Келген соң одан әрі – 45 жас,
Борышты болмағаның дұрыс екен.
Елуде ебің келмес еңкейгенмен,
Қыздарға қолың жетпес көркейгенмен.
Келген соң – 55 жас, 60 жасқа,
Шал болып ойнайсың ғой кемпірлермен.
70-те жер таянбай тұра алмайсың,
Қолыңа таяқ алмай жүре алмайсың.
Балаң мен кемпіріңе тілің өтпей,
Әңгіме көп ішінде құра алмайсың.
80-де шал боларсың селкілдеген,
Жел соқса желмен бірге үлпілдеген,
Балаң мен келініңе тілің өтпей,
Ренжісіп отырғаның кемпірменен.
90-да шал боларсың томыртқадай,
Тастаған шала мұжып омыртқадай,
Өмірден өтеріңе сенгің келмес,
Дұшпанға жазатайым бергің келмес.
Жеткенде жасың 100-ге, жаның тәтті,
Қойнына қара жердің кіргің келмес.

9. Мұхтар Шаханов Тілек

Өмір мынау қатар тосқан
Жеңілі мен ауырын,
Шуағы мен дауылын.
Бүгін мына сенің туған күніңде
Қандай тілек айтсам екен, бауырым?
Саған байлық тілер ем мен,
Бірақ ол бір әңгүдік,
Есігіңнен кіргенімен паң күліп,
Жүргенімен шеру тартып, сән құрып,
Саған жолдас бола алмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен,
Тамыр алған төсіңнен,
Ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен,
Онсыз адам жүре ала ма
Соқпақтар мен жолсыз да,
Ал сұлулық тілер ем,
Сұлусың сен онсыз да.
Қайтсем екен?
Мен одан да барлық адам аңсаған,
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған,
Азы жетіп, ал сан мыңы тек елесін тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін,
Кез келгеннің бақшасында піспейтін,
Зор махаббат тілейінші мен саған.

10. Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден

Коммерсант көршімнің туған күніне
Туған күн құтты болсын, қарындасым,
Әр уақытта қалталарың қалыңдасын,
Жүректің қалауымен тапқан бақыт
Сенен басқа ешкімді сағынбасын.

Әрі әнші, әрі коммерсант қарындасым,
Көңілің ешқашанда ортаймасын.
Тілеймін сапарыңа мен сәттілік,
Товарларың қымбаттырақ сатылғанын.

.... жасты сыйлапты тағдыр бүгін,
Қуанышпен өте берсін әр бір күнің.
Бақыт қонып басыңа, дәулет артсын
Қуат беріп, төксін саған күн нұрын.

11. Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден

Жанұяңа тілерім бақытты өмір
Қуаныш келе берсін ағыл-тегіл
Ұлдарың осы жылы аяқтанып
Қызықтап осы үйіңе келін түсір.

Бала үшін суыққа тоң, ыстыққа күй
Жеткізем деп соларды ойыңа түй.

12. Қыз-келіншектерге

Қандай әсем осынау бір пәк қалпың,
Нұрлы жүзің ақтығындай тап қардың.
Өзіңізді көрген сәтте мен алғаш,
- Қыз Жібек! – деп айқайлауға шақ қалдым.

Айтар ойды жарқырата неше өңдеп
Сөйледіңіз,
Шешендікті мекендеп
Сонда өзімше бағаладым ішімнен,
«Ақжүністің сіңлісі екен» деп.

Тағы бірде асқақтата ән салдың,
Таңғажайып ырғағыңа тамсандым.
«Тап Күләштің көшірмесі...» деп сол сәт,
Дүниеге келіп кетті жар салғым.

- деп бойында сан өнер тоғысқан нағыз қазақтың қызы деуге лайық осынау жанды туған күнімен құттықтаймын!

13. туған күнге

Жүзіңізден құйылып әдемі нұр,
Ақ пейіліңіз айтпай-ақ көрініп тұр.
Адамға болсын деген жан екенсіз,
Тілегім әрдайым аман да жүр.
Жақсының жақсылығы көрінеді,
Өмірі жібек жолдай өріледі.
Көргені қай кезде де құрмет болып,
Көңілдің алады орын төрінде енді.
О, Апай, туған күніңіз құтты болсын,
Ортаңызға әрқашан шаттық толсын.
Қауым отыр Сізбенен бір қуанып,
Ақ тілектер бүгінгі орындалсын!

14. Туған күнге тілектер

Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,
Тұрсын алдан арайланып таң күліп,
Бақыт болсын әрқашанда жолығар,
Шаттығыңыз тау суындай молығар.

Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!

Мейірлі жүзің болсын, Дархан пейілің болсын. Қайсар жігерің,
Бауырмал мінезің болсын!
Көктемнің күлімдеген күні болшы, Өмірдің шешек атқан гүлі болшы, Қуанышты, көңілді өмір сүріп,
Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы!

Өзіңе қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап,
сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілеймін.

Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын,
шаңырағыңызға ырыс байлығын,
жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын,
көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз.
Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай,
табыстан табысқа жете беріңіз.
Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын!
Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып,
өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз.
Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып,
аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!

Абырой, амандығың арта берсін.
Бақ-дәулет қызығымен қатар берсін,
Қонағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Осындай ойын-сауық бол берсін,
Үй-іші той-думанға тола берсін,
Өмірдің гүл жайнаған жәннәтындай
Баршаңа бақыт құсы қона берсін.

Осы үйге көп-көп қылып бала берсін,
Балаға таудай талап, сана берсін,
Бәрі де балалардың өнерлі боп,
Бақыты барған сайын жана берсін!

Осы үйге сұлу мінез келін берсін,
Келінге адал ниет, пейіл берсін,
Ақ көңіл, ата-анаға мейірімді боп,
Қызығын бала-шаға түгел көрсін!

Жаныңда жақсы көрген көршің болсын.
(Көршіңіз жақсы болса – бейне төркін),
Ағайын, туған-туыс, жекжаттарың -
Баршасы сау-саламат, өсіп-өнсін!

Құдайым көктем берсін,
Көктем берсе – көптен берсін,
Құдайым жаздай берсін,
Жаздай берсе – жазбай берсін,
Құдайым күздей берсін,
Күздей берсе - үзбей берсін,
Құдайым қыстай берсін,
Қыстай берсе – қыспай берсін!


Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын,
Болсын дейміз әрдайым бағың басым.
Отбасыңа тілейміз біз амандық,
Жаратқан дәйім Сізді жарылқасын.

.... туған күнің құтты болсын!
Ағайын-туысқанмен ортаң толсын.
Бір көрген адам Сізге көңілі толған,
Туысқан бауырларға сыйлы болған.

Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,
Өзіңді балаларың арқаласын,
Жасыңа дәл осындай жас қосылып,
Көңілің дариядай жарқырасын.

Той-думан болсын өмірің сарқылмайтын,
Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.
Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,
Орындалсын ой-арман тілегіңіз.

Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық-қуанышыңыз мол болсын.

Жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем болсын.

Мерейіңіз таси берсін, мәртебеңіз биіктей берсін.


Шаңырағыңызға береке-бірлік, шадыман шаттық-қуаныш тілейміз

15. тілек

– сени бугинги куанышты туган кунинмен куттыктаимын.Уакыт -ешким токтата алмаитын алып кеме. Сол кеменин журисимен сен де омир толкындарымен араласа, арпалыса, балалык шак жагалауына кол булгап,адам омиринин коктеми, жастык шакка да келип жетерсин. Омир шуагы мен дауылы, кайгысы мен сауыгы, женили мен ауыры катар алмаскан алпауыт.Өмирмен куресип жене билгендер де, женилип жетегинде кеткендер де бар. Сен солардын алгашкысына косыл. омирде кездесетин сан килы ауырлыктар мен киындыктарды акылмен, сабырмен жене бил. Аспан бултсыз болмайды, демек адам омиринин де бултты кундери болар. Бирак сенин омириннин шуакты кундери коп болсын. Ансаган арманына тек бакытпен жет. * * * * * казак тилинде кыска да нуска, ари дал аитылган уш тилек бар. Соларды мен саган тилеймин. Олар: денсаулык, бакыт, узак омир. Себеби, денсаулык болса жумыс та болады, табыс та болады. Бакыт деген создин аукымы кен: себеби, биреулер ушин бакыт деген - суйген адамынын касында аман-сау жургени, бакыт деген - биреулер ушін - ата-анасынын куанганы, ал биреулер ушін бакыт деген балаларынын бакытты болганы. Ал егер де денсаулык пен бакыт болса, неге узақ омір сурмеске ?! Денсаулыгын мыкты болсың, бакыт кусы басына консын, омір жасын узак болсын!!!алдагы улттык бирынгай тесттен жаксы балл алып ,калаган маман иеси болуына шын журектен тилектеспин.

16. Тілек – пожелание

Жастарға тілейтінім: Зор денсаулық, ашық аспан, мөлдір махаббат!
Желаю молодым: Крепкого здоровья, чистого неба и искренней (прозрачной) любви.

Шанырақтарын биік болсын, керегелерын кен болсын, босағаларын берік болсын.
Пусть купол (вашей юрты) будет выше, стены будут шире, порог будет защитой (от врагов).

Көніл болса - ән де болады. Будет настроение – будет и песня.

Келісім болса – нан да табылады. Будет согласие, и кусок хлеба найдется.

Екі бастарын – үш болсын. Үш бастарын – төртеу болсын.
Пусть ваши две головы станут тремя. А три станет четыре. (Пожелание к прибавлению в семействе).

Ата-аналарың сыйлап, екі жаққа бірдей қараңдар.
Уважайте родителей. Одинаково как с одной стороны, так и с другой.

Ал баршаларыңыза тілейтімін:
Әр отбасына, , шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Всем присутствующим, каждой семье, от всей души, желаю счастья и добра.
Спокойствия и процветания нашему народу!

Тілектеріміз періштенің құлағына шалынып, қабыл болсын.
Пусть услышат наши пожелания ангелы и примут их с благосклонностью.

17. Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу...

Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, аға ретінде жақсы білеміз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, тың ғылыми-техникалық жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетіңіз тәнті етпей қоймайды, жастарға ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.

18. Арманның ажарында, бақыттың базарында күліп-ойнап...

Арманның ажарында, бақыттың базарында күліп-ойнап, көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөленіңіз. Мәңгі жастық қалпыңызды сақтап, ұзақ жасай беріңіз.

Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп, бізге – ұстаз, ақылшы, көмекші болып отырсыз. Осы қалпыңыздан таймай, асулардан асып, берекеңіз тасып, ата жолынан айнымай, жұбайыңызбен бірге балаларыңыздың қызығын көріңіз.

Құтты болсын бүгін туған күніңіз,

Әріптестерге биік тұлға – ұстазсыз.

Қуанамыз өзіңізбен біз бүгін

Шықсын ылғи алдыңыздан ізгі күн.

Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт,

Келе берсін Сізге ылғи бақ күліп.

Шаттықпенен көріп таңның арайын,

Жаратушы төксін игі жақсылық.

55 – мерейлі жас ер үшін,

Еңбегіңіз еселенсін ел үшін.

Әлі талай қызықтарға кенеліп,

Бұл өмірдің көріңіз тек жеңісін.

19. Сізді адам өмірінің айтулы белесі –60 жасқа толу...

Сізді адам өмірінің айтулы белесі –

60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы құқықтанушыдан Қазақ елінің белгілі де беделді заңгері, қоғам қайраткері деңгейіне көтерді. Мемлекеттік жоғары басқару органдарында жауапты қызметтер атқардыңыз, қатарыңыздың тұрмыстық мұқтажы қат-қабат тіршілікте ұдайы назарыңызда болатынын күнделікті өмірде көріп жүрміз. Сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшы, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.

Қадірлі.................! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Қоғамымыздың иглігі, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы күрделі де жауапты қызметте бұдан былай да абырой биігінен көріне беріңіз.

20. Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі...

Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі үшін елеулі істер атқарған айтулы азамат. "Көп жасағаннан емес көпті көргеннен сұра " дейді дана халқымыз.

... еке, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймьн! Алла тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі – өз жастық шағында, екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – 100 жасқа толғанда.

Асеке, біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өткен шығарсыз, енді үшіншісі қалды. Құдай сізді сол үшінші "жастық шаққа" да аман-есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін! Бала-шағаңыздың, немерелеріңіздің ортасында темірқазықтай калпыңыздан таймай, өмірдің қызығьна кенеліп жүре беріңіз! Той тойға ұлассын!



Хозяин сегодняшнего торжества человек, который за свою жизнь сделал много хороших и достойных дел. Как говорит наш народ «не спрашивай у того, кто много сделал, спроси у того кто много видел.

_____________, я от чистого сердца поздравляю Вас с Вашим юбилеем! Аллах каждому из нас три раза дает молодость: первый раз – в его молодые годы, второй раз – когда он встречает свою любовь, третий раз – когда ему исполняется сто лет.

_____________, первую молодость Вы прошли, я так думаю, что и вторая Вас посетила, и теперь Вас ждет третья. Дай бог, чтобы Вы до своей «третьей молодости дошли в полном здравии. Долгой жизни Вам! Желаю Вам познать все прелести жизни среди Ваших детей и внуков!

21. Бір ғасырдың жартысын жасап міне, мерейтойыңды то...
22. Елуге келіп елге білінгенің, Ақсақалдық атқа...
23. Бала шақтан кеудеңде таласты үміт, Қаныңда ж...
24. Несібе үзіп әр күннің үлесінен, Шыға білдің...
25. Қазақтың кең даласындай жүректі, Барша жанға...
26. Жан болған соң бауырмал да, жайдары, Ынтымақ...
27. Сыр шертіп заман менКөктем жайлы, қыс жайлыЖетпіс...
28. Туылған күнге тілерімТаусылмас бақыт!Ләззатты уақ...
29. Туған күнің құтты,Денсаулығың мықты
30. Туған күн құтты болсын!Бірінші- ұзақ жасты өмірлі...
31. Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңізде...
32. Бүгін сенің туылған күнің - төл мерекең, қуанышың...
33. _______, сені туған күнімен құттықтаймын! Өм...
34. Тілектеріміз періштенің құлағына шалынып, қабыл б...
35. Ал баршаларыңыза тілейтімін:Әр отбасына, , шынайы...
36. Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!Пуст...
37. Шын жүректен бақыт пен табыс тілейміз!От чистого...
38. Сізге және туыстарыңызға денсаулық пен қуаныш, ам...
39. Әр күніңіз қуанышты болсын!Пусть каждый Ваш день...
40. Дендеріңіз сау, бай-қуатты, бақытты болаңыздар!Бу...
41. Сіздің үйдің дастарқаны әрқашан дәмге толы болсын...
42. Туған күніңізбен!Сізге денсаулық, бақыт, сәттілік...
43. Уакыт - ешким токтата алмайтын алып кеме...
44. Айнұр, туган кунін қутты болсын!Куанышты, бакытты...
45. Қанша жұлдыз әлемде!Қанша толқын теңізде!Сонша ба...
46. Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол,Екінші-тіл мен кө...
47. Аққудын - ақтығынӨмірдің - пәктігінАрманның - ажа...
48. Сені туған күнімен құттықтаймын! Өмірде бақытты б...
49. Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,Өзендей өмір б...
50. Жылдарыңыз жемістіАйларыңыз арайлыКүндеріңіз көңі...
51. Көтеріп тұрып, құлатады өмір
52. Тілеймін бұл өмірде бақыт саған,Тілеймін талмас қ...
53. Құтты болсын келген туған күніңіз,Тілекші көп,біз...
54. Туған күнің құтты,Денсаулығың мықты
55. Құрметті …!Сені туған күніңмен шын жүректен құтты...
56. Өмір саған жылы сөзін арнасын,Қайғы-мұңға жүректе...
57. Бүгін менің туған күнім, ой, пәле-айМына адамдар...
58. Туған күнің құтты болсын,Денсаулығың мықты болсын...
59. Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңізде...
60. Көңілің күлген күндей ашық болсынсүйгенің бір өзі...
61. Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,Судай толып көт...
62. Саған айтар тілекТаусылма еш жүдепҚиналсаң - төзЖ...
63. Туған күн ерекше күн әрбір жанғаЖан досымды асықт...
64. Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш...
65. Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлды...
66. Өрге өрлейтін өмір,Ұлы өмірді жеңетін уақыт,Ешкім...
67. Құрметті досым туылған күнің құтты болсын...
68. Бүгін сенің туылған күнің - төл мерекең, қуанышың...
69. Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағыме...
70. Туған күн құтты болсын!Бірінші- ұзақ жасты өмірлі...
71. Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамас...
72. Алла тағала дүниені жаратып, әрбір тіршілік иесін...
73. Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!Пуст...
74. Шын жүректен бақыт пен табыс тілейміз!От чистого...
75. Сізге және туыстарыңызға денсаулық пен қуаныш, ам...
76. Әр күніңіз қуанышты болсын!Пусть каждый Ваш день...
77. Дендеріңіз сау, бай-қуатты, бақытты болаңыздар!Бу...
78. Сіздің үйдің дастарқаны әрқашан дәмге толы болсын...
79. Туған күніңізбен!С Днем рождения!
80. Халқымыздың ерлі-зайыпты қадірменді қариялары, он...
81. Сексеннің сеңгіріне секірген апамызға дүниедегі б...
82. Бір ғасырдың жартысын жасап міне, мерейтойыңды то...
83. Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі...
84. Атақты сексен келдің бе,Алайын деп сырымды...
85. Талайларды қуантар екпіні елдің,Сексен деген жасы...
86. Алтын күздің алғашқы күні Алатаудай ардақты әкемі...
87. Қиясына өмірдің өрлеп көрді,Ел-жұрты үшін ерінбей...
88. Егеухан МұқамәдиқызыЖетпіс беске жетті менің ақ ш...
89. Жан болған соң бауырмал да, жайдары,Ынтымақтың Сі...
90. Шаңырағымыздың бас иесі, балаларының асқар таудай...
91. Әжетай, мейірің көп таңдандырған, Біз үшін қ...
92. Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,Қуаныңыз, шаттаныңыз...
93. 75 жас туған күнің құтты болсын,Өміріңіз шаттық п...
94. Ақ айдынға салып бақыт кемесін,Жарқын жүзбен қуан...
95. Адам баласының ұзақ өм
96. Әрбір адамның өзіне тә
97. Бір ғасырдың жартысын
98. Бүгінгі кештің иесі кө
99. Құтті болсың 70 жасыңыз, Сексеннің де сенгір...
100. Аш қасқырдай бізді қамап бар кемдік,От та жақтық,...
101. Жетпіс асу, қия шыңдар,Сырбазсың, мінезіңде ұнасы...
102. Сыр шертіп заман менКөктем жайлы, қыс жайлыЖетпіс...
103. Жақсылардың шапағаты жетелейді,Өмір – мұхит, ал,...
104. Ұл-қыздарыңыздың қызық-қуанышына бөленіп,әлі де т...
105. Жүйрік уақыттың ұшқыр
106. Қуанышты еселі етсін Тәңірім,Қызықты тек өте берс...
107. Ердің жасы 50 – ге келіп тұрсыз,Шынардай шың басы...
108. 50 деген ердің жасын еңсеріпЕңбегіңмен Сен келесі...
109. Ел үшін еттің еңбек, аянбадың,Сол жолдың бар бақы...
110. Бүгінгі күн - бөлектеу күн, маңызды,Маңыздысы - б...
111. Ел үшін еңбек еттің, аянбадың,Сол жолдың бар бақы...
112. Желіп шық 70 жастың желкесіне,Шаттықтан шалқи бер...
113. 60 жас мерейтойың құтты болсын,Дос-жаранмен әрқаш...
114. Жамалға /қайын апама/ тарту50 деген жарты ғасыр б...
115. Қызмет етіп, жан аға, елге күнде,Еңбегіңмен биікк...
116. Елуге келіп елге білінгенің,Ақсақалдық атқа осы і...
117. Елу – деген жүздің нағыз жартысы,Елу деген – дана...
118. Елу жас - ердің жасыАртта қалды бес асу мен бес б...
119. Асыл Әке, ардағы ұл-қызының,Бәрін болжап жүретін...
120. Құтты болсын қуанышты күніңіз,Бақытты боп шаттық...
121. Алатау шыңдары мен Қаратау тастарынаКөз түсті жет...
122. Бір жақсы үлгі көріп әркім сізден,Теңейді берері...
123. Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,Бір жымисаң кет...
124. Аяулы Ана! Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктерің...
125. Бір жылда бірге туған, асыл досым,Тойлатар алпыс...
126. Әппақ арын ешқашан кірлетпеген,Көркемдігі тең кел...
127. "Алпыс - тал түс" дейді халық данасы,Алпыс деген...
128. Байыптасаң өмір мен өнер егіз,Ән-күй тыңдап рахат...
129. Алатау шыңдары мен Қаратау тастарынаКөз түсті жет...
130. Өтесің, алдамшы өмір, оны білем
131. Не жетсін бақ жұлдызы жағылғанға,Бастауы берекені...
132. Ізгілікті нұрын шашар манайға,Адамсыз ғой үлгі бо...
133. Мерейтой тілектері
134. Бір ғасырдың жартысын жасап міне, мерейтойыңды то...
135. Сізді 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтай...
136. Құрметті ағай!Сізді адам өмірінің айтулы белесі –...
137. 60 жасқа толған әріптесімізге тілек:Сізді адам өм...
138. Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүре...
139. Жаны жайсаң, көңілі дархан азаматымызды 60 жасқа...
140. Ат жалын тартып қамал бұзатын 40 жасқа келгентуға...
141. Қырық жасқа толғаның –Қырдан асып қалғаның...
142. 40 деген көнбейтін жас құрыққа,40 деген ұнайтын ж...
143. Беу, досым, құтты болсын қырығыңыз,40-тың бақшасы...
144. Келіншек қырыққа толғандаКезің жоқ-ау кісі көңілі...
145. Бір досым: «Осы мен адамдарды түсінбеймін: әр жыл...
146. Емен ағашы – жуан, жапырағы қалың болғанына қарам...
147. Бүгін сенің туған күнің – төл мерекең, қуанышың...
148. Алла тағала дүниені жаратып, әрбір тіршілік иесін...
149. Әрбір адамның дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұ...
150. Осынау айтулы күні Сізге деген зор құрметімді біл...
151. Сізге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр,  ...
152. Осынау күні қаумалаған дос-жаран ағынан жарылып,&...
153. Бұл өмірге адамдар жылап келіп жатады,Жылайтұғын...
154. Өмірдің әр қырынан іздер арай,Бақыт құсы самғасын...
155. Артта қап балдырған шақ, балауса күн,Отызың құшақ...
156. Туған күн мерейлі істердің бастау күні бола берсі...
157. Айналайын, ақ маңдай қарындасым,Алға сүйрер арман...
158. Өткенге өкінбе, Болашақты болжама, осы шақты баға...
159. Өмірде үш бақыт құсы бар: Көгершін, Қарлығаш, Аққ...
160. Өзендей өмір, көлдей көңіл тілеймін
161. Өмір атты теңізде Бақыт атты кемемен жүзіп өтуіңе...
162. Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретінӨ...
163. Әрбір атқан таңың ажарлы, тірлігің базарлы болсын...
164. Әрдайым Алланың назарында, бақыттың базарында жүр...
165. Бүркіттің жүрегін, нағыз достың ниетін тілеймін...
166. Қуаныш пен шаттық, махаббат пен әсемдік, жеміс пе...
167. Еңбек жолыңа шалқар шабыт, тартулы табыстар тілей...
168. Бастарыңыздан бақ, дастархандарыңыздан береке кет...
169. Шаңырағыңыздан шаттық, босағаңыздан қызық-қуаныш...
170. Деніңіз сау болсын, аспаныңыз ашық болсын...
171. Жүзіңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне...
172. Өзеннің ағысындай, тұлпардың шабысындай, толқынны...
173. Саған айтар тілекТаусылма еш жүдепҚиналсаң — төзЖ...
174. Мейлі ғой сенбесеңіз, сенсеңіз де,Еркіңіз көнбесе...
175. Он сегіз мың ғаламды табындырған он сегіз,Үлкенде...
176. Жиырма бес
177. Жолдарыңа гүл бітсінҚарындас,Құтты болсын туған к...
178. Бойжеткенді құттықтауАру қыз!Уылжыған алмадайын,Қ...
179. Өзіңе арманның аяулысын,бақыттың баяндысын,жолдар...
180. Жүзің нұрлы болсын,Жүрегің сырлы болсын,Тілің жыр...
181. Жанарың әрдайым нұр шашып,жүзің күндей күлімдеп,ж...
182. Мейірлі жүзің болсын,Дархан пейілің болсын...
183. Ана құшағындай жылулық,Көктем гүліндей сұлулық,Ат...
184. Арманың алдамасын,Өмірің өкіндірмесін
185. Қыстай қатты денсаулық,көктемдей көңілді өмір,жаз...
186. Арманың биік болсын,Қиялың жүйрік болсын...
187. Шаттыққа толы күндер,Думанға толы кештер,Ыс...
188. Өмір – теңіз, жүзе біл, махаббат келсе күте...
189. Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,өзендей өмір б...
190. Өмірдің жазынан, күзінен,Әр батқан кеш сайын, таң...
191. Сен арқылы айналды өмір жұмаққаБылдырлаған кіп-кі...
192. Қылығымен күлдіретін апасын,Туған күнің құтты бол...
193. Мирхат пен Маржанның қызығысыңИкемді боп әр нәрсе...
194. 1 жасың құтты болсын НұрәлиімСен үшін күнде той,...
195. Алмастай жүзі өткір бол қайратты,Лайықты өз атыңа...
196. Сәби ұзақ ғұмырлы болсын,Өмірі көркем көңілді бол...
197. Бақыт сарайының бас құрылысшысы бол деген тілекпе...
198. Қажымас қайрат,Талмас талап,Мұқалмас жігер,Қайтпа...
199. Тау суындай таусылмас қайрат,Сыр суындай сарқылма...
200. Қасқырдың қайратын,арыстанның айбатын,жылқының са...